Қарақұрт өрмекші
Презентация қосу
Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік
университеті
Тақырыбы:Өрмекшілер-Aranei
Өрмекшілер (лат.
Araneae, лат. Aranei, —
буынаяқтылардың түрлер
санынан екінші орын алатын
отряды, қазіргі таңда 42
мыңдай түрлері және 1,1
мыңға жуық жойылып
кеткен, қазбалардан
табылған өрмекшілер белгілі.
Барлық жерде кең таралған.
Өрмекшілер — басқа
жәндіктермен көректенетін
жыртқыштар.
Өрмекшілердің арасында тек
қана бір түрі - паук-
скакун Bagheera kiplingi
өсімдіктер жапырақтарымен
көректенеді.
Өрмекшілерді Арахнология
ғылымы зерттейді.
Құрылысы
Ұзындығы 0,7-П см.Денесі баскеуде және
сегменттелмеген құрсақ бөлімінен тұрады.Осы екі
бөлімі сабақшамен байланысқан (баскеуденің 7-ші
сегменті).Хелицераларының ұшы қозғалмалы
тырнақ тәрізді буынмен аяқталады.Оның түбінде
улы бездерінің тесігі орналасқан,сол бездердің
шығаратын сөлімен (секретімен)қорегін
өлтіреді .Педипальпалары қармалауыш тәрізді
,аталықтарында олар шағылыс мүшесінің
қызметін атқарады.
Бір немесе екі жұп өкпелері бар,ал
көпшілігінде сонымен қатар қосарланған
трахея түйіндері болады.Құрсақтың
соңғы сегментінің аяқтары 2-4 жұп өрмек
сүйелдеріне айналған.Эволюция
барысында өрмекшілердің елеулі
жетістігі-оларда өрмек бездерінің
дамуы,осыдан өрмек сұйықтығы бөлініп
шығады.Өрмек бездері құрсақтың
қуысында,оның вентральды жағында
орналасқан.Олардың тармақтары өрмек
сүйелдерінде немесе кейбір өрмекшілерде
сүйелдердің алдында жататын тақтада
ашылады.
Өрмек бездері ауада қататын кілегейлі ,созылатын затты (өрмекті)
бөліп шығарады .Бөлінетін жүздеген жұқа өрмек жіптерінің
жиынтығы бірігіп жібектей өрмек жіпшелеріне желімденеді .
Өрмек жіпшелері
Құрғақ Кілегейлі
Гофрирлен
Ылғалды ген
Ау торы өрмекшінің індерінің жанында төселінеді ,немесе өсімдіктерде
бұтақтар арасында созылады.Торға түскен насекомдарды өрмекші
өрмегімен шырмап тастайды ,сосын ұстаған жемтігін хелицерасымен
жаралап ,кейін ішіндегісін сорады.
Індерді жасайтын өрмекшілер індерінің қабырғаларын өрмекпен
астарлап ,өрмектің көмегімен қайырмалы қақпақшаны
жасайды.Соңғысы інге кіретін тесікті жабады.Кейбір ағаш өрмекшілері
өрмектен тұрғын түтіктер мен ұялар тоқиды,ал кейде ұяның
қабырғаларын құрайтын оралған жапырақтарды өрмекпен бекітеді.
Түрлері
Секіргіш
өрмекші
Су Айқышты
өрмекші өрмекші
Қасқыр
Қарақұрт
өрмекші
Су өрмекшісі
Сипаттама
Аталықтарының дене ұзындығы
15-20 мм - ұрғашылары -10-12 мм.
Денесін қалың түк басқан. Соның
нәтижесінде суды қалын
қабатында өзіне қажетті ауаны
денесінде сақтайды.
Мекендейтін жері
Еуропаның тұщы су қоймаларында
таралған.
Қоректенуі
Су шаяндары мен су жәндіктерінін
дернәсілдерімен қоректенеді.
Көбеюі
Ұрғашылары қоңыраутәрізді ұя
тұрғызып- оның астына
жұмыртқа салып - өрмекші
балапандары шыққанға дейін
кузетеді.
Қарақұрт
Қарақұрт (лат. Latrodectus
tredecimguttatus) - улы
өрмекшітәрізділер тұқымдасына
жатады. Толық жетілген ұрғашы
қарақұрттың, (10-20 мм) қара, ал
жетілмеген ұрғашысы мен
аталықтарының, (4-7 мм) денесінде
қызыл дақтары болады. Көздері күндізде
түндеде бірдей көреді. Ұрғашы қарақұрт
ұясын жерге салады, оның айналасына
тор тоқып, жәндіктермен қоректенеді.
Өрмектен жасалған піләдағы, (5-12)
жұмыртқалары, (1200-2000) қыстап,
көктемде жас қарақұрттар шығып, 6
рет түлеп, маусымда толық жетілген
ұрғашы қарақұрттарға айналады. Улы
бездері кеуде-бас қуысына орналасып,
өзекше арқылы хелицермен жалғасқан.
Ақзаттан тұратын у өте күшті
нейротроптық у. Адамдарды қатты
уландырып, кейде елімге дейін жеткізеді.
Денесі шағын (ұрғашысының тұрқы 10 – 20
мм, еркегі 4 – 7 мм), түсі қара, құрсағында
қызыл дақтары бар. Маңғыстаудың шөлді
және далалы аймақтарында кездеседі.
Қарақұрттар өте өсімтал: шілдеде 100 –
700 жұмыртқа салып, оларды пілләсімен
қорғауға алады. Жұмыртқадан шыққан
өрмекшілер пілләда қыстап, келесі жылы
сәуірде жан-жаққа тарайды. Әсіресе
ұрғашы Қарақұрттың уы адам мен малға
өте қауіпті. Қарақұрт шаққан жерде қызыл
дақ пайда болады, сәл уақыттан соң білінбей
кетеді. Қарақұрт шаққан адамның 10 – 15
минуттан кейін іші мен кеудесі қатты
ауырады, аяқтарының жаны кетіп, құрысып
қалады. Дер кезінде жедел жәрдем
көрсетілмесе, уланған адам 1 – 2 күннен кейін
өліп кетуі мүмкін. Сондай-ақ Қарақұрт
шаққан жерді сол сәтінде сіріңкемен күйдіріп
жіберу керек.
Жесір қара
өрмекші – қарақұрттар тобын
а жататын өрмекшілердің бір
түрі.
Жесір қара өрмекшілер
солтүстік және оңтүстік,
батыс қара өрмекшілері болып
бөлінеді.
Денесінің ұзындығы – 12 мм,
аяқтарының ұзындығы да 12
мм шамасынды.
Кеудесі шар тәрізді.
Аналықтарының да,
аталықтарының да реңі қара,
кейде қоңыр түсті болып
келеді. Балалары ақ немесе
ақшыл-сары түсті, кейіннен
түлеген сайын қараяды.
Кейде аналықтары
ұрықтағаннан кейін
аталықтарын жеп қояды.
Осыған байланысты оларды
«жесір қара өрмекші» деп
атайды.
Қасқыр өрмекші
Қасқыр-өрмекші (лат.Lycosidae) – өрмекшілер отрядының тұқымдасы. Ежелгі грек
тілінде «лукос» қасқыр деген мағынаны білдіреді.
Жер шарында қасқыр-өрмекшінің 2000-нан аса түрі таралған. Қасқыр-өрмекшінің
түстері қоңырдан сұр түске дейін құбылады. Өрмекші денесінің төменгі жағы ашық сұр,
сарғылт немесе қара түсті, кейде қызғылт. Денелерін түк басқан. Өскен сайын түлейді.
Қырағы көздері күрделі. Үш қатардан тұратын сегіз көзі болады. Олжасын анық көре
алады. Сипап сезу қабілеті өте жақсы дамыған. Қасқыр-өрмекші қызуқанды мінез
көрсетпейді, дегенмен мазасын алғандарды улы инесімен шағады. Шаққан жерлері ісініп,
аздап ауырып, қышиды. Адам өміріне қауіп тудырмағанымен, шаққандары жағымсыз
әсер әсер етеді. Дара тіршілік етіп, қоректенеді. Олжасын тістейтін үш үлкен тісі ауыз
қуысында орналасқан. Жемтігін қуалап жүріп ұстайды. Өрмек тоқымайды. Күндіз
індерінде жатып, түнде қорек іздеуге шығады. Қоңыздармен, ұсақ өрмекшілермен,
жәндіктердің дернәсілдерімен, жәндіктермен қоректенеді. Жұмыртқа салған жібек
қапшығын құрсағының астыңғы жағына жапсырып алып, өзімен бірге алып жүреді. Бұл
өрмекшілер суық таулы аймақтарда да тіршілік етуге бейімделген.
Бүйі
Бүйі (лат. Lycosa sіngorіensіs)
– өрмекшілер отрядының Қасқыр-өрмекшілер тұқымдасының
бүйі туысына жататын ірі өрмекші.
Таралуы
Қазақстанның шөл-шөлейтті, далалы аймақтарында кең
тараған, әсіресе, ылғалы мол өзен-көл жағалауларында жиі
кездеседі. Дене тұрқы 25 – 35 мм, өне бойын түк жапқан,
түсі қоңыр, қара қоңыр, сарғылт. Бүйі ылғалды жерден
тереңд. 50 – 70 см ін қазып, сонда мекендейді. Жыртқыш
жемтігін, көбінесе түнде аулайды. Ұсақ жәндіктермен
қоректенеді. Өрмек торын құрмайды.
Көбеюі
Көбеюі маусым айында басталады. Шағылысып болғаннан
кейін, көп жағдайда Бүйінің ұрғашылары еркектерін жеп
қояды. Жұмыртқаларын өрмек жіпшелерінен тұратын
пілләларға (кокон) орап, ұрғашы Бүйі қамқорлыққа алады.
Жұмыртқаларының саны 20-дан 300-ге дейін
жетеді. Жұмыртқадан шыққан өрмекшілер бірнеше күн бойы
аналығының жотасына жабысып жүреді де, қорегін ұстауға
жарағанда ғана дара тіршілік етеді.
Уы
Бүйі – улы өрмекші. Уы тырнағымен жалғасқан 1-жұп
аяқтарындағы ірі бездерінде түзіледі. Оның уы өмірге қауіп
төндірмейді, бірақ Бүйі шаққан кезде адамның басы айналып,
дене қызуы көтерілуі мүмкін. Сондықтан Бүйі шаққан
жердің қанын сәл ағызып жібереді де, үстіне дәрі
ерітіндісіне малынған дәке басып, таңып тастайды.
Айқышты өрмекші
Айқышты өрмекші (лат. Araneus)
- лат. Araneidae тұқымдасының
аранеоморфты өрмекшілердің
тегі. Өрмекшілердің барлығы
сияқты - жыртқыш,
жәндіктермен қоректенеді. Жер
шарында кең тараған, 2000-ға
жуық түрі бар, Қазақстанда 15-
тен 30-ға дейін тұрлері
кездеседі.Дене тұрқы аналық
дарақында 17 мм-ден 26 мм-ге
дейін,ал аталығы 10-11
мм.Денесінде ақ және ақшыл-
қоңыр түсті дарақтар крест
белісіне ұсақ орналасқан.
Секіргіш өрмекші
Секіргіш
өрмекшілер (л
ат. Salticidae)
– өрмекшілерд
ің бір
тұқымдасы.
Әлемдегі ең алып өрмекші
Бұл ең үлкен өрмекші түрін 1965 жылы Венесуэлада экспедиция мүшесі Пабло Сан
Мартин тапқан. Бұл өрмекші табанының құлашы 28 см болса,салмағы 170 гр ға
жеткен. Бұл өлшеммен түстік астың тәрелкесін толық жауып қалуға болады.
Қызықты мәліметтер
1.Өрмекші адам исін сезеді
2.Өрмекшінің 8 аяғы 48 тізесі болады екен,аяқтары мен денесі
қылшықтардан тұрады.Қылшықтары арқылы выбрацияны сезіп
қорек аулайды.
3.Нидерландияда 5мың млрд өрмекші тіршілік етеді екен,бір
қызығы ол жерде тұратын адамдар саны 15 млн.
4.Тарантул өрмекшісі тамақсыз 2-5 жыл тіршілік етеді
5.Әлемдегі ең кішкентай өрмекші 4,5 мм
6.Кейбір өрмекшілер жуылмаған шұлықты ұнатады екен
7.Жаңа Гвенияда өрмекшімен балық аулайды екен
8.Өрмекші киімдерге өз жұмыртқасын салады
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz