Дене сегменттерінің саны тұрақсыз



Тақырып
ШАЯНТӘРІЗДІЛЕР КЛАСЫ - CRUSTACEA

Шаянтәрізділердің 3-ға жуық түрі белгілі, негізінен тұщы су қоймаларында, теңіздерде кең тараған. Олардың арасында бентосты (су түбінде мекендейтін), планктонды, паразитті және құрлықта тіршілік ететін түрлері бар. Құрлықта тіршілік ететін шаянтәрізділер ылғалды жерлерде, дымқыл ортада мекендейді және желбезекпен тыныс алады, осы белгілері оларды суда тіршілік ететін формалардан шыққандығын дәлелдейді.
Денелерінің ұзындығы 1-2 мм-ден 80 см-re дейін. Шаянтәрізділер басқа буынаяқтылардан аса айрықша белгілерімен ерекше. Біріншіден, оларда екі жұп мұртшалары: акронның өсінділері - антеннулалары (antennula) және денесінің бірінші сегментінің түрі өзгерген аяқтары - антенналары (antenna) болады. Соған орай оларды антенна I және антенна II деп атайды. Екіншіден, тек шаянтәрізділерде ғана аяқтарының қарапайым екі бұтақты құрылысы сақталған. Мұндай аяқ екі буыннан протоподит (protopodit) пен базиподит (basipodit) және екі буындалған бұтақтан - экзоподит (exopodit) және эндоподиттен (endopodit) тұрады. Сонымен қатар, протоподитте тыныс алу қызметін атқаратын ерекше өсінділері преэпиподиттері (epipodit) бар
ШАЯНТӘРІЗДІЛЕР КЛАСЫ - CRUSTACEA




Шаянтәрізділер (А) мен трилобиттің (Б) аяқтарының құрылысы

Өзен шаяны (Potamobius astacus) : A - аяқтарының құрылысы; 1 - антеннула, 2 - антенна, 3 - мандибула, 4 - максилла-І, 5 - максилла-П, 6-8 - жақаяқтары, 9-13 -жүру аяқтары (9 - қысқышы), 14-18 - құрсақ аяқтары, 19 - жүзу тақтасы
Шаянтәрізділердің кеуде аяқтары негізінде қозғалыс (локомоторлық) мүшелері, сондай-ақ қорегін ұстау, тыныс алу процесіне де қатысады. Аяқтарының атқаратын қызметіне байланысты, олар түрліше құрылған. Мысалы, өзен шаянында кеуде аяқтарының үш жұбы жақаяққа, төртінші жұбы жемтігін қысып ұстайтын күшті мүшеге - қысқышқа айналған, қалғандары жүру аяқтары
Құрсақ аяқтары тек жоғарғы сатыдағы шаянтәрізділерге ғана (класс тармағы - Malacostraca) тән және олар екі бұтақты, аталықтарында түтікше тәрізді шағылыс, ал аналықтарында жұмыртқаларын құрсағына жинап, бекітіп қоятын мүшеге айналған. Онаяқты шаяндарда (Decapoda отряды) құрсақ аяқтарының соңғы жұбы тельсонмен байланысты және артымен алға қарай қозғалыста маңызды роль атқаратын күшті тақталы құйрық аяқтарына - уроподаларға айналған.

Шаянтәрізділердің денесі негізінен бас (cephalon), кеуде (thorax) және құрсақ (abdomen) бөлімдерінен тұрады, бірақ бас бөлімі келесі кеуде бөлімімен бірігіп кетіп баскеуде (cephalothorax) бөліміне айналған. Сондықтан шаянтәрізділердің басым көпшілігінде денесі нақты дифференцияланған екі бөлімнен құралған: баскеуде және құрсақ.
Баскеуде
Құрсақ

Шаянтәрізділердің бүкіл денесі сыртқы қанқа түзетін хитинді кутикуламен қапталған. Кутикуланың астында гиподермальды эпителий қабаты және базальды мембрана жатады. Төменгі сатыдағы шаянтәрізділерде хитинді кутикуласы жұмсақ әрі мөлдір, ал жоғарғыларында құрамында СаСО3 тұзының көптігінен ол қалың, қатты және мықты. Суда тіршілік ететіндіктен шаянтәрізділерде денеде ылғалды сақтап тұратын кутикуланың ең сыртқы қабаты - эпикутикуласы дамымаған. Осы ерекшелігі құрлықта тіршілік ететін шаянтәрізділерде де сақталған. Сондықтан олар ылғалы мол жерлерде ғана тіршілік етеді.
Кутикула қабаты сыртқы қаңқаның қызметін атқарады, жануарды сыртқы әсерлерден сақтайды және әр түрлі бұлшықет тіреулерінің негізгі нүктелері болып келеді.

Шаянтәрізділердің аc қорыту жүйесі жақсы жетілген. Ішегі тік немесе аздап иілген түтік түрінде болып, алдыңғы, ортаңғы және артқы ішектерден тұрады. Аналь тесігі тельсонның құрсақ бөлімінде орналасқан.
Жоғарғы сатыдағы шаянтәрізділердің (Decapoda - отряды) алдыңғы ішегі кеңейіп қарынға айналған. Ол кардиальды немесе шайнағыш және пилорикалық бөлімдерге ажыраған. Қарынның кардиальды бөлімінің арқа және бүйір қабырғаларындағы кутикуласы қалындап, ізбест сіңген шеті үшкірленген үш күшті шайнағыш тақталарына айналған. Солар арқылы ас үгітіледі. Ал пилорикалық бөліміндегі жіңішке кутикулярлы өскіндер ұсақталған қоректік заттарды нығыздап (престеп) және сүзіп келесі ортаңғы ішекке шығарады.
Ортаңғы ішегі түтік тәрізді, оның екі жақ бүйірінде төмпешіктері немесе өсінділері болады. Осы өсінділерден ас қорыту ферменттері бөлініп, сұйық ас ботқасы қорытылады. Бұларды бауыр қосалқысы деп те атайды. Ортаңғы ішек артқы ішекке жалғасады, ол түзу түтік тәрізді, аналь тесігімен аяқталады
Асқорыту жүйесі

Кейбір паразиттік тіршілік ететін шаяндарда, мысалы, Sacculina-ның ішегі толығымен жойылған.

Өзен шаянының қан айналу жүйесі: 1 - жүрек, 2 - остия, 3 - перикардия, 4 - көз артериясы, 5 - антеннальды артерия, 6 - құрсақ вена синусы, 7 - желбезек қан тамырлары, 8 - кеуде артериясы, 9 - жоғарғы құрсақ артериясы, 10 - жүрек қан тамырлары

Тыныс алу жүйесі Polychaeta класындағыдай аяқтарымен тығыз байланыста. Көптеген ұсақ шаянтәрізділерде арнайы тыныс алу мүшелері жок. (Ostracoda, Maxillopoda класс тармағы) - олар бүкіл денесімен тыныс алады. Басқаларында тыныс алу мүшесі желбезектер. Олар аяқтардың протоподиттерінен басталатын тақталы немесе бұтақталған жұқа қабырғалы өсінділері - эпиподиттер. Негізінен олар (Amphipoda отряды) кеуде аяқтарында дамыған.

1 Қуық, 2 Зәр шығару тесігі, 3 Зәр шығару өзегі, 4 5 Жасыл без, 6 Целом қапшығы
Шаянтәрізділердің зәр шығару жүйесі екі жүп безді мүшеден тұрады: антеннальды және максиллярлы. Антеннальды бездер жоғарғы сатыдағы (Malacostraca класс тармағы) шаяндарда болады, ал қалғандарында - максиллярлы, тек Leptostraca отрядының өкілдерінде зәр шығару бездерінің екеуі де болады. Безді мүшелер түрі өзгерген целомодукталар. Антеннальды және максиллярлы зәр шығару жүйесінің құрылысы ұқсас. Әр мүше қапшықтан және одан басталатын, безді қабырғалары бар, иілген түтікшеден тұрады. Түтік бірнеше иірім жасап кеңейген қуысқа - қуыққа ашылады Қуық қысқа өзегімен антенналарының түбінде түбіңде ашылады.

Шаянтәрізділердің көру мүшелері: А - желбезекаяқтылардың күрделі көзінің құрылысы; 1 - көз бұршақ конустары, 2 - ретинальды және пигментті клеткалар қабаты, 3 - нерв талшықтары, 4 - бұлшықет, 5 - нерв клеткаларының түйінді шоғыры; Б - күрделі көздің кесіндісі; 1 - хитинді мөлдір кутикула, 2 - көз бұршақ конусы, 3 - ретинальды клеткалардың дистальды бөлігі, 4 - ретинальды клеткалар, 5 - базальды жарғақ, 6 - нерв талшықтары, 7 - омматидилердің арасындағы пигмент жолақтары


Шаянтәрізділердің жыныс жүйесі және личинкалары: I - жыныс жүйесінің құрылысы, А - аталығының; 1 - тұқым безі, 2 - тұқым шығарғыш жолы, 3 - жыныс тесігі; Б - аналығының; 1 - аналық без, 2 - жұмыртқа жолы, 3 - жыныс тесігі; II - личинкалары, А - науплиус; 1 - антенна, 2 - мандибула, 3 - антеннула, 4 - науплиус көзі, 5 - антеннальды без, 6 - ішек; Б - Зоеа; 1 - күрделі көзі, 2 - антеннула, 3 - антенна, 4, 5 - жақаяқтары, 6 - кеуде аяқтарының бастамалары, 7 - құрсақ сегменттері, 8 - құрсақ аяғы


Шаянтәрізділердің нерв жүйесі көпқылтанды буылтық құрттардыкіне ұқсас. Ол жұп мидан, жұтқыншақ асты ганглиясынан, жұтқыншақ маңындағы сақина - коннективадан және құрсақ нерв тізбегінен құралған. Төменгі сатыдағы (желбезекаяқтылар - Branchiopoda класс тармағы) түрлерінің құрсағында екі нерв бағанасы болады, олардың ганглиялары бір-бірімен көлденең комиссурамен жалғасқан сатылы нерв тізбегін құрайды ал жоғарғы сатыдағыларда екі нерв бағаналары, сонымен қатар ганглиялары да бір-бірімен қосылып, құрсақ нерв тізбегіне айналған, тек көрші ганглилердегі (сегменттердің арасындағы) ұзына бойы коннективтердің жұптығы сақталады да, құрсақ нерв тамырының бастапқыда жұп екендігін көрсетеді
Шаянтәрізділердің нерв жүйесі


ЖЕЛБЕЗЕКАЯҚТЫЛАР КЛАСС ТАРМАҒЫ - BRANCHIOPODA
700-ге жуық түрі бар. Дене сегменттерінің саны тұрақсыз. Бас бөлімі (протоцефалон) және кеуде бөлімдерінің сегменттері тұтасып бірікпеген, фасеттік және науплиус көздері бар. Жапырақтәрізді кеуде аяқтарымен жылжиды, тыныс алады әрі қорегін аузына жеткізеді. Құрсағында аяқтары жоқ, соңғы бөлігі ашалы (furca) . Дамуы метаморфоз жолымен өтеді, личинкалары - науплиус, метанауплиус.


Желбезекаяқты шаяндар отряды - Anostraca

Денелері ұзын, гомономды сегменттелген, басы - протоцефалон құрылысты (акрон және антеннальді сегмент), жак сегменттері тұтас бірікпеген, науплиальді және фасеттік көздері бар қарапайым шаянтәрізділер, 11-19 сегментті кеудесінің әрқайсысында орналасқан екі тарамды жапырақтәрізді аяқтарымен қозғалады, тыныс алады және қорегін аузына жеткізеді. Құрсағы 8 - сегментті, аяқтары жоқ, жақсы дамыған айыршамен (furca) аяқталады. Жүрегі ұзын, көп камералы. Желбезекаяқтылардың 180-ге жуық түрлерінің басым көпшілігі тұщы суларда мекендейді. Негізгі туыстары: Branchipus, Pristocephalus, егістік алқаптарда қар ерігеннен кейін қалатын уакытша су қоймаларында жиі кездеседі. Тек Artemia salina ғана дала және шөлейіт зоналарының ащыланған түзды су қоймалары - лиман, ащы көлдерде мекендейді.
Желбезекаяқты шаяндар отряды - Anostraca

Branchipus
Artemia salina

Жапырақаяқты шаяндар отряды - Phyllopoda

Жалпы құрылысы жағынан желбезекаяқты шаяндарға ұқсас, тек бас сегменттері тұтасып біріккен және денесін түгел, не жартылай жауып жатқан жалпақ шатыр немесе қосжақтаулы берік бас қалқаншасы - карапакстың дамуымен ерекше. Кеуде бөлімі көп сегментті, жапырақтәрізді екі тарамды аяқтары тек кеудесінде дамыған, солармен жүзеді, тыныс алады, қорегін аузына қарай жылжытады. Құрсақ сегменттері редукцияға бағытталған, науплиус және фасеттік көздері болады.
Жапырақаяқты шаяндар отряды - Phyllopoda

ЦЕФАЛОКАРИДАЛАР КЛАСС ТАРМАҒЫ - CEPHALOCARIDA

ЦЕФАЛОКАРИДАЛАР КЛАСС ТАРМАҒЫ - CEPHALOCARIDA
Цефалокаридалар шаянтәрізділердің ерекше алғашқы қарапайы тобын құрайтын, теңіз түбіндегі шөгіндіде тіршілік ететін жануарлар. Ұзындығы 2, 8-3 мм., созылыңқы денесі бас бөлімінен, аяқтары бар 10 сегментті кеудесінен және аяқтары жоқ 9 сегментті құрсағынан тұрады. Құрсағының соңында 2 ұзын қылтандардан құралған айыршасы бар. Шөгіндіде көміліп тіршілік етуіне байланысты көздері жоқ. Ең негізгі қарапайым белгілері: антенналары ауыздың артқы жағында орналасқан мандибулалары дамымаған, Аналығы жұмыртқаларын кеуде сегменттерінің ең соңғысындағы жұмыртқа қапшығына салады.
Жұмыртқалардан науплиус личинкалары шығып, тек 18 рет түлеуден кейін ересек түріне айналады.
Цефалокаридалар 1957 жылы ғана ашылған, қазіргі кезде 3 туысқа жататын 9 түрі белгілі.

МАКСИЛЛОПОДАЛАР НЕМЕСЕ ЖАҚАЯҚТЫ ШАЯНДАР КЛАСС ТАРМАҒЫ - MAXILLOPODA

Бұлар еркін немесе субстратқа бекініп және паразиттік тіршілік ететін шаянтәрізділер. Ауыз аяқтары жақсы жетілген, қорегін судан сүзіп алуына бейімделген. Кеуде бөлімі 6, кейде 5 не 4 сегментті. Кеуде аяқтары қозғалу немесе қорек заттарды ауыз тесігіне апару және су ағындарының қозғалысын реттеу қызметін атқарады. Олар ешқашан тыныс алуға қатыспайды және де шайнағыш өсінділері болмайды. Құрсақ аяқтары жоқ.
Максиллоподалар класс тармағы 5 отрядқа бөлінеді: миста-кокаридалар - Mystacocarida, ескекаяқты шаяндар - Copepoda, тұқы балық биттер - Branchiura, мұртаяқты шаяндар - Cirripedia, қапкеуделі шаяндар - Ascothoracida.
МАКСИЛЛОПОДАЛАР НЕМЕСЕ ЖАҚАЯҚТЫ ШАЯНДАР КЛАСС ТАРМАҒЫ - MAXILLOPODA

Ескекаяқты шаяндар - Copepoda

БАҚАЛШАҚТЫ ШАЯНДАР КЛАСС ТАРМАҒЫ - OSTRACODA

Бұлар тұщы суларда және теңіздерде, планктон қабатында жүзіп, су түбінде жорғалап, не шөгіндіде көміліп тіршілік ететін өте ұсақ, микроскоп арқылы көрінетін шаянтәрізділер. Ұзындығы 0, 2-23 мм-ге дейін теңіз формаларында, ал тұщы судағылардікі - 0, 3-7, 3 мм. Негізгі ерекшеліктері: карапаксы денесін толық жауып тұратын қосжақтаулы бақалшақ түрінде дамыған (класс тармақтың аты да осыдан), дене сегменттерінің саны азайып, сегменттелу іздері жоғалған. Басында науплиальды көзі (күрделі көздері жоқ), сонымен қатар антеннулалары, антенналары, мандибулалары және максилла I, максилла ІІ-шісі орналасады. Екі жұп кеуде аяқтары және бір жұп "тазартқышы" (түрі өзгерген аяғы) болады. Антенналарымен жүзеді, кейде оған антеннулалары да қатысады. Кеуде аяқтары арқылы жорғалап жылжиды. Аяғында желбезек өсінділері дамымаған, бүкіл денесімен тыныс алады. Жүрегі де жоқ. Жұмыртқадан қосжақтаулы бақалшағы бар науплиус личинкасы дамиды. Науплиустың және ересек түрлерінің бақалшағының ішкі қабаты хитиннен, сыртқысы - ізбестен тұрады. Екі жақтауы арқа жағында иілімді буда немесе тісшелерінің көмегімен бір-біріне ұласады. Дененің ортаңғы жағында екі жақтауын мықтап ұстайтын күшті тұйықтағыш бұлшықеті бар.
БАҚАЛШАҚТЫ ШАЯНДАР КЛАСС ТАРМАҒЫ - OSTRACODA

Ostracoda - класс тармағында дәл осы атты бір ғана отряд бар. Түрлері 2000-ға жуық

ЖОҒАРҒЫ САТЫДАҒЫ ШАЯНДАР КЛАСС ТАРМАҒЫ - MALACOSTRACA
Теңіздерде, тұщы суларда кең тараған, сонымен қатар құрлықта және паразиттік тіршілік ететін түрлері де бар. Басқа класс тармақтарына қарағанда құрылыс деңгейі жоғары, сезім мүшелері күшті дамыған және соған сай іс-әрекетгері де күрделі, ірі шаяндар. Бұлардың басты ерекшелігі: дене сегменттерінің саны тұрақты, басы (акрон және 4 сегмент), 8 кеуде және 6 құрсақ сегмештері болады Ересек түрлерінде антеннальды бездер зәр шығарады. Жыныс тесіктері аналығының 6-шы, аталығының 8-ші кеуде сегментерінде ашылады. Дамуы метаморфоз жолымен немесе тура (эпиморфоз) . 19000-нан аса түрі бар. Жоғарғы сатыдағы шаяндар класс тармағы 14 отрядқа бөлінеді, солардың ішінде ең көп тараған әрі маңызды отрядтарды қарастырамыз: жұқасауытгы шаяндар - Leptostraca, ауызаяқты шаяндар - Stomatopoda, мизидалар - Mysidacea, эуфаузиялар - Euphausiacea, теңаяқты шаяндар - Isopoda, бүйірімен жүзуші шаяндар немесе амфиподалар - Amphipoda, онаяқты шаяндар - Decapoda.

Жылы теңіздерде, су түбінде көмшіп тіршілік ететін шаяндар. Денесі созылыңқы (34 см-ге дейін), құрсағы өте ұзын және мықты, аяқтары екі бұтақты, жүзуге және тыныс алуға бейімделген. Басы протоцефалон, онда қозғалмалы әрі сабақшалы фасеттік көздері мен екі жұп мұршалары орналасқан. Кеуденің алдыңғы 4 сегменттері жақкеуде құрамына кіреді. Кеуде аяқтарының алғашкы 5 жұбы (әсіресе 2-ші жұбы) ұстағыш аяқтарына айналған, 2-ші жұп аяғының соңғы буыны екі бүйірінен кетік ұстараның жүзі сияқты қабыстырылған және бәкі пышақ тәрізді өзінің алдыңғы буынының арнайы ойысына (науа) салынады.
Желбезектері кеуде және құрсақ аяқтарында дамыған. Жүрегі ұзын, түтікті. Дамуы метаморфозбен өтеді, личинкалары планктонды. 200-ге жуық. түрі бар. Негізгі өкілі дәуіт-шаян - (Sguilla oratoria), ұзындығы 20 см. Жерорта теңізінде, сонымен қатар Тынық және Үнді мұхиттарында тамаққа қолданылатын кейбір ірі ауызаяқты шаяндарды аулау кәсібі дамыған.
Ауызаяқты шаяндар отряды - Stomatopoda

Ауызаяқты шаяндар отряды - Stomatopoda

Теңаяқты шаяндар отряды - Isopoda
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz