Гастрит жіктелуі




Жоспар
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
1. Гастрит жіктелуі
2. Гастрит этиологиясы, дамуы, клиникалық белгілері
3. Гастрит емі
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер

Гастрит (Gastritis) - асқазанның кілегейлі қабығының қабынуымен және оның сөл бөлу, фермент бөлу, эакуаторлы, экскреторлы, инкреторлы қызметтерінің бұзылуымен өтетін ауру. Ауру шошқаларда, жылқыларда және ет қоректілерде жиі таралған. Жиі төлдер шалдығады. Өндірісте шошқа кешендерінде оларды енесінен айырған алғашқы 15 күнінде, 26-30 күндігінде құрғақ, құрама жеммен азықтандырғаннан ауруға көптеген торайлар ұшырайды.
Кіріспе

Гастрит жіктелуі:
Морфологиялық белгісіне:
атрофиялық
гипертрофиялық

Гастрит

Жасына сәйкес емес сапасыз азықтармен азықтандыру, олардың құрамында улы заттардың болуы, бірыңғай және құнарсыз белокты, витаминді және минеральді азықтандыру, азықтандыр режимін бұзу.
Мүмкіндік туғызатын себептерге ылғалды және лас қораларда ұстау, азық жеткіліксіз болуы жатады.
Туындаған гастрит тіс, ауыз қуысы кілегейлі қабығының, өңеш, ұйқы безі, ауруларынан болады.
Кейбір вирусты (шошқа және ет қоректілер обасы, Ауески ауруы, вирусты гастроэнтеритке), бактериальді инфекцияға (пастереллез, шашқа тілмесі, анаэробты дизентерия, торайлардың диплококкозы), кейбір паразитарлы (токсоплазмоз, гастрофилез) ауруларына тән.
Этиологиясы:

Патогенезі:
Гиперацидті жағдайларда көбінесе пилорустың түйілуңнде эәне кілегей қабықтың тосқауылдық қызметі бұзылған жынның эвакуациясы кідіреді. Гиперсөлбөлу, эвакуацияның кідіруі, асқазан-ішек жынының келіп түсуінен пайда болған газдардан асқазан кеңейеді. Осылардың бәрі және улану болғандықтан мал құсады. Сөл бөлудің тежелуінің асқынуы ахилияға душар етеді, Бездердің тұз қышқылы мен пепсинді бөлу қабілеті нашарлайды. Асқазанда песиннің протеазды және пепсидазды қасиетін көрсете алмайтын орта пайда болады. Ішекке келешекте ыдырай алмайтын белоктар келіп түседі, ішектің кілегейді қабығы тітіркенеді, сол себепті перистальтика күшейеді, диарея болуы мүмкін. Сонымен қатар ұйқы безінің сөл бөлуі, ішектің сөлі азаяды, диспепсия күшейе түседі.
Бос тұз қышқылының концентрациясы төмендегендіктен, асқазан сөлінің бактерицидті қасиеті азаяды немесе мүлдем жоғалады. Осылардың бәрі пилорикалық сфинктрдің қызметінің бұзылуына ішектерде ашу және шіру процестерінің басымырақ болуынан дисбактериозға душар етеді. Пайда болған улы заттар қанға сіңіп, бауыр ұлпасын зақымдап, оның қызметін бұзады.
Асқазан негізгі қызметтері түгелдей бұзылғанда, оның орнын ішектегі ас қорыту толтыра алмайды, ас қорытудың барлық бөліктерінде өзгерістер пайда болады, соңында зат алмасуы бұзылады. Анемия, өзін-өзі уландыру дамиды, малдың дене массасы және өнімділігі азаяды.

Патологиялық сөл бөлу түрлері:
Гиперацидті - бұл асқазан қызметінің бұзылуының бастапқы кезеңі, асқазан жүйке-безді аппаратының қозуының күшеюін,
ал астеникалық түрі - асқазан реттеуші қызметінің бұзыла бастағанын көрсетеді.
Инертті және субацидті турлерінде асқазанның сөл бөлуінің регуляторлы механизмінің өте күрделі бұзылу деңгейінде екніне сәйкес келеді.

Гастрит кезіндегі кілегейлі қабығы өзгерісі


Егерде малдың көбі ауыратын болса, онда олардың, соның ішінде мегежіндердің ұясындағы азықтың бәрін алып тастайды. Ашықтыру тағайындайды: торайларды 6-8 сағатқа, жас шошқалар мен құлындарды 12-16 сағатқа, мегежіндер, жылқылар мен иттерді 1 тәулікке, суды керегінше ішкізеді. Жоспарлы ветеринариялық және шаруашылық шараларды, торайларды енесінен айыруды тоқтатады, жылқыларды жұмыстан босатады. Торайларды санитарлы станоктарға бөледі.
Келесі бір-екі тәулік торайларды жартылай диетаға қойып, біртіндеп жеңіл сіңетін, көлемі аз және тітіркендірмейтін азықтар береді. Шошқаларды тәулігіне 4-5 рет азықтандырады. Оларға кілегейлі қайнатынды, ұсақталған сәбіз, қызылша, пісірілген картоп қосылған сұлы немесе арпалан жасалған сұйық ботқа береді. Жылқыға ірі талшықты азық бермейді, оның орнына дәнді дақылдар жармасын және ұнын береді
Емі:

Қышқылдық төмендегенде ішке екі рет табиғи және жасанды асқазан сөлін тұз қышқылына ерітіп береді. Жіті өткенде қышқылдыққа байланыссыз кілегейлі заттар - крахмал, зығыр дәнін, жалбыз тікен тамырын қолданады.
Созылмалы өтетін гастритте асқазанның сөл бөлуіне байланысы диеталық азыққа мән береді. Гиперацидті жағдайда тұз бермейді, ал гипоцидтіде тұзды көбейтеді.
Дәрі-дәрмекті емнен бөлек қуаттандырушы және витамин мен ферменттердің кілегейлі қабығының, бауырдың жағдайын қадағалайды. Патология байқалса емдеу шараларының үлгісін реттестіреді.

Пайдаланылған әдебиеттер:
М. А. Молдағұлов, Ө. К. Есқожаев, Н. А. Заманбеков т. б. Жануарлар ішкі аурулары. Оқулық. - «Нур-принт» Алматы, 2009
Интернет желісі

Назарларыңызға рахмет!
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz