Ежелгі үнді философиясы
Презентация қосу
Ежелгі үнді философиясы
Ежелгі Шығыс философиясының көне түрі үнді философиясы 7-6
ғасырларда брахманизмге оппозициядан басталады. Үнді қоғамы 4 –
кастаға бөлінді.
Абыздар (брахмандар)
Әскери-ақсүйектер (кшатрийлер)
Басы бос қоғам мүшелері (вайшилер)
Төменгі каста (шудралар)
Шудралар теңсіздік, жұпыны жағдайда болды. Оларда меншік те
болмады. Шудралар қоғам ісіне араластырылмады. Брахмандар әбден
билікке масайрап, үстемдік құрып кетті. Өйткені, брахманизм
мифологиялық көзқарасқа негізделген, былайша айтқанда, оның төрт
түрлі ведасына немесе құдайларды дәріптеу мен оларға арналған
ғұрыптарға тірелген болатын.
ЕЖЕЛГІ ҮНДІСТАН ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ
КЕЗЕҢДЕРІ, МЕКТЕПТЕРІ
1-кезең: 2-кезең: 3-кезең:
б.з.д. 5-6 ғғ. – б.з.д. 2-6 ғғ. – б.з.д. 2-7 ғғ. –
ВЕДАЛЫҚ КЕЗЕҢ ЭПИКАЛЫҚ КЕЗЕҢ СУТРАЛАР КЕЗЕҢІ
Ежелгі Үндістан философиясының үш кезеңі бар.
Ведалық кезеңде– діни-философиялық трактаттар пайда болды. Олар діни ұрандардан
(«самхиттер»), салт-дәстүрлерден («брахмандар»), орман адамдарның кітаптарынан
(«араньяктар») және Веда мәтіндеріне философиялық комментарийлерден
«упанишадалардан»тұрады.
Эпикалық кезеңде ортодоксалдық емес, яғни Ведаларды мойындамайтын
философиялық мектептер пайда болады. Оларға: 1. БУДДИЗМ; 2. ДЖАЙНИЗМ; 3.
ЧАРВАКА-ЛОКАЯТА жатады. Сонымен қатар ведалық білімдерді дамытатын
ортодоксалдық философиялық мектептер («даршандар») пайда болады. Олар:
1. ВЕДАНТА; 2. МИМАНСА; 3. ЙОГА; 4. ВАЙШЕШИКА; 5. САНКХЬЯ. 6. НЬЯЯ.
Бұлай бөліну философияның материализм және идеализм ағымдарымен байланысты.
Сутралар кезеңі қысқа философиялық трактаттардың пайда болуымен ерекшеленеді
Ежелгі үнді философиясының алғашқы кезеңі ведалық кезең деп аталады.
Ведалар – білім, қасиетті аян жолымен пайда болған білімдер, әр кезеңде жазылған
Кітаптар. Ведалардың басты мақсаты – адамды ғаламның бөлігі ретінде қарастыру.
Араньяктар
Брахмандар – әдет- Упанишадтар –
(орманшылар
ғұрыптармен, олар философиялық
кітабы) – Құдайға
бойынша қара көзкарастар,
құлшылық ету,
сөздермен философиялық
әдет-ғұрыптар
жазылған кітаптар білімдер.
туралы.
Ведалар кітабы төрт түрлі топқа немесе бөлімге бөлінеді. Ең ескісі –
Самхиттер. Ал басқа бөлімдердің мазмұны осы Самхиттерге жасалған
толықтырулар мен түсіндірмелерден тұрады. Самхиттер төрт түрлі
жинақты қамтиды. Олардың ең ертеде шыққаны – Ригведа, шамамен
б.з.д. 1500 ж. жазылған діни гимндер жинағы деп болжанады. Екінші
бөлігі – Брахмандар діни салт-жоралғылар жинағынан тұрады. Бұған
буддизм дініне дейін өмір сүрген брахман діні сүйенеді. Вед әдебиетінің
үшінші бөлігі – Араньяктар мазмұнын дуана, дәруіштердің мінез-құлық,
жүріс-тұрыс ережелерінің жиынтығы құрайды.
Біздің дәуірімізге дейінгі 1000 жылдық шамасында пайда болған
Упанишадалар – Ведалар әдебиетінің соңы. Философиялық сананың
бастапқы элементтері, дүниетанымдық көзқарастар орнын
тапқандықтан, ол шын мәнінде философиялық шығарма ретінде
қарастырылады. Упанишадаларда дүниені жаратқан «Брахман – бәрін
сақтайтын ең бірінші Құдай. Ол – Дүниенің басы, себебі,
байланыстырушысы». Оны қалай танып-білуге болады? деген сұраққа,
«ол танылмайды, бұзылмайды, байланбайды, ауыспайды... » деп жауап
беріледі.
Эпикалық кезеңде ортодоксалдық емес, яғни Ведаларды мойындамайтын
философиялық мектептерге 1.БУДДИЗМ; 2. ДЖАЙНИЗМ; 3. ЧАРВАКА-
ЛОКАЯТА ілімі жатады.
Буддизм – біздің заманымызға дейінгі IV – V ғасырларда діни ілім
ретінде пайда болды. Буддизм христиан, ислам діндері сияқты
дүниежүзілік ірі діндерге жатады. Оның негізін салған Сиддхартха
Гаутама Будда(б.з.д. 623 – 524). Буддизмде төрт басты мәселе бар:
1. Өмір азапқа толы;
2. Ол азаптардың себебі бар
3. Азаптарды тоқтатудың мүмкіндіктері бар;
4. Азаптан құтылудың кезі бар.
Өмір қасірет, адам қасіреттен құтыла алмайды, қасіреттен
құтылудың бір ғана жолы – Сансараға (қайта туылу) арқылы жету
керек. Ол үшін адам өзінің құштарлығын, нәпсісін тиып, әр түрлі
әдептілік қағидаларды мойындап, жанды таза ұстауы қажет. Адам
өзінің жаман қасиеттерімен күресуі керек. Сонда ол Нирванаға жетеді.
Нирвана – жанның жоғарғы рахат сезімі, өз-өзіңе үңілу, сөну дегенді
білдіреді.
Негізін салған Махавира Вардхамана. Джайнизм – бұл Үнді
философиясында үлкен орын алады. Оның негізгі – адам жанын тән
қыспағынан, құлқын құлдығынан босату. Джайнизм – материяны
жансыз дүние затына жатқызады. Әрбір зат субстанция ретінде
қаралады, оған материядан басқа кеністік, уақыт, қозғалыс, тыныштық
кіреді. Ал жанның басты белгісі, джайнизм бойынша – сана.
Джайнизмнің басты мақсаты: адамның тіршілік мәселелері. Негізгі
мазмұны – этика, адамның түрлі құштарлықтардан азат ету.
Джайнизмнің басты принципі - Ахимса, яғни ешбір тірі тіршілік иесіне
зиян келтірмеу. Джайнизм білімге ерекше мән береді. Білім өз
құмарлығын жеңген және оған басқаларды үйрете алатын рухани
ұстаздар арқылы беріледі. Сондай-ақ білім тек ұстазды тыңдау ғана
емес, өзін-өзі танып білу, мінез-құлық пен іс-әрекетті қалыптастыру.
3.Чарвака-Локаята
Үнді еліндегі философиялық материалистік жүйе. Олардың
айтуынша, бүкіл ғалам, табиғат табиғи жолмен - дүниенің
төрт негізгі элементтерінен: жер, су, от, ауадан жаралған.
Бұл элементтер белсенді және әрекетшіл. Бір күйден екінші
күйге ауысып отырады. Олардың өзара әрекетінен адам, сана
пайда болады, ал дене өлгенде қайтадан сол элементтерге
айналады.
Ведалық білімдерді дамытатын
ортодоксалдық философиялық мектептер
(«даршандар»):
1.Веданта – дербес мектеп ретінде басқа ортодоксальды
мектептерден кешірек –б.д.д VII-VIIIғ, яғни ортағасырлық дәуірде
қалыптасты. Ал Ежелгі дүниеде ведантаның алғышарттары ғана
болғаны туралы айтуға болады.
2.Миманса (дәлме дәл: «ойлау», «зерттеу», «талқылау»)-мәселені
ойлау, талқылау және сындарлы зерттеу арқылы шешу дегенді
білдіреді. Миманса өз ішінде екі ағымға бөлінеді: ертедегі, басты
міндеті ведалық ритуалды зерттеу болып табылатын уттара-
миманса.
3.«Вайшишика» атауы «вишеша»- «айырмашылық», «ерекшелік»
сөзінен шыққан. Мектептің бүлай аталуының себебі өз жүйесінде,
«айырмашылық» ұғымына айрықша мән беретіндігі. Вайшишика
ілімі Ньяя филиософиясына жақын.
ОРТОДОКСАЛДЫҚ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МЕКТЕПТЕР
ЙОГА (санскритше қосылу) терең мәнді философиялық ортодоксалды
мектеп. Йога философиясы медитациялық тәжірибелерді белгілеу үшін
қолданылады.
Йога мектебінің негізін Патанджали (б.з.д. 1 ғ.) қалады. Негізгі идеясы -
рухты тәннен азат етуге бағытталған теориялық және практикалық түрде
адамның тынысын, демін, тамақтануын реттейтін ережелер ретінде өмір сүру.
Бағытты психологиялық жаттығулар ережелерін баяндау – Йоганың негізі.
Оның жекелеген элементтерінің ішінде өзін ұстай білу (яма),
дененің белгілі бір жағдайда тыныс алуды меңгеруі (асана),
сезімді сыртқы әсерлерден айыру, оқшаулау (пратьяхара),
ойды жинақтау (дхарана), медитациялар (дхьяна) және соңғысы,
күшпен тартып алу күйі (самдхи) – денелік сыртқы қабықтан босану бар.
Бұл жаттығулардың техникалық аспектілерін жете зерттеген йога
философиясы өзінің соңғы даму деңгейінде абсолюттік жан иесінің өмір
сүретінін, яғни ишвараны мойындайды. Ол өз мәнінде жетілген және өз
мектебі жақтастарының жанының карма мен самсара ауыртпалығынан
құтылуына көмектеседі.
ЕЖЕЛГІ ҮНДІСТАН ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ БАСТЫ ҰҒЫМДАРЫ:
АТМАН ең басты мағынасы универсалдық космостық психикалық болмыс ретіндегі
“адам”. Осы мағынада атман бүкіл бар нәрсенің бастауы, негізі және соңы. Атман көбіне
ақыл-ойдан, сөз бен тыныстан тұратын рухани бастау ретінде, “брахман” ұғымымен бірдей
деңгейде түсініледі.
БРАХМАН бірнеше мағынаға ие ұғым 1) абыздар кастасының, брахмандардың
өкілі; 2) қасиетті мәтіндер; 4) құдай; 5) субстанция.
ДХАРМА (санскритше - dharma) бірнеше мағынаға ие ұғым. Будда ілімі, рухани
білімнің квинэссенциясы дегенді білдіреді, ар-ұждан, адамгершілік ілімі. Тағы бір
мағынасы болмыстың элементтері. Әлемдік процесс себептерден туындайтын
және өшуге бағыт алған нәзік, өткінші 72 дхарма-элементтердің өзара әсер етуі,
оның соңғы нәтижесі абсолюттік тыныш күйге, сөнуге жету.
КАРМА “іс-әрекет”. Кез келген іс-әрекеттің салдары. Жағымды істердің нәтижесінде
бақыт пайда болады, ал жағымсыз істер азап, қасірет әкеледі. Осы адамгершілік
заңдылығы карма деп аталады.
НИРВАНА “жоғалу”, “сөну”. Күнделікті өмір бітпейтін күйбең тіршілікке,
азап-қасіретке толы бақытсыз болмыс, ал нирвана осы азап-қасірет шегуден,
карма заңының негізінде қайта туылудан құтылып, сананың өшуі, болмыстың
арамдықтан тазаруы.
САНСАРА азап-қасіретке толы қайта туылудың, өмір мен өлімнің үздіксіз процесі.
Сансараның тамыры білместікте, сондықтан одан құтылу жолы нирванаға ену.
Үнді философиясы
Үнді елінде философия қандай да бір ғылымға немесе өнерге
қосымша ретінде болмаған, бірақ әрдайым көрнекті, тәуелсіз
жағдайда болған. Батытсағы философия Платон мен Аристотель
кезінде саясат пен этикаға сүйенді, ал ортағасырларда теологияға,
Бэкон мен Ньютон дәуірінде жаратылыстануға, ХІХ ғасырдың
ойшылдары тарихқа, саясатқа және социологияға арқа сүйендіал
үнді елінде философия нық тұрды және басқа ғылымдар одан тірек
алды. Мундака упанишада барлық ғылымдардың негізндегі ғылым
немесе брахмавидья, сава-видья-пратшитхе туралы айтады.
Философия – өзге ғылымдарды бағыттаушы басты ғылым.
Көне Үнді философиясының басты
ерекшеліктері:
1) ғылыми оймен байланысының аздығы;
2) жеке тұлғалық сипатының нашарлығы;
3) діни-мифологиялық оймен тығыз
байланыстылығы;
4) философиялық ой ескерткіштерінің
хронологиялық жағынан жүйесіздігі және
белгісіздігі;
5) негізгі философиялық ұғымдардың мән-
мағынасының күрделілігі және сантүрлілігі.
ҚОРЫТЫНДЫ
Үнді философиясы адам баласының бұл
дүниеде жақсы өмір сүріп,о дүниеде
мәңгілік өмір сүруіне жол салады.Үнді
философиясының қалыптасу нәтижесінде,
әлемдік ірі үш діннің бірі қалыптасты ол
БУДДИЗМ. Буддизм адамды мәңгілік өмір
сүруге негізделген....
Назарларыңызға
рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz