Жүйке жүйесінің морфологиялық субстраты рефлекторлық доға


Slide 1

***

ИНТЕРННІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ

ТАҚЫРЫБЫ: ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДАҒЫ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ АНАТОМО-ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. НЕЙРООНТОГЕНЕЗ КӨЗҚАРАСЫНАН ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДАҒЫ НЕВРОЛОГИЯЛЫҚ ҚАРАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

ОРЫНДАҒАН: *

ТОБЫ :*

ТЕКСЕРГЕН: *.

АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ - 2019 ЖЫЛ

Slide 2

КІРІСПЕ

Жүйке жүйесі тірі ағзаның тіршілігін және негізгі қасиеті-тітіркенгіштікті қамтамасыз етіп, адамды сыртқы ішкі ортамен байланыстырады. Анатомиялық тұрғыдан жүйке жүйесі орталық және шеткі болып бөлінеді. Орталық Жүйке жүйесіне бас миы мен жұлын, шеткіге-шеткі жүйке түйіндері олардан шыққан талшықтар, талшықтардың терминальді ұштары жатады. Жүйке жүйесінің морфологиялық субстраты рефлекторлық доға. Жүйке жүйесі жүйке түтігі мен ганглиозды пластинкадан дамиды.

Slide 3

БАЛАЛАРДАҒЫ ОЖЖ-НІҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІГІ ДАМУЫНЫҢ ТОЛЫҚ ЖЕТІЛМЕУІМЕН СИПАТТАЛАДЫ. 7 ЖАСҚА ДЕЙІН МИ ҚАБЫ ЖӘНЕ МИ АСТЫ ҚАБЫНЫҢ КЛЕТКАЛЫҚ ҚҰРАМЫ ҚАРҚЫНДЫ ДИФФЕРЕНЦИАЦИЯЛАНАДЫ. ӘСІРЕСЕ АЛҒАШҚЫ ЕКІ ЖЫЛДА БАС МИЫНЫҢ КӨЛЕМІ ҰЛҒАЙЫП, ОРГАНИЗМ ҚЫЗМЕТІНІҢ АРТУЫ БАЙҚАЛАДЫ. ЖАЛПЫ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ҮДЕМЕЛІ ӨЗГЕРІСІ 20-25 ЖАСҚА ДЕЙІН ЖҮРЕДІ.

Балалардағы жүйке жүйесінің ерекшелігі

Slide 4

Баланың өмірі, өсуі мен дамуы оның жарық дүниеге келген күнінен басталмайды, ұрықтана бастаған кезінен басталады. Орталық нерв жүйесінің дұрыс қалыптасуы және оның одан кейінгі әрекеттері негізінен көптеген әсерлерге, соның ішінде ұрықтың даму жағдайына байланысты. Эмбрион мен ұрық миының дамуын әдетте үш кезеңге бөледі:

Ұрықтық кезеңнің бірінші триместрі - нерв жүйесінің алғашқы белгілері 3-ші аптада пайда болады. Алғашқыда ол пластинка сияқты болып ұрықтың арқа жағында орналасады. Жиектері қосылғаннан кейін пластинка нерв түтігіне айналады, оның алдыңғы жағы бірінен соң бірі үшке бөлінеді. Олар ми көпіршіктері деп аталады. Одан кейін алдыңғы және артқы көпіршіктер ортасынан бөлінеді де, бес ми көпіршіктері пайда болады. Алдыңғы ми көпіршігі мен ми жарты шарларында, 2- ші көпіршік арлық мида, 3-ші көпіршік - орталық мида, 4-ші көпіршік - Варолиев көпірінде және мишықта, 5-ші сопақша мида орналасады.

Slide 5

Ұрықтың нерв жүйесі тез өседі. Екінші айдың басында ми мен жұлынның барлық бөліктері қалыптасып үлгереді. Мидың жарты шарларының құрылысы өте тез өсіп жетіледі. Қатпарлары пайда болып, қыртыс қабаттары жекелене бастайды. Көру бұдыры мен капсула бөлінеді, мишық қалыптасып, қан тамырлары жетіле бастайды.

Ұрықтық кезеңнің екінші триместрі - бұл кезеңде құрылымдар өте тез өсіп морфологиялық жетіледі. Алтыншы айда ұрықтың миының сыртқы көрінісі ересек адамның миына ұқсас болып келеді. Бұл сатының ерекшелігі ішкі қуыстары мен мидың сыртқы қабаттарының арасында байланыс пайда болады. Вестибулярлық аппаратының құрылыстық және әрекеттік жетілуі, пирамидалық жолдардың миелинизациялану процессі басталады.

Ұрықтық кезеңнің үшінші триместрі - мидың бүкіл бөліктері өсіп, мидың жарты шарларының қатпарлары мен сайлары тереңденіп, күрделенеді. Ми қабатында клеткалық жіктелу басталады, пирамидалық жолдардың миелинизациясының алғашқы белгілері пайда болады. Ми қанмен қоректенуге көшеді.

Slide 6

Мидың тез өсуіне байланысты қалыптасуының қауіпті кезеңдері болады: ұрықтанудың 7-8 күні, 3-13 аптада мүшенің толық жүйе түрінде қалыптасуы және 18-22 аптада мидың биоэлектрлік жұмысы мен бейнелістік реакцияларында саралы өзгерістер жүреді. Осы кезеңдерде қатерлі фокторлардың әсер етуі орталық нерв жүйесінің ауытқуларына әкеліп соқтыруы мүмкін. Нерв жүйесінің кейбір бөліктері туған күннен бастап жетілген болып келеді, ол ересек адамның жүйке жұйесіне ұқсауы мүмкін және керісінше мидың кейбір құрылымдары тек қана туғаннан кейін жедел дамиды.

Slide 7

Жаңа туған нәрестенің миы үлкен, аумақты болып келеді. Салалары мен қатпарлары ірі болады, бірақ аласа және тайыз болып келеді. Ұсақ қатпарлар негізінен сәби туғаннан кейін пайда болады. Маңдайлық бөлігінің көлемі үлкен кісінікімен салыстырғанда кіші, ал желкелік бөлігі керісінше үлкен. Мишық әлсіз дамыған, жұқа болады, жарты мидың көлемі кішкентай және жоғарғы қатпарлары да сондай болып келеді. Бүйір қарыншалары өте үлкен, кең болады. Жаңа туған нәрестенің миының сұр заты ақ заттан нашар бөлінген, яғни нерв клеткалары негізінен ақ затта орналасады. Жасқа байланысты орналасу топографиясы, түрі, салалардың, қатпарлардың саны мен көлемі өзгереді. Әсіресе, бұл процестер алғашқы бірінші жылда қарқынды жүреді. Сонымен, мидың жарты шарларының аумағы 10-11 жасқа келгенде 1, 2 есе, сайлардың ұзындығы 2 есе, қабық көлемі 3, 5 есе үлкейеді екен. Бала неғұрлым жас болса, соғұрлым нерв жүйесінің өсу қарқыны тез жүреді. Әсіресе, бірінші үш айда өте тез өседі. Нерв клеткаларының жіктелуі 3 жасқа дейін жүреді, ал мидың қабығы 8 жаста құрылысы бойынша ересек адамның ми қабығына ұқсас болады. Миелинизациялану процессі ұрықтық кезеңнің 4-ші айында басталғанымен бір қалыпты жүрмейді. Төменгі жолдардың миелинизациялануы тек 6-шы айда басталса, ал пирамидалық жолдардың миелин талшықтары 9-шы айда пайда болады. Өте тез миелинизациялану туғаннан кейінгі 1 жылдың аяғы мен 2 жылдың басында, бала жүре бастаған кезде жүреді. Негізінен миеленизациялану процессі 3-5 жаста тоқтайды. Бірақ одан кейін де, мидың кейбір талшықтары миелин қабатына оралмай қалуы мүмкін. Яғни, ересек кезде ғана толық миелинизация тоқтайды екен. Мысалы: тангенциялды жолдардың миелинизациясы 30-40 жаста тоқтайды. Миеленизациялау процесі аяқталмай қалса, қозу жылдамдығының нерв талшықтары арқылы өтуі баяулайды.

Slide 8

Бала өмірге келген қарсаңында мидың тамыр жүйесі ересек адамдардыкіне сырттай ұқсас болады. Ми қанмен 4 артерия жүйесімен қамтамасыз етіледі. 2-уі ішкі ұйқы артериясы және 2 омыртқа артериясы. Сол жақ ми қан тамырлармен жақсырақ қамтамасыз етілген, себебі сол ұйқы артериясы қолқа доғасынан бөлінеді. Ересек адамдарға қарағанда ұрық пен жаңа туған сәбидің ми бетіндегі тамыр ұштастары (анастомоздар) саны көп болады. Өмірінің бірінші жылы еңбегі жабылғанға дейін, еңбегі жабылғаннан кейінгімен салыстырғанда мидағы қан айналу өзгеше болады. Сәбидің миы қатаймаған бас сүйекпен бірге солқылдап, қозғалып тұрады. Ол тыныс және жүректің түрткі соғысына сәйкес келеді.

Slide 9

Мидың көктамыр жүйесінің ерекшелігі, ол ми көктамырларының тікелей көктамыр үңгірінен өтуі. Көктамыр үңгірлері мидың қатты қабығының қуыстарынан жасалынады. Олардың көктамырдан айырмашылығы қабырғалары қатты, тығыз, қуысы ашық болады. Көктамыр үңгірлерінің осындай құрылысы бас сүйегінің ішіндегі қанның тез және бос өтуіне ықпал жасайды. Дегенімен үңгірлердің дұрыс жабылмауы қолайсыз жағдайларға әкеліп сотыруы мүмкін. Мысалы, бас сүйегінің тамырлармен қоса зақымдалуы. Ерте постнатальды кезендегі жуйке жуйесінің езгерістері оның жетілуімен байланысты өтеді. Нәрестенің ми қыртысында орналасқан нейрондарының ядро мен цитоплазмасының арақатынасы өте жоғары болады. Бала өскен сайын бұл көрсеткіш төмендей бастайды, өйткені жасушаларда цитоплазманың үлесі артады. өзгерістер 6ipiншi болып қыртыстың екінші және төртінші қабаттарында орныққан пирамидалық нейрондарда байқалады. Түйіршік-жасушаларда, Kiші пирамидалық нейрондарда аталған өзгерістер баяу дамиды. Уақыт алға озған сайын синаптикалық байланыстардың саны да өседі. Нәрестеде бас миы қыртысының кейбір алаңдарында, мысалы маңдай және самай иірімдері аймағында, аксондардың миелинді кабаттары болмайды. Олар бала туғаннан кейін бipaз уакыттан соң пайда болады. Жүйкелік талшықтар мен глияның мөлшері балаларда бipтe-бipтe арта бастайды.

Slide 10

Үлкен мидың қыртысының дамуы барысында ересек адамдарда, нәрестемен салыстырғанда, нейрондар сиректеу орналасады, бipaқ жасушалардың жалпы саны өзгермейді. Адамның өміpi ұзарған сайын нейрондардың саны біртіндеп азая бастайды. Жуйкелік жасушалардың санының азаюы егде тартқан және қартайған адамдарда қарқынды жүреді. Жүйке жүйесінің адамның егде тартқан шақтағы өзгерісі негізінен мидағы қан тамырларының склеротикалық өзгерістерімен тығыз байланысты. Балалардың бас ми нейрондары туғаннан кейін қалыптасады. Туған кезде үлкен ми жарты шар қыртысы нейрондары нейроглио-тамырлық байланыста болады. Бірақ көптеген нейрондар дұрыс емес формалы, өсінділері айқын емес, мөлшері кіші болады. Глиальды жасушалары ұсақ, қан тамырлары жұқа, капиллярлы торы сирек болады. Бұл кезеңде мидың жұмсақ және қан тамырлы(торлы) қабықтары қалыңдап, известелінеді (қатаяды) . Бас миының маңдай және төбе бөліктерінде атрофиялық өзгерістер байқалады. Нейрондарының саны азаяды, көлемі кішірейеді, базофильді заты жойылады, ядросы тығыздалып, пішіні өзгереді. Бас миының кыртысында зиянды әсерлердің салдарынан тез зақымдалатын жасушаларға үлкен көлемді пирамида тәрізді, ал мишыкта алмұрт тәрізді нейрондар жатады. Дифференциялану барысында жүйке жасушалары көбею қабілетінен айырылады.

Slide 11

БАЛАЛАРДЫҢ МИ ҚЫРТЫСЫНДА НЕЙРОНДАРДЫҢ ДАМУЫ

1 - нәрестеде

2-3 айлык балада

3-15 айлык балада

4-2 жастағы балада

Slide 12

ЖАСҚА БАЙЛАНЫСТЫ НЕЙРОНДАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

1- жаста бас ми нейрондарының жұлдыз және пирамида тәрізді болып түрленуі жүріп үлкейеді, дендрит - аксонды арборизациясы вертикальды бағытта дамиды.

3-жаста нейрондардың топтасқан байланыстары анықталады. Вертикальды дендритті, радиалды шоғырлар қалыптасады.

5-6 жаста нейрондардың полиморфтілігі жоғарылайды, олардың қызметтік мамандануы жүреді, ішкі горизонталдық байланыстар күрделеленеді.

Slide 13

Сыртқы ортаның залалды әcepлepi, әртүрлі iшкi ауытқулар жасушалардың закымдалуына әкеледі. Мысалы, миға келетін қанның мөлшерінің азаюы, уытты заттардың ықпалы, әртурлі стресстер, шамадан тыс мөлшерде жинақталған зиянды қалдық заттар (мысалы, липофусцин пигменті) нейрондарда қалпына келмейтін өзгерістердің қалыптасуына әкеледі. Ал бұл жағдай апоптоз жолымен жойылу бағдарламасының басталуына себеп болады. Басқалардан гөpi тезірек зақымдалатын нейроциттер қатарында сезімтал жасушалар көбірек анықталады. Қалған жасушаларда зат алмасу деңгейі қалыпты жағдаймен салыстырғанда көп төмендейді.

Slide 14

ПОСТНАТАЛЬДЫҚ ДАМУДЫҢ ҮШ «КРИТИКАЛЫҚ ПЕРИОДЫ» НЕМЕСЕ «ЖАСТЫҚ КРИЗИСІН» АЖЫРАТАДЫ.

Жасы

Өзгеретін фактор

салдары

2 -4 жасқа дейін

Ішкі әлеммен қатнасы сферасының дамуы,

Сөйлеу формасының дамуы,

Санасының дамуы.

Тәрбие талабының жоғарылауы,

Қимыл әрекетінің жоғарылауы.

6-8 жасқа дейін

Жаңа адамдар,

Жаңа достар,

Жаңа жауапкершілік

Қимыл әрекетінің төмендеуі.

11-15 жасқа дейін

Ішкі секреция бездерінің құрылысы мен қызметінің артуына байланысты гормоналдық баланс бұзылады.

Қарым -қатынас кеңістігі ұлғаяды

Жанұясы және мектеппен Конфликт,

Ашушаңдық мінез.

Slide 15

Бас сүйегі мен мидың даму ақаулары:

Экзенцефалия - бастың күмбезінің сүйектері және жұмсақ жамылғы тін жоқ болады(акрания) . Осыған байланысты мидың жұмсақ қабығымен жабылған үлкен жарты шарлар бөлек түйін сықылды томпайып тұрады.

Бас сүйегі мен мидың жарығы - бас сүйегінің мүкіс аймағында жарық томпайып шығып тұрады. Негізінен бас сүйектері қосылатын жерде байқалады: маңдай сүйектері арасында, мұрын негізінде, самай сүйегі мен төбе сүйегі аралығында.

Микроцефалия - баланың бас сүйектері мен мидың мөлшері кішкене болады. Негізгі анықтау шегі болып бас шеңберінің тиісті көрсеткіштерден 5 см кем болуы есептеледі. Көбіне тұқым қуалайтын ақау, бірақ көбіне туа бітетін ақаулар мен хромосомды аурулармен қосарланады. Макроцефалия (мегалоцефалия) - мидың салмағы мен мөлшерлерінің шектен тыс үлкеюі. Сонымен қатар, ми қатпарларының орналасуы менцито- архитектоникасы өзгереді. Психикалық дамуы тоқырайды, құрысу синдромы байқалады.

Гидроцефалия - мидың қарыншаларында немесе суборохнойдалды кеңістікке су жиналып, ми заттары семеді.

Краниосиностоздар - бас сүйектерінің жіктері ерте бітіп, бір немесе бірнеше бағытта өсуі шектеледі, деформация байқалады.

Краниостеноз - бас сүйегінің көлемінің әртүрлі жіктерінің ерте бітуіне байланысты кішіреюі. Осының салдарынан веналық қан айналымы бұзылып, бас сүйегінің ішкі қысымы жоғарылап, мидың дамуы тежеледі.

Slide 16

ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫ НЕВРОЛОГИЯЛЫҚ ҚАРАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Ұқсас жұмыстар
Нерв тіні
Орталық жүйке жүйесі. Нерв жүйесінің құрылысы
Мінез - құлықтың рефлекторлық табиғаты
ЖҰЛЫННЫҢ АРТҚЫ ОРТАЛЫҚ
Нерв жүйесінің қызметтері
Терінің құрылысы туралы
Жоғарғы дәрежелі жүйке әрекеті
Шартты рефлекстердің тежелуі
Торлы құрылым физиологиясы
Жүйке жүйесі туралы түсінік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz