Саңырауқұлақтардың құрылысы




Презентация қосу
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ

Презентация
Тақырыбы:Саңырауқұлақтардың
морфологиясы және физиологиясы

Орындаған: Аймахан Н.Ә.
Қабылдаған:
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Саңырауқұлақтар
2. Саңырауқұлақтардың құрылысы
3. Саңырауқұлақтардың класы
4. Медицинада қолданылуы
ІІІ. Қорытынды
1. Саңырауқұлақтар туғызатын
аурулар.
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
Саңырауқұлақтар эукариотты микроорганизмдердің
әртекті топтары. Саңырауқұлақтар ядролық қабықшасы
бар ядродан, органеллалары бар цитоплазмадан,
цитоплазмалық мембранадан(құрамында
фосфолипидтер мен стеролдары бар) және глюкан,
целлюлоза, хитин, ақуыз, липидтер т.б. бар күрделі
жасуша қабырғансынан тұрады. Саңырауқұлақтар
мицелиде шумақталатын ұзын жіңішке жіпшелерден
тұрады. Төмен деңгейдегі саңырауқұлақтар гифтерінің
– фикомицеттердің – аралық қалқалары жоқ. Жоғары
деңгейдегі саңырауқұлақтарды – эумицеттерде –
гифтері аралық қалқалармен бөлінеді; олардың
мицелилері көп жасушалы.
Саңырауқұлақтардың құрылысы. Саңырауқұлақтардың
денесі өте нәзік жіпшелерден, яғни гифтерден тұрады.
Бұл гифтердің өз ара шатасып орналасуынан барып
мицелий пайда болады. Кейбір саңырауқұлақтардың
денесі жіптерден құралмайды. Мұндай
саңырауқұлақтардың басым көпшілігі өсімдіктер
ауруын қоздырады. Мәселен, бұларға картоптың рак
ауруын қоздыратын сақырауқұлақтар жатады.
Саңырауқұлақтар бір клеткалы және көп клеткалы
болып бөлінеді. Бір клеткалы саңырауқұлақтың
бұтақталған мицелийі бір ғана клеткадан тұрады, ал
көп клеткалы саңырауқұлақтардың гифінде аралық
перделер болады.
Жалпы саңырауқұлақтар клеткаларының
құрылысы басқа организмдердің
клеткаларының құрылысына ұқсас.
Клеткалары сыртқы қабықтан,
цитоплазмадан, бір немесе бірнеше ядродан
тұрады. Қабық құрамында клетчатка, пектин
және азот тектес заттар бар. Цитоплазмада
әр түрлі заттармен бірге вакуоля да бар. Қор
заттары ретінде клеткада көміртек және май
заттары кездеседі.
Саңырауқұлақтар спораларымен жынысты
және жыныссыз жолдармен сондай-ақ
вегетативті жолмен көбейеді (бүршіктену
немесе гифтің бөлшектенуі). Жынысты және
жыныссыз жорлмен көбейетін
саңырауқұлақтарды жетілген деп атайды.
Ал, жынысты көбею жолы жоқ немесе әлі де
анықталмаған саңырауқұлақтарды
жетілмеген деп атайды. Саңырауқұлақтарда
жыныссыз көбею домалақ құрылымның –
спорангияның ішінде жетілетін эндогенді
споралардың және ұрық тасымалдаушы
гифтердің ұшында түзілетін конидийлердің –
экзогенді споралардың көмегімен жүзеге
асады.
Кейбір саңырауқұлақтардың осындай гифтерінің
ұшында споралар бірден, топталып немесе
моншақталып орналасады. Бұл спораларды
конидий, ал олар орналасқан гифтені диеносцалар
деп атайды. Пісіп жетілген кезде конидий
шашылады да, қолайлы жағдай туғанда көбейеді.
Басқа саңырауқұлақтарда споралар
спорангиеносцалар деп аталатын гифтердің
үшындағы дөңгелекспорангийлер ішінде түзіледі.
Пісіп жетілген спорангийлер жарылып, споралары
төгіледі. Бұлар да қолайлы жағдайға тап болса
көбейіп, жаңадан саңыраукұлақ біреді.
Саңырауқұлақ споралары орасан көп және олар
едәуір қашықтыққа дейін таралады. Конидийлер
де, спорангийлер де пішіні және бояуы жағынан
түрліше болып келеді. Міне бұл қаеиеттер оларды
анықтау үшін қолданылады.
Саңырауқұлақтарды 7 класқа
бөлуге болады:
хитридомицеттер,
гифохитридомицеттер,
оомицеттер, зигомицеттер,
аскомицеттер,
базидиомицеттер,
дейтеромицеттер.
Фикомицеттерді келесі топқа бөледі:
Хитридомицеттер немесе су
саңырауқұлақтары, бұлап сапрофитті
өмір сүреді. Немесе балдырларды
зақымдайды.; гифохитридомицеттер-
хитридомицеттер мен оомицеттерге
ұқсас; оомицеттер – өсімдіктердің және
су көгерткіштерінің паразиттері;
зигомицеттер – Mucor туыстығы
өкілдерін құрайды, бұлар топырақ пен
ауада кең тараған және өкпенің, бас
миының және басқа мүшелердің
мукоромикоз ауруын туғызуға қабілетті.
Жыныссыз көбеюде ұрықтық спорангия
түзеді, бұл көптеген споралардан
тұратын қабықшасы қалың құрылым.
Зигомицеттердегі жынысты көбею
зигоспораның немесе ооспораның
түзілуі жолымен қамтамасыз етіледі.

Конидиял
ар
Споранги
й
Стеригмала
р

Спорангийле Конидиялард
рді ы
тасымалдауш тасымалдауш
ы ы
Эумицеттер – аскомицеттерден,
базидомицеттерден (жетілген
саңырауқұлақтар),
дейтеромицеттерден (жетілмеген)
тұрады. Аскомицеттер (немесе
қалтылы саңырауқұлақтар)
секпталанған мицелилерден тұратын
және жынысты көбеюге қабілетімен
ерекшеленетін саңырауқұлақтар
топтарын біріктіреді.
Аскомицеттердің аты 4 немес 8
гаплоидты жыныстық споралардан
(аскоспора) тұратын қалтадан немесе
аскпен байланысты.
Аскомицеттерге Aspergillus ,
Penicillium туыстық өкілдері жатады,
олар бір-бірінен ұрық тасымалдаушы
гифтері арқылы ерекшеленеді.
Aspergillus – те (су сепкіш тәрізді
көгерткіш) ұрықтық конидия
тасымалдаушы гифтерінің ұшында
жуандылық байқалады, оны стеригма
деп атайды, онда спора тізбектері –
конидиялар түзіледі. Аспергилдердің
кейбір түрлері аспергиллез және
афлатоксикозды тудыруы мүмкін.
Penicilliumтуыстығы
саңырауқұлақтардың ұрық
тасымалдаушы гифтері
шашаққа ұқсас, оның ұшында
ұсақ құрылымдарға
тармақталатын стиригмалар
бар, олардың үстінде конидия
тізбегі орналасқан, бұлар
пеницеллиноз ауруын тудыруы
мүмкін. Аскомицеттердің
көптеген түрлері
антибиотиктердің өнімдері
Аскомицеттер өкілділігіне
біржасушалы саңырауқұлақтар –
ашытқыларда жатады, олар
шынайы мицелиді түзу қабілетінен
айырылған. Ашытқылар жасушасы
сопақша пішінді. Олар бүршіктену,
бинарлы бөліну (екі бірдей
жасушаның пайда болуы) немесе
аскоспор түзе отырып жынысты
жолмен көбейеді. Ашытқыларды
биотехнологиялық процесстер
кезінде қолданады.
Ашытқылардың кейбір түрлері туғызатын
аурулар ашытқылар микоздар деп
аталады. Аскомицеттерге эрготизм
қоздырғышы немесе дәндерде паразитті
өмір сүретін қара күйелер жатады.
Базидиомицеттер – септаланған
мицелилері бар қалпақты
саңырауқұлақтар.
Дитеромицеттер – жетілмеген
саңырауқұлақтар шартты
саңырауқұлақтар класына жатады,
жынысты көбеюі жоқ септаланған
мицелилері бар саңырауқұлақтарды
біріктіреді. Олар тек жыныссыз жолмен
көбейіп конидия түзеді.
Саңырауқұлақтардың
құрамы ферменттерге бай. Ферменттерді әр түрлі салаға
пайдаланады, олар: жеміс шырынының түсін өзгертеді;
шикізаттарды (мал азығын, қағаз қалдықтарын)
өңдейді; нәруыздарды, крахмалды сүйылтады.
Зең саңырауқұлағынан пенициллин
антибиотигі алынады. Аспергилден лимон
қышқылы өндіріліп, медицинада, өнеркәсіпnе кеңінен
қолданылады.
Жеуге жарамды қалпақшалы саңырауқұлақтар мен ашытқы
саңырауқұлақтары тағамға пайдаланылады.
Тутанхомон фараонының қорымын ашуға қатысқан 21
адам аспергилл саңырауқұлағының споралары өкпені
зақымдағандықтан, өмірден озды. Оны кейін
басқа египет қорымдарындағы адам мүдделеріне қаптал
өскен аспергилдер арқылы анықтаған.
Саңырауқұлақтар мен бактериялар топырақ құрамындағы
кейбір зиянды бактериялардың көбейіп кетпеуіне ықпал
етеді. Өздерікен арнайы зат бөліп, зиянды бактериялардың
өсуін тежейді. Оларды антибиотиктер деп атайды. Ондай
антибиотиктерге бактериялардан
бөлінетін стрептомицин, тетрациклин және
саңырауқұлақтардан алынатын пенициллин жатады.
Бұл антибиотиктерді өндірісте жасанды жолмен алу жолға
қойылған. Адам баласы бұл дәрілерді күнделікті
пайдаланады. Соңғы кезде медицинада жүректі,
бүйректі операция жасап ауыстырғанда пайдаланылатын
дәріні топырақтағы саңырауқұлақтан бөліп алды.
Өсімдіктерді тез өсіретін белсенді зат - гибереллин,
зиянды бунақденелілерге қарсы қолданылатын боверинде
саңырауқұлақтардан алынады. Саңырауқұлақтардың
пайдалы жақтары толық анықтауды қажет етеді.
Саңырауқұлақтық аурулар, дерматофиттер-
өсімдіктік микроорганизмдердің – саңырауқұлақ-
тардың әсерінен пайда болады. Инфекцияның көзі-
ауру адам немесе ауру мал. Грибокты аурулардың
түрлері өте көп. А.М. Ариевич пен Н.Д. Шеклаков
ұсынған ТМД елдерінде танылған жіктеу бойынша
барлық саңырауқұлақтық аурулар 4 топқа бөлінеді:
1.Кератомикоздар ( кебекті немесе түрлі түсті
теміреткі). Қоздырғыш- қабынусыз және субъективті
сезім тудырмай, эпидермистің мүйізденген
клеткалар қабатында орнласады. Олар аса жұқпалы
емес, терінің қосалқы мүшелерін зақымдайды.
2.Дерматомикоздар ( эпидермофития, рубромикоз,
трихофития, микроспория және фавус). Қоздырғыштары
эпидермисте орналасады, тері мен оның қосалқы
мүшелерінің қабыну реакциясын туғызады.
3.Кандидоздар (терінің, шырышты қабаттың және ішкі
ағзалардың зақымдануы).
4.Терең (жүйелік) микоздар (актиномикоз,
хромомикоз,бластомикоз, споротрихоз т.б.). Бұл
ауруларда тері, шырышты қабат,бұлшықеттер, сүйектер,
ішкі ағзалар және жүйке жүйесі зақымданады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Медициналық микробиология. Ү.Т.Арықпаева,
А.Н.Саржанова, Э.Х.Нуриев І-том. Қарағанды
2. Медициналық микробиология.
Б.А.Рамазанованың және
Қ.Құдайбергенұдының редакциялауымен
шығарылған.
3. Қазақ Энциклопедиясы, 7 том
4. Биология:Жалпы білім беретін мектептің 7-
сыныбына арналған оқулық. Алматы:
Атамұра, 2007. ISBN 9965-34-607-0
5. Шварцман С.Р., Материалы к истории
микофлоры Казахстана, А.-А., 1962;
Калымбетов Б., Микологическая флора
Заилийского Алатау (Северный Тянь-Шань),
А.-А., 1969; Әбиев С., Қазақстан астық
тұқымдас өсімдіктерінің тат
саңырауқұлақтары, А., 2002.

Ұқсас жұмыстар
Қалпақты саңырауқұлақтар
Саңырауқұлақтардың көбеюі, морфологиясы, қоректенуі туралы ақпарат
Саңырауқұлақтардың көбеюі, морфоло­ гиясы, қоректенуі
Қына –ерекше тірі ағза
Жоғары сатыдағы саңырауқұлақтар
Саңырауқұлақтарың морфологиясы
Ашытқы саңырауқұлақтары
Эукариотты клетканың құрылымы
Жапырақ пішінді қына
САҢЫРАУҚҰЛАҚТАР
Пәндер