Қосымша формалары мен басқару элементтері: теория және практикалық жұмыс (Калькулятор)


Slide 1

Форма

Жалпы мәліметтер:

Форма - болашақ программаның (қосымшаның) терезесінің сызбасы. Форма объект болып табылады, сондықтан өзінің қасиеттері, әдістері, оқиғалары болады. Форма басқа обьектілер үшін контейнер болып табылады, яғни оған батырмалар, тізімдер, мәтіндік өрістер т. с. с. орналастыруға болады. Жобада бірнеше форма болуы мүмкін. Программа іске қосылған кезде бастапқы (стартовая) форма жүктеледі. Бастапқы форманы таңдау үшін : Проект → Свойства → Главное → Объект запуска. Форма бөлек файлда сақталады(дұрысында кеңейтілім әртүрлі екі файлда) . Фома түрлері:

Форма (Form) - қарапайым форма, күрделі емес программаларда қолданылады.

Негізгі форма (MDI Form) - бұның құрамында еншілес (кіріктірілген) формалары болады. Қосымшада мұндай фома тек біреу болады. .

Еншілес (дочерняя) форма (Child) - негізгі форманың ішінде болады. Қосымшада мұндай формалар көп болуы мүмкін.

Диалог формасы (Dialog) - ақпарат енгізуге немесе шығаруға арналған экранда аз уақытқа пай болатын форма, өлшемі өзгертілмейді, басқа терезелердің үстінде пай болады.

Slide 2

Құрылған қосымшаны іске қосу және тоқтату

Программаны іске қосу (запуск) немесе F5. Бұл кезде бастапқы (стартовая) форма пайда болады, яғни құрылып жатырған программа, ал оның белгісі есептер тақтасында болады.

Программаны тоқтата тұру Пауза (Ctrl + Pause Break) Түзету үшін қолданылады. Программаны орындауды жалғастыру : н/е F5.

Программаны тоқтату Стоп н/е іске қосылған программа терезесін жабу .

Slide 3

Басқару элементтерін формада орналастыру

Программа мен қолданушы арасында интерфейсті ұйымдастыру үшін басқару элементтері қолданылады. Басқару элементтері құралдар тақтасы арқылы қосылады

Басқару элементін құру: құралдар тақтасынан қажетті элементті таңда (мауспен шерту арқылы) сол жақ батырманы басулы күйде ұстап диагональ бойынша жылжыт:

Басқару элементін ерекшелеу: қажетті элементте маусты шерту. Ерекшеленген элементтің қасиеттерін қасиеттер терезесінде өзгертуге болады. Ескерту: Ерекшелеудің алдында құралдар тақтасында батырмасы басулы тұруы қажет. Егер басқа батырма басулы тұрса жаңа басқару элементі салынатын болады. Басқару элементін жою: басқару элементін ерекешелеп, Delete пернесін бас.

Slide 4

Практикалық жұмыс №4

Жаңа жоба құр.

«Калькулятор» формасын құр «Калькулятор» формасының қасиеттерін қой:

Caption = Калькулятор

Border Style = Fixed Single

Басқару элементтерін қос: (меню жолын қосып керек емес)

Форманың өлшемін маус көмегімен немесе Height (высота) и Width (ширина) қасиеттерінің мәнін беру арқылы ретте.

Жоба мен форманы өз папкаңда Калкулятор атты папкада Калькулятор атты файлда сақта.


Ұқсас жұмыстар
Windows терезелері мен басқару элементтері: оқу материалы және практикалық тапсырмалар
Windows интерфейсі: объектілер, терезелер және басқару элементтері бойынша тест және практикалық тапсырмалар
Калькулятор қолданбасын оқыту: негізгі ұғымдар, іске қосу және басқару
7-сынып: Калькулятор бағдарламасында жұмыс істеу - ашық сабақ жоспары
Компьютер сыныбы ережелері және Блокнот пен Калькулятор бағдарламалары бойынша практикалық тапсырмалар
Басқару формалары мен құрылымы: басқару ғылымының негіздері
Калькулятор мен Блокнот бағдарламаларын оқыту әдістемесі
Windows басқару элементтері мен терезелерінің құрылымы
Visual Basic 6.0 негіздері: пішіндер мен басқару элементтері (Textbox, Label, CommandButton), практикалық тапсырмалар және бағалау критерийлері
Visual Basic 6.0 бағдарламалау тілі: жалпы мәліметтер, ортаның элементтері және практикалық тапсырмалар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz