Қазақстан Республикасының мемлекеттік және ұлттық мерекелері: сипаттамасы мен маңызы


Slide 1

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік және ұлттық мейрамдары

Slide 2

Мерекелер

Ұлттық мерекелер - Қазақстан мемлекеттiлiгiнiң дамуына елеулi ықпал еткен, ерекше тарихи маңызы бар оқиғалардың құрметiне Қазақстан Республикасында белгiленген мерекелер. Ұлттық мерекелердi мейрамдау кезiнде орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдарда ресми iс-шаралар өткiзiледi.

Мемлекеттiк мерекелер - қоғамдық-саяси маңызы бар оқиғаларға арналған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары дәстүрлi түрде атап өтетiн мерекелер. Мемлекеттiк мерекелердi мейрамдау кезiнде ресми iс-шаралар өткiзiлуi мүмкiн.

Slide 3

Наурыз мерекесі

Наурыз - көне мейрам. Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан орын алған. Дәстүр бойынша бұрын Наурыз мейрамын бүкіл ауыл-ел болып, әсіресе жастар жағы түгелдей таң шапағатын қарсы алудан - тазаланған арықтарға су жіберуден, ағаш отырғызып, гүл егу рәсімін өткізуден бастайтын. Қызықшылық онан әрмен халық ойындарымен («Айқыш-ұйқыш», «Ақ серек пен көк серек», «Алқа қотан», т. б. ), ән салып, би билеумен, ақындар айтысымен, «Қызғалдақ» мерекесімен, қазақша күреспен, ат жарысымен жалғасып кете беретін де, түнге қарай «Алтыбақан» айналасындағы тамашамен аяқталатын.

Slide 4 Slide 5

Халықаралық әйелдер күні

Халықаралық әйелдер күні - әр жылы 8 наурызда тойланатын мейрам. Тарихта әйелдердің теңқұқықтық пен эмансипация жолындағы күресіндегі ынтымақтастық күні ретінде пайда болды . 1975 жыл - Халықаралық әйелдер жылы боп аталғаннан кейін, сол жылдан бастап БҰҰ ресми түрде наурыздың 8-ші күнін Халықаралық әйелдер күні етіп бекітті. Қазақстанда демалыс күні боп табылады

Slide 6

Қазақстан халқының бірлігі күні

Қазақстан халқының бірлігі күні - Қазақстанда жыл сайын тойланатын мереке.

Мереке 1996 жылдан бастап тойланады. 1995 жылдың 18 қазанында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің жарлығы бойынша 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні деп жарияланды.

Қазақстанның саяси қайраткерлерінің пікірі бойынша, ұлтаралық және дінаралық келісімнің сақталуы, олар жүргізіп жатқан саясатының басты қағидаларының бірі болып табылады.

Slide 7

Отан қорғаушы күні

Отан қорғаушы күні- Қазақстан Республикасында 7 мамырда атап өтілетін мемлекеттік мереке. Мемлекеттік демалыс күні болып аталады.

1992 жылғы 7 мамырда Қазақстан Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылды. Дәл осы күні республика аумағындағы КСРО Қарулы Күштерінің құрамындағы мекемелер, бөлімдер, құрамалар Қазақстан Республикасының құзыретіне берілді

Slide 8

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні - тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16 желтоқсанында аталып өтеді. Бұл күн ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі елеулі мереке болғандықтан 16-17-желтоқсан күндері күнтізбеде демалыс болып табылады. Тәуелсіздік тек Қазақстан тұрғындары үшін емес, сонымен бірге, шетелдердегі қазақ халқының өкілдері үшін де маңызы зор мереке.

Slide 9

Назарларыңызға рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: тарихы, сипаттамасы және қолданылуы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: тарихы, сипаттамасы және авторлары
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі, мемлекеттік рәміздері және ұлттық символикасы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: тарихы, сипаттамасы және құқықтық негіздері
Қазақстан Республикасының ұлттық екпе күнтізбесі мен қолданылатын вакциналық препараттардың сипаттамасы
Қазақстан мемлекеттік қорықтарының экологиялық маңызы және негізгі қорықтардың сипаттамасы
Бағалы металдар мен асыл тастар нарығы: мемлекеттік реттеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің құзыреті
Қазақстан Республикасының мемлекеттік-құқықтық құрылымы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымы мен билік органдарының өкілеттіктері
2-сыныпқа арналған Қазақстанның мемлекеттік және ұлттық мерекелері: сабақ жоспары, оқыту әдістері және критериалды бағалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz