Ластану - бассейн суында үздіксіз болатын үдеріс




Презентация қосу
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан
мемлекеттік медицина университеті

Пән:Қазақстанның су ресурстары
Факультет:Қоғамдық денсаулық сақтау
Тобы:206
Тақырыбы:Жүзу бассейндерінің құрылымына және
пайдаланцына қойылатын гигиеналық талаптар

Орындаған:Шаратдинова А.С.
Тексерген:Сакебаева
Л.Д.
Ақтөбе қаласы 2018
Жоспар:
Кіріспе
Ластану көздері
Негізгібөлім
Су сапасына қойылатын гигиеналық талаптар
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
КІРІСПЕ

Ластану – бассейн суында үздіксіз болатын үдеріс. Бассейнге келетін судың
құрамында ластаушы заттар болуы мүмкін. Алайда ең басты ластаушы фактор –
суға түсушілер. Бассейндегі гигиеналық талаптарды міндетті түрде сақтау керек.
Адам денесімен байланысты кез келген заттар 3 категорияға бөлінеді:
адам денесінен бөлінетін органикалық заттар
адам денесіндегі кір
әртүрлі косметикалық құралдар.
Адам денесінен бөлінетін органикалық заттар
Адам денесінен бөлінетін негізгі органикалық заттар – сілекей, зәр, мұрын және ауыз
қуысындағы сілемекей, шаш, тері бөлігі. Бассейнге түскен адам денесінен бөлінетін
органикалық заттардың құрамында микроағзалар бар (бактериялар мен вирустар).
Суға түсушілердің көпшілігі суда дене жаттығуын жасағанда немесе ыстық сулы бассейнде,
тердің көп бөлігін бассейнде жоғалтады. Сондықтан да, саунадан кейін бірден баруға
болмайды, бассейн алдында душ қабылдау қажет.
Кейде абайсыз несеп, бассейнді ластауы мүмкін. Дезинфекциялау құралдары мен несептегі
азық-ыдырауының реакциясында судағы хлор қалдығы жоғарылап, нәтижесінде бассейн
ластанып, көз және тері тітіркенуіне әкеледі. Бұл кейбір хлорлы қосылыстар ауаға ұшып,
бассейннің айналасындағы атмосфераны қиындатады. Бұл жағымсыз әсерді суға түсушілер,
сондай-ақ, бассейннің техникалық жай-күйіне кері әсер етеді.
Бассейнге түскен несепнәр реакциясымен күресу үшін, күнделікті суды әрдайым ауыстыру,
сондай-ақ қарқынды желдету қажет.
Басқа да ластанулар:
Ашық бассейндер де кездесетін қоқыстар: жапырақ, шөп, тұқым, құс қалдықтары,
жәндіктер т.б.
Косметикалық құралдар:
Мысалы: опа, крем, лосьон, май – сондай-ақ, бассейнді қатты ластайды. Көптеген
препараттар бассейніндегі суды тазарту жүйелеріне елеулі зиян келтіреді.
Бассейнге түсу душтан кейін рұқсат етіледі.
Душта тыйым салынады:
• денені жарақаттаудың алдын алу мақсатында (кесу) шыны ыдыстағы
сұйық сабын пайдалануға;
• бассейн алдында теріге түрлі кремдер мен жақпа майларды жағуға.
Сондай-ақ, тыйым салынады:
• бассейн залына сүлгі, сабын және жөке енгізуге;
• қызмет көрсетуші персонал душ және бассейн залына арнайы аяқ киімсіз
кіруге.
Тазартудың ең үздік жүйесі – бұл бөлек душ кабиналары. Олар киініп-
шешінетін бөлмеден бассейнге дейінгі аралықта болуы шарт, ал душтағы
су бассейннен 2 градусқа жоғары болуы керек. Душтағы су тұрақты және
ағынмен ағып кетуі керек. Душқа су бассейн су айналым жүйесінен
келгені дұрыс. Мұндай су дезинфекциямен қамтамасыз етіп, құбырдағы
микробтардың көбеюінің алдын алуға көмектеседі, сондай-ақ, душ
қабылдауға пайдалы болып табылады. Егер бассейнде автоматты су
жүйесі орнатылған болса, душқа суды тазартқаннан кейін пайдаланып,
сақиналы су құбырымен жіберген жөн.
Бассейннен кейінгі душ.
Душ кабиналары суға шомылғаннан кейін бассейннен киініп-шешінетін бөлме аралығында
болуы керек. Оларда таза су болуы тиіс (бастапқы температурасы 60 градус, құбырдан
жіберілгені 50, содан кейін аралас 40 градусқа дейін), ол, сондай-ақ, ағып кетуі тиіс.
Кабиналарда сабын және сусабын болуы керек, мүмкіндігінше кабиналар бөлек болғаны
дұрыс.
Аяққа арналған ванналар.
Бұған бассейнге кірер алдында көп көңіл бөлмейді. Аяққа арналған ванналар аяқтың
жұқпалы ауруларымен күресе алмайды, сондықтан да, душ неғұрлым мақсатқа лайық құрал.
Алайда, егер душқа түсу мүмкін болмаса, аяққа арналған ванна немесе бассейнге кірер
алдында спрей қолдануға болады. Бұл ішінара кірді тазартуға мүмкіндік береді.
Дәретхана.
Дәретхана қолдану үшін ыңғайлы жерде болуы тиіс, оған баратын жолды көрсететін
көрсеткіштер қажет. Әрбір бассейнге келуші, әсіресе, балалар, жүзу алдында дәретханаға
баруды әдетке айналдыруы тиіс. Бұл бассейнге несептің түсуін азайтады. Балаларды
қоғамдық бассейнге жөргекпен кіргізуге болмайды, оның орнына оларды дәретханаға баруға
үйреткен жөн, оларға міндетті түрде арнайы балалар костюмдерін кигізген дұрыс.
Жүзу бассейндегі суды дайындау
Көптеген зерттеулер бойынша, бассейн ваннасындағы судың сапасы суды
залалсыздандыру жүйесі мен әдісіне тәуелді. Су алмасу сызбасына қарамастан
(тура, рециркулярлы немесе құю) жалпы талаптар орындалуы тиіс – суды
міндетті түрде дезинфекциялау керек.
Алайда, қазіргі бассейндерде су алмасудың рециркулярлы түрі пайдаланылады.
Тура келетін сызба экономды және техникалық емес, бассейндегі су толық
жаңаруы тиіс, ал ол ондаған тонна су. Құю сызбасы қазіргі талаптарға сай
келмейді. Бассейндегі тұрған су бактериялардың көбеюіне мүмкіндік береді.
Мұндай бассейнге түсу 2-3 күннен кейін қауіпті, ал апта өткен соң су кірлеп,
жасыл немесе сары түсті болып иістенеді.
Бассейндегі суды дезинфекциялау реагентті, реагентсіз және
құрамдастырылған болады.
Реагентті әдіске хлорлау, озондау, олигодинамия (иондарымен өңдеу, күміс, мыс
және т. б.), бромдау, йодтау және т. б.
Реагентсіз әдістеріне бактерицидті шұғылалы күн, ультрадыбыспен және т. б.
өңдеу жатады. Мұндай дезинфекция әдісі судың сапалы-эстетикалық
көрсеткіштері айтарлықтай жақсартады, атап айтқанда: су көзді
тітіркендірмейді және теріні құрғатпайды, шашты тітіркендірмейді және
галогендерді (хлор және бром) пайдаланған жағдайдағы аллергиялық реакция
тудырмайды. Сондай-ақ, суда рН оңтайлы деңгейі тұрады (7,2 - 7,5) және оны
реттеуге қажеттілік болмайды.
Су сапасына қойылатын талаптар:
Адамға суға түскенде, аузына, мұрнына, көзіне, құлағына су кіруі мүмкін.
Сондықтан да, судың санитарлық-гигиеналық көрсеткіштері ауыз
судікіндей болуы шарт. Бұл, негізінен, су сапасының органолептикалық,
токсикологиялық және микробиологиялық көрсеткіштері жоғары
санитарлық-гигиеналық сенімділігімен қамтамасыз етеді.
Бассейндегі суға оған келушілерден гөрі ауадан да бактериялардың
көбеюіне қолайлы орта болуы мүмкін. Көптеген зерттеушілер
көрсеткендей, бассейнде ластанудың негізі – келушілер, мысалы, бір
адамдағы бактерияның саны он мыңға жетуі мүмкін. Сондықтан,
бассейндегі су бактериялық ластанудағы бактерицидті және жоюға
қабілетті болуы керек.
Судың сапасы бойынша бағаланады үш параметр: физикалық, химиялық
және бактериологиялық:
Физикалық – мөлдірлігі, лайлылығы, түсі, иісі, температурасы.
Химиялық – тотығу, рН, хлоридтер саны, аммиак, алюминий, фтор, темір,
хлор, озон.
Бактериологиялық – жалпы бактериялардың (саны/литр), су құрамында
,
ауру тудыратын бактериялар.
Су сапасына қойылатын талаптар:
• Шаруашылық – ауыз су және бассейндегі су СанПиН «Ауыз су»
талаптарына сәйкес келуі тиіс; қажет су мөлдір және төмен түсі,
жағымды сыртқы түрі (көк-көгілдір), күрт хлор иісі болмай және көз
бен мұрынды тітіркенбеуі керек.
СанПиН бекіткен су шаруашылық – ауыз су және мәдени-тұрмыстық
су талаптарына сай бассейндегі суға химиялық заттардың ПДК-дан
(рұқсат етілген концентрация) жоғарысы рұқсат етілмейді.
Рециркулярлы бассейндегі хлордың көбеюі 50-60 мг/л дейін, ал
альбуминоид және минералды аммиак - 0,05 мг/л дейін. Ластанған
судағы қышқылдың көлемі 4 мг/литр –ден аспауы тиіс.
Суда нитрат және басқа да азот түрлері табылса, ол бактериалды
ластану болып табылады. Сондықтан да, қайта тексерудің қажеттілігі
туындап, энтерокок көлемі 10 мл 1-ден аспауы тиіс. СанПиН 2.1.2.568-
96 талаптарына сай бассейндегі судың температурасы 24-26°С, ал
балалар үшін - 30°С.
1. Бассейндер бөлек тұрған ғимараттарда, қоғамдық ғимараттарға
жапсарлас салынған (немесе ішіне салынған) үй-жайларда
орналастырылады. Бассейндер тұрғын ғимараттарда орналастырылған
жағдайда қабатаралық жабындар будан, жылудан, ылғалдан және
дыбыстан оқшаулауды қамтамасыз етеді.
2. Аквапарктер тұрғын, саябақ немесе рекреациялық аймақта оқшау тұрған
аумақта орналастырылады.
3. Бассейн үй-жайларының құрамына: киім ілетін орны бар вестибюль,
ерлер мен әйелдерге арналған шешіну-киіну орындары, себезгі бөлмелері,
санитариялық тораптар, ваннасы бар зал, персоналға арналған тұрмыстық
үй-жайлар, спорт мүкәммалын сақтауға арналған қоймалар, жинау
мүкәммалын, жуу және дезинфекциялау құралдарын сақтауға арналған
қоймалар, әкімшілік үй-жайлар, медициналық персоналға арналған кабинет
кіреді.
4. Бассейн үй-жайларының ішін жоспарлау келушілер (шешіну-киіну орны-
себезгі бөлмесі-бассейн ваннасы) қозғалысының реттілігін қамтамасыз
5. Бассейн ванналарының көлемі бассейнге келуші ересектер үшін бір
адамға шаққанда кемінде 5 м2, балалар үшін кемінде 4 м2 болуы тиіс.
6. Шешіну-киіну орындары киім сақтауға арналған жеке шкафтармен және
отыруға арналған орындықтармен жабдықталады.
7. Айналма жолдар, бассейн ваннасының қабырғалары мен түбі су
өтпейтін материалдардан жасалады, ванна зал құрылысының ішкі беті
ылғалға төзімді материалдардан жасалады. Айналма жолдардың
бассейн ваннасының түбінің жабын материалдары оларды тазалау
және дезинфекциялау мүмкіндігін қамтамасыз етеді, қолданылатын
химиялық реагенттер мен дезинфекциялау құралдарының әсеріне
төзімді болады.
8. Себезгіден бассейн ваннасына дейінгі жүретін жолда ағынды сулы
аяқ ванналар орналастырылады, олардың көлемі айналып өту
мүмкіндігін болдырмайды. Бассейннің себезгі бөлмесінен айналып өту
жолына тікелей шығатын жағдайда аяқ ваннасының болмауына жол
беріледі.
9. Бассейн себезгілері өтпелі болуы және шешінетін орыннан айналма
жолына баратын бағытта орналасады, кабиналармен, жеке
араластырғыштармен, ыстық және суық су желісімен, гигиена
заттарына, сүлгілер мен жөкелерге арналған құрылғылармен
жабдықталады.
10. Судың ластанған жоғарғы қабатын тазарту суды ауыстырып
құятын науалармен су бұру жүйелеріне жіберу арқылы жүргізіледі.
11.Теңіз суымен толтырылған бассейндер үшін су алу орнын таңдау, нөсерлі жаңбыр суынан және
сарқынды судан, өзендерден, порттардан, айлақтар мен жағажайлардан шығатын ластанған су
көздерінің әсерінен тыс жердегі теңіз учаскесінің санитариялық жағдайы және судың сапасы
ескеріле отырып жүргізіледі.
12. Бассейндерде рециркуляциялық немесе су ауыстырудың ағынды жүйесі қолданылады немесе
бір мезетте бассейнді дезинфекциялай отырып, күнтізбелік 7 күнде кемінде бір рет судың толық
ауыстырылуы қамтамасыз етіледі. Теңіз суымен толтырылған бассейндерде рециркуляциялық
жүйені пайдалануға жол берілмейді.
13.Спорттық-сауықтыру бассейндерінде су алмастырудың рециркуляциялық жүйесі, шағын
бассейндерде (ванна көлемі 70 м аспаса) судың толассыз ағысы қолданылады.
14. Рециркуляциялық ауыстыру жағдайында бассейн жұмысының әрбір 8 сағатқа есептегенде
кемінде 10 пайыз (бұдан әрі - %) су құбырының таза суын үздіксіз қоса отырып, су тазаланады
және зарарсыздандырылады.
15. Суды тазалау, зарарсыздандыру және тарату құрылыстары жұмыстың тиімділігімен
қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Әрбір ванна өзінің реагенттерді автоматты түрде дозалауды
және судың тұрақты температурасын қамтамасыз ететін су дайындау жүйесімен жабдықталады.
16. Ванналарға жіберілетін су зарарсыздандырылады (хлорлану, бромдалу, озондалу,
ультракүлгінді сәулелендіру).
әдісі (ультракүлгінді сәулелендіру) қолданылады.
17. Ванналар оған жұмсалатын, рециркуляция жүйесіне түсетін, қосылатын таза су шығындарын
есептейтін өлшеуіштермен, зерттеу үшін су сынамасын алуға арналған шүмектермен
жабдықталады.
18. Ванна түбі су бұру желісінен төмен орналасқан жағдайда ваннаны босату
сорғының көмегімен жүзеге асырылады.
19. Су бұру жүйесінен ванналарға су ағынының кері ағып келуіне жол берілмейді.
20. Жабық жүзу бассейндерінің негізгі үй-жайлары микроклиматының
параметрлеріне қойылатын талаптар осы Санитариялық қағидаларға 3-
қосымшада белгіленген.
21. Бассейн ванналарының залдары, дайындық сабақтарына арналған залдар,
хлорлау немесе озондау үй-жайлары сору және сыртқа тарату желдеткішінің
жеке жүйелерімен жабдықталады.
22. Жүзушілердің тыныс алу аймағындағы ауадағы бос хлордың шоғырлануы бір
текше метрге 0,1 миллиграммнан (бұдан әрі - мг/м3), озон - 0,16 мг/м3 аспауы
тиіс.
23. Ваннасы бар бассейн залы табиғи жарықтандырылумен қамтамасыз етіледі.
Жарық ойықтарының көлемі су үсті көлемін қоса алғандағы бассейн үй-жайлары
көлемінің 20 %-нан кем болмайды. Жарық ойықтарының басым бөлігі
фрамугалармен немесе желкөздермен жабдықталады.
24. Су бетінің неғұрлым аз жарықтандырылуы 100 люкс (бұдан әрі - лк), суға секіру
бассейндерінде - 150 лк., су добы үшін 200 лк. құрайды. Барлық бассейндерде
іске қосылған жарықтандырудан басқа су бетін 5 лк. кем емес жарықтандыруды
қамтамасыз ететін автономды авариялық жарықтандыру көзделеді.
25. Күрделі және ағымдағы жөндеулер, инженерлік жабдықтарды ауыстыру,
суды ағызу және ваннаға жаңа су толтыру олардың санитариялық-
техникалық күйіне, зертханалық бақылау нәтижелеріне және халықтың
санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік
орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің ұйғарымдарына
(қаулыларына) байланысты жүргізіледі.
26. Реагенттер, сумен жанасатын материалдар сапасы мен қауіпсіздігі
жөніндегі құжаттары болғанда қолданылады.
27. Маусымдық бассейндерде су құбырынан келетін су болмаған жағдайда
жер үсті немесе жер асты көздерінің суын, оны күн сайын ауыстырып
отырған жағдайда, қолдануға жол беріледі.
28. Ванна суды ауыстырып құятын науалардың ернеуіне дейін толтырылады,
ол толық толтырылмаған жағдайда қолдануға жол берілмейді.
29. Залда шу деңгейі 60 децибелден (бұдан әрі - дБА) аспауы керек, сабақтар
өткізу және жарыстар уақытында тиісінше 82 дБА және 110 дБА-ға дейін.
30. Әрбір жүзу сабағы өтер алдында объектінің немесе шаруашылық
орындарындағы температура мен салыстырмалы ауа ылғалдылығы,
бассейн суының температурасы мен ванна суындағы дезинфекциялау
құралдарының қалдық шоғырлануы көрсеткіштеріне бақылау жүргізеді.
31. Бассейн ваннасын дезинфекциялау су ағызылғаннан кейін және дезинфекциялау құралдарымен екі рет шаю
әдісімен ваннаны механикалық тазалау арқылы жүргізіледі. Активті хлор ерітіндісін шаю, оны жаққаннан
кейін бір сағат өткен соң, жылы сумен жүргізіледі.
32. Бассейннің рециркуляциялық үлгідегі ваннасын дезинфекциялау күнтізбелік 7 күнде кемінде бір рет
жүргізіледі.
33. Бассейннің рециркуляциялық үлгідегі ваннасын зарарсыздандыру кезінде судың 1 адамға шаққандағы
шығыны:
1) суды хлорлау және бромдау кезінде – сағатына 2 текше метрден (бұдан әрі – м3/с) кем емес;
2) суды ультракүлгін сәулемен өңдегенде – кемінде 1,8 м3/с;
3) суды озондағанда – кемінде 1,6 м3/с.
34. Бассейннің ағынды үлгідегі ваннасындағы бір сағаттық су шығыны жүзуге үйрету ваннасының көлемінің
кемінде 20–25 %-ын, қалған жағдайда ванна көлемінің кемінде 15 %-ын құрайды.
35. Бассейнді пайдалану үзілісі ұзақ болған кезде (6 және одан да астам сағат) бассейн ванналарының суындағы
дезинфекциялау құралдары бос хлордың қалдық шоғырлануынан текше дециметрге 1,5 миллиграммен (бұдан
әрі – мг/дм3)) қамтамасыз етіледі.
36. Бассейн суы сапасының көрсеткіштері осы Санитариялық қағидаларға 4-қосымшада көрсетілген
деңгейлерден аспайды.
Суды ас тұзы электролизімен алынатын натрий гипохлоритімен зарарсыздандырған кезде бассейн
ваннасындағы хлоридтердің 700 мг/дм3 дейінгі құрамына жол беріледі.
37. Бассейннің үй-жайлары мен ванналарын күн сайын жинау жұмыс күнінің
соңында, қажет болған жағдайда, ауысым арасындағы үзіліс кезінде
жүргізіледі. Үй-жайларды жинаумен қоса айналма жолдарды, еденді,
орындықтарды, кілемшелерді, есік тұтқаларын, тұтқаларды және
басқаларды дезинфекциялау жүзеге асырылады.
38. Бассейндердің үй-жайлары мен ванналарды күрделі жинау айына бір
реттен сиретпей жүргізіледі.
39. Бассейнде жүзумен айналысатын адамдар шомылатын киім (плавки,
купальник), ылғалға төзімді материалдан жасалған ауыстырылатын аяқ
киім, сүлгі, денесін жууға арналған жуғыш заттар, губка (жөке), резеңке
бас киімді (бассейн ванналарының суын шашпен ластауды болдырмау
үшін) пайдаланады, бассейн залына шығу алдында себезгі (шомылуға
арналған киімсіз) қабылдайды.
40. Өндірістік бақылау жүргізудің ұсынылатын жиілігі осы Санитариялық
қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес айқындалады.
Бассейн суының сапасына өндірістік бақылауды бассейннің өндірістік
41. Су сынамалары екі нүктеден - бассейн ванналарының судың бетінен 25-
30 см терең және тайыз тереңдіктегі бөлігінен алынады.
42. Өндірістік зертханалық бақылау тәртібінде жүргізілген талдаулардың нәтижелері
қанағаттанарлықсыз болған жағдайда, ақпарат 24 сағат ішінде міндетті түрде халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық
бөлімшесіне жіберіледі.
Бассейн жабылады, бассейннің қалыбы шайылады және дезинфекцияланады, күрделі жинау, қажет
болған жағдайда қосымша микробиологиялық және паразитологиялық зерттеулер жүргізіледі.
ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
.ТОКАНОВА Ш.Е
ЖАНДАУЛЕТОВА М.Б «ЖАЛПЫ ГИГИЕНА
ТОРГАУТОВ Б.К «ЖАЛПЫ ГИГИЕНА»
А.М.БОЛЬШАКОВ «ЖАЛПЫ ГИГИЕНА »
GOOGLE.KZ
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!!!

Ұқсас жұмыстар
Дүниежүзілік мұхиттың экологиялық мәселелері
Фторды бос күйінде алғаш француз химигі
Өсімдіктердің ұрпақ шығаруы және көбеюі, жолдары
Қалдығайты өзен суының химиялық құрамы мен экологиясы
Радиоактивті қалдықтардың болуы
Топырақтың экологиялық проблемалары
Ерекше өзендер
Топырақ экологиясы
VIA топ элементтері
АТОМ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ
Пәндер