Программалық код терезесі
Презентация қосу
Программалық код жазу
Программалық код түсінігі
Программа жазылған әрекеттерді орындау үшін, мысалы,
есептеу, нәтижені шығару, қолданушының әрекетіне жауап
беру, яғни батырманы басқан кезде әрекет жасау, тізімнен
жолды таңдағанда әрекет жасау үшін программалық код
қажет.
Программалық код – бұл программалау тілінің
символдары мен сөздерінің жиыны.
Сөздер мен символдар программалау тілінің ережелерін
қатаң түрде сақтап, орфографиялық және пунктуациялық
қателерсіз жазылуы керек. Қатесіз анық жазу ғана
компьютерге түсінікті болып, программаны орындауға
мүмкіндік береді.
Программалық код терезесі
Программалық код код терезесінде жазылады. Мұндай терезе әрбір
формада болады.
Код терезесін ашу:
1 тәсіл- Жоба бағыттаушысы терезесінде формада оң жақ батырманы
шертіп, шыққан тізімнен Показать код пунктін таңдау қажет.
Ескерту: код терезесі фомамен байланыспаған болуы да мүмкін. Бөлек
код терезесі Модуль деп аталады. Модульдер жоба бағыттаушысы
терезсінде Модули тобына біріктірілген. Модуль коды бар терезені ашу
үшін Жоба бағыттаушысы терезесінде модуль атында екі рет шерту
керек.
2 тәсіл- формадағы басқару элементінде екі рет шерту немесе форма
терезесінде форманың өзінде екі рет шерту арқылы.
Ескерту: бұл жағдайда тек қана код терезесі ашылмайды, сонымен бірге
оқиғаны өңдеу процедурасы да құрылады.
Код терезесі құрылымы:
1. Басқару элементтері тізімі
2. Басқару элементтерінің оқиғалары тізімі
3. Процедура (код)
Процедуралар
Процедура – бұл әдетте кішігірім есептерді
шешетін программаның жеке бөлігі.
Процедура түрлері:
1. Оқиғаны өңдеу процедуралары. Қандай да
бір басқару элементінде (немесе фомада)
қандай да бір оқиға пайда болғанда жүзеге
асады.
2. Еркін процедуралар. Олар оқиғамен
байланыссыз және кез-келген уақытта басқа
процедурадан шақыруға болады.
Процедура құрылымы
Процедура мынадай элементтерден тұрады:
1. Процедура тақырыбы – процедураның басын, типін, міндетін (оқиғасын) белгілейді.
Command1 атты батырманы мауспен шерткенде орындалатын процедураның тақырыбының мысалы:
Private сөзі жабық дегенді білдіреді, яғни ол тек осы формаға немесе модульге тиісті, басқа контейнерлерден
ашылмайды.
Sub - процедура.
Ескерту: процедурадан басқа функция болады- function. Функция оқиғамен байланыссыз және өз жұмысының
нәтижесін (есептеуді) қайтара алады.
Басқару элементі (немесе форма аты): мұнда Name қасиетінде сақталған элементтің дәл аты көрсетіледі.
Оқиға- оқиға атауы. Кейбір оқиғалар:
Click – маустың шертілуі;
DblClick – маустың екі рет шертілуі;
KeyPress – перненің басылуы;
Load – форманың жүктелуі (программа жүктелгенде немесе жаңа форма ашылғанда);
UnLoad – форманың жабылуы (форма жабылғанда, программа жұмысын аяқтағанда);
Activate – форманың активтенуі (формада шерткен кезде тақырып жолының түсі өзгергенде (терезе белсенді
болғанда));
Deactivate – форманың деактивтенуі (басқа фоманы шерткенде).
Аргументтер – процедураға өңдеу үшін берілетін бастапқы деректер.
Процедура құрылымы
Еркін процедуралар тақырыбы мынадай:
Процедура атауы қайталанбауы керек, әріптен басталуы керек, құрамында
бос орын т.с.с символдар болмауы қажет. Процедура орындалуы қажет
кезінде атауы бойынша шақырылады.
2. Процедура соңы- процедураның программалық кодын аяқтайды.
End Sub
Ескерту: функцияда: End Function
3. Процедура денесі- бұл тақырып пен соңының арасындағы жолдар. Жолдар
саны шектеусіз. Жолдарда процедура шақырылған кезде орындалатын
жазбалар орналасады.
Процедура құру
Процедура құру үшін келесі әрекеттерді орындайды:
1 тәсіл- қажетті басқару элементінде немесе фомада екі рет
шертеді. Код терезесі ашылады. Ал онда процедура тақырыбы мен
соңы пайда болады. Егер басқа оқиға қажет болса, онда оны код
терезесінің оң жақ жоғары жағындағы тізімнен таңдайды.
2 тәсіл- код терезесін ашып, Инструменты → Добавить
процедуру → процедураның атауын және параметрлерін
көрсетіп→ Ok.
3 тәсіл- код терезесін ашып қажетті жолдарды пернетақтадан
енгізеді.
Нәтижесінде пайда болуы керек:
Private Sub Command1_Click( )
End Sub
Процедураны орындауға шақыру
1. Оқиғаны өңдеу процедурасы орындалуы үшін осы оқиға іске
асуы тиіс.
2. Еркін процедураны орындау үшін басқа процедура денесінде
осы процедураның аты көрсетілуі керек.
Private Sub Command1_Click( )
Kvadrat
End Sub
Мұнда Command1 батырмасын басқан кезде Click (мауспен
шерту) оқиғасы туындайды және Kvadrat функциясы
шақырылады да орындалады.
Процедура коды жолдық түрде жоғарыдан төмен қарай
орындалады.
Практикалық жұмыс №5
Жаңа проект құр. Формаға батырма сал.
Батырмада екі рет шерт. Процедураның
тақырыбы мен соңын тауып, олардың арасына
мына жолды жаз:
MsgBox «Процедура орындалды»
Программаны іске қос. Command1
батырмасында шерт. Программа жұмысын
тексер.
Практикалық жұмыс №5
Еркін процедура құр. Бұл үшін код терезесінде жазулы
процедурадан төменгі жолға мына кодты тер:
Sub Proc ()
MsgBox "Вторая процедура выполнена"
End Sub
Программаны іске қосып, Command1 батырмасын шерт.
Ештене орындалмайды, себебі екінші процедура
шақырылған жоқ.
Бірінші процедураның соңының алдынан таза жол қосып,
оған екінші процедураның атын жаз. (жақшасыз)
Программаны іске қосып, Command1 батырмасын шерт.
Қорытынды жаса.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz