Екіншілік желі
Презентация қосу
Лекция № 1
Жедел технологиялық байланыс – ЖТБ
Технологиялық байланыс түрлерінің
классификациялары
Жоспар:
Технологиялық байланыс түрлерінің классификациялары
Темір жолдағы тасымалдау қызметтерінде қозғалысты жедел басқару
Жолды диспетчерлік басқарушы орталықтардың өзара қарым-қатынастарының
құрылымдық сұлбасы
Біріншілік және екіншілік желілер
Технологиялық байланыс классификациясының құрылымдық сұлбасы
ЖТБ ерекшеліктері
Технологиялық байланыстың біріншілік және екіншілік желілерін ұйымдастыратын
құрылымдық сұлбасы
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Кусамбаева Н.Ш., Сатаева А.А. «Технологиялық байланыс», - ҚазККА,
Алматы, 2006 ж., 93 бет.
2. Ю.В. Юркин, А.К. Лебединский, В.А. Прокофьев, И.Д. Блиндер:
«Оперативная-технологическая связь на железнодорожном транспорте».
Темір жол саласы бойынша жоғары оқу орындарына арналған оқулық.- М,
2007, 264 бет.
Жедел Технологиялық Байланыс - ЖТБ
ЖТБ – маңызы өте зор, пойыз қозғалысын басқаруда, жүк ағындарын реттеу мен
жылжымалы құрамның әлдеқайда тиімді пайдаланылуын ұйымдастыруда ерекше
орын алады.
Жолды басқару тапсырмаларының негізі болып:
- жолаушылар және жүк тасымалдау жоспарларын қамтамасыз ету,
- пойыз қозғалысын басқару,
- пойыздарды құрастыру жоспарының графигінің орындау,
- жүк тасымалдау және коммерциялық жұмыстарды ұйымдастыру,
- теміржол көлігінің техникалық құралдарын жөндеу мен пайдалану,
- теміржол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету,
- жолаушылар мен жүктерді өз уақытында жеткізу және қорғау,
- еңбектің өнімділігі мен жұмыстың рентабельділігін жоғарылату жатады.
Темір жолдардағы тасымалдау қызметтерінде
қозғалысты жедел басқару
Жолдардағы тасымалдау қызметтерінде қозғалысты жедел басқаруды оперативті-басқару
бөлімінің аппараты орындайды.
Тәртіп бойынша, кезекті (смена) ДГСП бөлімі бастығының көмекші орын
ауыстырушысы, 3 немесе 4 жол диспетчерлері және жолды локомотивті диспетчер
басқарады.
Әрбір жол диспетчері ДГП жол бөлімшелері мен негізгі станциялардың жұмыстарын
жедел басқарады және бақылайды.
Жол бөлімшелерінде қозғалысты жедел басқаруды тасымалдау бөлімшесінің диспетчерлік
аппараты бөлімшенің аға диспетчерінің басқаруымен (ДНЦС) жүзеге асырады.
Станцияларда жедел басқаруды станциялық (ДСЦС) немесе маневрлік (ДСЦ)
диспетчер, ал кішігірім станцияларда - станция кезекшісі ДСП басқарады.
Теміржолдарда жолды диспетчері басқару орталықтары енгізілуде (ДЦДУ), олар жол
бөлімшелеріндегі диспетчерлік штатты босатуға және жедел басқару құрылымындағы
буындарды қысқартуға арналған.
Диспетчерлік орталықтың негізін есептеу орталықтарынан ГВЦ, ИВЦ тұратын
ақпараттық жүйелер, ақпараттық арналар және технологиялық байланыс желілері
құрайды.
Жолды диспетчерлік басқарушы орталықтардың өзара қарым-қатынастарының құрылымдық
сұлбасы
Біріншілік желі
Торап желілерінің, станциялық желілер мен тарату жолдарының
жиынтығынан құрайтын, теміржол көлігін басқару иерархиясына сәйкес
келетін тарату арналарының жүйесін құрайтын - біріншілік желі болып
табылады.
Біріншілік желі:
- магистральды,
- жолды,
- бөлімшілік жергілікті,
- және станциялық желілер болып бөлінеді.
Магистральдік біріншілік желі - АҚ «ҚТЖ» жолдық бөлімшелердің
арасындағы электрбайланысының торабын өзара ұйымдастыру үшін, тоналді
жиіліктегі (ТЧ) арналар мен лектер тобының құралуын қамтамасыз етеді.
Жолды біріншілік желі - басқарма АҚ «ҚТЖ» мен жол бөлімдерінің,
сонымен қатар бөлімшелердің өз арасындағы екіншілік желілерін
ұйымдастыруға арналған ТЧ арналары мен топтық лектер жиынынан тұрады.
Бөлімшелік біріншілік желі - жол бөлімшілері шегіндегі екіншілік желіні
ұйымдастыру үшін тональді арналар мен төменгі жиілікті жол лектерінің
пайда болуын қамтамасыз етеді.
Станциялық байланыс тораптары - темір жол станциялары шегінде
ұйымдастырылатын жергілікті және ЖТБ-дан тұрады.
Екіншілік желі
Біріншілік желі базасында екіншілік желі құрылады.
Екіншілік желі темір жол көлігінің бөлімшілерінде коммерциялық және
пайдаланымға берілген жұмыстарды ұйымдастыру үшін, сонымен қатар пойыз
қозғалысын басқару үшін керек.
Екіншілік желі - біріншілік желінің беру арналарының базасында
ұйымдастырылған коммутация станцияларының, коммутация түйіндерінің,
соңғы станция құрылғылары мен арналарының базасында ұйымдастырылған.
Екіншілік желілер - берілетін ақпарат түріне, оларды ұйымдастыру тәсілдері
мен қолдану аймағына, тасымалдау процестерінің басқарылуына және тағы
басқаларға әсер ете отырып, ведомствалық және территориялық бұйымдармен
сипатталады.
Екіншілік технологиялық желілер жалпы қызмет етуші және оперативті-
технологиялық байланыс желілері деп бөлінеді.
Технологиялық байланыс классификациясының
құрылымдық сұлбасы
Магистральді байланыс желісі түрлері
- магистральді жиналыс байланысы (МСС) - теміржол басқармасы мен жолды
бөлімше басқарушылармен оперативті жиналыстарын жүргізу үшін қолданылады;
- магистральді басқарушы байланыс (МРС) - вагон лектері мен жүктердің, сонымен
қатар, локомотив және вагон парктерінің темір жол бағыттарында таратылуын реттеу
үшін қолданылады;
- магистральді ақпарат байланысы (МИС) - жолаушылар пойызына билет сату үшін,
жолаушыларға қызмет етуші агентстволар мен жол бюросы арасында және жол
бюроларының өзара байланысы ұйымдастырылады;
- магистральді әскери күзет байланысы (МСТВ) - теміржол басқармасының әскери
күзет бөлімдері мен әскери күзет басқармасында қарастырылып, жол бөлімшелерін
оперативті басқару үшін қолданылады;
- көліктегі магистральді милиция байланысы (МСТМ) - әрбір жол шегінде, жолды
технологиялық байланыстың бөлімшелерінде көліктік милицияның оперативті
басқарылуы үшін ұйымдастырылады.
Жолды технологиялық байланыстың түрлері
- жолды басқарушы (распорядительная) байланыс (ДРС) - вагон лектерін басқарып,
жылжымалы құрамды темір жол бөлімшелеріне таратып, реттеу үшін қолданылады;
- жолды жиналыс байланысы (ДСС) - жол басқармасының темір жол бөлімшелеріндегі
жұмыскерлер мен сұраптаушы, учаскелік және арнайы ірі жүк және жолаушылар
станцияларында керек болған жағдайда жиналыс өткізу үшін қолданылады;
- жолды ақпарат байланысы (ДИС) - жолаушылар пойызына билет сатуды қадағалайды, ол жол
бюросын бөлімше бюросымен және бөлімше бюросын бір-бірімен жалғайды;
- жолды көліктік әскери күзет байланысы (ДСТВ) – теміржол бойындағы бөлімшелерді,
басқарушы теміржолдардағы әскери күзет бөлімдерімен жалғау үшін, және әскери күзет
бөлімдеріндегі жұмыстарды басқару үшін ұйымдастырылады;
- жолды көліктік милиция басқармасы (ДСТМ) – ірі станциялар мен бөлімшелердегі
теміржолдағы көліктік милиция Басқармасының жұмысын қадағалау үшін ұйымдастырылады;
- жолды электрлік байланыс (ДЭДС) - жол диспетчерін электрмен қамтамасыз ету мен
электрлендіру қызметі үшін, және қашықтағы диспетчерлерді электрмен қамтамасыз ету үшін
қолданылады;
- жолды сызықты-жолды байланыс (ДЛПС) – жол қызметтері диспетчерінің жолды дистанция
диспетчерлерімен байланысы үшін керек;
- жолды диспетчерлік қызмет байланысы (ДСДС) – жол диспетчерінің сигнализация және
байланыс қызметімен жол шегінде оперативті басқару үшін қолданылады.
Жол бөлімдерінде байланыс түрлері
- бөлімшелік жиналыс байланысы (ОСС) – бөлімше шегінде жол бөлімдеріндегі жұмысшыларды
басқаратын олардың бағынушы жұмысшыларымен жедел жиналысын өткізу;
- көліктік милицияның бөлімшелік байланысы (СТМ) – көлік милициясының сызықты
бөлімдерін жедел басқару үшін;
- көлікті әскери күзеттің бөлімшелік байланысы (СТВ) – көлікті әскери күзет отрядын жедел
басқару үшін;
- пойызды диспетчерлік байланыс (ПДС) – пойыз қозғалысын басқару үшін ;
- энергодиспетчерлік байланыс (ЭДС) – электрленген теміржол учаскелерінде электрмен
қамтамасыз ету және электрлендіру шаруашылықтарының жұмысын жедел басқару үшін керек;
- вагонды диспетчерлік байланыс (ВДС) – вагон паркін жедел реттеу үшін, оның дамуы мен тиеп-
түсіру жұмыстарының жағдайын бақылау үшін керек;
- жолаушылар пойызына билет сатушы билетті диспетчерлік байланыс (БДС) – бөлімше бюросы
мен желілік пунктерге (билет кассалары) дейінгі учаскеде ұйымдастырылады;
- қызмет көрсетуші диспетчерлік байланыс (СДС) – станциялар мен аралықтардағы автоматика,
телемеханика және байланыс құрылғыларының сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, сигнал
беру және байланыс дистанциясы қызметшілерінің техникалық жұмысын жедел басқару үшін
керек, ол әрбір дистанция шегінде ұйымдастырылады;
- локомотивті диспетчерлік байланыс (ЛДС) – локомотив диспетчерінің локомотив паркін
дайындаумен айналысатын бөлімше жұмыскерлерімен сөйлесуі үшін керек;
- желілі-жолды байланыс (ЛПС) – жасанды құрылыстар мен жол құрылғыларынан тұратын
және қызмет көрсетумен айналысатын жол дистанциясы қызметкерінің техникалық жұмысын
жедел басқару үшін керек;
- станцияішіндегі байланыс (ПС) – аралықтағы станциялардың жұмысшыларының (разъездер,
аялдамалық пунктер) бір-бірімен және учаскелік және бөлімшелік стнациялардың
жұмысшыларымен қызметтік сөйлесулері үшін керек;
- пойыздардың және жүктердің жақындағаны туралы ақпарат беруші байланыс (ИС) –
сұрыптау станциясына жүк құрамдарының және пойыздардың жақындағаны туралы хабар
таратуға арналған, қарқынды жүк жұмыстарының тораптарында ұйымдастырылады.
- пойызды станцияаралық байланыс (МЖС) – пойыз қозғалысының сұрақтары бойынша,
қосалқы бөлек пунктердің кезекшілерінің сөйлесулері үшін керек. МЖС қосалқы
станциялардың, разъездердің, басып озу пунктерінің, жолды посттардың арасында
ұйымдастырылады;
- аралықтағы байланыс (ПГС) – аралықта орналасқан әр түрлі қызметтердегі жұмысшылардың
станциядағы кезекшілермен, пойызды және энергодиспетчермен, сигнал беру және байланыс
дистанциясының жол диспетчерлерімен сөйлесулері үшін керек.
Станциялы технологиялық телефон байланысының жүйесі
Бағыттаушы байланыс - станция ішіндегі кезекшінің (ДСП) станциялық
бағыттаушы орындармен байланысы үшін керек.
Станциялы басқарушы байланыс – станциядағы жұмыстарды
ұйымдастырушы жетекшілерге арналған, әр түрлі байланыс түрлерінің
жиынынан тұрады.
Әкімшілік-шаруашылық байланыс - өндірістегі жұмыскерлерді
басқарушының, өзіне бағынушы аппараттың жұмысшыларымен түзу
телефонды байланысы үшін керек.
ЖТБ ерекшеліктері
Технологиялық байланыстың сипаттамалық ерекшелігіне, басқарушы станцияның
абоненттермен қосылуын орнатудың әр түрлі әдістері жатады.
Тура – абоненттерді тура арналармен тікелей қосу.
Бұл әдіс МЖС, ПГС, сонымен қатар қорғалатын переезд байланысы үшін керек.
Таңдаушы – белгілі байланыс түрі шегінде, таңдаулы байланыс посылкасының
жалғануын орнатады.
Бұл әдіс оперативті-технологиялық байланыстың көптеген түрлеріне тән. Бұндай
байланыс түрлеріне ПДС, ЭДС, ВДС, БДС, ЛПС, СТМ, СТВ, ПС және басқалар жатады.
Жиналыс байланысы – бұл желі жиналыс өту кезеңінде уақытша ұйымдастырылады.
Коммутация жасаушы – бөлімше жетекшісінің шақыру сигналын жіберуі арқылы
абоненттермен қосылу жүзеге асырылады. Бұл әдіс станциялық байланысқа тән.
Технологиялық байланыстың біріншілік және екіншілік желілерін ұйымдастыратын құрылымдық сұлбасы
Бақылау сұрақтары
Технологиялық байланыс түрлерінің классификациялары?
Темір жолдағы тасымалдау қызметтерінде қозғалысты жедел басқару?
Жолды диспетчерлік басқарушы орталықтардың өзара қарым-қатынастарының
құрылымдық сұлбасы?
Біріншілік және екіншілік желілер?
Технологиялық байланыс классификациясының құрылымдық сұлбасы?
ЖТБ ерекшеліктері?
Технологиялық байланыстың біріншілік және екіншілік желілерін
ұйымдастыратын құрылымдық сұлбасы?
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz