ҚАНЫШ ИМАНТАЙҰЛЫ


Slide 1

Орындаған:Еркинбек Жарданбек

Тобы:ЖЭ-101(қ)

Slide 2

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев (1899-1964 )

Slide 3

Жоспар

1 Қ. Сәтбаев өмірбаяны

2 Қ. Сәтбаев -академик, геолог- ғалым.

3 Қ. Сәтбаевтың еңбектері

4 Қ. Сәтбаевтың ғылыми жетістіктері

Slide 4

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев Арқаның сұлу төрінің бірі-(бұрынғы Семей губерниясының Павлодар уезіндегі Ақкелін болысының 4-ші ауылында) қазіргі Павлодар облысының, Баянауыл ауданының ҚИ. Сәтбаев атындағы совхозында 1899 жылдың 30 наурызында (12 сәуір) Сәтбаевтардың үлгілі - өнегелі ауылында дүниеге келді

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев

Slide 5

1921 жылы жазда Қаныш Имантайұлы Баянауылға емделуге келген сол кездегі Сібір өңірінің ірі, мәдени орталығы Томск қаласының технология институтының профессоры (кейін академик болған) Михаил Антонович Усовпен танысады. Қанышқа М. А. Усов Қазақстанның геологиясы мен тау-кен байлықтары туралы көптеген қызықты әңгімелер айтады.

Өзі өмірден озғанша ұстаз санаған профессор М. А. Усовтың ықпалымен 1921 жылы Қаныш Имантайұлы Томск технология институтының кен факультетінің геологиялық барлау бөліміне оқуға түседі.

Slide 6

Қаныш Имантайұлы студент болған жылдарда профессор М. А. Усов басқарған палеонтология және тарихи геология кафедрасының оқытушысы болған В. А. Хохлов (кейін ғылым докторы, профессор) "Студент Қаныш" атты естелігінде былай деп жазды: "Бұл өзі оқуға жан-тәнімен берілген студент болатын. Жалпы геология жөніндегі сабақтарда ол М. А. Усовтың тамаша лекцияларын құмарта тыңдады. . . Екінші курстан кейін ол М. А. Усовтың дала жұмыстарына қатысты. . . "

Slide 7

Институтты бітіргеннен кейін Қ. И. . Сәтбаев өзінің туған еліне оралып, өмірінің басым көпшілігін оның геологиясын зерттеуге және туған өлкесінің минералдық шикізат негізін жасауға арнап, барлау, ғылыми ізденіcтерінің нәтижесін өндіріске енгізуге, республикамызда индустрия алыптарын салуға зор үлес қосты.

Ол 1920-1930-шы жылдары кең көлемді барлау жұмыстарына басшылық жасап, оларға тікелей қатынасуымен бірге Жезқазған-Ұлытау, Қарсақпай, Қаратау полиметалл кендері жөнінде іргелі ғылыми еңбектер жазды.

Slide 8

1926-1941 жылдары Атбасар, Қарсақпай трестерінде геологиялық бөлімінің жетекшісі және бас геолог болған Қаныш Имантай ұлы Жезқазғанның одақтағы ірі мыс рудалары бай аудандар қатарына жататынын бұлжытпай дәлелдеп, минералды шикізаттарға бай Сарыарқа, Кенді Алтай сияқты аймақтарға ерекше назар аударды.

Slide 9

Академик ҚИ. Сәтбаевтың көп қырлы талантының жарқын көрінісі - ол, ғылыми жұмыстардың ұлы ұйымдастырушысы болды. Оның халқына мұраға қалдырған қазынасы - іргесін өзі қалаған, ғылым ордасы Қазақстанның Ұлттық Ғылым академиясы болып табылады.

Қаныш Имантайұлы бұл ғылыми-ұйымдастырушылық жұмысқа 1941 жылы шақырылды. Осы жылы КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалының орынбасары болып сайланды.

Slide 10

1943 жылдан филиалдың төрағасы қызметін атқарды. Сол жылы Қ. И. Сәтбаев геология ғылымындағы үздік жетістіктері үшін КСРО Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі, ал 1946 жылдан толық мүшесі (академик) болып сайланды. Ол сол кезде КСРО-ға кірген күншығыс республикалары халықтары өкілдерінен шыққан тұңғыш академик еді.

Slide 11 Slide 12

Қ. И. Сәтбаев негізгі ғылыми еңбегін Қазақстан кен орындарының геологиясын, минералдық қорларын жасауға арнады. Ол 640 тан астам ғылыми еңбектерінің авторы. Қаныш Имантайұлы- рудалы кендердің пайда болуы және олардың жер қойнауында орналасуы, таралу заңдылықтарын зерттейтін Қазақстанның металлогения ғылымының негізін салушы. Сәтбаев еңбектері ғылымдағы зор жаңалықтар енгізді, Қазақстан геологиясы өз заманындағы биік сатыға көтерді. Халқымыздың адал перзенті Қаныш Имантайұлы 1942 жылы Жезқазған жеріндегі кенді зерттеудегі зор еңбегі үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді.

Slide 13

Сәтбаевтың геологиядан басқа ғылымдарда, мәдениет саласында, тарихта қалдырған еңбектері мол. Ш. Уәлиханов жазып алған «Едіге» жырының мәтініндегі қазақ оқырмандарына түсініксіз араб, татар сөздерінен тазартып, қазақ тілінің жаңа орфографиясының негізінде қайтадан дайындаған. Жезқазған - Ұлытау өңірінен көптеген этнографиялық мұраларды жинап, «Жезқазған ауданындағы көне заман ескерткіштері» атты еңбегін жазған.

Slide 14

Көне заман ескерткіштері» атты еңбегін жазған. Қазақ орта мектебінің төменгі және жоғары сынып оқушыларына арналған «Алгебра» оқулығын дайындаған.

1931 жылы басылған А. Затаевичтің «500 қазақ әндері мен күйлері» жинағына Сәтбаев қазақ халқының музыкалық мұрасының інжу-маржаны болып есептелетін 25 әнді өзі орындап, орыс тілінде ғылыми түсініктеме беріп енгізген.

Slide 15

Жақсының аты өлмейді, Ғалымның хаты өлмейді

Slide 16

Қазақстанның қала, ауылдарында Сәтбаев есімімен аталатын жүздеген көше, 40-тан астам мектеп және көптеген ғалымның ескерткіштері бар. Оның есімі Қазақстан Ғылым академиясының Геология ғылымдары институтына, бір қала мен ғаламшарға, еліміздің ең ірі техникалық оқу орны Қазақ ұлттық техникалық университетіне берілген. Сәтбаевтың құрметіне Жоңғар (Жетісу) Алатауы жотасындағы мұздық пен шың, Қаратаудағы ваннадий кен орнынан табылған «Сәтбаевит» минералы, «Академик Сәтбаев» гладиолиус гүлі аталған. 4 мәрте Ленин, 2-ші дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталған.

Slide 17 Slide 18

Тұңғыш академик

“ Жеріміздің үсті де, асты да бай.

Менің геолог ретінде борышым-жер

Астындағы қазбаны зерттеп табу,

оның қорын анықтау.

Ал ғалым ретіндегі

міндетім- кен байлықтарын

халықтың

игілігіне жарату. ”

Қ. И. Сәтбаев

Slide 19

Ғалымның өмірінен фотогалерия

Slide 20 Slide 21

НАЗАРЛАРҢЫЗҒА РАХМЕТ


Ұқсас жұмыстар
ҒЫлым академиясы
Қаныш Сәтбаевтың еңбектері
Қазақстанда ғылымның қандай салалары дамығын
Қаныш Сәтбаев қазақ археологиясының бәйтерегі, ғалым
Сәтбаев қаласы
Интернет мүмкіндіктері туралы
Табиғатта пайдалы қазбалар
Әбу Насыр Әл- Фараби туралы
Қазақстанның ғалымдары
Ежелгі дәуірде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz