Мұнай қоймасы




Презентация қосу
МҰНАЙ ГАЗ
КОМПЛЕКСІНДЕГІ
ҚОЙМАЛАУ
ЛОГИСТИКАСЫНЫҢ
ЕРЕКШЕЛІГІ

Орындаған: Арықбай Н
Тексерген: Абдикул Ш
Мұнай қоймасы

■ мұнай мен оның өңделген өнімдерін сақтайтын кешен. Құрамына
мұнай қорқоймалары, құбыр желілері, сорап станциялары тағы
басқа кіреді. Қорқоймалар орналастырылу тәсіліне қарай
жербетілік, жерастылық, суастылық болып ажыратылады. Мұнай
қоймасы мұнай кәсіпшіліктерінің, мұнай базаларының, сорап
станцияларының, мұнай және мұнай өнімдері арналық
құбырларының, мұнай айыру зауыттарының және мұнай-
химиялық кешендердің құрамында болуы ықтимал.
■ Мұнай және мұнай өнімдері үлкен қашықтыққа тасымалдаудың негізгі
түрлеріне теміржол, су, құбырөткізгіш және автомобильді жолдар жатады.
Кей жағдайда тұтынушыларға ұшақ пен вертолетпен жеткізіледі.
■ Мұнай мен мұнай өнімдерін темір жолда вагон –цистерналарда
тасымалдайды. Бұл өнімнің тек аз ғана бөлігі (2% жуық) кіші тараларда
тасымалданады (бөшке, контейнер, бидон және баллондар)
■ Су көлігінде (теңіз бен өзен) шикі мұнай және көптеген мұнай өнімдері
(бензин, керосин, дизельді отын, мазут және т.б.) өзі жүретін (танкер) және
өзі жүрмейтін (лихтерлар мен баржалар) типі кемелермен тасымалданады,
ал автомобильді тасымалдау мұнай өнімдерін үлкен мұнайбазаларынан кіші
мұнайбазаларына әрі қарай тұтынушыларға жеткізеді. Бұл жағдайларда
мұнай өнімдерін автоцистерналарда, сонымен кіші тараларда
тасымалданады.
құбырөткізгішін магистральді

■ Мұнай мен мұнайөнімдерін тасымалдаудың ең экономды түрі –
құбырөткізгішті
■ үлкен қашықтықтарға өнім көлігінің төмен өзіндік құны;
■ өнімді берудің үздіксіздігі;
■ автоматизациялау үшін үлкен мүмкіндік;
■ мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдағанда шығынның болуы;
■ егер экономикалық жағынан мақсатты болса, онда
құбырөткізгіштерді өз қашықтықтарға төсеуге болады.
.
Магистральды құбырөткізгіш
құрылымы
■ Магистральді құбырөткізгіш келесі звенолардан тұрады:
■ 1) құбырөткізгіштен;
■ 2) бір немесе бірнеше сорапты станциялардан;
■ 3) байланыс құрылғыларыдан.
■ Қазіргі магистральді құбырөткізгіштер 1000км көп болатын өзіндік тасымалдау
өндірісі үлкен қуатты айдау станцияларынан, сонымен қажетті өндірістік және
қосымша құрылғыны құю станцияларымен жабдықталған. Олардың өткізгіш
қабілеттілігі 50млн. т мұнай жылына және одан да көп. Мұндай құбырөткізгіштерді
диаметрі 500, 700, 800, 1000, 1200 және 1400мм болат құбырлардан құрайды.
Үлкен қашықтыққа мұнай мен мұнайөнімдерін тасымалдау кезінде
құбырөткізгіште үлкен гидравликалық кедергілерді жеңу керек. Сондықтан
берілген қысымда айдаудың нормальді режимін қамтамасыз ете алмаса онда
құбырөткізгіш ұзындығына бірнеше станцияны соғады.
Құбырөткізгіштің түрлері

■ Жерасты.
■ Жасанды себінді жерүсті.
■ Тіректегі жерүсті.
а: 1 — ойлау; 2 — газжинау пункті; 3 —
тазалау құрылғысы бар бас КС; 4 —ГРС-ге
алып келу; 5, б — темір және шоссейлі
жолмен өту; 7 — аралық КС; 8, 9 — өзен
мен ойыстардан өтулер; 10 — жерасты
газсақтағыштар; 11 — катодты сақтау
станциясы; 12 — соңғы ГРС.

б: 1 — ойлау; 2 — мұнайжинау пункті; 3 —
алыпкелу құбырөткізгіштері; 4 — бас
құрылыстар (резервуарлар, сораптар,
электростанциялар және т.б.); 5 —
скрабоктың түсу түйіні; 6 — сызықтық
құдық; 7 — темір жол астындағы өту; 8 —
өзен арқылы суастымен өту; 9 — ойыс
арқылы жер үстінен өту (ручей); 10 —
соңғы бөлу пункті.
■ Кәсіпкерлікте мұнай және мұнай өнімдерін есепке алу, сақтау және жинау үшін, мұнай өңдеу
зауыттарында, мұнайбазаларында және мұнайөткізгіштер мен мұнайөнімдерөткізгіштері
станцияларында әртүрлі өлшемді ыдыстар бар.

■ Тағайындалуы бойынша бұл ыдыстар мұнайды сақтауға, қара және ақшыл мұнай өнімдерін
сақтауға деп бөлінеді. Материалы бойынша металл және металл емес. Металл
резервуарларды болаттан жасайды, ал металл еместерді темірбетоннан жасайды.

■ Әр түрлі топтағы резервуарларды формасы бойынша цилиндрлі, көлденең-цилиндрлі, тамшы
тәріздес және т.б болып бөлінеді.

■ Резервуарды орнатудың схемасы бойынша: жер үсті, олардың түбі алаңның ең төменгі
белгісінен жоғары немесе сол деңгейде болады, жерасты, сұйықтықтың ең үлкен деңгейлі, ең
төмен белгісінен 0,2 м болады.
Бөлгіштерді жіберу және қабылдауға
арналған құрылғылардың сұлбасы
Резервуарлардың түрлері

■ Резервуарларды әртүрлі көлемді 100 м3-ден 120000м3 дейін болады.

■ Ақшыл мұнайларды сақтау үшін болат резервуар, сонымен ішкі жабыны бар
темірбетоннан, болат беттен немесе металл емес изоляциядан, мұнай өнімдерінің әсеріне
тұрақты резервуарды қолданады.

■ Көп мөлшерді мұнай мен қара мұнайөнімдерін сақтай үшін негізгі темірбетонды резервуар
қолданылады. Майлау майларын, ереже бойынша болат резервуарларда сақтайды.

■ Құбырөткізгішті коммуникациялармен байланысқан біртипті резервуарлар тобын
резервуарлы парк деп атайды. Жер үсті резервуарлардың әр тобы жерлі валмен және
қабырғамен қоршаларды, олардың биікті төгілетін сұйықтықтың есептемелі деңгейінен
0,2м жоғары.
■ Тік цилиндрлі резервуарды төменгі
қысымды, понтонды және қалқымалы
қақпақты болып бөлінеді. Әрбір резервуар
жабдықты қарау мен сынама алу және
мұнай өнімінің деңгейін бақылау үшін
сатымен қамтылған. Сатының қақпақпен
байланысқан жерінде өлшеу алаңы
құрылады. Онда өлшеу құрылымдары мен
аппаратураны орнатады.
■ Төменгі қысымды конусты және сфералық
жабыны бар резервуарлардың
айырмашылығы дайын щиттерге жабын
орнатылады. Қанқа белбеуінің қалындығы 4-
10мм болады.
■ Конусты жабыны бар резервуарлар (16
сурет) 1000-5000м3, оның ортасында
орталық тіректі орнатады, оған жабын
щиттары тіреледі. Сфералық жабыны бар
резервуарлардың көлемін 10000, 15000
және 20000м3 етіп құрады. Контур бойынша
жабын щитты резервуарлардың қанқасында
орналасқан сақинаға тіреледі.
Резервуардың қабырғаларының бетінің
қалындығы 6-14мм. Жабын бетінің
қалындығы 3мм .

1 — жарық люгі; 2 — гидравликалық сақтау клапаны; 3 — өрт сақтағышы;
4 — демалу клапаны; 5 – өлшеу люгі; б—деңгей көрсеткіші; 7 — люк-лаз; 8
— сифонды кран; 9 — жарылғыш; 10 — қабылдау-тарату подпункттері; 11
— жіберу құрылғысы; 12—жарылғышпен басқару; 13 — шығыр; 14 —
Резервуар құрылымы

■ Резервуарлар дем алу арматурасы мен өлшеу құрылғыларымен жабдықталған. Оларға
жататындар:
■ - резервуарды тазалау мен жөндеу, ішін көру үшін люк –лаз.
■ - резервуарды жарықтандыру мен желдету үшін жарық люгы.
■ - резервуардағы сұйық деңгейін бақылаулы өлшеу, сынама алу үшін өлшегіш люгпен
жабдықталған.
■ - құбырөткізгіш.
■ - жарғышрезервуарлы ысырма немесе құбыр өткізгіштер үзілген кезде мұнайөнімдерінің
жоғалуын алдын алуға арналған.
■ - демалу клапаны – мұнайөнімдерін айдау процесінде резервуардан мұнайөнімдерінің буының
қысымын реттеуге арналған сонымен температураның тербелісін, қолдану шартына
байланысты және резервуар конструкциясына әртүрлі диаметрлі және модификациялы демалу
клапандарын орнатады. Отты алдын алу – ол резервуардың газды кеңістігіне демалу аппараты
арқылы оттың енуінен қорғауға арналған.
■ Жеңілбуланатын және мұнайөнімдерінің шығынын төмендеуі мақсаты қалқымалы
понтонды резервуарлар қолданылады. Сұйықтың бетіндегі понтон булану аланын
азайтады, соған байланысты буланудан шығын тез төмендейді (4-5 есе ). Понтон дегеніміз
– оның қалқымалығын қамтамасыз ететін поплавогы бар диск сияқты. Резервуардың
понтоны мен қабырғасы арасында ені 100-300м зазор қалдырылған және нығыздағыш
герметизацияланған затворлармен жабылған. Бірақ затворлардың бірнеше конструкциясы
белгілі, негізі резиналанған маталардан жасалады, ал олардың профилі петля тәрізді
болады.
■ Қалқымалы понтондардың екі типіне бөлінеді: металл және қабықшалы материалдардан.
17 суретте диск 3 ашық 1 және 4 коробамен түріндегі металл понтоны бар резервуар
көрсетілген. Қатандықтың перифериялық сақинасына, бір мезгілде ол понтон борты болып
табылады және оған герметикаланған затвор бекітіледі. Понтон тірек 2 қамтылған ол
арқылы төменгі жағдайда тіреледі. Соған байланысты понтонды стационарлы жабыны
резервуарларға құрайды, ол атмосфералық тұнбаларды понтон бетіне түсуінің алдын
алады, ол синтетикалық қабықшалы материалдан понтонның жеңілдетілген
конструкциясын қолданады.
Қалқымалы қақпағы бар резервуарлардың
стационарлы жабыны жоқ, ал шатыр рөлін
оларда сұйықтық бетінде қалқитын болат
беттен жасалған диск ойнайды.

Булардың жоғарғы серпімділігімен оңай
буланатын мұнай өнімдерін сақтауға тамшы
тәрізді резервуарлар қолданылады. Резервуар
қабығы жазықтықта жатқан сұйық тамшысы
сияқты түрге келтірілген. Осы формаға сәйкес
сұйықтық қысымы әсерінен қаңқа бетінің
барлық элементтері бірдей күшпен созылады
да бірдей кернеуде сыналады, ол резервуарды
дайындауда болаттың аз шығынын қамтамасыз
етеді.

Сонымен, тамшы тәріздес резервуарлар газ
Металл понтоны бар резервуар кеңістігінде ішкі қысымға 0,04-0,2МПа және
вакумда 0,005 МПа есептеуді оңай буланатын
мұнай өнімдерін аз дем алудан шығынсыз
сақталады, ал буын резервуарлар толғанда
үлкен демалумен атмосфераға шығарады.
Тамшы тәріздеге тиіс қаңқалы резервуарлар жатады. Мұндай
резервуарлардың көлемін 5000-6000м3 етіп жасайды және
0,075МПа қысымға дейін есептелген. Қаңқаларында екі қисықты
бірнеше қабық қиылысатын резервуарларды көпкупалды деп
айтады. Бұндай резервуарларды көлемі 5000-20000м3 етіп
жасайды және олар 0,37 МПа дейін есептелген.

Металл емес резервуарлар – олардың ауыстырылатын
конструкциясы металл емес материалдардан жасалады. Металл
емес резервуарларды темірбетон резиналы металы немесе
синтетикалық матадан жасайды.
Мұнай мен мұнайөнімдерін жерасты қоймасы

■ Мұнай мен мұнайөнімдерін жерасты қоймасытабиғи және жасанды сиымдылықтарды құрады.
Жерасты сақтау тау жыныстарымен тікелей байланысу кезінде мұнаймен мұнайөнімдерінің
химиялық құрамының өзгеруіне негізделген.
Жерасты сақтағыштар мұнай мен мұнайөнімдерінің үлкен қорын максималды тұтынудың кезеңін
қамтамасыз ету мақсатында сақтауға арналған. Бұл типті сақтағыштар тиімді және жерүсті
резервуарлы паркпен салыстырғанда оның салу алауы аз болады.
Сақтағыштың типін таңдау қабаттың геологиялық сипаттамасына, географиялық орналасуына және
пайдалану көрсеткіштерінің шешіміне байланысты болады.
Құру мен қондырудың сұлбасына байланысты мұнайөнімдерін жерасты сақтағыштарының бірнеше
түрі бар. Оның негізгі типтеріне:
■ Тасты тұзды шөгінділерді сақтағыштар.
■ Шахталы сақтағыштар.
■ Мұздытопырақты сақтағыштар.
■ Табиғи және жасанды пайда болатын сақтағыштар.
■ Арнаулы тәсілдермен құралатын сақтағыштар.
■ Сақтағыштардың кең қолданысын тасты тұзды шөгінділерді сақтағыштар тапты. Өйткені олар көп
жағдайда экономды болып табылады.

■ Тасты тұздарды жерасты сақтағыштар бұрғылау ұңғымалары арқылы тұз қабатында қуысты жуу
арқылы алады. Тасты тұзды жуу екі негізгі тәсілдермен –циркуляциялы және ағынды болып
бөлінеді. Циркуляциялық тәсіл 19 суретте көрсетілген, ол бір бағана бойынша тұщы суды айдау
арқылы жуу. Сол мақсатта ұңғыма үш бағанамен жабдықталған.
Жиектік әдіспен шайылатын тасты тұздың
қабатындағы жерасты ыдысы

1 – саптамалары бар араластырғыш; 2 –
ыдыстың жобалық шетігн; 3 – тұздықты
айдауға арналған тиеу электросорабы
Шөгілу терендігін және тұзды қабат қуатын,
тасты тұз сапасын анықтау геофизикалық
тәсілмен және барлау бұрғылаумен
анықталады. Сілтісіздендіру процесінде
сыйымдылық өлшемдері концентрация мәнін
анықтау жолын реттеумен және
ығыстырылатын рассол мөлшерімен
жүргізіледі. Дайын жерасты камералары
гидролоктар көмегімен ультродыбысты
локация тәсілімен өлшейді. Рассолдағы
дыбыстық толқындарының уақыты мен
жылдамдығын біліп арақашықтығын
анықтайды. Мұнай, мұнайөнімдерін және
Тұздықты қабаттың жерасты қоймасының сұлбасы
рассол бағанасының қысымымен, ол сапалы
сақтауды қамтамасыз етеді.

1 — темірбетонды эстакада; 2 — компрессор; 3 —
мұнайөнімдерін айдауға арналған сораптар; 4 — газды
кептіруге арналған құрылғылар; 5 — конденсатор; 6 —
конденсатты жинағыш; 7 — тұздықты айдауға арналған
сораптар; 8 — тұздықты сақтағыш; 9 — жерасты сорабы; / —
сұйық фазаның құбырөткізгіші; II —булы фазаның
құбырөкізгіші; III — тұздықты төгуге арналған

Ұқсас жұмыстар
Операция арасындағы қойма және аралық қойма жайлы ақпарат
Күкіртсутекті толық утилизациялауды шешу жолдары
Ертіс өзені
Қазақстан Республикасының өзекті экологиялық мәселелері және тұрақты дамуы
Қазақстанның тау кен металуригиялық кешені мен мұнай газ саласының экологиялық мәселелері
Шымкент қаласы
Каспий теңізіндегі мұнайды бұрғылау
Бразилия Федеративтік Республикасы - Оңтүстік Америка құрлығының шығыс және орталық бөліктерін алып жатқан мемлекет
Каспий теңізінің табиғи су қоймасына жалпы сипаттама
Газ өнеркәсібі жайлы
Пәндер