Visual Basic тіліндегі айнымалылар: ұғымы, атаулары, типтері және меншіктеу ережелері


Slide 1

Айнымалылар

Айнымалы ұғымы

Айнымалы- бұл қандай да бір мәнді сақтайтын жадының атаулы ұяшығы. (бір сан, мәтіннің бір үзіндісі) .

Айнымалының аты және мәні болады. Айнымалылар программада қолданылатын бастапқы деректерді сақтау үшін және есептеулердің нәтижелерін сақтау үшін қолданылады. Айнымалыларды қолданып программаны жалпы түрде құра аламыз. Программа одан кейін кез-келген енгізуге болатын бастапқы деректер үшін орындалатын болады. Ескерту: обьект қасиеттері де негізінен айнымалылар болып табылады, себебі, олар белгілі бір сандық немесе мәтіндік мәндерді сақтайды.

Slide 2

Айнымалы аты

Айнымалы аты- бұл айнымалыны басқа айнымалылардан және программа обьектілерінен (басқару элементтерінен) ажырататын символдар жолы.

Сондықтан да айнымалы аты қайталанбауы керек. Айнымалы атын жазу тәртібі:

Айнымалы аты әріптен басталуы керек.

Қалған символдар ретінде әріптерді (бас және кіші), цифрларды және төменгі сызықшаны қолдануға болады. Пробел, нүкте, үтір және басқа арнайы белгілер - болмайды.

Атаудың ұзындығы 255 символдан аспауы керек.

Айнымалы аты Visual Basic-тің түйінді сөздерімен сәйкес келмеуі керек. (мысалы: If, Then, For, To, Next, Print және басқалар) .

Дұрыс атаулар: a, a1, a_1, СуммаИтогоПоГрафе, if2 Дұрыс емес атаулар: 1, 1a, a 1, Сумма: итого по графе, if.

Slide 3

Айнымалы мәні

Айнымалы мәні - бұл айнымалыда сақталатын деректер.

Деректер типтері (айнымалы типі) деректердің қалай сақталатындығын және өңделетіндігін анықтайды. Мысалы: 2 + 3 = 5 - сандар, ал "2" + "3" = "23" - мәтін Айнымалы типтері:

Variant типті айнымалы онда сақталатын мәніне қарай кез-келген типте бола алады, тек жадыдан көп орын алады. Егер айнымалы сипатталмаған болса, онда ол Variant типті болады.

Slide 4

Айнымалы мәнін меншіктеу

Мән меншіктеу үшін меншіктеу операторы (=) қолданылады.

Оператор - бұл бір жазуды (бір операцияны) орындайтын сөз немесе белгі.

Меншіктеу операторының жалпы формасы:

Қайда(айнымалы) = не немесе қайдан

Математикалық өрнектерде арифметикалық амалдар таңбалары қолданылады:

Арифметикалық амалдардың орындалу реті: алдымен дәрежеге шығару, сосын көбейту және бөлу, соңғы кезекте - қосу мен азайту. Операциялардың орындалу ретін өзгерту үшін жай жақшалар қолданылады ( ) . Математикалық өрнектер алдымен өңделеді сосын нәтиже есептеледі, артынан айнымалыға меншіктеледі. Программа кодында бөлшек санның бүтін бөлігі мен бөлшек бөлігі нүктемен ажыратылады.

^

возведение в степень

*

умножение

/

деление

+

сложение

-

вычитание

Slide 5

Айнымалы мәнін меншіктеу

Мысалы: 1. Айнымалыға нақты мән меншіктеледі: a = 5 b = "Мир" 2. Айнымалыға өрнектің нәтижесі меншіктеледі: a = 2 * 3 + 10/2 b = "Миру" + " " + "Мир!" 3. Айнымалыға басқа айнымалылар қолданылатын өрнектің нәтижесі меншіктеледі: a = (i + 5) * 2. 5 b = c + d + "май" c = b Ескерту: Меншіктеу операторының көмегімен айнымалының мәнін өсіруге (кемітуге) болады, мысалы: x = x + 1 Қасиеттер мәндері де осылайша меншіктеледі. Бұл былайша жазылады: Объект. Қасиеті = Мәні Мысалы: Command1. Caption = "Вася" Бұл жол Command1 атты батырмадағы жазуды Вася жазуына өзгертеді. Қасиеттер теңдік таңбасының оң жағында да, сол жағында да тұра алады. Мына жолда не орындалады?: Command1. Caption = Form1. Caption

Slide 6

Айнымалы типін сипаттау

Айнымалыны код терезесінің басында немесе процедураның басында Dim операторының көмегімен мынадай жазумен сипаттайды: Dim Айнымалы аты As Айнымалы типі Айнымалы типтері Byte, Long, String және т. с. с. сөздермен (типтер таблицасындағы) сипатталады Мысалы: Dim a As Byte Dim b As String Dim a As Byte, b As String Сипаттау жолынан кейін айнымалыға мән меншіктеуге болады. Мысалы: Dim a As Byte a = 5


Ұқсас жұмыстар
Visual Basic тіліндегі процедуралар мен функциялар: ашық сабақ
Паскаль тіліндегі мәлімет типтері, өрнектер және айнымалылар
Visual Basic ортасымен танысу: TextBox, Label және CommandButton қасиеттері мен Сәлем Visual Basic бағдарламасын құру
9-сынып Информатика: Паскаль тіліндегі мәліметтер типтері, айнымалылар және өрнектер
Delphi және Visual Basic тілдері: визуалды бағдарламалау, жұмыс ортасы және ерекшеліктері
Алгоритмдер мен Visual Basic: практикалық тапсырмалар және информатика жаттығулары
Visual Basic негіздері: компоненттер, қасиеттер, әдістер және тәжірибелік тапсырмалар
Visual Basic 6.0 жүйесіндегі пішіннің қасиеттері, оқиғалары және тәсілдері
Visual Basic 6.0 бағдарламалау тілі: жалпы мәліметтер, ортаның элементтері және практикалық тапсырмалар
Java тіліндегі типтер мен айнымалылар: примитивтік типтер, атау ережелері және мысал
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz