Кәсіби этика және фармацевтикалық деонтология


Slide 1

СОӨЖ

МЕББМ «ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ»

НУО «КАЗАХСТАНСКО-РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ»

Тақырыбы: Кәсіби этика және фармацевтикалық деонтология

Орындаған: Нұрсұлтанқызы М.

Топ:201 А

Факультет: Фармация

Тексерген: Серікұлы Н.

Алматы қ. 2018ж

Slide 2

СОӨЖ

МЕББМ «ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ»

НУО «КАЗАХСТАНСКО-РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ»

Тақырыбы: Кәсіби этика және фармацевтикалық деонтология

Орындаған: Нұрсұлтанқызы М.

Топ:201 А

Факультет: Фармация

Тексерген: Серікұлы Н.

Алматы қ. 2018ж

Slide 3

Тақырыптың өзектілігі

Медициналық этикамен фармацевтикалық деонтологияның жақындығы, дәріханаға келетін науқастарға, олардың жақындарына психотерапиялық көмек көрсетуді күшейту. Бұрында фармацевтикалық қызметкерлердің беделі жоғары болса, қазір көпшіліктің жалпы білімдік деңгейінің өсуіне байланысты фармацевтердің көмегімен ұсынылған дәрілерге және өзге де емдеу заттарына олар сын көзбен қарайды, сондай-ақ адамдар гомеопатиялық заттарға да жүгінеді және өзін-өзі емдеумен де айналысады. Бұрын соңды көп көңіл бөлінбеген осындай мәселелердің туындауы, осы күні дәріхана қызметкерлерінің қызметтік міндетінің жоғары болуын талап етеді.

Slide 4

Мақсаты мен міндеті

Slide 5

Фармацевтикалық этика

Ең алғаш «этика» сөзін ежелгі грек философы Аристотель қолданған, ол мемлекет (саясат) пен жан (психология) туралы ілімдердің аралығынан орын алатын, адам мінез-құлқының жақсы әрекеттерін (ерліктік, сабырлылық және т. б. ) оқып-танитын ғылым. Фармация (грек. pharmakeіa - дәрі, дәріні қолдану) - денсаулық сақтау ісінің халыққа дәрімен көмек көрсетуді іске асыратын бір саласы. Фармацияның теориялық негізіне дәрілік заттарды анықтау, іздеу, оларды зерттеу, дайындау, қалыптау және шығару, сұрыптау, стандарттау, сақтау, тарату және фармациялық қызметті ұйымдастыру жатады.

Қазақстан Республикасында нарықтық экономика жағдайына бейімделу мақсатында фармацевтикалық саланы реформалау процесі жүргізілуде.

Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексін жүзеге асыруда дәрілік заттардың, медицина бұйымдарының және медициналық техникалардың айналымы саласын реттейтін нормативтік-құқықтық актілер жасалынды.

Мемлекеттік тарапынан көрсетіліп отырған қолдау сапалы фармацевтикалық өнім, тауарлардың номенклатуралары мен өндіріс көлемін жылсайын өсіруді қамтамасыз етуге бағытталған.

Slide 6

Фармацевтикалық этика - ол фармацевтикалық қызметкерлердің өз қызметін атқаруда қоғаммен, науқаспен, әріптестерімен, өзге топ адамдарымен (медициналық қызметкерлер, тексеруші орган қызметкерлері және т. б. ) қарым-қатынасында ұстанатын өнегелі мінез-құлқының формальды емес нормасының жиынтығы.

фармацевтикалық деонтология - фармацевт парызы және олардың кәсіби міндеттеріне қатынасы туралы ғылым. Оның екі аспекті бар: қызметтік және өнегелік (нравственный) . Фармацевтикалық этиканы фармацевтикалық деонтологияның теориясы ретінде қарастыру дұрыс деп есептеледі, себебі кез-келген кәсіби этикада кәсіби өнегенің заңдылықтары мен принциптері жасалады.

Slide 7

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ), Халықаралық фармацевттер одағының (FIP) және қайырымдылық пен адамгершілік қағидаларын ұстана отырып, сондай-ақ, фармацевтикалық қызметкерлердің қоғам алдындағы атқаратын қызметтері үшін өнегелі жауапкершілік пен жоғары рольдің тұрғанын сезіне отырып, фармацевтикалық қызметкерлердің кәсіби қызметінің басты мақсаты, шарттары және ұстанымдары сипатталды, солардың негізгісі мыналар:

әрбір адамның жынысына, жасына, нәсіліне, ұлттық тегіне, әлеуметтік мәртебесіне, діни және саяси сеніміне қарамастан оның өмірін қорғау және кәсіби парызы мен этикасының талаптарына сай қызмет атқару;

кәсіби деңгейін жоғары ұстау;

аурулар мен дәрігерлерді дәрілердің құндылығы туралы хабардар ету, дәрілік көмектің сапасына жауап беру;

кәсіби тәуелсіздігі;

дәрілік заттарды таңдауда, тағайындауда және қолдануда көмек көрсету;

әріптестермен жақсы қарым-қатынаста болу;

мамандыққа баулыған ұстаздарға құрмет көрсету, алғыс білдіру;

фармацевтикалық қоғамдастықтың бірігуі;

таңдаған мамандығы бойынша алған білімі мен қызметтік жағдайларында сәйкессіздіктің туындауы;

Slide 8

Фармацевтикалық қызметтің қоғаммен қарым- қатынасында фармацевт фармацевтикалық көмекті кез-келген адамға, яғни оның әлеуметтік жағдайына, жасына, тұрмыстық жағдайына, діни сеніміне, ұлтына байланыссыз көрсетеді.

Фармацевтикалық қызметкердің науқаспен қарым-қатынасы кезінде ашулануға, ренжуге, асығуға, шыдамсыздық танытуға, немқұрайдылық, төзімсіздік көрсетуге болмайды. Фармацевт пен дәрігердің жалпы ортақ мақсаты - науқас денсаулығын түзеу, сондықтан олар бір-бірімен үнемі бірігіп қызмет атқаруы қажет.

Дәрігер мен науқас, фармацевт пен науқас қатысының кеңдігі медициналық және фармацевтикалық деонтология алдына белгілі бір міндеттерді қояды. Фармацевтикалық қызметкердің медицина мен саудадан ерекшелінетін бірқатар функциялары бар. Фармацевт дәрігер мен науқас арасында аралық қызметті атқара отырып, науқасты емдемейді, оған тек дәрі-дәрмекпен көмек көрсетеді.

Slide 9

Фармацевттің міндеті Фармацевтикалық деонтологияның - халық денсаулығын сақтаудағы атқаратын жұмысының сапасының жоғары болуын, емнің пайдасының көп болуын қамтамасыз ететін фармацевтің парызы кезіндегі фармацевт мінез-құлқының қағидалары туралы ғылым.

Фармацевтикалық деонтологияның негізгі категорияларына мыналар жатады: парызы, міндеті, жауапкершілігі, ұятының болуы, рақымшылық (сострадание), біреуді уайымдау, жан ашу, жақсылық тілеу, қайырымдылық т. б. Фармацевтикалық іс-әрекетінде, мысалы дәріхананың жоспарын орындау мақсатында науқастарға мерзімі шығып кеткен дәрілерді босатуы «қылмыс» болып табылады.

Фармацевтикалық деонтологияның өзіндік зерттеу әдістері де бар. Оларға мыналар жатады: байқау, сауалнама (анкетирование), фармацевтер мен дәріханаға келушілерді сұраққа алу. Сұрақтар мен сауалнамалар және т. б. әртүрлі тақырыптарда жүргізіледі. Осындай зерттеулер барысында дәріханаларға келушілерден дәріхананың қызмет көрсетуі, ал фармацевтерден олардың жұмыс орнындағы микроклиматты жақсартуы мен өз қызметтеріне қаншалықты көңілдерінің тоятындығы туралы сұрауға болады. Ал дәрігер мен науқас арасындағы қатыстың сипатын «дұрыс жазылмаған рецептерді тіркейтін журнал», «шағымдар мен ұсыныстар кітабы» және т. б. байланыс көздері арқылы көруге болады. Провизор-науқас арасындағы қатыстың кейбір көріністерін фармацевтердің біліктілігін сынау кезінде, «Үздік мамандар» атты байқаулар өткізілгенде көруге болады. Мінсіз еңбек коэфициенттеріне талдау жүргізгенде, оларға жоғарыда атап көрсеткен фармацевт орындауға тиіс міндеттер мен парыздар, яғни фармацевтикалық деонтология қағидаларының орындалуы осы зерттеулерге негіз ретінде алынады.

Парыздар әртүрлі болады және соған сәйкес міндет деңгейлері де болады.

Slide 10
Ұқсас жұмыстар
Фармацевтикалық этика және деонтология
Этика және Дентология ұғымы
Медициналық этика
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЭТИКА ЖӘНЕ ДЕОНТОЛОГИЯ
Медицина қызметкерлерге қойылатын талаптар
Дәрігерлік этика
Дәрігерлік міндет және құпия
Фармацевтикалық көмек тұжырымдамасы
Дәрігерлік деонтология, семиология
Деонтология түсінігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz