Балалар мен жасөспірімдерге гигиеналық тәрбие беру



М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті
Факультет:Қоғамдық денсаулық сақтау
Кафедра:Кәсіби аурулармен гигиеналық пәндер
Студенттің өзіндік жұмысы
Тақырыбы:Оқытушылар еңбегінің гигиенасы
Орындаған:Төреғалиева А. Ө
Тексерген:Карашова Г. И

Жоспары
Кіріспе бөлім Негізгі бөлім 1) Балалар мен жасөспірімдерге гигиеналық тәрбие беру 2) Еңбекке тәрбиелеу жағдайына қойылатын санитарлық бақылау 3) Гигиеналық тәрбие жұмыстарын жүргізудегі іс әрекет Қорытынды бөлім Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Гигиеналық білім мен тәрбие- тұрғындардың санитарлық мәдениетін көтерудің теориялық және тәжірбиелік сұрақтарын қарастыратын медициналық ғылым мен денсаулық сақтаудың бір саласы. Казіргі кезде кең көлемде гигиеналық тәрбиелеу салауатты өмір салтын қалыптастыру, өз денсаулығы мен жұмыс қабілетін сақтауға, өмірді неғұрлым ұзақ және толыққанды етуге үйрену мақсатында әр адамның өз денсаулығына және қоршаған ортаға саналы қатынасын қалыптастыру бойынша шаралар
жүргізіледі. Гигиеналық білім беру мен тәрбиелеудің маңызды міндетінің бірі-тұрғындардың басым бөлігін денсаулық сақтау ұйымдары мен мекемелеріне көмек көрсетуге тарту

Балалар мен жасөспірімдерге гигиеналық тәрбие беру Әлем халықтарының үлкен бөлігі балалар мен жасөспірімдер болып келетіндіктен, оларға дұрыс көңіл бөлу сол қоғамның маңызды міндеті болып табылады. Балаларға дұрыс тәрбие беру, оларға дұрыс көңіл бөлу деп қарауға болады. Тәрбие берудің 90% өте ерте жаста қалыптасады. Гигиеналық білім мен гигиеналық дағдылар баланың денсаулығын нығайтуға ғана емес, сонымен бірге баланы әдептілікке, саналылыққа баулиды. Баланы жеке бас гигиенасының талаптарын сақтауға баулу олардың саналы түрде қоғамға қажетті негізгі ережелерді сақтап жүруін қалыптастырады. Балаға гигиеналық тәрбие берудің негізі бала-бақшада басталады, одан ары қарай мектепте тереңірек түсініктер беріледі.
Оның негізгі бөлімдері: Оқу үрдісінде гигиена негіздерінен сабақ беру; Мектеп оқушыларының мектептен тыс санитарлық ерікті жұмыстарын жүргізу; Оқушылармен мектептен тыс санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу; Ата-аналармен санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу т. с. с. болып табылады.

Сонымен қатар, балалар мен жасөспірімдерге гигиеналық тәрбие беру жұмысы - мектептің оқу бағдарламасының міндетті түрдегі құрамды бөлігі болып табылады. Гигиеналық тәрбиенің бағдарламасы. Жалпы алғанда оқушыларға гигиеналық тәрбие беру бағдарламасы төмендегі талаптардан тұрады: Денешынықтыру мен шынығудың салауатандырудағы маңызы; Мектеп оқушыларының ақыл-ой еңбегінің гигиенасы; Тағам тану гигиенасы; Қоғамдық және жеке бас гигиенасы; Жарақаттанудың алдын алу; Политехникалық оқытудың гигиенасы; Жыныс тәрбиесі.

Бұл саладан ең маңызды мәселе қажетті тақырыптарды мектеп оқушыларының жас мөлшеріне қарай бөліп алу болып табылады. Балалардың жас мөлшерлері жалпы қабылданған 3 топқа бөлінеді: 7-9 жастағы балалар (1-3 сыныптар) ; 10-14 жастағы балалар (4-7 сыныптар) ; 15-17 жастардағы жасөспірімдер (8-11 сыныптар) ;

Оқушыларды өздерінің жас мөлшерлеріне сәйкес келетін бөлімдерге гигиеналық баулу - тәрбиенің негізгі принципі. Балалардың жасы өскен сайын гигиеналық тәрбие туралы алғашқы түсініктердің мағнасы тереңдей түседі. Денешынықтыру тәрбиесінің тақырыбына дене тұлғасының дұрыстығы туралы мәліметтер кіреді. Мұнда олар іс-әрекеттің дене тұлғасының қалыптасуына әсерін, де-нешынықтыру жаттығуларының, қимыл-қозғалыстың, демалыстың организмнің қалыптасуына тигізетін пайдасымен танысады. Балаларды таңертеңгілік гимнастика жаттығуларын жасауға әдеттендіру де маңызды гигиеналық дағды болып табылады. Ақыл-ой еңбегі гигиенасы тақырыбына күн тәртібі, үйдегі және мектептегі сабақ оқу гигиенасы, демалыс тәртібі мен ұйқы гигиенасының мәселелері кіреді. Балалар жас мөлшеріне байланысты өздерінің күн тәртібінің элементтерінің ең дұрыс ұзақтығын білуі оны өмірде дұрыс пайдалана білуі керек. 10 жастан бастап мектеп оқушылары өздеріне ыңғайлы күн тәртібін құрастыра алуы тиіс.

Еңбекке тәрбиелеу жағдайына қойылатын санитарлық бақылау Еңбекке тәрбиелеу жағдайына қойылатын санитарлық бақылау 3 бағытта: еңбектің мазмұнына, еңбектің тәртібіне және еңбектің жағдайына қарай жүргізіледі. Еңбектің мазмұнына жүргізілетін санитарлық бақылау жұмысына: оқушылардың еңбектің іс-әрекеттерінің барлық түрінің сипатын олардың жасы мен жыныс ерекшеліктеріне сәйкес келуін анықтау; жоғарғы сынып оқушыларының өндірістік тәжірибеге өтуіне арналған жұмыс орындарын таңдап алу;
Еңбектің денсаулық жағдайына әсерін анықтау; мектеп оқушыларын терең медициналық тексеруден өткізуге баға беру; емдеу-мамандық кеңес қызметінің жұмысын және мамандыққа жа-рамдылық туралы қорытындылар берілу жағдайын анықтау; еңбекке тәрбиелеудің бекітілген оқу бағдарламасына сәйкестігін анықтау т. с. с. жатады.

Еңбекке тәрбиелеу және оқытуға арналған тәртіп уақыттарын санитарлық бақылау төмендегідей шаралардан тұрады: еңбекке тәрбиелеу тәртібін көрсететін мектеп уақыттарын (5-10 - сынып оқушыларының оқу және тәжірибелік сабақтарының кестесі, қоғамдық пайдалы еңбекті орындаудың жұмыс кестесі, жазғы каникул кезіндегі еңбек бірлестігінің күн тәртібі т. б. ) тереңірек зерттеу, осындай арнаулы бөлінген уақыттардың қолданылып жүрген еңбекке тәрбиелеп, оқыту жөніндегі бағдарлама мен оқу жоспарына, заңдылық және нормаландыру мәліметтеріне сәйкес келетіндігін зерттеу; бекітілген еңбек тәртібінің орындалуына бақылау (хронометраж) жүргізу; еңбек сабағының құрылымына гигиеналық баға беру; еңбекке оқытудың жеке бөлімдерін тақырыптық тексеру. Мектеп шеберханаларындағы, кабинеттердегі және лабораториялардағы еңбек жағдайына санитарлық бақылау жүргізу жылына екі реттен кем болмауы керек. Бірінші тексеру -осы бөлмелердің дайындығын анықтау мақсатымен оқу жылының басында жүргізілуі керек. Сабақ жүргізуге рұқсат беру актісі әрбір шеберханаға жеке жасалады. Екінші тексеру - жылдың ортасында немесе жылдың аяғында кемшіліктерді анықтау үшін жүргізіледі, анықталған кемшіліктерді жою үшін жоспар-тапсырма жасалады.

Оқу жылы бойына оқушылардың еңбек жағдайы гигиеналық талаптарға сәйкес екендігін анықтау үшін, жоспарлы түрде күнделікті санитарлық бақылау жүргізіледі. Мұнда, жарық жеткіліктілігін, ауадағы газ, шаң мөлшерін, желдеткіштің тиімділігін, шуыл деңгейін анықтау үшін инструменттік, лабораториялық зерттеу тәсілдері қолданылады. Бақылаудың нәтижесінде санитарлық тексеру актісі жазылады. Еңбек сабағының міндетті түрде санитарлы-гигиеналық талаптарға сәйкес келетін базаларда өткізілуіне бақылау жасалады.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz