Дифференциалды жүйелі екіжақты күшейткіштер




Презентация қосу
Лекция № 6

Дифференциалды жүйелі екіжақты күшейткіштер
Жоспар:

Дифференциалды жүйелі екіжақты күшейткіштер
ПТДУ-67 күшейткішінің принциптік сұлбасы
Топтық жолға екіжақты күшейткіштерді қосу сұлбасы
ПТДУ-М екіжақты күшейткіші
Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Кусамбаева Н.Ш., Сатаева А.А. «Технологиялық байланыс», - ҚазККА,
Алматы, 2006 ж., 93 бет.
2. Ю.В. Юркин, А.К. Лебединский, В.А. Прокофьев, И.Д. Блиндер:
«Оперативная-технологическая связь на железнодорожном транспорте».
Темір жол саласы бойынша жоғары оқу орындарына арналған оқулық.- М,
2007, 264 бет.
Дифференциалды жүйелі екіжақты күшейткіштер

Екіжақты күшейткіш түрінде, сымдарының диаметрі 1,05—1,2 мм
кабельді желілерде жұмыс істейтін көпарналы телефон байланысындағы
кез-келген күшейткіш немесе ПТДУ-67 күшейткіші қолданылуы
мүмкін.
Күшейткіш 0,3 –3,4 кГц жиілік ауқымында жұмыс істейді, тональді
таңдап шақыруы бар аппаратураларда қолданылады.
Бұл арналарда шақыру сигналдары сөйлесу токтары спектрінде берілетін
болғандықтан, көпарналы байланыста қолданылатын екіжақты
күшейткіштермен салыстырғанда, ПТДУ-67 күшейткішінде индукторлы
шақыруды трансляциялайтын құрылғы болмайды, бұл сұлбаны едәуір
қысқартып, сызықты және дифференциалды трансформаторларды енгізуге
мүмкіншілік берді.
ПТДУ-67 күшейткішінің принциптік сұлбасы
ПТДУ – 67 негізгі құрамы

Балансты контурлар (БК1 және БК2) - резисторлар кедергілері мен
конденсаторларын ауыстырып-қосу арқылы, балансты контурлар күйге келтіріледі.
Диферинциальды Трансформаторлар (Т1 және Т2) - сызықты тізбек пен
күшейткіштің кедергілерін келістіреді, кабель өзекшелерінде туындайтын қауіпті
кернеулерден күшейткішті қорғайды, және күшейткіштің екі және төртсымды
жолдарын жалғайды.
БТУ-64 - ПТДУ-67 күшейткішінде күшейтуші элементтер ретінде У1 және У2
қолданылады, олардың әрқайсысы каскадтар арасындағы сиымдылықты байланысы
бар үшкаскадты күшейткіштерден құралған.
П1 және П3 реттегіштері - сигнал Т3, Т2 тарнсформаторлары арқылы П1, П3
кірістеріне келіп түседі, ол күшейткіш кірісін d нүктесіне қосқан кезде 7 дБ
өшулікті ензізеді.
VT4 транзисторларының эмиттерлі тізбегіне П2 күшейтілуінің жиілікті
сипаттамасын бейімдейтін сатылы регуляторы қосылады. Ол a, b, c, d, e тармақтары
бар резисторлы бөлгіш пен L1, С11 контурларынан тұрады.
Топтық жолға екіжақты күшейткіштерді қосу сұлбасы

Аралық пункт күшейткіштің орналасу орнындағы дифференциалды жүйенің кірісіне
қосылады, ол күшейткіштің кіріс кедергісін едәуір өзгертеді, оның тұрақтылығын төмендетеді,
ал аралық пунктің өзі, сигналды қабылдау және тарату кезінде қолайсыз жағдайда қалады.
ПТДУ- 67 орналасқан жердегі ДС кірісіне қосылған аралық пункттегі кемшілік (а -
суреті), модернизацияланған ПТДУ-М екіжақты күшейткішінде (б - суретіне қара) жойылған.
ДС3 дифференциалды жүйесіне қосылған аралық пункт екі бағаттағы сигналдарды да
қабылдап және тарата алады.
Сөзді қабылдау кезінде кіріс сигналы аралық пунктке Л1 желісінен У1 күшейткіші
арқылы, ал Л2 желісінен УЗ күшейткіші арқылы келеді.
Аралық пункт жақтан сөзді тарату кезінде, сигнал Л1 желісінен У4 күшейткіші арқылы, ал
Л2 жілісінен У2 күшейткіші арқылы келеді.
ПТДУ-М екіжақты күшейткіші

ПТДУ-М екіжақты күшейткіші 0,3 – 3,4 кГц аралығындағы жиілік
ауқымындағы таңдау байланысының кабельді тізбектерінде қолдануға
арналған.
ПТДУ-М күшейткішінің 300 ден 3400 Гц жиіліктерінде күшейтілуі 18,2
ден 11,7 дБ аралығында өзгереді.
Оның қоректенуі тұрақты ток көзінен 24 В кернеуімен қамтамасыз етіледі.
Бақылау сұрақтары

Дифференциалды жүйелі екіжақты күшейткіштер?
ПТДУ-67 күшейткішінің принциптік сұлбасы?
Топтық жолға екіжақты күшейткіштерді қосу сұлбасы?
ПТДУ-М екіжақты күшейткіші?

Ұқсас жұмыстар
Физиологиялық зерттеу әдістері
БАҒЫТТАУШЫ ТАРАТҚЫШТАР
Физиологиялық зерттеу тәсілдері
Қазақстан –әлем мойындаған ел
Дифференциалды психология ғылым ретінде
ЕКІЖАҚТЫ ЖӘНЕ КӨПЖАҚТЫ КЕЛІССӨЗДЕР
Жоғары ми функциясының зақымдалуы симптомдары
Бөлшектің толқындық қасиеті
Хламидиоз - жыныстық қатынас арқылы жұғатын жұқпалы ауру
Тәрбие әдістері
Пәндер