Тональды жиілік арналары бойынша технологиялық байланысты ұйымдастыру: талаптар және топтық арналарды ұйымдастыру сұлбалары


Slide 1

Лекция № 8

Тональды жиілік (ТЧ) арналары бойынша технологиялық байланысты ұйымдастыру ерекшеліктері

Slide 2

Жоспар:

Тональды жиілік арналары бойынша технологиялық байланысты ұйымдастыру ерекшеліктері

Жедел технологиялық байланыстың топтық ТЧ арналарына қойылатын талаптар

Топтық арналарды ұйымдастыру сұлбасы

Тармақталған топтық НЧ арнаны ұйымдастыру

СП қолданылған топтық ТЧ арнасын ұйымдастыру сұлбасы

Топтық ТЧ арнаны арнайы тарату жүйелерін қодану арқылы ұйымдастыру

Slide 3

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Кусамбаева Н. Ш., Сатаева А. А. «Технологиялық байланыс», - ҚазККА, Алматы, 2006 ж., 93 бет.

2. Ю. В. Юркин, А. К. Лебединский, В. А. Прокофьев, И. Д. Блиндер: «Оперативная-технологическая связь на железнодорожном транспорте». Темір жол саласы бойынша жоғары оқу орындарына арналған оқулық. - М, 2007, 264 бет.

Slide 4

Тональды жиілік арналары бойынша технологиялық байланысты ұйымдастыру ерекшеліктері

Төмен жиілікті арналармен жедел технологиялық телефон байланысын ұйымдастыру маңызды кемшіліктерге ие болады:

- байланыстың әрбір түріне екісымды бөлек тізбек керек болады. Бұл, бір жағынан талап етілетін байланыс түрлерінің санына шек қояды, ал екінші жағынан, өткізу желілерінің тиімсіз қолданылуына әкеліп соғады;

- төменгі жиілікті арналардағы әр түрлі бөгеуіл көздерінің - электр таратушы желілердің, электрлік тартылым желілерінің, байланыс арналарының, ауа райы разрядтарының және т. б. әсер етуінен болатын шуылдар - үлкен деңгейге ие болады;

- МСС және ДСС, МРС және ДРС, диспетчерлік билет және басқа да осындай байланыс түрлері үшін, үлкен қашықтықта НЧ арналарды ұйымдастыру үлкен қиындықтарды тудырады, ал кейбір кездері екіжақты аралық күшейткіштерінің санын үш-төртке дейін шектеу мүмкін емес. Біржақты күшейткіштерді төмен жиілікті арналарда қолдану кезінде, байланыс жүйесі осы күшейткіштердің басқару құрылғыларымен күрделенеді.

Slide 5

Жедел технологиялық байланыстың топтық ТЧ арналарына қойылатын талаптар

НЧ арналары топтық арналармен бірдей деп, айтар болсақ:

- аралық пункттердің сөйлесу құрылғыларын ортақ арнаға параллель қосу мүмкіндігі;

- арналарды жеке шақыруды қабылдауға және таратуға арналған құрылғылармен (жиналыс байланысының арналарынан басқа) жабдықтау;

- арнамен жеке, топтық және жалпы сөйлесулерді жүргізу мүмкіндігі;

- аралық күшейткіштермен аралық пункттер жақтан да (тура басқару), басқарушы станция жақтан да (кері басқару) басқару мүмкіндігі.

Топтық ТЧ арнаны екі әдіспен ұйымдастыруға болады:

- қарапайым тарату жүйелерін қолдану арқылы (станцияларда арналарды бөлектеуді жүзеге асыратын және оларға аралық пункттердің сөйлесу құрылғыларын қосатын) ;

- арнайы тарату жүйелерін қолдану арқылы (әрбір станциядан бөлектенген топтық арналарды құралатын) .

Slide 6

Топтық арналарды ұйымдастыру сұлбасы

Slide 7

Тармақталған топтық НЧ арнаны ұйымдастыру

Тармақталған топтық НЧ арнаны ұйымдастыруда топтық ТЧ арнаны аралық екіжақты күшейткіштерді У қолдану арқылы құратын болсақ, онда аралық пункттердің ПП сөйлесу құрылғылары тікелей НЧ арнасына жалғанады.

Slide 8

СП қолданылған топтық ТЧ арнасын ұйымдастыру сұлбасы

Әрбір станцияда сөйлесу құрылғыларын ПУ қосуды талап етуші, бағыттарға таратушыларға Р қосылатын ТЧ арналары бөлектеніп шығады.

Таратқыштар ТЧ және ПУ арналарын төтрсымды сұлба арқылы параллель қосылуды қамтамасыз етеді.

Сөйлесу және шақыру сигналдары басқарушы станциядан РС ТЧ арналары арқылы барлық станциялардың таратқыштарына Р келіп түседі, ары қарай аралық пункттің жабдығына барады.

Сигналдар аралық пункттерден ТЧ арналарына таратқыштар Р арқылы беріледі.

Қарастырылған топтық арнаны ұйымдастыру әдісі, әрбір станцияда төмен жиілікпен арналардың қайтадан қабылдануын талап етеді, ол экономикалық ұғым бойынша барлық кезде мүмкін емес.

Slide 9

Топтық ТЧ арнаны арнайы тарату жүйелерін қодану арқылы ұйымдастыру

Топтық ТЧ арнаны арнайы тарату жүйелерін қодану арқылы ұйымдастыру, басқарушы станцияларда шеткі жинақты (оконечный комплект) ОК және аралық пункттердің сөйлесу құрылғылары ПУ қосылатын әрбір станцияда аралық жинақты ПК орнатуды қарастырды.

Топтық арнаға тармақтар қосылатын пункттерде таратқыштар Р орнатылады.

Аралық жинақта ПК арналардың бөлектенуі мен олардың қосылуы іске асырылады, себебі аралық пункт жақтан сөздерді тарату кезінде, сөйлесу токтары тарату және қабылдау күшейткіштеріне түсіп, содан кейін сол пункттен екі жаққа таратылады.

Slide 10

Бақылау сұрақтары

Тональды жиілік арналары бойынша технологиялық байланысты ұйымдастыру ерекшеліктері?

Жедел технологиялық байланыстың топтық ТЧ арналарына қойылатын талаптар?

Топтық арналарды ұйымдастыру сұлбасы?

Тармақталған топтық НЧ арнаны ұйымдастыру?

СП қолданылған топтық ТЧ арнасын ұйымдастыру сұлбасы?

Топтық ТЧ арнаны арнайы тарату жүйелерін қодану арқылы ұйымдастыру?


Ұқсас жұмыстар
Тональды таңдап шақыру жүйелерін құру негіздері: жиілік орналастыруы, шақыру комбинациялары және СК2/5, СК2/7, СК2/12 кодтарының құрылымы
Стартаптардағы коммуникация арналары және офлайн арналарды таңдау негіздері
Өндірістің техникалық және технологиялық дайындауын ұйымдастыру
Теміржол технологиялық байланыс желілерін құру принциптері: жеке және топтық арналар, таңдаушы жүйе мен тональді жиіліктік байланыс
Бірлескен топтық жұмыс: ұйымдастыру әдістемесі, тиімділігі және бағалау
Станциялық технологиялық байланыс (СТС): ұйымдастыруы, құрылымдық сұлбалары және орталықтандыру принциптері
Құрастыру үрдістерін жобалау және технологиялық ұйымдастыру
Өтпелі құрылғылар (ПУ) және оларды ЖТБ-дегі технологиялық байланысты ұйымдастыруда қолдану
Мұғалімдерге арналған тренинг: топтық жұмыс пен ынтымақтастық оқытуды ұйымдастыру әдістемесі
Волейбол сабағында топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы оқушылардың теориялық білімін жетілдіру әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz