ӨСІМДІКТЕРДІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТОПТАРЫ



Өсімдіктердің экологиялық топтары
Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік Университеті
Дайындаған:Вирус тобы
Қабылдаған:Толбаев. Н

Өсімдіктердің өмірі қоршаған ортамен тікелей байланысты(климатқа, топыраққа, рельефке және т. б. ), бірақ та өсімдіктер өз кезегінде осы ортаны түзуге қатысады. Мысалы, топырақтың түзілуіне қатысады, климатты өзгертеді. Экологияның міндеттеріне - өсімдіктердің құрылысы мен тіршілігін қоршаған ортамен байланыстыра отырып зерттеу жатады. Егін шаруашылығы практикасында бұл ғылымның маңызы зор.

Сыртқы ортаның қаңдайда-бір факторына бейімделген, формалар түзуде маңызды роль атқаратын өсімдіктерді экологиялық топтарға бөледі. Ылғалдыққа байланысты өсімдіктерді мынадай экологиялық топтарға бөледі:
1. Псаммофиттер
2. Ксерофиттер
3. Петрофиттер
4. Гигрофит
5. Гидатофит
6. Гидрофит
7. Мезофиттер

Псаммофиттер
Құмдарда, өзеннің құмды жағасында, құмды шөлдерде өсетін құм өсімдіктері. Олар азырақ булануға (әсіресе ыстық шөлдерде), құмдардың жылжуымен күресуге бейімделген. Бұл өсімдіктердің құмды біріктіріп ұстап тұратын топырақ астындағы ылғалды терең горизонтқа жететін төселме ұзын тамырлары болады. Сонымен бірге кейбір псаммофиттердің жапырақтары мен бұтақтары құммен жабылып қалған жағдайда да жылжып жоғары орналаса алады. Псаммофиттердің көпшілігінде ұрық пен жемістері болады, олар жел арқылы таралып кетеді. Мысалы, құмдық қалампыр, құм таспа, сексеуіл және басқалар осыған жатады.

Ксерофиттер
Бұл өсімдіктер тарихи дамуында ылғалы жеткіліксіз жағдайға бейімделген. Қазақстан жерінің көпшілік бөлігі құрғақ, шөлді аймақтар қамтып жатыр. Ксерофиттерге тек қана құрғақшылықтан сақтайтын белгілері ғана емес, қызып кетуден және жарықтың артық мөлшерінен сақтандыратын белгілері тән. Ксерофиттердің өркендер жүйесі жақсы бұтақтанған. Жапырақтары майда, қабыршақты. Ал астық тұқымдастарда түтік тәрізді, ширатылған. Сабақтары - сүректі, қатты болады.

Тамыр жүйелері - жақсы тармақталған, топырақтың ылғалы мол қабатына тамырын тереңдігі топырақ бетінің ылғалды қабатында ғана орналасқан.
- Негізгі тамыры аз тарамдалған, мейлінше терең жер асты ылғалды қабатқа жетеді.

Ксерофиттерге тән ерекшеліктер
Сабақ пен жапырақта өткізгі ұлпалары жақсы дамыған. Жүйкелері жапырағында мезофиттерге қарағанда жиі және біршама ұзын. Жапырақ тақтасы майда немесе жақсы жетілген. Ылғалы жеткіліксіз ыстықта жапырақтарын сақтайды. Жапырақ тақтасы етжеңді, қалың. Түзуші клеткалары ұсақ. Клеткааралықсыз, тығыз орналасқан. Жапырақ мезофилі изолатеральді, ондағы борпылдақ паренхима әлсіз, устьица кешендері төменгі жағында, эпидермиске көміле орналасқан. Арқаулық ұлпалары жақсы жетілген, паренхималары жоғары деңгейде сүректенген.

Ксерофиттер негізенен 3 топқа бөлінеді
- Эвксирофиттер
- Суккуленттер
- Гемиксерофиттер

Суккуленттер
Сабақтары, жапырақтары етжеңді. Бұл су сақтаушы ұлпаларының жоғарғы деңгейіде дамуында. Волочай (сүттіген), алоэ, кактус. Ылғалы мол жадайда өте жоғарғы көлемде су жинайды. Дене массасының 95 % - ы судан тұрады. Клеткалары үлкен, өткізгіш ұлпалары нашар дамыған. Устьицалары 1 мм2 аз болады

Гемиксерофиттер
Тамыр жүйесі жақсы дамыған. Топырақтың терең қабатына дейін дамыған. Мысалы, жантақ, люксерна, аюқұлақ. Олар құрғақшылыққа қарамай суды терең жерден алады. Булану интенсивті. Транспирациялар арқылы қызып кетуден сақтайды. Гемиксерофиттердің тамыр жүйесі қатты болу үшін, бұл өсімдіктерде қарқынды түрде фотосинтез жүреді. Газ алмасуға кедергі келтіретін қалың кутикуласы болмайды. Устьица саны өте көп және әрдайым көмірқышқыл газын сіңіріп тұруға ашық.

Эвксерофиттер
Тамыр жүйесі салыстырмалы үлкен емес. Бұл өсімдіктер суды көп мөлшерде сіңіре алмайды. Сондықтан суды көп мөлшерде құртудан сақтанады. Бұл өсімдіктерде өте аз мөлшерде транспирация жүреді. Ыстыққа төзімді. Бойынан 25 % суды буландырады. Оларға саванна, шөлді, жартылай шөлейтті, шөлейтті аймақтардың өсімдіктері жатады.

Мезофиттер
Мезофиттер деп ылғалы жеткілікті аймақтарда тіршілік ететін өсімдіктер. Mezos - таша деген мағынаны білдіреді. Қоңыржай аймақ өсімдіктері жатады. Тіршілік формалары алуан түрлі. Орманды алқапты ормандары, егістік дақылдары, шалғынды аймақтың шөптесін өсімдіктері, жемістік дақылдары, көкөніс дақылдары жатады. Мезофиттер өздерінің сулық режиміне қарай ксерофиттер мен гигрофиттердің аралық формалары болып табылады. Мезофиттер бір туыстық экологиялық топ болмағандықтан А. Р. Шейников оларды келесідей топтарға топтастырған.

1. Типтік мезофиттер (шалғынды)
2. Ксеромезофиттер (құрғақ шалғын)
3. Гигромезофиттер (сулы)
4. Психромезофиттер (суық аймақтарда)

Бұл топтар бір-бірінен тіршілік ету ортасының ылғалымен де ерекшеленеді. Типтік мезофиттерге мысал ретінде шалғындық шөптер ( шалғындық шөптер, қызыл жоңышқа, шалғын сұлысы) .
Ксеромезофиттерге құрғақ шалғындарда тіршілік ететін шөптесін өсімдіктерді жатқызуға болады (шалғындық маятник) .
Шалғындық гигромезофиттерге шалғындық түлкі құйрығын жатқызуға болады.
Мезофиттердің осмостық қысымы гигрофиттерден жоғары ксерофиттерден төмен. Сондықтан да гигрофиттерден жай, бірақ ксерофиттерден тез өседі.

Мезофиттердің массалық таралуына байланысты Шейников мезофиттерді 5 топ тармағына біріктірген.
1. Мәңгі жасыл мезофиттер - ылғалды тропикалық ормандарда, негізінен ағаштар мен бұталар жатады.
2. Қыстық жасыл, ағаштық мезофиттер - тропикалық және субтропикалық зоналардың түрі. Құрғақ жаз кезінде (саваннада) жапырақтарын тастап тыныштық күйге енеді. Бұл өсімдіктерді тропофитер деп атайды.
3. Жаздық жасыл ағашты мезофиттер - қоңыржай зоналардың ағаштары мен бұталары жатады. Суық кезде жапырақтарын тастап, тыныштық күйге енеді.

4. Жаздық жасыл көп жылдық шөптесін мезофиттер - орманның шалғындық және Солтүстік ормандардың өсімдіктері. Қыс мезгілдерінде қурап қалады, бірақ жер асты мүшелері сақталып қалады.
5. Эфимерлер мен эфимероидтар - маусымдық өсімдіктер. Бұл өсімдіктер арифті жағдайда қысқа, ылғалды кезеңді пайдаланып барлық онтогенез кезеңінен өтеді. Бір маусымда өніп, жеміс береді. Біздің шөл даламыз эфимерлер мен эфимероидтарға бай. Эфимерлер - бір маусымдық өсімдіктер. Онтогенез аяғында жер үсті және жер асты мүшерелі өледі, келесі жылы тек тұқым арқылы көбейеді.

Петрофит
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz