Техногендік шөлейттену


Slide 1

Тақырыбы : Қазақстандағы шөлейттену проблемалары және шөлейттенуге қарсы күрес шараларын қарастыру.

Slide 2

Жоспар:

1. Шөлейттену мәселесі

2. Шөлейттенудің себеп-салдары

3. Техногенді шөлейттену

4. Шөлейттенуге қарсы күрес шаралары

Slide 3

Шөлейттену деп - адамның шаруашылық әрекетінің ықпалымен өсімдік жамылғысы сиреп, шөлге ұқсас ландшафттардың пайда болуын айтады. Дүние жүзінде климаттың өзгеруі мен қуаңшылықтың өсуіне байланысты Шөлейттену процесі қарқынды жүруде. Шөлейттену нәтижесінде биологиялық өнім мен түр саны азайып, топырақ құнарсыздана бастайды. Қазіргі кезде құрлық бетінің 1/3 бөлігінде топырақтың құнарлы қабатының жоғалу қаупі бар, ал оның әсерінен Жер шары халқының 1/5 зардап шегуі мүмкін

Slide 4

Шөлейттену - жаһандық экологиялық және әлеуметтік-экономикалық проблеманың айқын көрінісін білдіреді. XX ғасырда, Жер планетасындағы халық санының қарқынды өсуі, құнарлы ауыл шаруашылық жерлерінің іс жүзінде толық игерілуі және қоршаған ортаға техногендік жүктеменің өте зор ұлғаюы барысында шөлейттену проблемасы көптеген елдер үшін тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі қатері болуы мүмкін.

Slide 5

БҰҰ-ның мәліметі бойынша Қазақстанның 272, 5 млн. га территориясының 179, 9 млн. га жері немесе барлық алаңның 66% шөл дала. Жайылымның азып-тозуынан 963 млн. доллар зиян келіп отыр.

Егістік жерлердің эрозияға ұшырауынан 779 млн. доллар, топырақтың екінші реттік тұздануынан 375 млн. доллар кірістен айырылып отыр. Халықаралық мамандардың есептеулері бойынша Қазақстанда қарашіріктің азаюынан жалпы шығын көлемі 2, 5 млрд. долларға бағаланып отыр.

Slide 6

Біріккен Ұлттар Ұйымы 1994 жылғы 17 маусымда Париж қаласында «Біріккен Ұлттар Ұйымының Шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі конвенциясын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 17 шілдедегі Заңымен бекітілген Шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі конвенция қабылданды. Жер ауданының басым бөлігі жеткіліксіз ылғалдану аумағында орналасқан Қазақстан үшін шөлейттену мәселесі өзекті болып табылады

Slide 7

Тың және тыңайған жерлерді жаппай игеру Қазақстанның дала экожүйесіне теріс және кешенді әсерін тигізді. ҚР Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттіктің деректері бойынша, 188, 9 млн. га-дан соңғы дәрежелі жұтаңдауға 26, 6 млн. га жеткен, күшті және өте күшті шөлейттенген. Республиканың орманды-дала және дала аймақтарында жерлерінің 34, 8 млн. га жерін жайылымдар құрайды, оның 5, 6 млн. га өте қатты жұтаңдаған. Жайылымдардың жұтаңдану процесінің жалғасуы әлі де байқалып отыр.

Slide 8

Техногендік шөлейттену. Қазақстандағы индустриалдық өндірісті дамыту және пайдалы қазбалар кен орындарын игеру, көлік және инженерлік инфрақұрылымды салумен, су және жер ресурстарының қарқынды пайдалануы мен ластануы экожүйелерге әсері тікелей және жанама түрде байқалуда.

Slide 9

Автокөлік жолдарының жүйесі де шөлейттенуге әсерін тигізуде. Республикада автокөлік жолдарының жалпы қашықтығы шамамен 120 мың км, оның жартысы асфальт жолдар. Қоршаған ортаға әсер ететін желілік инфрақұрылымның өзге де түрлеріне темір жолдарды, мұнай және газ құбырларын, жоғары вольтты электрожелілерді жатқызуға болады.

Slide 10

Шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі конвенцияда қабылданған белгілерге сәйкес айқындалған Қазақстанда шөлейттенудің басты тұрпатына мыналар жатады: өсімдік жамылғысының деградациясы, топырақтың су және жел эрозиясы, топырақтың сортаңдануы мен құнарсыздануы, топырақтың, жер асты және жер үсті суларының химиялық заттармен ластануы, жердің және гидрологиялық режимінің техногендік бұзылуы.

Slide 11 Slide 12

Соңғы 50 жыл бойында дүние жүзінде 800 млн га-дан астам жер шөлейттенуге ұшыраған. Мұның негізгі бөлігі Африка құрлығына келеді, мысалы, Сахара шөлі оңтүстікке қарай 650 - 700 км шамасында жылжыған. Ғалымдардың болжамы бойынша 2020 жылы Оңтүстік Африканың 60 миллион тұрғыны жарамды жерлердің шөлейттенуі салдарынан өздерінің атамекенінен басқа аудандарға қоныс аударуға мәжбүр болады.

Slide 13

Шөлейттену процесі Орталық Азия елдері мен Қазақстанда да жылдам қарқынмен дамуда. Түрікменстанда ұзындығы 1000 км Қарақұм каналының бойында 100 км-лік аймақта топырақ қайталама сортаңданып, шөлге айналды. Арал теңізінің деңгейі 14 м-ге төмендеп, аумағының азаюы салдарынан 2, 5 млн га-дан астам жер қу тақырға айналды.

Slide 14
Ұқсас жұмыстар
Топырақтың экологиялық проблемалары
Шөлейттену. Жердің деградациясы
Орман мониторингі
Антропогендік іс әрекет және гидросфера. Антропогенез және педосфера
Топырақты химиялық ластауыштар
Ғаламдық экологиялық мәселелер
Экологиялық мәдениет және тыйым сөздер
Демографиялық проблема
Экологиялық проблемалар
Жер геосфералары, олардың негізгі қасиеттері. Глобальдық экологиялық өзгерістердің бағытын анықтаушы әлеументтік- экономикалық процестер. Адам әрекетінің атмосфераға әсері, атмосфера күйінің өзгерістері және олардың салдарлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz