Жасөспірімдік кезең



Жасөспірімдік кезең
Орындаған:ПиП21
Садыкова Айгерим
Рахымбай Айдана

Айналасындағы ересектер жасөспірімнің есеюін қабылдап, қоғамдық пайдалы істерге араластырса, жасөспірімдік дамудың әлеуметтік жағдайы сәтті болады.
Жасөспірім кезеңі 15-16, 21-25 жас аралыққа дейінгі жас мөлшерін қамтиды. Бұл кезең адамның сенімсіздік пен жүйесіздік кезеңінен шынайы ер жету шағы.
Жасөспірім даму барысында ұлы жол кешеді: өзімен және қоршаған адамдарымен қарсылыққа түсе отырып тұлғалықты иеленеді.

Психологиялық тұжырымдамалардағы жасөспірімдік кезең

Жасөспірімдер дағдарысы
Жасөспірімдік дағдарыс - балалық шақтан ересектік өмірге өту шегі.
Дағдарыс қанағаттандырылуы күрделі жаңа қажеттіліктірдің туындауымен сипатталады. Сырт көзге қатаңдық, қырсықтық, тұйықтық т. б. көрініс береді.
Дағдарыс себептері
Сыртқы факторлар: ересектердің үздіксіз бақылауы, қамқорлығы. Себебі жасөспірім өз мәселелерін өзбетімен шешуге ұмтылады.
Ішкі факторлар: ойлағанына қол жеткізуде кедергі жасайтын әдеттер мен мінез сапалары (тыйымдар, әдеттер, ересектерге бағыну әдеті)

Жастық шақтың ерекшеліктері

Жасөспірімдердің когнитивті саласындағы өзгерістер

Жасөспірімдердің бойындағы өзгерістер
Барлық мүшелері мен мүшелер жүйесінің қалыптасуы толығымен жетіледі
Ағзадағы барлық физиологиялық үдерістердің жүруінде, мінез-құлық әрекеттерін басқаруда ми қыртысының реттеу қызметі артады
Адамның дене еңбегі мен ой еңбегінің жұмыс істеу қабілеті де артады
Тежелі үдерісінің басымдылығы байқалады
Жүйке жүйесі мен ішкі секреция бездерінің қызметі бір-бірімен үйлесімді жүреді
Жеке мүшелерінің өсуі тоқтайды
Жыныстық тұрғыдан да толық жетіледі
Эстетикалық көңіл-күйі, ақыл-ой, жауапкершілігі және т. б. қасиеттер толық қалыптасады

Адамның нақты физиологиялық жасы мен оның психологиялық жасы бірдей емес. Мамандардың айтуынша адамның шын жасын психологиялық жағдайы мен өмірде көрген тәжірибесі анықтайды екен. Ал сіздің психологиялық жасыңыз нешеде?

25 тұжырымды оқып, қаншалықты келісетіндігіңізді анықтап, оған мынандай баға беріңіз:
Егер тұжырыммен толық келіссеңіз - 4 ұпай;
Егер жартылай тұжырыммен келіссеңіз - 3 ұпай;
Егер тұжырымның бір бөлігімен ғана келіссеңіз - 2 ұпай;
Егер тұжырыммен келіспесеңіз - 1 ұпай.

- Мен қалжыңдарды жақсы түсінемін, әзілдерді көтере аламын.
- Менің ішкі түйсігім (интуиция) жақсы дамыған, басқаларды да бірден түсінемін.
- Менің болашағым көптеген қызықты оқиғаларға толы.
- Басқалар менімен дос болуды қалайды, мен басқаларға ұнаймын.
- Маған ұқсамайтын, менің көзқарастарыммен келіспейтін адам да мен үшін қызықты болып, маған ұнай алады.
- Кішкентай балаларды жақсы көремін.
- Түрлі қиын тапсырмаларды шешкенді ұнатамын.
- Қандай да бір істі бастағанда, оны барынша жақсы істеуге тырысамын.
- Түрлі оқиғалардың себептері мен үшін қызықты.
- Жұмыстан басқа айналысатын хоббиім көп.
- Өмірдегі кез келген өзгерістерді жақсылыққа деп болжаймын.
- Менің жұмысым басқаларға пайда әкелетіндігіне сенімдімін.
- Армандар мен қияли ойларға салыну мен үшін үйреншікті іс.
- Жақсы музыка менің көңілімді көтере алады.

- Жаңашылдықты жақсы көремін, жаңа ойларды қуана қабылдаймын.
- Қиындықтар алдында бой алдырмаймын, қайта тырысып, дегеніме жетемін.
- Менің күлкім әр уақытта шын көңілімнен шығады.
- Ең үлкен сырларым мен құпияларымды айта алатындай досым бар.
- Физикалық белсенділік, спорт, жаттығулар өмірімнің таптырмас бөлігі.
- Жаңа адамдармен танысқанды ұнатамын.
- Қазір қолымнан келмейтін жаңа бір іспен айналысқым келеді.
- Мен әр уақытта тартымды, сымбатты болғым келеді, соған уақытымды бөліп, тырысамын.
- Кішкентай қиындықтар менің көңілімді бұза алмайды.
- Мен өмір сүріп жатқан кезеңім өзіме ұнайды.
- Менің сәтім түсетін "жұлдызды" уақытым әлі алда.

75 ұпайдан артық Биологиялық жасыңызға қарамастан, сіздің бойыңыздағы жігер мен күш, өзіңізге деген сенімділік жетіп артылады. Сіздің достарыңыз көп, болашаққа сеніп, басқаларға мейіріммен қарайсыз. Психологиялық тұрғыдан сіз өте жассыз. Болашақта да осылай қалпыңызда қала беріңіз.
50-75 ұпай аралығында Өмір жолында сіз ерте есейіп, балалық шақтың кейбір қызықтарын жіберіп қойған сияқтысыз. Өмірлік қиындықтар мен уайымдаулар, күнделікті қажеттіліктер сізді қарапайым дүниелерден қуанту қасиетінен арылтады. Алайда ол бойыңызға салмақтылық пен жауапкершілік береді. Сіз психологиялық тұрғыдан қарағанда жас емессіз, алайда сізді «кәрі» деуге де болмайды. Сізге кішкене сергектік пен өмірге деген оң көзқарас жетіспейді.
50 ұпайдан кем Сізді өмірде көпті көрген, жасына қарамай ерте есейген адам деп айтуға болады. Сіз көп нәрсеге шын баға бере аласыз, бірақ осы себепті де көп қызығушылықтарыңыз артта қалды. Мұндай психологиялық жағдай үлкен кісілерге тән. Егер сіздің нақты жасыңыз әлі ондай болмаса, алдағы өмірді қызықсыз өткізбей, оны өмірге толтыруға тырысыңыз.

«Жұдырықты ашу» жаттығуы
Мақсаты: Студенттер арасында бір-біріне деген сыйластықты, мейірімділікті, сенімділікті қалыптастыру.
Нұсқау:Топ екіге бөлінеді. Бірінші топ жұдырықтарын түйіп отырады, ал екіншісі сол жұдырықты ашуға тырысу керек. Оны күшпен емес, жақсы сөз, комплимент айтып ашуы керек. Екі топ алмасып әрі қарай жалғастырады.

« Ұқсастық шегі» жаттығуы
Шарты : Қатысушылар жұптасып отырады, А 4 қағаз беті және қалам қажет . Жанындағы жұбына қарап, ұқсастықты тауып, " Біздің ұқсастығымыз . " деп А 4 қағаз бетіне жазады . Ұқсастық табу үшін 4 мин уақыт беріледі . Жаттығуды орындағаннан кейін, жұп бір - бірінің жазған ұқсастығын оқып, өз ойларын айтады .

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz