ЖҰМЫСЫН ЖҮРГІЗУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Презентация қосу
СТУДЕНТТІҢ ОҚУ
ҮРДІСІНДЕГІ ӨЗІНДІК
ЖҰМЫСЫН ЖҮРГІЗУ
ТЕХНОЛОГИЯСЫ
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
физика-техникалық факультеті
1 курс магистранты Жандеуова Ж.Ә.
Анықтама
• Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ) –
студент білімінің тереңдігі, дағдылары
мен біліктілігіне, білім меңгеруіне ықпал
ететін оқу процесінің ең негізгі
элементтерінің бірі. СӨЖ орындау
арқылы студент оқу процесінің белсенді
мүшесі бола отырып, өз ойын еркін,
сондай-ақ, нақты дәлелдермен жеткізе
алатын дағдыларды үйренеді және
меңгереді.
Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастырудың маңызы өте
зор. Өйткені, сол арқылы студенттердің іс-әрекетінің дербестігі
артады. Студенттің өзіндік жұмысы- кез-келген пәнді оқуға
өзіндік жұмыстың орындалу әдістерінің қалыптасуына
бағытталғанымен, бұл жұмыс- студенттің ғылыми, оқу кәсіби
қызметін қалыптастырып, мәселелерді өзіндік шешуіне
оптималды шешімдерді қабылдауға, дағдарыстық жағдайлардан
шығуға арналған. Сонымен қатар, студенттердің өзіндік
жұмыстарының тәрбиелік мағынасы өте зор. Өйткені, бұл
жұмыс студенттің білім алудағы жеке жұмысын ғана емес,
қазіргі заманғы жоғарғы кәсіби маманды тұлға рентінде
қалыптасуына мүмкіндік береді. Студенттің өзіндік жұмысын
белсендірудің тәсілдері ұйымдастырушылық және әдістемелік
болып бөлінеді. Әдістемелік жағынан белсендіру қолданылған
әдіс-тәсілдерге, студенттің өзіндік жұмысының формалары мен
ұйымдастыру құралдарына байланысты. Өзінідік жұмысты
оқытушының дұрыс басқара білу және студенттердің дербестік
әрекетінің дәрежесі артып отыруы- осы жұмыстың белгілері
болып табылады.
АҚШ ЖОО-да студенттердің өзіндік жұмысы, Ресей
ЖОО-ларына қарағанда, көлемі жағынан үлкен,
аталмыш тақырыпты тереңірек зерттеуге, жаңа
ғылыми кезеңдермен танысуға мүмкіндік береді,
студенттердің зерттеу дағдыларын қалыптастырады
және олардың шығармашылық бастауын басқа
студенттердің жұмысына зиян келтірмеуге мүмкіндік
береді (эссе, презентациялар, блогтар және т.б.
есебінен). Сабаққа дайындалу үшін қажетті жаңа
әдебиеттер міндетті түрде қосылады;
ғылыми мерзімді басылымдар;
семинарларда талқыланған мәселелер
сондай-ақ осы тақырып бойынша өзекті
мәселелерді тереңірек зерттейді.
Ресей ЖОО-да студенттердің өзіндік жұмысы негізгі 4 – функцияны қамтиды:
Біріншісі, студенттер оқу пәні бойынша сабақ барысында оқытушыдан қабылдаған ақпаратты
белсенді түрде жүзеге асыруы керек;
Екіншісі, студенттер оқытушының кеңесін негізге ала отырып, өз беттерімен оқу-әдістемелік
құралдарды, әдебиетерді оқып, үй тапсырмаларын, бақылау және курстық жұмыстарды орындайды.
Бұл кезеңде студенттер жұмыс атқару әдістерін біле отырып, өздеріне қатаң талап қоя білуі керек;
Үшіншісі, студенттер күрделі ситуацияларды талдай отырып, бір жүйеге келтіріп, бұлардың
себептерін түсініп, оқу материалын меңгере отырып, басқа да оқу әрекеттерін орындауы керек.
Студенттер шешілмейтін мәселелерді, проблемалық жағдайларды оқытушыға сұрақтар ретінде қояды
және бұл сұрақтарға өздеріде жауаптарын дайындайды;
Төртіншісі, студенттер оқытушыдан түсініктеме, кеңес, консультация алу үшін келеді.
Германиядағы жоғары оқу орындарында студенттердің
өзіндік жұмысын ұйымдастыру АҚШ-тан ерекшеленеді.
Әрбір сабаққа өздігінен дайындалу үшін ұқсас талаптар
бар болса, білімді басқару жүйесі мұнда әртүрлі. Жалпы
рейтинг қабылданбаған. Аргументтердің бірі
студенттердің семестрде өз уақыттарын көрсетуге көп
уақыт пен мүмкіндіктері болмауы, мұғалімнің
түсініктемелері уақыттың ең үлкен бөлігін алатыны.
Қойылатын бағалар тек осы студенттің білім сапасына
ғана байланысты және олардың басқа студенттердің
дайындалу мен ізденісін «байланыстыру» дегенді
білдірмейді.
Әр пәнді зерттеу барысында СӨЖ дара байланыста үш
форманы қамтиды:
1.Оқытушының
жетекшілігімен жүргізілетін
аудиториялық өзіндік жұмыс;
2.Аудиториядан тыс жұмыс;
3.Ғылыми–зерттеу жұмысы.
Қорытынды
• Қазіргі таңда ҚР-да білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес жоғарғы оқу
орындарындағы оқыту мен тәрбиелеу маңызы түбегейлі өзгеріп, бірінші кезекке
бұрынғыдай студентті пәндік білім, білік және дағдылардың белгілі бір
жиынтығымен қаруландыру емес, студенттің оқу-танымдық іс-әрекетін дұрыс
және тиімді ұйымдастырып, жаңа технологияларды пайдалана отырып жеке бас
тұлғасын қалыптастыру мақсаты алға қойылып отыр. Қазіргі педагогикалық
және психологиялық әдебиеттерде студенттердің танымдық іс-әрекетін сабақ
уақытында, сабақтан тыс уақытта және отбасы арасында қалыптастыру
мәселелері көптеп зерттелуде.
• Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі саясатындағы мақсаттың бірі –
жан-жақты, білімді, шығармашылық қабілетті, танымдық іс-әрекеті мен
белсенділігі жоғары жеке тұлғаны қалыптастыру. Білім беру мен оқыту
теориясының әдіснамалық негізі – таным теориясы және студент тұлғасын жан-
жақты және үйлесімді қалыптастыру туралы ілімі болып табылады. Ендеше
жоғары оқу орындарында студенттердің танымдық белсенділігін
қалыптастыруды арнайы ұйымдастыру оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты
болып саналады.
Әдебиеттер
1. Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы. – Астана, 2010.
2. Самостоятельная работа студентов: поиски, проблемы, решения //сборник под
ред. А. М. Юркова. – Ростов на Дону: Ростовский университет, 1991. –С.176.
3. Жукина Д.К. Кредиттік білім беру жүйесінде студенттердің шығармашылық іс-
әрекетін ұйымдастыру жолдары // Қазақстан педагогикалық хабаршысы. –
Алматы, №1. – 2006. – 63-65 б.
4. Нұрахметов Н.Н., Алдибекова К.Н., Ниязбаева А.И., Қазіргі оқытудағы
студенттің өз бетінше жасайтын жұмысының түрлері, оны орындаудағы әдіс-
тәсілдер //Ізденіс. – Алматы, 2007. -52-57 б - №3(2).
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz