ЖТБ желілерін құру принциптері


Slide 1

Лекция № 2

ЖТБ желілерін құру принциптері

Slide 2

Жоспар:

Жеке және топтық арналы желілер

Жеке және топтық арналармен технологиялық байланысты ұйымдастыру сұлбасы

Топтық арналарды қолдану, желілік станция абоненттік аппараттары параллельді қосылуы сұлбасы

Таңдаушы жүйе

ЖТБ коммутаторлары арқылы ұйымдастырылуы

Тональді жиілік (ТЧ) арналарымен топтық байланыс ұйымдастыру сұлбасы

Slide 3

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Кусамбаева Н. Ш., Сатаева А. А. «Технологиялық байланыс», - ҚазККА, Алматы, 2006 ж., 93 бет.

2. Ю. В. Юркин, А. К. Лебединский, В. А. Прокофьев, И. Д. Блиндер: «Оперативная-технологическая связь на железнодорожном транспорте». Темір жол саласы бойынша жоғары оқу орындарына арналған оқулық. - М, 2007, 264 бет.

Slide 4

ЖТБ желілерін құру принциптері

Магистральді, жолды және бөлімшелік байланыстардың ерекше қасиеттеріне мыналар жатады:

- темір жол бойында ара-қашықтықтары орташа 5-10 км болатын абоненттік пунктердің желі бойында орналасуы;

- қызмет көрсетуші учаскелердің едәуір ұзындығы;

- әрбір байланыс түрінің оперативті - қызмет етуші мінездемесі, оның ерекше - тағайындалуы мен дербес қолданылу аймағы;

- барлық теміржол желілерінде біржақты сөйлесулерді жүргізу әдістері.

Осы ерекшеліктер әрбір бөлек арналарда ұйымдастырылу анықталады.

ЖТБ ұйымдастыру кезінде ең қымбатқа түсетіні желілік құрылыстар болып табылады.

ЖТБ барлық теміржол желісінде қолданылатын болғандықтан, осы байланыс түрлерінің ішінен ең тиімдісін, әрі құрылымының үнемділігін таңдау маңызды мағына береді.

Slide 5

Жеке арна арқылы басқарушы станцияның (РС) байланысын ұйымдастыру сұлбасы

Ортақ желідегі жол ұзындығы мынаған тең болады: L1= 0, 5n(n-1) l бұл жердегі n - желілік станция саны, l - пунктер арасының орташа ара-қашықтығы.

Жеке арналардағы жүктеменің аздығынан, қондрғылар аса көп болмағаннан кейін, арналар параллельді ұйымдастырылады, яғни жеке арналарды қолдану өте төмен болады.

Әр станцияны әрбір станциямен жалғауда, станциялар арасындағы телефон алмасуының өте аз болғандығынан, желіні ұйымдастыру жұмысы ақталмады.

Slide 6

Жеке және топтық арналы желілер

Төмен шамадағы жүктеме, барлық байланыс түрлерін әрбір желілік станцияға енгізуді талап етті, жеке сөйлесулер ғана емес, тағы да топтық, циркулярлы сөйлесулерді де енгізуге тура келді.

Осы сөйлесулердің қызметтік сипаттамасы топтық арналарды қолдану арқылы технологиялық байланысты құруға әкеліп соқты, бұл жерде желілік станция абоненттік аппараттарын параллельді қосылады.

ЖТБ топтық арналары құру принципі бізге өте тиімді болып табылады.

Топтық принцип арнайы аппаратсыз топтық немесе осы байланыстағы барлық абоненттермен (циркулярлы байланыс) жиналыс байланысын ұйымдастыра алады.

Slide 7

Топтық арналарды қолдану, желілік станция абоненттік аппараттары параллельді қосылуы сұлбасы

Осы себептен, топтық арнаны қолдану жеке арналарға қарағанда өте тиімді.

Бірақ, бұл жағдайда құпия байланыс болмайды, яғни абоненттер осы арнаға қосылған басқа абоненттердің сөздерін ести алады, немесе бір уақытта тек екі абонент қана сөйлесе алады.

Бірақта, бұл жетіспеушіліктер кедергі етпейді, өйткені топтық арналар тек қызмет бабындағы сөйлесулерді жүргізуге арналған.

Абоненттер бір-біріне кедергі келтірмеу үшін, телефон аппараттарын топтық арнаға тек сөйлесу кезінде ғана қосады, ал сөйлесулер тек басқарушының немесе жалғауды іске қосатын телефонистканың бақылауымен іске асырылады.

Slide 8

Таңдаушы жүйе

Телефон байланысында жеке, топтық және циркулярлы шақырулардың жіберілуін қадағалайтын жүйе «таңдаушы жүйе» деп аталады.

Бөлек шақырулар үшін, пунктер арасында кодаланған шақыру сигналы қолданылады. Жәй шақырулар барлық телефон аппараттарын іске қосатын болғандықтан, қарапайым телефон аппараттары топтық арналарда қолданылмайды.

Әрбір абонентті жеке шақыру үшін, телефон аппаратында таңдап шақыру қабылдағышы болу керек, яғни кодаланған сигнал келіп түскенде, ерекше ажырата алатын сигнал іске қосылады.

Осындай шақыру жүйесі «таңдаушы» деп аталады.

Бір топтық тізбекке 20 - 30-ға дейін телефон аппараттары қосылады, егер олардың кіру кедергісі төмен болса, топтық тізбектің өшулігі тез жоғарылайды және байланыс сапасы қанағатсыз болады.

Сондықтанда таңдау байланысындағы телефон аппаратының кіру кедергісі желінің кедергісінен кем дегенде 10 есе жоғары болуы керек, осы кезде бір аппараттың екінші аппаратқа шунтталуы болмайды.

Slide 9

ЖТБ коммутаторлары арқылы ұйымдастырылуы

Технологиялық процестің жетекшілерінде оперативті байланыс коммутаторлары орнатылады, ал абоненттерде - орталық батареяның телефон аппараттары орнатылады.

Өндірістік администрациялы-шарушылық және диспетчерлік байланыстарды ұйымдастыру кезінде, арнайы өндірістік байланыс коммутаторлары қолданылады, олар орталық батареядағы телефон аппараттарының тура желілік абоненттерін қосады, ал байланыс желісі сәуле принципімен құрылады.

Технологиялық процестің жетекшісі басқару учаскесінен алшақтатылған станцияда болуы мүмкін.

Бұндай жағдайда РС, айналып өту арнасы деп аталатын басқару учаскесінде топтық арнамен жалғануы мүмкін, оның орнында тональді жиіліктегі типтік арналар қолданылады.

Slide 10

Тональді жиілік (ТЧ) арналарымен топтық байланыс ұйымдастыру сұлбасы

Топтық арна басқарушы (РС) және орындаушы (МС) станциялар арасындағы ТЧ тональді жиілік арнасынан тұрады ГКТЧ, ол соңғы пунктерде НЧ төменгі жиілік арнасына ГКНЧ ауысады.

Бөлімшелі технологиялық байланыс негізінен төменгі жиіліктік топтық арналарда ұйымдастырылады.

Әрбір байланыс түрі, осы байланыстың техникалы-экономикалық көрсеткіштерінің төмендігін көрсететін бөлек әуе және кабельді жолдардан тұратын физикалық тізбекті талап етеді:

- желілік құрылыстар көлемінің ұлғаюы,

- беру жолының төмен сапасы,

- жоғарғы пайдалану шығындары.

Slide 11

ТЧ топтық арналарды ұйымдастыратын тарату жүйелері


Ұқсас жұмыстар
Коммутациялық станцияның құрылымдық сұлбасы
ЦИФРЛЫ ТАРАТУ ЖҮЙЕЛЕРІН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Екіншілік желі
Тасымалдауды басқарудың тік бағытын ұйымдастырудың мақсаты мен принциптері
Бөлімшелік байланысты ұйымдастыру үшін ЦСП қолданылуы
ЖТБ ұйымдастыру
ЖТБ жүйесінің цифралық аппаратуралары
Арналардың бөлінуі және транзиттық тасымалдау аппаратуралары
Өтпелі құрылғылары бар топтық арналар сұлбасы
Молекулалық биотехнология
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz