Фармация тарихы




Презентация қосу
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ

Презентация

Тақырыбы: Фармация тарихы.
Дәрітанудың пайда болуы. Халық
медицинасы
Орындаған: Аймахан Несібелі
Қабылдаған: Жарқынбаева
Айнұр
Фармация тарихы.
Фармация тарихы-бұл адамзат
қалыптасқаннан бастап біздің
заманымызға дейінгі уақыт аралығындағы
фарматцевтикалық және дәрілер туралы
ілімнің даму туралы тарихы.
Фармация тарихы
Жалпы тарихы-фармацияның
әлемдік дамудың басты
заңдылықтарын, мәселелерін
толығымен қарастырып зерттейді.
Жеке тарихы-бұл бөлек
фармацевтикалық
пәндердің(фармация
басқарылуы,экономикасы,химия,дә
рілер технологиясы және т.б.)
даму тарихын зерттейді.
Фармацияның теориялық негізіне дәрілік
заттарды анықтау, іздеу, оларды зерттеу,
дайындау, қалыптау және шығару, сұрыптау,
стандарттау, сақтау, тарату және фармациялық
қызметті ұйымдастыру жатады. Фармация
ұғымы ертеден белгілі. Алғашқы кезде емдейтін
адам өсімдік, жануар және минералдық
заттардан алынатын дәрілерді өзі дайындап,
науқасқа өзі тағайындады. Сондықтан да
мұндай емдеулер көп жағдайда әр түрлі әдет-
ғұрып және ырым-жоралармен жасалды.
Біртіндеп дәрілік шикізаттарды жинайтын,
олардан әр түрлі дәрілер жасап, дұрыс сақтап,
сататын адамдар шыға бастады. Ежелгі
Мысырда оларды фармаки (аурудан жазатын,
қауіпсіздік сыйлайтын адам) деп атады.
Фармация ғылымы
«Фармацевт» термині Ежелгі Римде біздің
заманымызға дейінгі 3 ғасырда пайда болды
Сол кезде дәрілерді дайындайтын
адамдарды фармакоптар деп атады
Фармакопея-дәрілік заттардың сапасына
қойылатын талаптардың стандарттар
жинағы. Фармакогнозия-дәрілік өсімдіктермен
жануарлардан алынатын біріншілік кайта
өндеу өнімдерін зерттейтің фармацевтика
ғылымы. Фармакология-дәрілік заттардың тірі
организмге әсері және жоғары жаңа дәрілік
құралдарды іздестіру туралы ғылым.
Фармация-дәрілерді және емдік-алдын алу
заттарын алу,өңдеу,бақылау,сақтау,дайындау
сұрақтарымен айналысатын тәжірибелік білім
мен ғылым жиынтығы.
Ежелгі Үндістанның Аюр-Веда деген
кітабында: Білімсіздің қолындағы дәрі-уға
айналады. Білімді,зиялы адамның
қолындағы дәрі ол мәңгілік өмірдің
сусынына айналады деген.
Алғашқы қауым дәрітануы.
Дәрітанудың пайда болуы,адамзат
тарихының ең ұзақ кезеңі-алғашқы
қауымдық құрылыстан(шамамен2,5-2млн
жыл)басталды.
Матриархат дәуірі. Бұл кезеңде
терімшілікпен айналысу барысында
өсімдіктердің қайсысы улы,ал
кейбір өсімдіктердің емдік қасиеті
бар екенін анықтаған. Бұл ен
алдымен
алқатұқымдасы(меңдуана,
итжидек),тонусты
көтеретін(женьшень,лимонник),қоз
дыратын(кока) болды.
Патриархат дәуірі. Б.з.д. 3-2 мыңжылдықта
калыптаса бастады.Патриархат дәуірінде
адамдар өсімдіктердің жануарлар ағзасына
тигізетін әсерін байқады.Бұл тәжірибені
адамға сынап көрді. Бақташы Хирон шатырша
толғақ шөбін жегеннен кейін жануарлардың
жарасының тез жазылатынын байқаған.
Кейбір шөптерді жегеннен кейін жануарларда
қозу,кей жағдайларда құсу және басқада
жағымсыз әрекеттер байқалған. Осылай
өсімдіктердің емдік қасиеттерін пайдалану
адамдардың байқауларын жалпылау
нәтижесінде болды.
Дәрі-дәрмек адам баласына ертеден белгілі. Біздің
жыл санауымыздан 4-5 ғ. бұрын грек дәрігері
Гиппократ еңбегі жұртшылыққа кеңінен тараған.
Бұдан кейінгі медициналық еңбектер Рим дәрігері
Галеннің есімімен тығыз байланысты. Оның
пікірінше, табиғатта дайын тұрған Дәрі-дәрмек
жоқ, бірақ өсімдік пен жануар организмінде сол
Дәрі-дәрмектерді жасауға өте қажетті заттар бар.
Гален сол шипалы заттарды бөліп ала бастады.
Сөйтіп Дәрі-дәрмек жасау технологиялық әдісі
күрделене берді. Атақты азиялық ғалым-дәрігер
Ибн Синаның ғылыми мұра еңбегінде Дәрі-дәрмек
мәселелеріне зор мән берілген.
19 ғ-дың ортасында Фармокология ғылымы дамыды.
Осыған байланысты аспирин, фенацитин, кокаин,
ұйықтататын, сезімсіздендіретін Дәрі-дәрмектер
т.б. шыға бастады.
Медицина және дәрі-дәрмектің енгізілуі
алғашқы-қауымдастық дәуірінде, алғашқы
қауым адамдардың тіршілік етуінің барлық
сатыларындағы іс-әрекетінің нәтижесінде
пайда болып дамыған. Емдік және дәрілік
заттар ерте кезеңінде пайда болды,ол
қоғамның эволюциясымен бірге өзгеріп,
жетілдіріледі. Негізінен алғанда дәрі –
дәрмектеің дамуы, аурулардың пайда
болуына тікелей байланысты болды.
Халық медицинасы.
Халық медицинасы деп алғашқы қауымдық
құрылыс кезінде пайда болған, мыңдаған жылдар
бойы емдеу заттары мен тәсілдері, туралы
мәліметтер эмпирикалық жолмен жинақталған
және ұрпақтан ұрпаққа ауызша беріліп келе
жатқан медицинаны түсінеді. Халық
медицинасының құндылығы мынада, эмпирикалық
байқаулардың, белгілі бір факторларды
анықтаудың нәтижесінде ғылыми зерттеулерге
негіз және материалдар жинақталды. Соның
нәтижесінде белгілі орыс ғалымдары,
медициналық және фармацевтикалық ғылым
өкілдері А.П. Нелюбин, М.Я.Мудров, С.П.Боткин,
Г.А.Захарьин және басқалары халық құралдарын
зерттеу бойынша үлгі көрсетті.
Халық медицинасы ғылыми
медицинаның негізін салушы және
өзінің тәжірибесімен,
байқаушылығымен байытып
отырады. Заманауи дәрігерлер
халық медицинасының мына дәрілік
заттарын қолданады: жалбыз
тамыры, иір тамыры, арника
бұлауы, аю бадам, шүйіншөп,
гүлзардақ, жанаргүл т.б.
Қазақстанда Фармация саласындағы ғылыми-тәжірибелік
жұмыстар 1951 жылы басталды, олармен қазір Қазақ
ұлттық медицина унивеситетінің фармацевтика
факультеті, Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру
институтының клиник. Фармакология кафедрасы,
республиканың жоғары медициналық оқу
орындарындағы арнайы кафедралар шұғылданады. т.б
2006 жылы мәлімет бойынша Қазақстан Республикасында
3228 дәріхана, 1144 дәріханалық пунктер, 2358
дәріханалық киоскілер, 626 дәріханалық қоймалар, 115
фармацевтік өндірістер жұмыс істейді. Республикада
фармацевтика жүйесінде 12 мыңнан астам адам қызмет
етеді, олардың 5,5 мыңы жоғары дәрежелі мамандар.
Фармация саласында еңбек етіп жүрген белгілі
ғалымдар: Т.А. Арыстанова, К.Үшбаев, К.Ә. Абдуллин,
А.О. Төлегенова, Е.Т. Тегісбаев, Р.Д. Ділбарханов,
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Фармация тарихы. Сапақбай.М.М.
Шымкент 2014
2. Орысша-қазақша заңдық түсіндірме
сөздік-анықтамалық.- Алматы: Жеті
жарғы, 2008.
3. Лисицын Ю.П.История медицины / Ю.П.
Лисицын. - М.: ГЭОТАР-МЕД, 2004. -393 с.
4. https://kk.wikipedia.org/wiki

Ұқсас жұмыстар
Фармация тарихы. Терминология. Авиценна
Фармацевтикалық білім
Фармация ғылым ретінде
Фармацевтикалық көмек жүйесі
Эмоция туралы жалпы түсінік
Фармацевтикалық этика және деонтология
Химия және фармация салаларында бірқатар ашулар жасаған оқымыстылар мен фармацевтер
Фармацевтикалық көмек тұжырымдамасы
Кәсіби этика және фармацевтикалық деонтология
Фармацевтикалық өндіріс технологиясы
Пәндер