Шаянтәрізділердің көру мүшелері



ШАЯНТӘРІЗДІЛЕР КЛАСЫ - CRUSTACEA

ШАЯНТӘРІЗДІЛЕР КЛАСЫ - CRUSTACEA
Шаянтәрізділердің 3-ға жуық түрі белгілі, негізінен тұщы су қоймаларында, теңіздерде кең тараған. Олардың арасында бентосты (су түбінде мекендейтін), планктонды, паразитті және құрлықта тіршілік ететін түрлері бар. Құрлықта тіршілік ететін шаянтәрізділер ылғалды жерлерде, дымқыл ортада мекендейді және желбезекпен тыныс алады, осы белгілері оларды суда тіршілік ететін формалардан шыққандығын дәлелдейді. Денелерінің ұзындығы 1-2 мм-ден 80 см-re дейін. Шаянтәрізділер басқа буынаяқтылардан аса айрықша белгілерімен ерекше. Біріншіден, оларда екі жұп мұртшалары: акронның өсінділері - антеннулалары (antennula) және денесінің бірінші сегментінің түрі өзгерген аяқтары - антенналары (antenna) болады. Соған орай оларды антенна I және антенна II деп атайды.

Шаянтәрізділер класының жалпы сипаттамасы.
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ:
Дене кейбір түрлерінде үш бөліктен -бас, көкірек, құрсақтан, ал кейбір түрлерде (өзеншаян, таңқышаян, асшаянда) екі бөліктен -баскөкірек және құрсақтан тұрады.
Тыныс алу мүшесі - желбезек
Қанайналым жүйесі - ашық жүйелі жүрек және қантамырлардан тұрады.
Зәр шығаруға жасыл бездер қатысады. Олар бас бөлігінде (өзеншаянда) орналасады.
Сезім мүшелері: күрделі көздер-көру, мұртшалар-иіс сезу және сипап сезу, қызметін атқарады. Тепе-теңдік сақтау мүшесі бар.
Басым бөлігі дара жынысты.
Жынысты жолмен көбейеді

Өзен шаяны (Potamobius astacus) : A - аяқтарының құрылысы; 1 - антеннула, 2 - антенна, 3 - мандибула, 4 - максилла-І, 5 - максилла-П, 6-8 - жақаяқтары, 9-13 -жүру аяқтары (9 - қысқышы), 14-18 - құрсақ аяқтары, 19 - жүзу тақтасы; Б - ішкі құрылысы; 1 - күрделі көзі, 2 - қарын, 3 - бауыр, 4 - үстіңгі құрсақ артериясы, 5 - жүрек, 6 - алдыңғы артериясы, 7 - желбезек, 8 - аналық без, 9 - құрсақ нерв тізбегі, 10 - құрсақ бүлшықеттері, 11 - антеннула, 12 - антенна, 13 - артқы ішек

Шаянтәрізділердің әр түрлі формаларында кеуде және құрсақ сегментерінің саны бірдей емес, тек жоғарғы сатыдағы шаяндарда (класс тармағы - Malacostraca) сегменттер саны тұрақты: кеуде бөлімінде - 8, құрсақ бөлімінде - 6. Бас сегменттерімен бірге санағанда жалпы саны 18-ге тең. Құрсақ бөлімінде аналь тесігімен аяқталатын аналь қалқаны немесе тельсоны бар. Кейбіреулерінің тельсонында айырша немесе фурка жасайтын жұп өсінділері орналасады.

Онаяқты шаяндарда (Decapoda отряды) құрсақ аяқтарының соңғы жұбы тельсонмен байланысты және артымен алға қарай қозғалыста маңызды роль атқаратын күшті тақталы құйрық аяқтарына - уроподаларға айналған.

Жоғарғы сатыдағы шаянтәрізділердің (Decapoda - отряды) алдыңғы ішегі кеңейіп қарынға айналған. Ол кардиальды немесе шайнағыш және пилорикалық бөлімдерге ажыраған. Қарынның кардиальды бөлімінің арқа және бүйір қабырғаларындағы кутикуласы қалындап, ізбест сіңген шеті үшкірленген үш күшті шайнағыш тақталарына айналған.

Өзен шаянының карапаксы және жүру аяғының қысқышы: А-жіңішке аяқты шаян (Astacus leptodactulus) ; Б-жалпақ аяқты шаян (Astacus astacus)

Шаянтәрізділердің зәр шығару және нерв жүйесінің типтері: I - өзен шаянының антеннальды безі; 1 - жасыл без, 2 - қуық, 3 - зәр шығару тесігі, 4 - зәр шығару өзегі, 5 - целом қапшығы; ІІ - шаянтәрізділер отрядтарының нерв жүйесі; A-Anostraca, Б-Euphausiacea, B-Stomatopoda, Г-Decapoda, Д-Copepoda

Төменгі сатыдағы (желбезекаяқтылар - Branchiopoda класс тармағы) түрлерінің құрсағында екі нерв бағанасы болады, олардың ганглиялары бір-бірімен көлденең комиссурамен жалғасқан сатылы нерв тізбегін құрайды, ал жоғарғы сатыдағыларда екі нерв бағаналары, сонымен қатар ганглиялары да бір-бірімен қосылып, құрсақ нерв тізбегіне айналған, тек көрші ганглилердегі (сегменттердің арасындағы) ұзына бойы коннективтердің жұптығы сақталады да, құрсақ нерв тамырының бастапқыда жұп екендігін көрсетеді

Шаянтәрізділердің зәр шығару жүйесі екі жүп безді мүшеден тұрады: антеннальды және максиллярлы. Антеннальды бездер жоғарғы сатыдағы (Malacostraca класс тармағы) шаяндарда болады

Leptostraca отрядының өкілдерінде зәр шығару бездерінің екеуі де болады. Безді мүшелер түрі өзгерген целомодукталар. Антеннальды және максиллярлы зәр шығару жүйесінің құрылысы ұқсас.

Көптеген ұсақ шаянтәрізділерде арнайы тыныс алу мүшелері жок. (Ostracoda, Maxillopoda класс тармағы) - олар бүкіл денесімен тыныс алады. Басқаларында тыныс алу мүшесі желбезектер

Өзен шаянының қан айналу жүйесі: 1 - жүрек, 2 - остия, 3 - перикардия, 4 - көз артериясы, 5 - антеннальды артерия, 6 - құрсақ вена синусы, 7 - желбезек қан тамырлары, 8 - кеуде артериясы, 9 - жоғарғы құрсақ артериясы, 10 - жүрек қан тамырлары

Шаянтәрізділердің көру мүшелері: А - желбезекаяқтылардың күрделі көзінің құрылысы; 1 - көз бұршақ конустары, 2 - ретинальды және пигментті клеткалар қабаты, 3 - нерв талшықтары, 4 - бұлшықет, 5 - нерв клеткаларының түйінді шоғыры; Б - күрделі көздің кесіндісі; 1 - хитинді мөлдір кутикула, 2 - көз бұршақ конусы, 3 - ретинальды клеткалардың дистальды бөлігі, 4 - ретинальды клеткалар, 5 - базальды жарғақ, 6 - нерв талшықтары, 7 - омматидилердің арасындағы пигмент жолақтары

Шаянтәрізділердің жыныс жүйесі және личинкалары: I - жыныс жүйесінің құрылысы, А - аталығының; 1 - тұқым безі, 2 - тұқым шығарғыш жолы, 3 - жыныс тесігі; Б - аналығының; 1 - аналық без, 2 - жұмыртқа жолы, 3 - жыныс тесігі; II - личинкалары, А - науплиус; 1 - антенна, 2 - мандибула, 3 - антеннула, 4 - науплиус көзі, 5 - антеннальды без, 6 - ішек; Б - Зоеа; 1 - күрделі көзі, 2 - антеннула, 3 - антенна, 4, 5 - жақаяқтары, 6 - кеуде аяқтарының бастамалары, 7 - құрсақ сегменттері, 8 - құрсақ аяғы

Классификациясы. Шаянтәрізділер класы 5 класс тармағына бөлінеді: желбезекаяқтылар - Branchiopoda, цефалокаридалар - Cephalocarida, максиллоподалар - Maxillopoda, бақалшақты шаяндар - Ostracoda, жоғарғы сатыдағы шаяндар - Malacostraca.
ЖЕЛБЕЗЕКАЯҚТЫЛАР КЛАСС ТАРМАҒЫ - BRANCHIOPODA
Желбезекаяқты шаяндар отряды - Anostraca
Жапырақаяқты шаяндар отряды - Phyllopoda
Қалқанды шаяндар отряд тармағы - Notostraca
Бақалшақты жапырақаяқты шаяндар отряд тармағы - Conchostraca
Бұтақмұртты шаяндар немесе су бүргелері отряд тармағы - Cladocera

ЦЕФАЛОКАРИДАЛАР КЛАСС ТАРМАҒЫ - CEPHALOCARIDA
МАКСИЛЛОПОДАЛАР НЕМЕСЕ ЖАҚАЯҚТЫ ШАЯНДАР КЛАСС ТАРМАҒЫ - MAXILLOPODA
Мистакокаридалар отряды - Mystacocarida
Ескекаяқты шаяндар отряды - Copepoda
Тұқы балық биттер отряды - Branchiura
Мұртаяқты шаяндар отряды - Cirripedia
Қапкеуделі шаяндар отряды - Ascothoracida
БАҚАЛШАҚТЫ ШАЯНДАР КЛАСС ТАРМАҒЫ - OSTRACODA
ЖОҒАРҒЫ САТЫДАҒЫ ШАЯНДАР КЛАСС ТАРМАҒЫ - MALACOSTRACA
Ауызаяқты шаяндар отряды - Stomatopoda
Мизидалар отряды - Mysidacea
Эуфаузиялар отряды - Euphausiacea
Теңаяқты шаяндар отряды - Isopoda
Амфиподалар немесе бүйірімен жүзуші шаяндар отряды - Amphipoda
Онаяқты шаяндар отряды - Decapoda

Ескекаяқты шаяндар (Copepoda) - балықтардың паразиттері: I - Lamproglena; II - Lernacocera; III - Achteres; IV - Tracheliaster

Мұртаяқты шаяндар (Cirripedia) : I - теңіз үйрекшесі (Lepas) ; 1 - денесі, 2 - аяқтары, 3 - бақалшағы, 4 - сабақшасы; II - теңіз жаңғағы (Balanus) ; 1 - бақалшақ, 2 - қақпақша; III - Balanus-тың метанауплиус личинкасы; 1 - антеннула, 2 - антенна, 3 - үстіңгі жак, 4 - астыңғы жақ, 5 - құрсақ

Онаяқты шаяндар: A - кәдімгі креветка (Crangon crangon) ; Б - Норвеж омары (Nephros norvegicus) ; В - тақуа шаян (Pagurus setosus) актинияларды арқасына қондырған; Г - тақуа шаян (Pagurus setosus) ; Д - тас крабы (Cancer pagurus) жатады.

Өзен шаяны
Жер шарының барлық түкпірінде үлкен сұранысқа ие бағалы омыртқасыз жануар. Өзен шаяны немесе, кішкентай омарды еске түсіретін тұщы су шаяны тәрізді болады. Олар желбір арқылы тыныс алады, су тоғандарында кездеседі, негізінен жыртқыштардан қорғаныс болатын, тұщы суы бар жылғалар мен ағындарда кездеседі.

ШАЯНДАРДЫҢ МАҢЫЗЫ
.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz