ДНҚ репликациясы туралы қысқаша мәлімет


Slide 1

СОӨЖ

Тақырыбы: Эукариоттық ДНҚ-полимеразалар (ДНҚП)

МЕББМ «ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ»

НУО «КАЗАХСТАНСКО-РОССИЙСКИЙ

МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ»

Орындағандар: Нұрсұлтанқызы М.,

Омарова Г., Мамай М.

Топ:101 А

Факультет: Фармация

Тексерген: Жанатбекқызы Б.

Алматы қ. 2018ж

Slide 2

Жоспары

ДНҚ репликациясы туралы қысқаша мәлімет;

ДНҚ репликациясына қатысатын белоктар, соның ішінде ДНҚ-полимеразалар;

Эукариоттық ДНҚ-полимеразалар (ДНҚП)

Slide 3

ДНҚ репликациясы туралы қысқаша мәлімет

Репликация-нуклеин қышқылдары макромолекулаларының өзін-өзі өндіруі, генетикалық информацияның көбейіп ұрпақтан-ұрпаққа тасымалдануы.

Алғаш спиральдың екі тізбегі бір нүктеден бастап ажырай бастайды. Сонан кейін бір-бірінен алшақтап ажыраған әрбір тізбектердің бойына, оларға сәйкес жаңа тізбек синтезделіп, жана тізбек жасалу барысында ажыраған екі тізбекпен өзінің азоттық негіздері арқылы байланысып, онымен өз алдына жаңа спираль құрай бастайды. Сөйтіп алғашқы ДНҚ-ның екі тізбегі толық ажырап болғанда, екі жаңа спи-раль да жасалып бітеді. Алғашқы ДНҚ тізбегі ажырамай тұрғанындағы екінші ескі тізбегіне толық ұқсас боладыӘрине, бұл процесті де клеткадағы ферменттер жүргізедлі. ДНК тізбектерінің бағытгары қарама-қарсы екені белгілі. Жұмысына өте мұқият ферменттер жаңа тізбекті тек бір бағытта, яғни 5'- 3' бағытында ғана жасайды. Олай болса, ферменттер ажыраған тізбектердің біреуінің бойымен жаңа тізбекті жоғарыдан төмен қарай, ал екіншісінің бойымен төменнен жоғары қарай синтездейді. Ең қызығы жаңа тізбектер үздіксіз жасалмайды, ескі тізбектің бойында бірінен кейін бірі шағын ДНҚ фрагменттері пайда болып отырады. Ондай фрагменттердң ұзындығы қарапайым бактерияларда 200 нуклеотидтен тұрса, күрделі организмдерде ол 2000-ға жуык. Осындай фрагменттерді алғаш байқаған жапон ғалымы Р. Оказаки, сондықтан оларды оказаки фрагменттері деп атайды.

Slide 4

ДНҚ репликациясына қатысатын белоктар, соның ішінде ДНҚ-полимеразалар

ДНҚ еселенуі онын тізбектерінің ажырауынан басталады дедік. Ол тізбектерді хеликаза (хеликс-спираль) - дезоксирибонуклеаза ферменттері - ДНК молекуласының бойымен екі бағытта жоғары және төмен ажыратады. Нуклеотидтер жұптары мен ДНҚ~ның шиыршықты тізбегінің арасындағы сутектік байланыстары молекуланың бір жақ шетінде бірте-бірте үзіле бастайды және (ДНҚ) тізбектердің екеуі де бірінен бірі босай отырып, жазылады.

Тізбектердің ажырауы мен қосылуы ферменттердің ықпалымен жүреді. Ажыраған тізбектерде оказаки фрагменттері жасала бастайды. Әр фрагмент он шақты нуклеотидтен тұратын РНК, тізбегінен басталады. ДНҚ тізбегінің бойымен РНҚ түріндегі жаңа тізбекті праймаза (РНК, - полимераза) ферменті ғана бастай алады. Тізбекті бастаған РНҚ бөлшегінен ары қарай "ДНҚ - полимераза - 3" деген фермент ажыраған ДНҚ бөлігіне сәйкес етіп оказаки фрагментін синтездейді. Содан кейін басқа "ДНҚ полимераза - 1" ферменті фрагменттердің бастаушысы болған әлгі РНК, тізбегін ыдыратып жібереді. Енді кезек "ДНК-лигаза" деген ферментке келеді, Ол оказаки фрагменттерінің арасын ескі ажыраған тізбекке сәйкес етіп нуклеотидтермен толтырады. Ең соңында "ДНК полимераза - 2" ферменті көптеген фрагменттердің бірігуінен пайда болған жаңа тізбектің ңуклеотидтерінің ескі тізбегімен сәйкес келетіндігін тексереді. Егер қандай да бір нуклеотид өз орнында тұрмаса соңғы аталған фермент оны кесіп алып тастап, оның орнына тиісті нуклеотидті қояды.

Slide 5

Осындай әр түрлі қызмет аткаратын ферменттердін үйлесімді жұмыс жасауы тұқымдық, белгіні ДНК арқылы-синтездей алады, өиткені матрицалық тізбектің соңы бос 3'- ОН тобынан басталған, дәл осы соңғы бөлікке ғана өсетін ДНҚ тізбегінің келесі нуклеотиді комплементарлық ережеге сәйкес қосыла алады. Бұл тізбектің сннтезделуі, екінші тізбекке қараганда сәл ерте басталады, сол себепті ол «бастаушы» тізбек деп аталады.


Ұқсас жұмыстар
ДНҚ полимераза
ДНҚ - ның құрылысы
Репликация принциптері
Нуклеотид құрылысы
ДНҚ биосинтезі
Мезельсон-Сталь тәжірибесі, прокариоттардың және эукариоттардың ДНҚ репликациясы, ДНҚ денатурациясы және ренатурациясы
Прокариот ДНҚ - ның репликациясы
ДНҚ бөлімі
ТРАНСКРИПЦИЯ ФАКТОРЛАРЫ ЖӘНЕ ТРАНСКРИПЦИЯ КЕЗЕҢДЕРІ
транскрипцияның молекулалық негізі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz