ПТИВ - тегі уақыттық жиілік




Презентация қосу
Лекция № 5

Тональды таңдап шақыру қабылдағыштары (ПТИВ)
Жоспар:

Тональды таңдап шақыру қабылдағыштары (ПТИВ)
ПТИВ-тегі уақыттық жиілік
ПТИВ-тың принциптік сұлбасы
LC-фильтрлі ПТИВ
LC - фильтрлі ПТИВ-тің структуралық сұлбасы
RC-фильтрлі ПТИВ
RC - фильтрлі ПТИВ-тің структуралық сұлбасы
Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Кусамбаева Н.Ш., Сатаева А.А. «Технологиялық байланыс», - ҚазККА,
Алматы, 2006 ж., 93 бет.
2. Ю.В. Юркин, А.К. Лебединский, В.А. Прокофьев, И.Д. Блиндер:
«Оперативная-технологическая связь на железнодорожном транспорте».
Темір жол саласы бойынша жоғары оқу орындарына арналған оқулық.- М,
2007, 264 бет.
Тональды таңдап шақыру қабылдағыштары (ПТИВ)
Тональды таңдап шақыру жүйелері қарастырылып өткен жетістіктерінен басқа,
маңызды жетіспеушіліктерге де ие:
- шақыру жиіліктері сөйлесу жиіліктерімен сәйкес келуі мүмкін, ал бұл шақыру
қабылдағыштарының жұмысына зиян, яғни кедергі келтіреді.
ПТИВ-ке сөйлесу токтарының өтірік қосылуынан сақтайтын, қосымша талаптар
қойылады.
ПТИВ сұлбасында жиіліктік және уақыттық қорғаныстар қарастырылған.
Жиіліктік қорғаныс келесі түрде қарастырыған:
- шақыру сигналдарының жиіліктерін таңдау кезінде, олардың сөйлесуші сөздермен
мүмкіндігінше сирек кездесуін қарастыру керек, ал олардың үшінші гармоникасы негізгі
жиілікпен сәйкес келмеу керек;
- бөгеуге тұрақты болатын көпжиілікті кода қолданылады.
ПТИВ-те шақыру жиілігіне бағытталған таржолақты фильтрлер қолданылады.
ПТИВ станциялық байланыс пен аралық пунктер аппаратураларының құрамына
кіреді.
ПТИВ-тегі уақыттық жиілік

ПТИВ-тегі уақыттық жиілік мыналарды енгізу арқылы қарастырылған:
- қабылдағыштың жұмыс істеуін бәсеңдету, өйткені сөйлесу токтарын тарату кезіндегі
кездесетін қысқа импульстер қабылдағышпен қабылданбайды, уақыт шамамен 0,1 с
деп алынады;
- қабылдағышқа бірінші және екінші импульстердің уақыт бойынша бөлініп әсер
етуі, кодаларды құруға мәжбүр етті.
Екінші шақыру жиілігінің сигналдары қабылдағышпен қабылданбайды, демек,
қабылдағыш алдын ала бірінші шақыру импульсін қабылдамаған болса, онда өтірік
шақыру сигналы қабылданбайды.
Бөлектенген сұлба деп аталатын арнайы тізбек, тек бірінші шақыру импульсі
тіркелгеннен кейін ғана, екіншісін қабылдауға рұқсат береді.
Егер бірінші және екінші шақыру импульстерінің түсуі арасында уақыт аралығы
(интервал) пайда бола қалса, онда бөлектенген сұлбадан рұқсат етілген сигнал
келіп түспейді, бұл да ПТИВ-ті өтірік қосылудан қорғап қалады.
Аталып өткен сақтану шаралары жиынының орындалуы, ПТИВ-тің тұрақты жұмыс
істеуін қамтамасыз етеді.
LC-фильтрлі ПТИВ (жиіліктік қорғау)
LC-фильтрлі ПТИВ-тің принциптік сұлбасында қабылдағыш шектегіші VD1 және VD2
диодтарында орындалған. Шектеу табалдырығы 350 мВ тең деп алынып, R1-R4
резисторларынмен орнатылады.
Резисторлар арқылы осы диодтардың өткізу бағытындағы жылжыту токтары бірдей беріледі.
Диодтар ашылады.
Егер шектегіш кірісіне келген сигнал тоғы, жылжыту тоғынан аз болса, онда диодтар ашық
болып тұрады да, сигнал резонансты күшейткішдегі VT1 транзисторының кірісіне барып түседі.
Егер сигнал жоғарылап, оның тоғы жылжыту тоғынан көп болып кетсе, онда қорытынды ток
VD1 диоды арқылы оң жарты периодта аз болады, ал VD2 диоды арқылы жылжыту тоғынан көп
болады.
Бұл кезде VD1 диоды жабылады да, шектегіш кірісіндегі оң жартыпериодтағы ток амплитудасы
кесіліп алынып, VD1 диодының жылжыту тоғына тең болады.
Сигнал тоғының лездік мәні жылжыту тоғына жеткен кезде, яғни теріс жартыпериодта, VD2
диоды жабылады.
Шектегіш кірісіне 130 мВ сигнал кернеуі келіп түскенде, екіжақты күшейтулер басталады.
Осы себептен, амплитуда шектегішінің кірісіне сигналдың үлкен және кіші амплитудаларында,
резонансты күшейткішке өзгеріссіз кернеу беріледі.
LC-фильтрлі ПТИВ-тің структуралық сұлбасы

Жеке және циркулярлы шақырушы импульстердің бірінші жиіліктері
сәйкесінше Ф1 және Ф3 фильтрлерімен, ал екінші импульстердің жиіліктері –
Ф2 фильтрімен бөлектенеді.
LC-фильтрлі ПТИВ-тегі дешифратор ДШ – детекторлардан Д1 – Д3, электронды
реледен ЭР1, электронды кілттен ЭК, бөлектенген сұлба СВ мен реледен Р тұрады.
Дешифратор – жеке, топтық және циркулярлы шақырулардың декодаланған
кодалық комбинацияларына арналған.
RC-фильтрлі ПТИВ (уақыттық қорғау)

ППС типті аралық пунктердегі таңдап шақыру қабылдағыштарының LC
фильтрлері RC фильтрлеріне ауыстырылған, КТ және МП типті
транзисторлар қолданылған, монтаж жиналатын платалар түрінде
орындалған, қабылдағыштың принциптік сұлбасы біршама өзгерген.
RC-фильтрлері көршілес шақыру жиіліктерінде үлкен қорғанулықты
қамтамасыз етеді: 120 Гц жиілігінде 26 дБ төмен емес.
Осыған қарап, жаңа таңдап шақыру жүйесінде жиілік реттері қабылданды.
RC-фильтрлі ПТИВ-тің структуралық сұлбасы

LC-резонансты контурларды RC контурларына ауыстыру үшін,
фильтрлердің кірісінде У1 – У3 күшейткіштерін орнатуды талап етті.
Бұдан басқа, шақыруды қабылдауды бақылаушы сұлба өзгертілді, қоңыраудың
кірісіне ЭК2 қосылды, ол қоңырау жұмыс істеген кезде ашылады және 1600 Гц
жиілікті бақылау сигналын арнаға жіберуші G генераторына қорек береді.
Топтық және циркулярлы шақырулар келіп түскенде, сигнал Ф3
шығысынан У2 және Д арқылы бірінші импульс фиксаторына ЭР1, және
біруақытта ЭК2 келіп түседі, циркулярлы шақыру кезіндегі өте қажет болып
саналатын, қоңырау жұмысын бақылау сигналын таратудан сақтану үшін, қоңырау
жұмысын шамамен 2 с уақытқа тоқтатады.
Бақылау сұрақтары

Тональды таңдап шақыру қабылдағыштары (ПТИВ)?
ПТИВ-тегі уақыттық жиілік?
ПТИВ-тың принциптік сұлбасы?
LC-фильтрлі ПТИВ?
LC - фильтрлі ПТИВ-тің структуралық сұлбасы?
RC-фильтрлі ПТИВ?
RC - фильтрлі ПТИВ-тің структуралық сұлбасы?

Ұқсас жұмыстар
Таңдап шақыру жүйесі
Биологиялық ырғақтардың пейсмекерлері
Салыстырмалы жиілік
Салыстырмалы жиілік. Бернулли теоремасы
Электрмен жабдықтау жүйесін басқаруды ұйымдастыру
Процессордың негізгі параметрлері
Аристотельдің өнер философиясы
Бас жиынтық және таңдама. Таңдамалы сипаттамалар
Микропроцессорлық аспаптар
Жоба түсінігі мен өмірлік циклі
Пәндер