Залалсыздандыру әдістері



М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті
Факультеті: Қоғамдық денсаулық сақтау
Кафедра: Комуналды гигиена және еңбек гигиенасы
Тақырыбы: Суды залалсыздандыру және тазарту саласындағы ғылыми зерттеулер мен жетістіктер
Орындаған: Рахметова. С. С
Қабылдаған:Сакебаева. Л. Д
Ақтөбе, 2018

Жоспары:
Ауыз судың және сумен қамтамасыз ететін су көздерінің сапасын гигиеналық бағалау.
Судың сапасын жақсарту әдістері.

Сумен орталықтандырылған жүйе арқылы қамтамасыз ету саласындағы санитарлық бақылау-сумен қамтамасыз ету жобасына сараптама жүргізумен түсіндіріледі. Сараптама мақсаты -адам денсаулығына қауіпсіз және зиянсыз сумен қамтамасыз ету.



Ауыз сумен қамтамасыз ететін су көздері ретінде суы терең өзендерді немесе антропогенді ластануға ұшырамайтын (биік таулы) су көздерін пайдаланады. Ретке келтірілген су қоймаларының санитарлық жағдайын анықтайтын басты фактор оларды дұрыс пайдалану тәртібі болып табылады. Бұл бірінші кезекте - су қоймаларының маңында өндірістік кәсіпорындарды және елді мекендерді орналастыруды шектеу.

Су көздерін таңдаудың негізгі көрсеткіші - оның санитарлық тұрғыда сенімділігі. Осы мақсатта барлық су көздерінің ішінен санитарлық күзету аймағын ұйымдастыруға болатынын таңдап алу керек.

ГОСТ 2761-84 бойынша сумен қамтамасыз ету көзі оның санитарлық тиімділігіне сәйкес және ГОСТ 2874-82 бойынша суына жарамды болуы керек.


Жер асты суларын зерттеу бағдарламасына химиялық зиянсыздығы мен эпидемиялық қауіпсіздігінің көрсеткіштері кіреді.


Тұщы су көздеріндегі судың құрамы келесі талаптарға сәйкес болуы керек:
Құрғақ қалдық
1000 мг/дм³ (СЭС-тің келісімімен 1500 мг/дм³ дейін)
Хлоридтер
350 мг/дм³-ден артық емес
Сульфаттар
500 мг/дм ³-тен артықемес
Жалпы кермектілігі
7 мг/экв/дм³ (СЭС-тің келісімімен 10 мг/экв/дм³ дейін)
Химиялық заттардың концентрациясы шаруашылық-ауыз суы
мен мәдени-тұрмыстық мақсатта пайдаланатын суларға
арналып бекітілген ШРЕК-тен аспауы қажет.


ГОСТ 2874-82 «Ауыз суы». Осы құжатта судың көрсеткішкіштерінің 3 тобы көрсетілген:
Судың органолептикалық қасиеті
Түсі, мөлдірлігі, иісі, дәмі, қолайлы температурасы
Химиялық құрамы
Судағы улы химиялық заттар концентрациясы тиісті кон-центрациядан аспауы қажет
Эпидемиологиялық
көрсеткіштері
Су құрамында гельминттер жұмыртқасы, вирустар, бактериялар, патогенді қарапайымдылар болмауы керек

Су сапасының органолептикалық қасиет-теріне қойылатын гигиеналық талаптар:
Көрсеткіштердің аты
Норматив бойынша
20°С және 60°С-ге қыздырғандағы иісі, балл
2
20°С-дегі . . . балл
2
Түсі, градусы
20
Стандартты шкала бойынша лайлылығы, мг/л
1, 5
Ескерту: Санитарлық-эпидемиологиялық қызметкерлердің келісімімен су түсі
35 °С-дейін, лайлылығы 2 мг/л дейін жарамды болып табылады.

Судың органолептикалық қасиеттеріне әсер ететін химиялық заттардың нормативі
№
Көрсеткіштердің аты
Норматив
1
Сутектік көрсеткіш, РН
6, 0-9, 0
2
Темір, мг/л
0, 3
3
Жалпы қаттылығы, мг/л
7, 0
4
Марганец, мг/л
0, 1
5
Сынап, мг/л
1, 0
6
Қалдық полифосфаттар, РО³ ̄ мг/л
3, 5
7
Сульфаттар, мг/л
500, 0
8
Құрғақ қалдық, мг/л
1000, 0
9
Хлоридтер, мг/л
350, 0
10
Цинк, мг/л
5, 0

ГОСТ 2874-82. Судың эпидемиологиялық
қауіпсіздігін сипаттайтын көрсеткіштер:
Көрсеткіштер
Нормативтер
1 мм² судағы микроорганизмдер саны
100
1 л судағы ішек таяқшаларының саны/коли-индекс
3
Коли-титр/мл
333

Су лайлығы-судағы минералдық және органикалық қоспалардың санына тәуелді.
Түсі-суға сары, қоңыр түс беретін гуминдік заттардың санына байланысты.
Иісі. Иіссіз су-иісі 2 баллдан аспайтын су.
Дәм мен дәмсіз. Дәмсіз су-дәмі 2 баллдан аспайтын суды айтады.

Судың көрсетілген нормативтерден ауытқуы оны тазарту мен технологиясының қажетті дәрежесін анықтайды.
Осы мақсатта сумен қамтамасыз ету тәжірибесінде кең таралған әдістер:
-Органолептикалық қасиетін жақсарту;
-Эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
-Химиялық құрамын қалыпқа келтіру.

Сумен қамтамасыз ету тәжірибесінде кең таралған әдістер
Органолептикалық
қасиетін жақсарту
Эпидемиологиялық
қауіпсіздігін қамта-
масыз ету
Химиялық құрамын
қалыпқа келтіру
Түссіздендіру,
тұщыландыру,
дезодорация
Залалсыздандыру
Фторсыздандыру,
темірсіздендіру,
газсыздандыру

Қоспаларды коагуляциялау.
Коагуляция процесі дегеніміз-молекулалық тартылыс күшінің әсерінен молекулалардың өзара жабысуы нәтижесінде өлшенді бөлшектердің іріленуі.


Коагуляция процесі екі сатыда орындалады:
1. Коагулянттардың бөлшектері қоспалармен жабысады, ал соңында қоспалар бір-бірімен жабысады.
2. Коагулянттың гидротоптық үлпектері түзіліп, оған қоспалар жиналады. Жанасу нәтижесінде үлпектер бір-бірімен қосылып, іріленеді және қоспаға түседі.

Іс жүзінде коагулянт ретінде көбінесе су температурасы әсер етпейтін темір препараттарын (темір купоросы-FeSO4, темір хлориді-FeСL3) қолданылады. Бірақ темір препараттармен жүретін коагуляция үрдісі рн-8-ден жоғары болған кезде ғана жүруі мүмкін.

Коагуляция тиімді жүру үшін суды реагенттермен біркелкі араластырып отыру қажет, ол үшін тазартқыш қондырғыларында араластырғыштар қолданылады.

Тұндырғыштар суды мөлдірлендірудің бірінші сатысы болып табылады. Олар сүзгілердің жұмысын жеңілдетеді және заттарды 10-20 мг/л-ге дейін азайтады. Тұндырғыштың жұмыс тиімділігі оның сыйымдылығына тура пропорционал.
Судың қозғалу бағытына байланысты тұндырғыштар
Көлденең
Тік
Радиальды

Көлденең тұндырғыштар: тік бұрышты, ұзындығы 40-100 м болатын резервуары бар, онда судың баяу жылжуы нәтижесінде өлшенділер тұнбаға түседі. Тұндырғыштағы судың қозғалу жылдамдығы 2-4 мм/сек.
1
2
1
2
1-сурет. Көлденең тұндырғыштың схемасы. 1-ластанған судың түсуі; 2-тұндырылған судың шығуы.

Радиальды тұндырғыштар: тұндыру-дың екі сатылы жүйесінде бірінші сатысы ретінде қолданылады. Оның ерекшелігі-тұнбаны механикалық жолмен тазарту. Лайлылығы өте жоғары суды мөлдірлеу үшін пайдаланылады, яғни салыстырмалы түрде аз қолданылады.

Суды сүзу - суды тазартудың бірінші сатысы араластырғыштан, үлпек сүзу камерасынан, тұндырғыштардан немесе мөлдірлегіштен тұрады. Екінші сатысының құрылымына сүзгілер енеді. Кәдімгі құмды сүзгі-сүзгіш құм қабатынан, ұстап тұратын гравий қабатынан, сүзілген су жиналатын тесікті құбырлардан тұрады.

Сүзгілердің жұмыс тиімділігін анықтайтын негізгі параметрі-м/сағ-пен көрсетілген сүзу жылдамдығы.

Суды дегазациялау-суды күкірт сутегі және басқа да жағымсыз иісті газдардан тазарту үшін жүргізіледі. Бұл үшін суды аэрациялау, яғни ауаны оттегімен байыту қолданылады. Бұл былай жүзеге асады:
-жаңбырлату арқылы (су тамшысы неғұрлым кішірек болса, соғұрлым дегазация толығырақ жүреді) ;
-фонтандау арқылы;
-ағаш торлы қабаттары бар шашыратқыштан және мұнарадан тұратын градирня (тұзын алу үшін тұзды суды құрғататын орын) ;
-барботаждау - су қабатынан компрессор арқылы ауа үрлеп өткізу.

Суды жұмсарту оны кальций мен магний элементтерінен толық немесе жартылай тазарту үшін қолданылады. Реагентті, ионды алмасу, термиялық немесе осы барлық әдістер комбинациланып қолданылады.

Суды дезодарациялау-суға органикалық емес қосылыстардың енуіне байланысты пайда болатын иісі мен дәмділігін жойып, оның минералдық құрамын жақсарту үрдісі. Негізінен табиғи жер беті суларында органикалық заттардың болуына байланысты биогенді иісі мен дәмділігі болуы мүмкін. Суды тазарту және хлорлау судың бұл қасиеттерін едәуір мөлшерде жояды, бірақ түбегейлі емес, сондықтан бұл жағдайда көбіне арнайы өңдеу әдістерін қажет етеді.

Суды залалсыздандыру әдістері. Ашық су көздерінде микроорганизмдер, соның ішінде патогенді түрлері де көп болады. Кейбір жағдайларда эпидемиялық тұрғыда жер асты сулары да қауіпті болуы мүмкін.
Суды қамтамасыз ету тәжірибесінде пайдаланатын суды тазарту әдістері оның бактериялық ластануын едәуір төмендетеді, бірақ эпидемиялық қауіпсіздігін толық қамтамасыз ете алмайды.


- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz