Личинкалары судағы насекомдардың паразиттері


Slide 1

Кенелер отряды-Acari

Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Slide 2

Кенелер отряды - Асаrі

Ұсақ мөлшерлі, ұзындығы 0, 1-15 мм-ге дейін, денесі сегменттелмеген (тек Opliocaridae тұқымдастарында ғана сегменттері сақталып қалған) және басқа өрмекшітәрізділердей баскеуде және құрсақ бөлімдеріне бөлінбеген, суда, топырақ арасында, жер бетінде өз бетімен тіршілік етеді, сондай-ақ жануарлар мен өсімдіктердің паразиттері болып келеді.

Хелицералары мен педипальпалары (тұмсықша немесе гнатосома деп аталатын) дененің алдыңғы бөлімінде орналасқан (126-сурет) . Хелицералардың ұшында иілген, хитинделген тырнақшалары көп. Хелицералар созылуға және жиырылуға қабілетті. Түрі өзгерген педипальпалары гипостоманың және пальпаның жағасына айналған, 6 бунақты. Вентральды жағынан тікенектермен қапталған өсіндісі -хелицералармен бірге шаншып соратын аппаратын құрайды. Жырткыш кенелердің хелицералары қысқышқа айналып, кеміргіш-сорғыш ауыз аппаратын түзейді. Паразиттік тіршілік ететін түрлерінде ауыз аппараты - тесіп-сорғыш.

Slide 3 Slide 4

Сауытты кенелер тұқымдасы - Oribatidae, ұзындығы 0, 2-1, 5 мм, топырақта тіршілік ететін кенелер, топырақ түзілу процесінде үлкен роль атқарады. Негізгі туыстары - Oribatula, Zygoribatula.

Сауытты кенелер тұқымдасы - Oribatidae

Slide 5

Су кенелері - Hydrachnellidae, ұзындығы 0, 3-0, 5 мм, денесі дөңгелек, ашық түсті. Жыртқыштар, ұсақ су жәндіктерімен қоректенеді. Личинкалары судағы насекомдардың паразиттері.

Су кенелері - Hydrachnellidae

Slide 6 Slide 7

Кенелердің көбісі адамның, жануарлардың және өсімдіктердің паразиттері. Ең қауіпті тұқымдастары: Ixodidae, Aigasidae, Larcoptidae, Demodicidae, Gamasidae.

Slide 8

Аргазид кенелері - Aigasidae, ұзындығы 2-13 мм, адамның және омыртқалы жануарлардың паразиттері және ауру (спирохетоздарды кене қайталама сүзекті) таратушылары. Негізгі өкілдері Ornithodoms papillipes адамға, Argas persicus құстарға шабуыл жасайды.

Аргазид кенелері - Aigasidae

Slide 9

Саркоптид кенелері немесе қышыма қотыр кенелері - Sarcoptidae, ұзындығы 0, 1 -0, 3 мм, адамның және жануарлардың терісінің астында тіршілік етіп, қышыма ауруына шалдықтырады. Негізгі өкілі қышыма кенесі - Sarcoptes scabiei (127-сурет) . Ұрықтанған аналығы адамның тері қабатына өтіп, ұзындығы 3 мм-ден 2 см-ге дейін қуыс жол жасап, соған жұмыртқаларын салады. Личинкалары нимфаға айналып, теріні тесіп, бетіне шығады да, сол жерде қоректеніп, ересек түріне айналады. Ауру адамда қышыма пайда болып, денесі бөрітіп, қотыр болып, тері қабынады. Қышыма-қотыр ауру адамнан сау адамға жұғады.

Саркоптид кенелері - Sarcoptidae

Slide 10

Демодицид кенелері - Demodicidae, ұзындығы 0, 1-0, 7 мм, денесі ұзарған, адамның май бездерінде, терінің астында паразиттік тіршілік етеді, теріні қабындырып, беттің безеулігін қоздырады. Негізгі өкілі - безеу кенесі - Demodex folliculorum .

Демодицид кенелері - Demodicidae

Slide 11 Slide 12

Гамазид кенелері - Gamosidae, ұзындығы 0, 2-2 мм, 4000 түрі бар. Еркін тіршілік ететін және паразитті формалары да бар. Топырақта, орман төсенішінде тіршілік ететін жыртқыштар, ұсақ омырткасыздармен қоректенеді. Көптеген түрлері омыртқалылардың эктопаразиттері, қанмен қоректенеді. Мысалы, тышқан кенесі (Allodermanyssus sanguieneus) . Кейбіреулері инфекциялық аурулардың қоздырғыштарын тасымалдаушылар. Жыртқыш түрлерін өсімдік қоректі кенелермен күресуде қолданады.

Гамазид кенелері - Gamosidae

Slide 13

Кенелердің басқалардан ерекшеліктері біраз уақыт тамақсыз жүре алады ересек паразиттері 2 жылға дейін шыдайды

Тамақтану барысында аналығының салмағы 80-120 есеге үлкейеді

Бүкіл өмірінде кенелер бірнеше рет өзінің қожайынын ауыстырады, жас кенелер құстарда, тышқандар денесінде тіршілік етсе ересектері бұғыларда, бұқалар денесінде тіршілік етеді

Кенелер ылғалдылықты ұнатпайды және ылғалды жерге шабуыл жасамайды

Қан сорған кезде кенелердің денесі 300 есе үлкейеді

Құстардың арқасында кенелер ұзақ жерелерге тарайды және аз уақыт ішінде мекен ортасын ауыстыра алады


Ұқсас жұмыстар
Жартылай қаттықанаттылар немесе қандалалар отряды — Hemiptera
Сүліктер класы
Теңқанаттылар отряды Homoptera
Шыбын паразиті
Қарақаттың мөлдір қанатты көбелегі
Бунақденелілердің классификациясы
Шаянтәрізділердің көру мүшелері
Медициналық гельминтология өзекті мәселелер
Қара жолақты саяқ шегіртке
Насекомның денесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz