БАҒЫТТАУШЫ ТАРАТҚЫШТАР




Презентация қосу
Лекция № 7

БАҒЫТТАУШЫ ТАРАТҚЫШТАР
Жоспар:

Бағыттаушы таратқыштар
Төртсымды арналарды тікелей (а) және таратқыш арқылы (б) параллельді жалғау
сұлбалары
Таратқыштар өшулігінің орнын толтыру
Таратқыштардың кірістеріндегі нормаланған мәндері
Таратқыштардың құрылымдық сұлбалары
Таратқыш - бөлектеуші трансформаторлармен сигналды тарату сұлбасы
Компенсациялық трансформаторлары бар таратқыш сұлбасы
Бөлектеуші күшейткіштері бар таратқыштар
Үш бағытты таратқыш сұлбасы
Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Кусамбаева Н.Ш., Сатаева А.А. «Технологиялық байланыс», - ҚазККА,
Алматы, 2006 ж., 93 бет.
2. Ю.В. Юркин, А.К. Лебединский, В.А. Прокофьев, И.Д. Блиндер:
«Оперативная-технологическая связь на железнодорожном транспорте».
Темір жол саласы бойынша жоғары оқу орындарына арналған оқулық.- М,
2007, 264 бет.
Бағыттаушы таратқыштар

Топтық арналардағы тармақталу пункттерінде немесе сөйлеу құралдарын
қосу құрылғыларында бағыттаушы таратқыштар қолданылады.
Таратқыш бір пунктте бірнеше төртсымды арналарды параллель қосуғу
арналған, ол бір жағынан тарату және қабылдау арналарын бөліп, екінші
жағынан, сөйлеу токтарының бір бағыттағы тарату арнасынан қабылдау
арнасына ауысуын болдырмайды.
Қолданыстағы таратқыштардың өшулігі aп = 50÷80 дБ тең болады.
Таратқыштың кірісі мен шығысы арасындағы өшулік, дБ:
1) өрнек
мұндағы:
Ic Uc – таратқыштың кірісіне келіп түсетін сигналдың тоғы мен кернеуі;
In Un– таратқыштың біруақыттағы шығысында пайда болатын ток пен кернеу.
Төртсымды арналарды тікелей (а) және таратқыш
арқылы (б) параллельді жалғау сұлбалары
Арнаға қосылған таратқыш сөйлесу жолдарына өшулік туғызады, дБ
ар = ад + ан + ас 2) өрнек

мұндағы:
ад – к-1 бағытындағы сөйлеу тоғының тармақталу себебінен болған
өшулік, дБ;
ан – таратқыштың кіріс кедергілері мен оған қосылған тізбектердің
келісілмегендігінен болған өшулік, дБ. Тәжірибеде кездесетін көптеген
жағдайларда осы кедергілер мен ан = 0 келісілуі үлкен орын алады;
ас – меншікті өшулік, дБ, таратқыш элементтерінің: резисторларды,
транзисторларда және тағы басқалардағы шығындарымен ескертілген,
формуласындағы ас мәні, таратқыштың сұлбалары арқылы анықталады.
ад өшулігі – таратқыштың кірісіне келіп түсетін, к – 1 бағыттарындағы
бірдей кіріс кедергілері бар сөйлесу токтарының Рвх қуаттарын тарату
арқылы анықталады:
3) өрнек
Таратқышта ар өшулігінің орнын толтыру

Таратқышта ар жұмыс өшулігінің орнын толтыру үшін, күшейткіштер
қарастырылған (сурет, б).
Әрбір күшейткіштердің күшейтілуі, дБ
S = ар = аД + ас + ак = 10lg(к – 1) + ас 4 – өрнек,
4 – өрнек формуласындағы шартты орындау кезінде, тарату жолдарына таратқыш
ешқандай өшулік енгізбейді және оның шығыстарындағы деңгейлер кірістердегі
деңгейлерге тең болады.
Күшейткіштердің осы түрде күйге келтіріліп күшейтілуі, тарату жүйесі СП мен
сөйлесу құрылғыларының ПУ кірісіне берілетін деңгейлердің келістірілуін
қамтамасыз етеді, олардың нормаланған мәндері бойынша.
Таратқыштардың нормаланған мәндері

Таратқыштың құрамына келуші сигналды бағыттарға тарататын басқарушы
құрылғы мен күшейткіштер жатады.
Таратқыштардың құрылымдық сұлбалары

Таратқыш сұлбалары таратушы құрылғының РУ күшейткіштерге У дейін
(сурет, а), содан кейін күшейткіштерден кейін (сурет, б) қосылуы арқылы
құрылады.
Бірінші түрдегі таратқыштарда, кез-келген шығыстағы сәйкес күшейткіштің
күшейтілуінің өзгеруі арқылы, сигнал деңгейін ретке келтіру мүмкіндігі бар,
ол екінші сұлбада қарастырылмаған.
Бірінші түрдегі таратқыштар басымдылықпен кеңінен таралды, өйткені олар
өтпелі өшуліктің көбірек мәнін алуға мүмкіндік береді.
Таратқыш - бөлектеуші трансформаторлармен сигналды тарату сұлбасы

Кір1 кірісінен Кір2 және Шығ3 шығыстарына, Т4 және Т6,
трансформаторларының біріншілік орамасының Кір1 кірісіне желінің
қосылуымен жүзеге асырылады.
Бұндай сұлбаның жетіспеушілігіне, трансформаторлар санының көптігі мен
сигналдың трансформаторларының екіншілік орамалары арқылы
жанама өту мүмкіндігі жатады.
Компенсациялық трансформаторлары бар таратқыш сұлбасы

Компенсациялық трансформаторлары бар таратқыш
сұлбасында сөйлесу токтар көпорамалы Т1—Т4
трансформаторларымен таратылады.
Олардың екіншілік орамалары, күшейткіштің аттас
шығысына жалғанған орамадағы кез-келген кіріске
келіп түскен сөйлесу тоғы индукцияланбайтындай
болып жалғанған.
Орамалардағы сөйлесу токтарының Кір1 кірісіне келіп
түскен кездегі бағыттары стрелкалармен көрсетілген.
Т2, ТЗ,
Трансформаторлардың орамаларын осылай қосу
сұлбасы компенсациялық деп аталады.
Соның көмегімен кіріс пен шығыс арасында шамамен
40 дБ өтпелі өшулікті алуға болады.
Бөлектеуші күшейткіштері бар таратқыштар

Бөлектеуші күшейткіштері бар
таратқыштарда бөлу және
күшейту функцияларын У1—У6
күшейткіштері орындайды.
Бұл сұлба кіріс пен шығыс
арасында үлкен өтпелі өшулікті
береді, бірақ та қосымша
элементтердің көп санын талап
етеді.
Таратқыштардың ең сәтті
сұлбасына, таратушы құрылғы
резисторларда орнатылған, ал
күшейтуші элементтер түрінде
операциялық күшейткіштер
қолданылған сұлба жатады.
Үш бағытты таратқыш сұлбасы

Үш бағытты Таратқыштың Кір1—
КірЗ кірістеріне келіп түскен
сигналдар сәйкес күшейткіштердің
кірістеріне Rl—R6 резисторлары
арқылы таратылады.
Сонымен, сигнал Кір1 кірісінен Rl
және R3 резисторлары арқылы УЗ
және У2 күшейткіштерінің кірісіне
барады, ал У1 күшейткішінің кірісіне
сигнал берілмейді.
Таратқыштарда 0,3 - 3,4 кГц жиілік
ауқымында үлкен күшейту
коэффициенті Ку = 105, жоғарғы кіріс
және төмен шығыс кедергілері бар,
операциялық күшейткіштер
қолданылады.
Бақылау сұрақтары

Бағыттаушы таратқыштар?
Төртсымды арналарды тікелей (а) және таратқыш арқылы (б) параллельді жалғау
сұлбалары?
Таратқышта ар өшулігінің орнын толтыру?
Таратқыштардың кірістеріндегі нормаланған мәндері?
Таратқыштардың құрылымдық сұлбалары?
Таратқыш - бөлектеуші трансформаторлармен сигналды тарату сұлбасы?
Компенсациялық трансформаторлары бар таратқыш сұлбасы?
Бөлектеуші күшейткіштері бар таратқыштар?
Үш бағытты таратқыш сұлбасы?

Ұқсас жұмыстар
Етті мұздататын мұздатқыш шкафтары
Тональды жиілік арналары бойынша технологиялық байланысты ұйымдастыру ерекшеліктері
Тереңдік сорғы, Манжетті сорғы
Сумен жабдықтау
Сканерлеуші электронды микроскоптар
Жер серігінің айналмалы қозғалысын басқару
РАДИОЗОНД ЖАПОНИЯ
Бекітпені бекітпе жақтауына қосу
Бұрғылау ұңғылары
Мұнай және газ ұңғыларын бұрғылау
Пәндер