Абайдың табиғат лирикасы жайлы


Slide 1

Абайдың табиғат лирикасы

Slide 2

Абай Құнанбаев (1845-1904)

Абай Құнанбаев 1845 жылы Семей облысының Шыңғыстау өңiрiнде дүниеге келген. Алғашында Абай өз аулында жалдамалы молдадан бiлiм алды. Кейiн ауқатты Құнанбай баласын Семейдегi Ахмет Ризаның медресесiне оқуға бердi. Медреседе ол Шығыс әдебиетiн көп оқыды, қаладағы орыс мектебiне барып жүрдi. Мектепте жүрген шағында ақындық талабын байқата бастады. Алайда аға сұлтан Құнанбай Абайдың қаладағы оқуын аяқтатпады. Абайдың әндерi, өлеңдерi қазақ даласына кең тарады. Абай шығармаларының терең пәлсапалық ойлары - кейінгі ұрпаққа қалған өшпес мұра.

Slide 3

Табиғат лирикасы

Сыншы

Композитор

Философ

Махаббат лирикасы

Аудармашы

Ұлы ақын

Slide 4

Лирика

Бүгін біз Абайдың табиғат лирикасы

жайында сөз етпекпіз. Ең алдымен

«лирика»деген сөзге түсініктеме беріп алайық.

Лирика дегеніміз - ақынның ішкі жан-

дүниесінің сезім күшімен тебірене толқуы, өз

басының көңіл-күйі, күйініш-сүйініші.

Лириканың 4 түрі бар.

1. Философиялық

2. Саяси

3. Махаббат

4. Табиғат.

Slide 5

АБАЙДЫҢ ТАБИҒАТ ЛИРИКАСЫ

Абайдың табиғат лирикасы жалаң келмей, жамыраңқы келеді. Оның пейзажы қимылға, адаммен қарым-қатынасқа, мағыналыққа толы. Абайдың пейзажы біздің қанымызға дарып, санамызға сіңіп кеткен. Көктем келсе, біз Абайдың сөгілген бұлтын, ойнаған найзағайын еске аламыз. Жаз шықса, біз Абайдың көкорай шалғынына аунағандай боламыз. Күз болса, біз Абайдың дымқыл су бүріккен тұманына шомылғандай әсерленеміз. Қыс түссе, біз қалтыраған ақ сақалды шалды көз алдымызға елестетеміз. Абайдың самалы, сағымы, желі, жаңбыры, үскірігі, аязы баяғы күйінде тұрғандай сезінеміз. Оның байлығы баршамызға жетіп жататындай. Абайдың бір ұлылығы осында.

Slide 6

Өлеңдерді оқыңдар, ақынның табиғат лирикасына назар аударыңдар

Қыс

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

Жазғытұры

Жазғытұры қалмайды қыстың сызы, Масатыдай құлпырар жердің жүзі. Жан-жануар, адамзат анталаса, Ата-анадай елжірер күннің көзі.

Slide 7

Желсіз түнде жарық ай

Желсіз түнде жарық ай,

Сәулесі суда дірілдеп,

Ауылдың жаны терең сай,

Тасыған өзен күрілдеп.

Қалың ағаш жапырағы

Сыбырласып өзді-өзі,

Көрінбей жердің, топырағы,

Құлпырған жасыл жер жүзі.

Тау жаңғырып, ән қосып

Үрген ит пен айтаққа.

Келмеп пе едің жол тосып

Жолығуға аулаққа?

Slide 8

Сөздікпен жұмыс:

Жалаң - отдельный

Жамыраңқы - многогранный

Толы - полный

Дарып - внедряться, впитаться

Сіңіп кеткен - впитался

Сөгілген - распороться

Көкорай шалғын - луг

Аунағандай боламыз - как будто повалялись

Бүріккен - брызгать

Әсерленеміз - вдохновиться

Қалтыраған - дрожащий

Самалы - ветерок

Сағымы - мираж

Баршамызға - всем

Үскірігі - лютый мороз

Жетіп жататындай - хватит

Slide 9

Тест сұрақтарына жауап беру

1. Абай Құнанбаев кім?

а) ақын ә) дәрігер б) әртіс

2. Абай жасынан қандай

болды?

а) ақылсыз ә) ынталы, зерек

б) білімсіз

3. Абай Құнанбаев қайда

оқыды?

а) училищеде ә) институтта

б) медреседе

4. Ақын қысты кімге теңеген?

а) гүлге ә) малға

б) адамға

5. Ақ киімді” сөзін аудар.

а) белая борода

ә) белая одежда

б) белая бумага

6. Абайдың шын аты кім?

а) Әбдікәрім ә) Ибраһим

б) Әбдірахман

7. Абай қай жылы туды?

а) 1845 ә) 1935 б) 1965

8. Абай Құнанбаев қайда оқыды?

а) Қостанайда ә) Алматыда

б) Семейде

9. Абай қазақ халқын неге

шақырды?

а) мәдениетке, білімге ә) ойнауға

б) қыдыруға

10. “Зерек” сөзін аудар

а) умный ә) способный

б) красивый

Slide 10

Сұрақтар:

1. Абай Құнанбаев кім?

2. Ол қай жылы туған?

3. Абай жасынан қандай болды?

4. Абайдың табиғат лирикасына арналған

қандай өлеңдерін білесіңдер?

5. Әкесі оны қайда оқуға береді?

6. Абай кімнің шығармаларымен

танысады?

6. Ол қазақ халқын неге шақырады?


Ұқсас жұмыстар
Абайдың табиғат лирикасы
Абайдың лирика лирикасы
АБАЙ ЛИРИКАС
Бастауыш сыныпта оқытылатын Абай шығармалары
“Абай – дана, Абай – дара қазақта”. Ақпараттық жоба
Әдеби бағыт және ағым
Абай журналындағы еңбегі, 1924 жылғы
XIX ғасырдағы және XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің ақындары
Табиғатты жырлаған Абай өлеңдері
Абайдың ақындық еңбектерінің таралуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz