Діни бірлестіктерді құру




Презентация қосу
«Діни сенім мен
діни ұйымдар
еркіндігі туралы»
ҚР заңы
Қазақстан полиэтникалық
және поликонфессиялық
мемлекет болып табылады.
Сондықтан да оның тұрақты
дамуы үшін ұлтаралық және
дінаралық келісімнің сақталуы
ауадай қажет. Ал заманауи
мемлекет тұрақтылығының
гаранты ол – Заң.
«Діни сенім бостандығы және діни
бірлестіктер туралы» Қазақстан
Республикасының 1992 жылы 15
қаңтарда жарияланған ( 2011 жылы 11
қазанда өзгертіліп, қайта қабылданды)
заңы 25 баптан және 6 тараудан тұрады.
Заң күшіне енген соң да оның жекелеген
тұстарына 7 рет өзгеріс енгізілді. Алайда
олар түбегейлі өзгерістер әкелмей, тек діни
бірлестіктердің қызметіне қатысты кейбір
мәселелерді реттеуге ғана бағытталды.
Заңның негізгі принциптері

Діни
қауымдар
мемлекеттің
жұмысына
араласпайды

Діни білім
беру тек
Дінге сену
арнаулы
және
мектептерде
сенбеуін
ғана жүреді
әркім өзі Жастар
шешеді тәрбиесі
мемлекеттің
жұмысы
Мемлекеттің шарттық кепілдемесі:
Қазақстан азаматтары, дінге
қарамастан, барлығы заң алдында
тең.
Мемлекеттік құжаттардан дінге
сенушілік жерлері алынып
тасталынған.
Мемлекеттік тұрғыда, бірінші рет
діни үгіт-насихатқа рұқсат берілді.
Заң бойынша, тіркелген діни
қауымдарға өздерінің діни
қауымдық жұмыстарын жүргізуге
мемлекет толық жағдай туғызады
және олардың денсаулықтарын,
тыныштықтарын заң жүзінде,
керек болса күшпен де қорғайды
және т.с.с.
Заңдық
Діни қауымдарға шектер:
жергілікті заң шығаруға
рұқсат жоқ.
Діни жұмысқа сілтеп, өз азаматтық борышын
мемлекет алдында орындамауға құқы жоқ.
Діни уағызды саяси уағызға айналдырмау керек.
Діни салт, әдет-ғұрыпта изуверлік немесе
денсаулыққа зиян келтірмеуі керек.
Бір дінді екінші діни ағымдардан биік қойып,
адамдардың діни сенімін кемсітпеу керек.
Барлық оқу орындарында діни ілімдерге үгіт-
насихат жүргізілмейді.
Діни бірлестіктер мемлекеттік өкімет пен
басқару органдарының сайлауына қатыспайды.
Діни экстремизмді насихаттауға, конфессия
аралық айырмашылықтарды саяси мақсаттарға
пайдалануға бағытталған іс-әрекеттерге тыйым
салынады.
ТАРАУЛАР
1 Жалпы ережелер
2 Қазақстанның діни бірлестіктері

Діни бірлестіктер мен азаматтардың діни сенім
бостандығына байланысты құқықтары

4 Діни бірлестіктердің мүлік, еңбек және қаржы жөніндегі
құқықтық қатынастары

Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер
5 туралы заңдардың сақталуын бақылау және оны
бұзғандық үшін жауапкершілік

6 Қорытынды ережелер
1-бап: Осы заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар.
1 2-бап: ҚР-ның діни қызмет және діни бірлестіктер туралы
заңнамасы.
3-бап: Мемлекет және дін.
4-бап: Уәкілетті органның құзыреті.
5-бап: Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың
және астананың діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-
қимыл мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдарының
құзыреті.
6-бап: Дiнтану сараптамасы.
7-бап: Дiни жоралар мен рәсiмдер.
8-бап: Миссионерлік қызмет.
9-бап: Дiни әдебиет және дiни мақсаттағы заттар.
3 10-бап: Қайырымдылық қызметi.
11-бап: Дiнге сенушiлердiң және дiни
бiрлестiктердiң халықаралық байланыстары мен қарым-
қатынастары.
12-бап: Діни бірлестіктердің мәртебесі.
4 13-бап: Діни бірлестіктерді құру.
14-бап: Діни бірлестіктің атауы.
15-бап: Діни бірлестіктерді мемлекеттік
тіркеу.
16-бап: Дiни бiрлестiктiң жарғысы.
4 17-бап: Діни бірлестікті тіркеуден бас тарту.
18-бап: Дiни бiрлестiктi қайта ұйымдастыру
және тарату.
19-бап: Мемлекет және шетелдік діни
бірлестіктер.
20-бап: Дiни бiрлестiктердiң меншiгi.
21-бап: Мемлекеттiң, ұйымдар мен жеке
тұлғалардың меншiгi болып табылатын мүлiктi
пайдалану.
22-бап: Таратылған дiни бiрлестiктiң мүлкiне
иелiк ету.
23-бап: Қазақстан Республикасының дiни
қызмет және
дiни бiрлестiктер туралы заңнамасын
бұзғаны үшiн жауаптылық.
24-бап: Өтпелі ережелер.
25-бап: Қорытынды ережелер.
Заңның 1-тарауының 4-бабында
былай делінген: «Діни бірлестіктер
мемлекеттен бөлінген. Барлық
діндер мен діни бірлестіктер заң
алдында бірдей. Ешбір дін немесе діни
бірлестіктер басқаларға қарағанда
ешқандай артықшылықтарды
пайдаланбайды. Діни бірлестіктер
қандай да болмасын мемлекеттік
қызметтер атқармайды, мемлекет
те діни бірлестіктердің қызметіне,
егер ол заңға қайшы келмесе,
араласпайды. Мемлекет діни
бірлестіктерді қаржыландырмайды».
13-бапта : «Діни бірлестік он сегіз жасқа толған, құрылтай жиналысын
(съезін, конференциясын) шақыратын Қазақстан Республикасы
азаматтарының бастамасы бойынша құрылады, онда діни бірлестікті
құру, оның атауы, жарғысы туралы шешімдер қабылданады және
оның басшылық органдары құрылады. Азаматтар құрылтай
жиналысына (съезіне, конференциясына) өз еркі бойынша жеке
түрде қатысады. Республикалық діни бірлестіктер мен аймақтық діни
бірлестіктер өз жарғыларына сәйкес діни қызметшілер даярлаудың
кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын мекемелер нысанында
діни білім беру ұйымдарын құруға құқылы. Діни білім беру
ұйымдарын қоспағанда, діни бірлестіктен басқа өзгеше ұйымдық-
құқықтық нысанда діни қызметпен айналысатын заңды тұлғаларды
құруға және олардың қызметіне жол берілмейді. Мемлекеттік
органдарда, ұйымдар мен мекемелерде, білім беру және денсаулық
сақтау ұйымдарында діни бірлестіктердің ұйымдық құрылымдарын
құруға жол берілмейді» деп айтылған.
Заңның 18-бабына сәйкес,
қайырымдылық қызметтері
тұрмыстық жағдайы ауыр адамдарға
материалдық көмек көрсету мен
қарияларға, дәрменсіздерге, еңбекке
жарамсыз жандарға, т.б. қамқорлық
көрсетуге бағытталуы тиіс. Сонымен
қатар мұндай қайырымдылық
қызметтері діни ілімді таратуға
немесе діни ұстанымдарды зорлықпен
таңуға себеп болмауы керек.
23-бап бойынша Қазақстан
Республикасының дiни қызмет және дiни
бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзғаны
үшiн жауаптылық ,Қазақстан
Республикасының дiни қызмет және дiни
бiрлестiктер туралы заңнамасын
бұзушылық Қазақстан Республикасының
заңдарында белгiленген жауаптылыққа
әкеп соғады.
Осы Заң Қазақстан Республикасының өзін
демократиялық, зайырлы мемлекет ретiнде
орнықтыратынын, әркiмнiң ар-ождан
бостандығы құқығын растайтынын, әркiмнiң
дiни нанымына қарамастан тең құқылы болуына
кепілдік беретінін, халықтың мәдениетінің
дамуы мен рухани өмірінде ханафи бағытындағы
исламның және православтық христиандықтың
тарихи рөлін танитынын, Қазақстан халқының
діни мұрасымен үйлесетін басқа да діндерді
құрметтейтінін, конфессияаралық келісімнің,
діни тағаттылықтың және азаматтардың діни
нанымдарын құрметтеудің маңыздылығын
танитынын негізге алады.
Байқағанымыздай, «Діни сенім мен діни
ұйымдар еркіндігі туралы» Заң қоғамның
ажырамас бөлігі болып табылатын діни
өмірдің үйлесімділігін, дін мен
мемлекеттің қатынасын, халықтың діни
сенім бостандығын жүзеге асыруды
реттеуге толық мүмкіндік береді. Заңда
әр адамның діни қызметпен айналысу
еркіндігі, діни бірлестіктердің
мемлекеттік тіркелу шарттары, дінтану
сараптамасы, діни миссионерлік секілді
қызметтерді заң жүзінде реттеу
қамтылған.

Ұқсас жұмыстар
Қоғамдық және діни бірлестіктер
Діни бірлестік
МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ НЕГІЗДЕРІ
Қазақстандағы діни экстремизм және терроризм
Саяси қозғалыс
Қазақстан тәуелсіз, егемен, зайырлы және құқықтық мемлекет ретінде
МҮЛЕККЕ САЛЫНАТЫН САЛЫҚТЫҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ МЕН ҚАҒИДАЛАРЫ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ
Әлемдегі және Қазақстандағы протестантизм
Проваславия діні
Ассамблеяның негізгі міндеттері
Пәндер