Нерв жүйесі




Презентация қосу
СЕМСЕРҚҰЙРЫҚТЫЛ
АР КЛАСЫ
Құрлысы мен физиологиясы
Денесі жалпақ,баскеуде мен құрсақ бөлімі
біріккен,сегменттері қозғалмалы, құрсағы ұзын
семсер тәрізді өсіндімен бітеді.Баскеуде бөлімі үлкен
арқа қалқанымен жабылған, онда екі жұп көздері
бар. Денесінің төменгі жағында, аузының алдында
үш бунақты қос хелицерасы,ал 5 жұп жүру аяқтары
ауыз жанында орналасқан.Бұлардың бірінші жұбы-
педипальпасы қалған дүру аяқтарына ұқсас, тек бір
бұтақты шайнағыш өсіндісімен ерекше.Жүру аяқтары
жорғалаудан басқа қорегін ұстау және ұсақтау
қызметін де атқарады.Құрсағындағы 6-жұп аяқтары
жапырақтәрізді,тек бірінші жұбы қорғаныш тақтасына
айналып-желбезек қақпақшасы деп аталады.
Ас қорыту жүйесі
Ауыз тесігі хитинді кутикуламен көмкерілген
өңешке, ал ол үлкен бұлшықетті хитині бар,
әрі тісшелерімен қаруланған шайнағыш
қарынға жалғасады. Қарындағы ұсталған
қорек зат ортаңғы ұзын ішекке өтіп, одан әрі
бауыр түтікшелері арқылы бауырға түсіп,
сонда клеткаларының ішінде
қорытылады.Қорытылмаған қорек заттар
арқылы ішектен аналь тесігі арқылы сыртқа
шығарылады.
Зәр шығару мүшесі
Қос коксальді безінен құралған.Әрбіп
бездің ұзын имек түтікшесінің бір
ұшында –бір-біріне жалғасқан қапшық
тәріздес өсінділері болады, олар түрі
өзгерген целомодук-деп аталатын
бірінші бунағының жанында
ашылады,сол себептен де бұл
бездерді коксальды деп атайды.
Қан айналу жүйесі
Қан айналу жүйесі жақсы дамыған.Ұзын түтік
тәрізді жүрегі 8 қос остийден тұрады. Жүректің
артқы жағы тұйық, ал алдыңғы жағынан аорта
және оның екі бүйірінен 4 қос артерия кетеді. Бұл
артериялар бүйір бағанасына бірігеді. Артериядан
шыққан гемолимфа дененің ішкі мүшелерінің
арасындағы қуысқа, одан соң синусти жүйеге
жиналып, сол арқылы жүрек жанындағы қуысқа,
ақырында остийлері арқылы жүрекке
құйылады.Семсерқұйрықтылар гемолимфасының
құрамындағы тыныс алу пигменті-гемоцианин
гемолимфаға көкшіл түс береді.
Нерв жүйесі
Ми ганглиясынан, жұтқыншақ маңындағы сақина
коннективадан және құрсақ нерв тізбегінен
құралған. Миы мүшеленбеген, бірақ көру
орталықтарынан жойылып кеткен мұртшаларын
немесе антеннулаларын нервтендірген
ганглиялардың қалдықтары бар.Миға жұтқыншақ
маңындағы сақина коннективасы жалғасқан, ол
хелицераны, баскеудедегі жүру аяқтарын және
желбезектерін нервтендіреді. Құрсақ нерв
тізбегіндегі 6 ганглия түйіндерінен құралған.Құрсақ
нерв тізбегіндегі ганглиялардан шыққан нервтер
дененің бүйірінде ұзына бойы жатқан нгерв
бағанасына жалғасады.
Сезім мүшелері
Семсерқұйрықтыларыдың екі жұп
көздері болады. Көздерінің бірініші жұбы
–қарапайым көзшелері баскеуденің арқа
жағында, мидың үстінде, ал екіншісі –
күрделі көздері көзшелердің жаныда
орналасқан.
Күрделі көздері көптеген бір-біріне
тығыз орналасқан ұсақ көзшелерден
тұрады, ол үстіңгі жағынан мөлдір
хитинді кутикуламен көмкерілген.
Жыныс жүйесі
Семсерқұйрықтылар дара жыныстылар.Жыныс
бездері қосарланған және бұтақталған, өзара түтік
тәрізді қапшықтарды құрайды. Олардың ұрық шығару
жолы құрсақтың бірінші сегментіндегі желбезек
қақпақшасының астында сыртқа ашылады.
Эмбриональды даму метаморфоз жолымен өтеді.
Жұмыртқадан шыққан личинканың сегменттері
толық, бірақ құрсағы жетілмеген, құрсағында аяқтары
болмайды.Құрсағы кішкентай қалқаншамен бітеді.
Личинка құрылым жағынан трилобиттерге өте
ұқсас,сондықтан трилобитті личинка деп аталады.

Ұқсас жұмыстар
Нерв ұлпасының құрылысы мен маңызы
Нерв жүйесінің қызметтері
НЕРВ ЖҮЙЕСІНІҢ МАҢЫЗЫ
Орталық нерв жүйесі
ШЕТКІ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ СОМАТИКАЛЫҚ БӨЛІГІ
Балалар бас миының анатомиясы туралы
Орталық жүйке жүйесі. Нерв жүйесінің құрылысы
Балалар бас миының анатомиясы
Нейрондардың ядросы
Нерв жүйе ағзаларының дамуы
Пәндер