Әлеуметтік құрылым және стартификация


Slide 1

Әлеуметтік құрылым және стартификация

Slide 2

Әлеуметтік құрылым

Әлеуметтік құрылым - [лат. structura - қүрылым] - қоғамның немесе әлеуметтік топтың ішкі құрылымы, әлеуметтік топ, институттар мен олардың арасындағы өзара қатынастардың реттелген жиынтығы. Әлеуметтік құрылым негізінде еңбектің қоғамдық бөлінісі, ерекше қажеттіліктер мен мүдделердің, ережелер мен рөлдердің, өмір салтының және әртүрлі әлеуметтік топтардың болуы жатады. Әлеуметтік құрылым үғымы "таптық қүрылым" үғымынан әлдеқайда кең, өйткені ол қоғамды тек таптарға емес, сонымен қатар басқа да әлеу¬меттік топтарға, жіктерғе бөледі. Әлеуметтік құрылым қоғамның түтастығын және түрақтылығын сақтауда аса маңызды рөл атқарады. Әлеуметтік құрылым мәселелерін әлеуметтік жіктелу теориясы қарастырады

Slide 3

Әлеуметтік құрылым топтары

Әлеуметтік құрылым дегеніміз- әлеуметтік топтардың, страталардың, таптардың және әлеуметтік институттардың жиынтығы, олардың байланыстары, ара-қатынастары. Әлеуметтік құрылымның басты негізгі элементтері - әлеуметтік топтар, страталар, таптар. Әлеуметтік құрылымға кіретін үлкен топ-ол тап. Тап деген ұғым екі мағына береді.

1) кең мағынада тап дегеніміз- өндіріс құрал-жабдықтарына белгілі қатысы бар, қоғамдық еңбек бөлінісінде нақтылы алатын орны бар, ерекше әдістер арқылы алынатын табыстың өзіндік мөлшері бар үлкен әлеуметтік топтар.

2) Көбіне тап дегеніміз тар мағынада қолданылады. Бұл мағынада тап дегеніміз: әлеуметтік топтар, страталар.

Олардың басты белгілері: кіріс, табыс, мамандық, билік, білім деңгейі т. б

Slide 4

Әлеуметтік топ

Әлеуметтік топ-қоғам дамуының белгілі бір сатысында нақты тарихи жағдайда қалыптасқан, ортақ құндылықтардың, ғұрыптардың, әлеуметтік-экономикалық қатынастардың негізінде қалыптасатын тұрақты адамдар тобы. Әлеуметтік топ үлкен, орташа, шағын болып бөлінеді. Үлкен әлеуметтік топқа таптар, топтар, этникалық және демографиялық қауымдар жатады. Орта топтарды белгілі бір өндіріс орнында жұмыс істеп, бір аймақта тұратындар құраса, шағын топтарды өзара тығыз байланыстағы, жүздес, таныс, туыс адамдар құрайды. Топтық құрылымның негізгі екі түрін анықтауға болады.

Топтың іс-әрекетін ұйымдастыратын ресми құрылым, бір жағынан, топ

мүшелерінің басшылыққа алуға тиісті бұрыннан немесе жоғарыдан бекітілген ережелердің, бұйрықтардың, жиынтығы болса, екінші жағынан, топтың мүшелерінің өз еріктерімен қабылдаған шарттары, талаптары да болуы мүмкін.

1) ресми топ мүшелерінің саны мен арақатынастарына олардың арнайы атқаратын қызметтеріне байланысты анықталатын құрылым,

2) бейресми топ- адамдардың өзара қарым-қатынастарында табиғи түрде, рухани-психологиялық үйлесімдіктер негізінде қалыптасатын құрылымдар.

Slide 5

Әлеуметтік стратификация

Әлеуметтік стратификация - әлеуметтанудың орталық тақырыбы. Ол қоғамның түрліше әлеуметтік жіктелісін түсіндіреді. Қоғамдық құрылымды біз мәртебелердің жиынтығы арқылы, қоғамдық еңбек бөлінісі арқылы және т. б. арқылы құрылылатынын көрсетуге талпындық. Қарапайым қоғамда мәртебелер саны аз және еңбек бөлінісі деңгейі төмен болады, ал қазіргі замандағы қоғамда - мәртебелер көптеп саналады және еңбек бөлінісін ұйымдастыру деңгейі де әлдеқайда жоғары.

Slide 6

Қоғамның әлеуметтік құрылымының даму негізіне

Қоғамның еңбек бөлінісі

Қоғамдық еңбек бөлінісі - әлеуметтік топтардың, таптардың, кәсіби топтардың, сонымен бірге қала мен ауыл адамдарынан, ой еңбегі мен дене еңбегі өкілдерінен тұратын үлкен топтардың пайда болып, одан әрі өмір сүрулеріне себепші болады

Өндіріс құрал-жабдықтарына және оның өніміне меншік қатынастары

Өндіріс құрал - жабдықтарына деген жеке меншіктік қатынастар қоғамның осы ішкі бөліністеріндегі оның экономикасын және ішінара қалыптаса бастаған құрылымды нығайтады қоғамдық еңбек бөлінісі де, меншік қатынастары да қоғамның әлеуметтік құрылымы дамуының объективті әлеуметтік-экономикалық алғышарттары болып табылады

Slide 7

Қоғамның тұрақтылығын сақтаудағы орта тап ролі

Мемлекеттің әлеуметтік саясатының басты мақсаты қоғамның әр мүшесін материалдық жағынан алаңсыз өмір сүретіндей деңгейде қамтамасыз ету болып табылады. Әр азамат өзінің қалыпты өмір сүруі мен денінің саулығына қажетінің бәріне ие болуы керек. Әр елдің экономикалық дамудың әр баспалдағында тұруына байланысты тұрмыс деңгейінің өлшемі де әртүрлі. Мұндайда шартты түрдегі ортақ көрсеткіш - орташа статистикалық қамтамасыздық ұғымы қолданылады.

Құрамының күрделілігі мен табыс мөлшерінің әртүрлі болуына байланысты орта таптың өзі жоғары орта тап, ортаңғы орта тап, төмеңгі орта тап болып бөлінеді. Төмеңгі орта тап өкілі орташа статистикалық қамтамасыздандыру деңгейінде өмір сүруі керек.

Орташа статистикалық қамсыздандыру деп өркениетті және демократиялы қоғамның орта табының төмеңгі баспалдағы өкілінің еркін және тең құқықтары өмір сүруіне қажетті материалдық табыс мөлшерін айтамыз.

Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясатының түпкілікті мақсаты - орта тапты қоғам құру. Республика экономикасы дағдарыстан шығып, орнықты даму жолына түскеннен бастап, орта тап өкілдерінің саны да артып, кірісі де молая беруі тиіс.

Орта тапты қоғам деп мүшелерінің басым көпшілігі осы тап өкілдерінен құралатын қоғамды айтамыз.

Орта тапты қоғам құрудың кепілі - шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту. Өйткені орта және шағын кәсіпкерлік мемлекет экономикасының негізі. Олардың иелері халықтың басым көпшілігін құрайтын ең қалын әлеуметтік қабат болып табылады.

Мемлекет орта және шағын кәсіпкерлікті дамытпайынша, түпкілікті мақсат - орта тапты қоғам құру мүмкін болмайды.

Slide 8

Әлеуметтік мобильділік арналары


Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік құрылым және стартификация ұғымдары, олардың негізгі элементтері мен формалары
Әлеуметтік құрылым мен әлеуметтік институттар
Әлеуметтік теңсіздік көрсеткіштері
Қоғамның әлеуметтік құрылымы
СТРАТИФИКАЦИЯ ДӘРІС ЖОСПАРЫ
Зейнетақы төлеу жөнінде мемлекеттік орталық
ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК СТРАТИФИКАЦИЯ
Әлеуметтік стратификация - әлеуметтанудың орталық тақырыбы
ӘЛЕУМЕТТАНУ: ҒЫЛЫМҒА КІРІСПЕ ЖӘНЕ БАСТЫ ҰҒЫМДАРДЫ ТҰЖЫРЫМДАУ
Қоғамның әлеуметтік құрылымы және стратификациясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz