Пойыздардың диспетчерлік байланысы (ПДС): ұйымдастыру, абоненттер және құрылымдық-функционалдық сұлбалар


Slide 1

Лекция № 14

БӨЛІМШЕЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

Поезды диспетчерлік байланыс (ПДС)

Slide 2

Жоспар:

Станциялық және диспетчерлік поезды байланысын (ПДС) ұйымдастыру

ПДС абоненттері

ПДС ұйымдастырудың құрылымдық сұлбасы

ПДС функционалдық сұлбасы

Slide 3

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Кусамбаева Н. Ш., Сатаева А. А. «Технологиялық байланыс», - ҚазККА, Алматы, 2006 ж., 93 бет.

2. Ю. В. Юркин, А. К. Лебединский, В. А. Прокофьев, И. Д. Блиндер: «Оперативная-технологическая связь на железнодорожном транспорте». Темір жол саласы бойынша жоғары оқу орындарына арналған оқулық. - М, 2007, 264 бет.

Slide 4

Станциялық және диспетчерлік пойыз байланысын (ПДС) ұйымдастыру

Пойызды диспетчерлік байланыс (ПДС) пойыз диспетчерінің кезекшісімен (ДНЦ) пойыз қозғалысын басқаруға арналған.

ДНЦ пойыз қозғалысы графигінің және басқару учаскесінде кезекті жоспар тапсырмаларының орындалуына жауап береді.

Басқару учаскесі пойыз қозғалысының қарқындылығымен, жүк жұмысының көлемімен, сонымен қатар станциялар санымен анықталып, 100 ден 120 км дейін таңдалады.

Локомотив машинисттерімен ДНЦ-ның сөйлесулерін қамтамасыз ете отырып, сол басқару учаскесінде орналасқан қозғалыс қауіпсіздігін жоғарылатады.

ПДС арқылы диспетчерге жүру жолындағы жылжымалы құрамның бұзылғаны туралы және учаскедегі жүк және пойыз жұмыстарынына әсер ететін басқа жағдайларда сол мезетте хабарлайды.

Кезекті қабылдаушы және тапсырушы диспетчерлер, станциялардағы барлық кезекшілерге мағлұмат беретін, кезекті өткізетін бұйрықтарды қалыптастырады.

Кезекшілер сағаттарын диспетчерлермен біруақытта салыстырады.

Slide 5

Пойызды диспетчерлік байланыс (ПДС) абоненттері

Техниканы пайдалану ережесінің (ПТЭ) сәйкес ПДС арнасына:

- станция бойынша кезекшілердің (ДПС),

- маневрлік диспетчерлердің, операторлардың,

- ауыстыру пункттері мен локомотив деполарындағы кезекшілердің,

- локомотив диспетчерлері мен энергодиспетчерлердің (ЭДС),

- сигнал беру және байланыс дистанцияларының (ШЧ) кезекші инженерлерінің жұмыс орындарында орнатылатын аралық пункт аппаратураларын;

- переезд кезекшілерінде орнатылған аралық пункттерді қосуға болады.

Қалпына келтіруші және өрт сөндіруші пойыз бастықтарының, СЦБ электромеханиктері мен қалпына келтіру, жол жұмыстарының және электрмен қоректендіру құрылғылары бойынша жүргізілетін жұмыстардағы жетекшілердің тасымалдаушы телефон аппараттарын уақытша қосып тұруға рұқсат етіледі.

Slide 6

ПДС ұйымдастырудың құрылымдық сұлбасы

Slide 7

ПДС функционалдық сұлбасы

Slide 8

Диспетчерді шақыру.

Аралық пункттегі абонент микротелефонды көтереді де, сигналдар желіден енгізу құрылғысы ВУ мен трансформатор Т арқылы қабылдау күшейткіштің У1 кірісіне келіп түседі де, ары қарай оның шығысынан рачагты ауыстырып-қосқыштың РП контактілері арқылы, абонент телефонына барып түседі.

Абонент микротелефон клавишасын Кл басады да, диспетчерді дауыспен шақырады. Сөз токтары микрофонның шығысынан таратушы күшейткіштің У2 кірісіне келіп түседі, ал оның шығысынан Т мен ВУ арқылы желіге Л1 барады. Содан кейін сөз токтары РС аппаратурасының желілі тарнсформаторы Т арқылы, қабылдаушы күшейткіштің У1 кірісіне келіп түседі, ал оның шығысынан - диспетчердің дауысзорайтқышының қалпақшасына ВА барып түседі.

Жауап.

Диспетчер аяқ педалін НП басады. РПУ релесі іске қосыладып желіге таратушы күшейткіштің У2 шығысын жалғайды. Микрофон күшейткіші мен таратушы күшейткіш У2 арқылы күшейтілген сөз токтары, микрофон шығысынан желіге, содан кейін ВУ мен Т арқылы абонент телефонына BF барып түседі.

Абонент пен диспетчердің әңгімесін басқа абоненттер де ести алады. Есту үшін, оларға микротелефонды көтерсе болды. «Біреу сөйлейді - барлығы естиді» принципі осылай іске асырылған.

Slide 9

Бақылау сұрақтары

Станциялық және диспетчерлік пойыз байланысын (ПДС) ұйымдастыру?

ПДС абоненттері?

ПДС ұйымдастырудың құрылымдық сұлбасы?

ПДС функционалдық сұлбасы?


Ұқсас жұмыстар
Пойызды станцияаралық (МЖС) және аралық (ПГС) байланыстарды ұйымдастыру: тағайындау, принциптер және құрылымдық сұлбалар
Экожүйе - биосфераның құрылымдық және функционалдық бірлігі
Магистральдық және жолдық басқару байланыстары (МСС, ДРС): ұйымдастыру принциптері, техникалық-пайдаланушы талаптары, ДРС-Р/ДРС-И аппаратурасы және жиналыс байланысы
Жедел технологиялық байланыс: түрлерінің классификациясы және біріншілік-екіншілік желілердің құрылымдық схемасы
Клетка органеллаларының құрылымдық-функционалдық мінездемесі
Цифрлық ЖТБ жүйесін құру әдістері: коммутациялық станциялардың құрылымы, мультиплексорлар, диспетчерлік шеңберлер және ОКС сигнализациясы
Әлеуметтік сөз әдебі және сөйлеу мәдениетінің құрылымдық-функционалдық негіздері
Балалардың бас миының анатомиясы: құрылымдық-функционалдық және жастық ерекшеліктері
Ақуыздар мен нуклеин қышқылдарының құрылымдық және функционалдық сипаттамасы
Отбасы типологиясы: құрылымдық, функционалдық және әлеуметтік өлшемдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz