Visual Basic 6.0 бағдарламалау тілі: жалпы мәліметтер, ортаның элементтері және практикалық тапсырмалар


Slide 1

Visual Basic программалау тілі

Жалпы мәліметтер:

Жаңа программа құратын программа Visual Basic программалау ортасы деп аталады. Мұнда сіз құрған программа Windows-қосымшалар немесе қосымша деп аталады. Қосымша құру үшін проект жасап алу қажет. Visual Basic артықшылықтары:

Visual Basic басқа тілдерге қарағанда қарапайым және көрнекі.

Visual Basic әрдайым дамып отырған тіл.

Visual Basic Word, Excel және т. б. программаларға енгізілген.

Slide 2

Visual Basic программалау тілі

Жалпы мәліметтер:

Visual Basic - бұл обьект-бағытталған тіл. Тілдің негізі болып обьектілер табылады. Мысалы: программа жұмыс жасайтын терезе, батырма, тізімі бар өріс.

Әрбір обьектінің:

қасиеті

әдісі

оқиғасы болады.

Қасиеттер - обьектіні сипаттайтын көрсеткіштер. Әдістер- бұл обьектімен орындауға болатын әрекеттер. Оқиғалар- бұл обьект орындайтын әрекеттер.

Жобаланған қосымшаларда оқиғалар негізінен қолданушының әрекетінің нәтижесінде пайда болады. .

Slide 3

Visual Basic программалау ортасын іске қосу

Пуск → Программы → Microsoft Visual Basic 6. 0. → Microsoft Visual Basic 6. 0. Үш астарлы беті бар терезе шығады: Новое, Существующее, Прошлое.

Жаңа жоба жасау: Новое → Стандартный EXE → Отрыть. Форма, модуль және т. б. компоненттері бар болашақ қосымшаның жобасы құрылады.

Дискіде сақталған жобаны ашу: Существующее → Қажет папканы ашу → қажет жобаны таңдау→ Открыть.

Осы компьютерде бұрын ашылған жобаны ашу: Прошлое → Қажетті жобаны таңдау→ Открыть.

Slide 4

Visual Basic программалау ортасы терезесі

Егер аталған элементтердің біреуі жоқ болса шығаруды немесе жасыруды Вид менюінің көмегімен жүзеге асырады.

Вид → Панель инструментов.

Вид → Проводник проекта.

Вид → Окно свойств.

Вид → Окно Размещения Формы.

Вид → Окно Неотложного.

Форма терезесін жоба бағыттаушысы терезесіндегі форманың атында немесе белгісінде екі рет шерту арқылы шығаруға болады.

Басқару элементтері тақтасы.

Жоба бағыттаушысы терезесі.

Ағымдық басқару элементің немесе форманың қасиеттер терезесі.

Форманың монитор экранында орналасу терезесі.

Командаларды енгізу терезесі. Командалар енгізілген бойда орындалады.

Форма терезесі

Slide 5

Жобаны сақтау

Қосымшаның жобасы бөлек файлда сақталады және сонымен жобаның элементтері де бөлек файлдарда сақталады. Бірінші сақтаған кезде жоба элементтерінің барлық файлдарына ат беріледі. Жоба бірнеше файлдан тұратын болғандықтан әрбір жобаны бөлек папкаға сақтаған дұрыс. Бір формадан тұратын жобаны сақтау реті: Файл → Сохранить как → Жаңа папка құру→ → Enter → папкада екі рет шерту (папка ашылады) → форма файлының атын енгізу→ → жоба файлының атын енгізу → . Келесі сақтағанда (сохранить проект) батырмасында шертсе жеткілікті немесе Файл → Сохранить командасын орындау керек.

Slide 6

Программалау ортасының элементтерімен жұмыс

Программалау ортасының элементтері - әртүрлі ақпарат беретін және жобаның құрамдас бөліктерін басқаруға мүмкіндік беретін кішкентай терезелер.

Жоба бағыттаушысы - обьектілер тобын көрсетеді (мысалы: Формалар, Модульдер) .

Терезеде обьект белгісінен кейін сол обьект сақталған файл аты көрсетіледі. Проект менюінің көмегімен жаңа обьект қосуға болады. Мысалы: форма қосу: Проект → Добавить форму → форма шаблонын таңдау→ Открыть. Обьектіні таңдау және оның терезесін ашу: жоба бағыттаушысы терезесінде қажетті обьектінің атауында екі ре шерту немесе осы терезедегі (Показать объект) батырмасында басу. Обьектінің коды терезесін ашу: обьект атауында оң жақ батырманы басып шыққан контекстік менюден Показать код пунктін таңдау немесе терезедегі (Показать код) батырмасын шерту. Обьектіні жобадан жою: обьект атауында оң жақ батырманы шертіп шыққан контекстік менюден Удалить пунктін таңдау.

Slide 7

Программалау ортасының элементтерімен жұмыс

Қасиеттер терезесі - ағымдық обьектінің қасиеттерін көрсетеді. (формалар, басқару элементтері: батырмалар, тізімдер, ауыстырыпқосқыштар. Элементпен жұмыс жасау үшін оны таңдау қажет.

Қасиеттері көрсетілетін обьект атауы.

Алфавит және Категории астарлы беттері қасиеттерді сәйкесінше алфавит немесе категория бойынша сұрыптайды.

Қасиеттер атаулары бағаны.

Қасиеттер мәні бағаны.

Ағымдық қасиетке түсініктеме.

Қасиеттің мәні пернетақтадан енгізіледі немесе тізімнен таңдалады. Мәндер тізімі батырмамен ашылады, үш нүктелі батырма диалог терезсін ашады, мысалы, файл таңдау үшін немесе шрифт таңдау үшін. Қасиеттің мәні логикалық болуы мүмкін, яғни мынадай екі мәннің бірін қабылдайды:

True - яғни Ия, Ақиқат, 1.

False - яғни Жоқ, Жалған, 0.

Бұл екі мән жол үстінде шерту арқылы ауысып отырады.

Slide 8

Программалау ортасының элементтерімен жұмыс


Ұқсас жұмыстар
Алгоритмдер мен Visual Basic: практикалық тапсырмалар және информатика жаттығулары
Visual Basic 6.0 негіздері: пішіндер мен басқару элементтері (Textbox, Label, CommandButton), практикалық тапсырмалар және бағалау критерийлері
Delphi және Visual Basic тілдері: визуалды бағдарламалау, жұмыс ортасы және ерекшеліктері
Visual Basic негіздері: компоненттер, қасиеттер, әдістер және тәжірибелік тапсырмалар
Visual Basic 6.0: Пішіндер мен басқару элементтері - 10 сыныпқа арналған сабақ жоспары
Visual Basic-те пішіндер мен басқару элементтері: қасиеттері, әдістері және оқиғалары - 10 сыныпқа арналған сабақ
Visual Basic ортасымен танысу: TextBox, Label және CommandButton қасиеттері мен Сәлем Visual Basic бағдарламасын құру
Visual Basic тіліндегі процедуралар мен функциялар: ашық сабақ
Visual Basic 6.0 жүйесіндегі пішіннің қасиеттері, оқиғалары және тәсілдері
Visual Basic ортасында қосымшаларға графиктік объектілерді кірістіру және анимация әсерлерін ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz