Жеке құрам бойынша құжаттар


Slide 1

ҚАРАҒАНДЫ КӘСІПТІК ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:

«Жеке құрам бойынша құжаттар. Жеке еңбек шарты. Жеке іс ішіндегі құжаттардың құрамы және орналасуы»

Орындаған: СР 16/3 топ студенті Ә. Диажан

Тексерген: Ө / о шебері Д. С. Баешова

Slide 2

Жоспар:

Жеке құрам бойынша құжаттар дегеніміз не?

Жеке құрам бойынша негізгі құжаттардың сақталуы, түрлері

Жеке еңбек шарты дегеніміз не?

Жеке еңбек шартының ұғымы, оның мазмұны мен түрлері

Slide 3

Жеке құрам бойынша құжаттар өз алдына дербес бір топты құрайды. Олар қызметкерлер мен сырт мекемелердің қызмет фактілерін, жұмыс стажын, еңбекақы мөлшерін, зейнетақы көлемін, оқу орындарына қатыстылықты т. б. куәландыру туралы жеке сұраныстарын орындау үшін қажет.

Жеке құрам бойынша құжаттар Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы №251 - ІІІ заңы «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК КОДЕКСІ» негізінде жүргізіледі

Slide 4

Жеке құрам бойынша құжаттар, әдетте, ұзақ мерзімге сақталады және сақталуы үшін айрықша шарттар талап етіледі:

Ұйымның (лауазымды тұлғасының) құрылымдық бөлімшесінде жедел сақтау сатысында құжаттауды және құжаттаманы басқарудың үлгілік ережелерімен;

Ұйымның ведомствалық жеке меншік мұрағатына сақтау сатысында ведомствалық мұрағаттар жұмыстарының негізгі ережелерімен, мемлекеттік тіркеу нөмірі №2679 24-қаңтар 2012 жыл, әрі қарай негізгі ережелер айқындалады.

Сақтау мерзімі қысқа (10 жыл) болып келетін барлық кадр құжаттары мерзімді жылдан кейін бір күнтізбелік жыл өткен соң жойылуы мүмкін. Бұл құжаттар мұрағатқа тапсырылмайды. Жою актісінің негізінде кадр қызметінің қызметкерлері жояды.

Slide 5

Құжат жасаудың және сатудың жүйесі ұйымдық басқару құжаттары болып табылады. Оған келесілер жатады:

Ұйымдық

Басқару

Жеке құрам бойынша

Қаржылық бухгалтерлік

Slide 6

Жеке құрам бойынша құжаттарға төмендегілер жатады:

өтініш (жұмысқа қабылдау, босату, ауыстыру туралы) ;

түйіндеме (резюме) ;

өмірбаян.

жеке құрам бойынша бұйрықтар;

еңбек кітапшалары; т. б

Slide 7

Жеке еңбек шарты дегеніміз - қызметкер мен жұмыс берушінің арасында жазбаша нысанында жасалатын екі жақты келісім, ол келісімге сәйкес қызметкер жұмыс берушінің актісін атқара отырып, белгілі бір мамандылық, біліктілік немесе кәсіп түрі бойынша жұмысты орындауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші қызметкерге еңбек ақысын және заңдар мен тараптардың келісімінде көзделген өзге де ақшалай төлемдерді уақытында және толық көлемінде төлеуге, еңбек туралы заңдар мен ұжымдық шартта көзделген еңбек жағдайларымен қамтамасыз етуге міндеттенеді.

Slide 8

Еңбек шарты үш түрлі мағынада қарастырылады:

Азаматтардың еңбек ету құқығын жүзеге асыру жолы болып табылады

Еңбек құқықтық қатынастарының пайда болу негізі болып табылады

Азаматтарды жұмысқа қабылдау, басқа жұмысқа ауыстыру және жұмыстан босатуды реттейтін нормаларды біріктіретін еңбек құқығының институты болып табылады

Slide 9

Жеке еңбек шартының мазмұны - еңбек нарығында оның талаптарының жұмысшы мен жұмыс берушінің екіжақты келісіміне байланысты құралады. Жеке еңбек шартының мазмұнында қарастырылатын еңбек жағдайларын екі топқа бөлуге болады: міндетті және қосымша еңбек жағдайлары.

Міндетті жағдайларына сол шарттың мазмұнын құрайтын кез - келген еңбек жағдайлары жатады, мысалы, жұмыс орны, қызмет түрі, жұмыстың босатылу және аяқталу уақыты, жұмысшының еңбек ақысы.

Қосымша жағдайларға қызметкер мен жұмыс берушінің қосымша тілектерінен туындаған жағдайлар жатқызылады, мысалы, сынақ мерзімін тағайындау немесе коммерциялық құпияны сақтау міндетті

Slide 10

Келесі бөлімдердермен жалғасады:

Жеке еңбек шартының үлгісі:

№ ЖЕКЕ ЕҢБЕК ШАРТЫ

Алматы қаласы 2007 жылғы 27 қазан «Арқау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, бұдан əрi - Жалдаушы деп аталады, Жарғы негiзiнде iс-қимыл жасайтын Бас директор арқылы, бiр жағынан жəне азамат , бұдан əрi - Қызметкер деп аталады, екiншi жағынан, бұдан əрі -Тараптар деп аталады, төмендегі жайында осы Жеке еңбек шартын (бұдан əрі - Шарт) жасады:

Шарттың мəні

Қызметкердің құқықтары мен міндеттері

Slide 11

Жеке еңбек шартын тоқтату негіздері: Жеке еңбек шартын тоқтату мен бұзу негіздері Еңбек тұралы Заңның 25-бабында көрсетілген. Жеке еңбек шартын тоқтатуды мерзімі бітуіне қарай және мерзімінен бұрын тоқтату деп бөлген жөн. Жеке еңбек шарты жасалған мерзімінің бітуіне қарай ол дәлелдемесіз тоқтатылады (Еңбек тұралы Заңның 25- бабы, 1- тармағының 1- тармақшасы) .

Slide 12

Қорытынды: Құжат ұғымына берілген анықтамаларды көктей шолғанда, зерттеу нысанасы мен міндеттеріне қарай айырмашылықтардың да бар екендігін байқаймыз. Құжат ұғымын деректану саласы кең ауқымда түсіндіреді. Ол бойынша, құжат - объективті өмір шындығы мен адамның ой қызметіне қатысты ақпараттарды арнайы материалға кез келген тілде, кез келген тəсілмен бекіту құралы. Әрбір қызметкер, мейлі ол қатардағы, немесе жоғары лауазым иесі болсын, әр түрлі іс қағаз құжаттарының хат, өтініш, мінездеме, өмірбаян, түйіндеме т. б. құжаттардың жазылуын, толтырылуын білуі қажет. Курстық жұмыс алдыңдағы практикада бір ай мерзімінде құжаттың біраз түрлерімен таныс болдым. Атап айтар болсам, бұйрық, өтініш, өмірбаян, қолхат т. б. құжатттардың екі тілде, яғни мемлекеттік және ресми тілде сауатты толтырылуын үйрендім.

Slide 13

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!


Ұқсас жұмыстар
Өмірбаян қандай құжат
Құжаттың атауы өмірбаян
Құжат түрлері және оларды жіктеу
Құжат айналымы
Құжаттарды ведомоствалық мұрағатқа әзірлеу
Орталық мемлекеттік ғылыми- техникалық құжаттама мұрағатының құрылуы
Ведомствалық мұрағат және оның қызметі
Құжаттың мәтіні
Мұрағаттық құжаттың құндылығын сараптау жұмыстары және оның маңызы
Мектепке дейінгі мекемелердегі негізгі құжаттамалар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz