Қызыл кітап



Қызыл кітап
Өмірбек Азамат

Қызыл кітап
Қызыл кітап - халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабы” - халықаралық дәрежедегі құжат. Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Жануарларды халықаралық дәрежеде қорғау мәселесі 20 ғасырдың бас кезінде қолға алынды. 1902 ж. Париж қаласында алғаш рет Құстарды қорғаудың халықаралық конвенциясына қол қойылды. 1948 ж. ЮНЕСКО-ның жанынан Халықаралық табиғат қорғау одағы ұйымдастырылды. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітапбы 1966 ж. тұңғыш рет 2 том болып шықты.

Қазақстанның Қызыл кітабы
Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және
өсімдіктердің 303 түрінің қазіргі таралуы, санының жай- күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген.

Қызыл кітап
Қызыл кітапқа тіркелген өсімдіктер тізімі - Қазақстан өсімдіктер әлемінің асыл қазынасы - Қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктер жайлы төменгі кесте ұсынылған. 140 түрдің таралуы, олардың қорғау мен мәдени түрде өсірілуі жайлы мәліметтер берілген.

Қызыл кітап
Өткен ғасырдың 60 - шы жылдарында адамзат алдында өсімдіктер әлемінің қорғауға тікелей кірісу туралы мәселе туындады. Дүние жүзі көлемі және жекелеген мемлекеттер ішінде жануарлар мен өсімдіктерді қорғау туралы комиссиялар құрылып, сирек кездесетін және құрып бара жатқан түрлер тізімі жасалды.

Қызыл кітап - бұл қауіп - қатер дабылы. Түрдің бұл кітапқа енгізілуі, оған ерекше көңіл бөлу керек екендігін білдіреді, көбіне арнайы қорғау шаралары қажет, әйтпесе түрдің мүлдем жоғалып кетуі мүмкін. Қазақстан үкіметі 1978 жылдың қаңтарында Қызыл кітапты құру туралы қаулы шығарды. Мүк, қына, санырауқұлақтарды қосқанда, құрамында 300 түрден аса өсімдіктер бар кітап, 1981 жылы акедемик Б. А. Быковтың жетекшілігімен жарық көрді.
Қызыл кітапқа енгізілген өсімдік ерекше қорғауға алынады. Оларды жинауға тыйым салынған (тек ерекше жағдайда арнайы рұқсатпен ғана) . Қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктерді заңсыз жинаса немесе зақымдаса, әрбір данасына 360 теңге айып төлейді ) 2001 жылы 12 қыркүйектегі №1186 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы) .

Раушангүлділер
Раушангүл тұқымдасы (Rosaceae) - қос жарнақтыларға жататын бұта, ағаш тәріздес бір не екі жылдық өсімдіктер. Жер шарында кең таралған, негізінен, қоңыржай аймақта өседі, 100-ден аса туысы, 3 мыңнан астам түрі белгілі. Қазақстанда 36 туысы, 200-ден артық түрі бар, оның 12-сі өте сирек кездесетін өсімдіктер, сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Раушангүл тұқымдасына жататын өсімдіктердің жапырақтары күрделі, кезектесіп орналасады, бүтін жиекті, қосалқы жапырақшалары болады. Гүлі қос жынысты, кейде дара жынысты, жеке-жеке не топтанып орналасқан. Гүл күлтесі бесеу, аталығы мен аналығы көп, гүлқоршауы көбіне екі қатарлы. Бұл тұқымдасқа жататын өсімдіктер жел және жәндіктер арқылы тозаңданады. Жемісі - көп сүйекті жаңғақ, жаңғақша, жидек, алма, тұқымы эндоспермсіз

Кәдімгі өрік
Кәдімгі өрік -Биіктігі 3-10 метрге жететін ағаш. Діңгегінің диаметрі 25-30 см-ге жетеді. Жиі бұтақталған, бұтақтары жалаңаш.
Жапырақтарының ұзындығы 6-9 см, жалаңаш, кең жұмыртқа және эллипс пішіндес, жиектері майда тісті, сағақтары қою қызыл түсті. Жапырақ жаймай тұрып гүлдейді. Гүлдерінің саны көп, ақ немесе қызғылт түсті. Жемістерінің түстері сарыдан қызылға дейін болады.

Таралуы: Жабайы түрде Орта Азияда, Солтүстік - Шығыс Қытайда, Дағыстанда кездеседі. Таулардың құрғақ, тастақ етектерінде тоғайланып өседі. Қазақстанның таулы аудандарын теңіз деңгейінен 800-1900м биіктікте өседі. Іле Алатауы, Кіші Алматы өзенінің жағасында, Талғар, Түрен аймақтарында жиі кездеседі. И. В. Мичурин бұл өріктің 8 жаңа сұрпын шығарған, олар КСРО-ның еуропалық бөлігінде, Қазақстан мен Орта Азияда өсіріледі.
Дайындалуы: Шайырлар өріктің діңгегінде, бұтақтарында ағып жиналды. Орта Азияда кейбір ағаштардан 0, 5 кг-дан 1, 5 кг-ға дейін жинап алуға болады. Қағаз бетіне жайып қойып, жақсы желдетілетін бөлмелерде кептіреді.
Химиялық құрамы: Өрік шайырының құрамына 16% глюкурон қышқылы, 44%-ға дейін галактоза, 41%-ға дейін арабиноза кіреді, ақуыздық заттар 0, 6%-дан аспайды.
Шикізаттың сапалық көрсеткіштері: Өрік шайырының кесектерінің үлкендігі әртүрлі болады, сыртқы формалары да әртүрлі: майдалары тамшы және сүңгі тәріздес, ірілері шар және жентек тәріздес болады. Жаңа жиналып алған шайыр ақшыл-сары түсті, мөлдір болады, ескі кесектері Сары - қоңыр түсті болады, мөлдір болмайды.

Шегіршінжапырақ тасжаңғақ
Шегіршінжапырақ тасжаңғақ (Aflatunia ulmifolia) - раушангүлдер тұқымдасы, сирек кездесетін, қалдық түр.
Таралу аймағы Солтүстік пен Солтүстік шығыс шекарасында оналасқан. Жоңғар Алатауында (Көксу өзен сайы) және Қырғыз Алатауының батыс бөлігінде жекелеген популяциялары кездеседі. Қазақстан жерінен батыс Тянь-Шаньда, Памиро-Алайда және солтүстік Ауғанстанда кең таралған. Голоцен дәуіріндегі жалпақ жапырақты ормандар қалдығы. Өте сәндік бұта, биіктігі 3 метрге дейін, әсіресе гүлдеу кезінде тартымды. Тұқымнан жақсы өседі: тұқымнан өнгіштігі тіпті 4 жыл сақталғаннан кейін де 90 пайызға жетеді.

Ледебур бадамы
Ледебур бадамы (Prunus tenella, Amygdalus ledebourіana) - бадам туысына жататын бұта.
Биіктігі 2 м-дей.
Гүлі ашық қызыл түсті, жапырақ жарған кезде гүлдейді.
Тұқымынан және вегетативті жолмен көбейеді. Мамыр - маусым айларында гүлдеп, шілде - тамызда жеміс салады.
Жемісі тәтті не қышқылтым, дәнінде 72% май болады. Дәні тағам өнеркәсібінде, майы дәрі жасау үшін пайдаланылады.
Ледебур бадамы - жылу сүйгіш, қуаңшылық пен аязға да төзімді өсімдік.
Оны Маңғыстау тәжірибелік ботаника бағында қолдан өсіріледі.

Алтай таутобылғысы
Алтай таутобылғысы немесе Алтай сибиркасы (лат. Sіbіracеa altaіensіs) - таутобылғы туысына жататын бұта. Алтай эндемигі. аз ғана топтармен өзен аңғарларының ашық алқаптарында, таудың ортаңғы белдеуінде өседі. Алтайдың Үбі, Нарын, Иванов қырқаларындағы шалғындық беткейлерде, орман шеттері мен алаңдарында сирек немесе жеке түп болып өседі.
Биіктігі 1 м-дей, жуан бұтақтарының қызғылт қоңыр қабығы бар. Сағақсыз жапырақтары түксіз келеді, 5 - 8 см болады. Бұтақтары барынша жуан, қызғылт-қоңыр қабықты.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz