Жазықтықтағы түзулер мен олардың орналасуы: сайыс түріндегі интерактивті сабақ жоспары


Slide 1

№50 А. Байтұрсынов атындағы көпсалалы мектеп - гимназиясы

Математика пәнінің мұғалімі:

Атабек Фатима Төрегелдіқызы

Slide 2

Сабақтың тақырыбы : Жазықтықтағы түзулер және олардың орналасуы

Сабақтың мақсаты :

Білімділік : Оқушыларды жазықтықтағы түзулердің түрлерімен таныстыру, оларды дұрыс сыза білуге үйрету, есеп шығару дағдыларын арттыру .

Дамытушылық : Оқушылардың шығармашылық ізденісін, тапқырлығын, зеректігін, ойлауға икемділігін дамытуға ықпал ету .

Тәрбиелік : Оқушыларды алғырлыққа, шапшаңдыққа

тапқырлыққа тәрбиелеу .

Slide 3

Сабақтың түрі : Сайыс сабақ

Әдісі : Топ бойынша жұмыс

Көрнекілігі : Интерактивтік тақта

Сабақтың жоспары:

1. Кіріспе сөз . (мұғалім)

2. “Кім жүйрік”. (10 сұрақ)

3. “Бәйге” (деңгейлік есептер)

4. Венн диаграммасын құру.

5. “Кестені толтыр”

6. “Тіл өнер”

7. Сөзжұмбақ “Түзулер”

8. Қорытынды. Үйге тапсырма.

Slide 4

«Кім жүйрік»

1. Түзу дегеніміз не ?

2. Қандай түзулер қиылысушы түзулер деп аталады ?

3. Қандай бұрыштар вертикаль бұрыштар деп аталады ?

4. Қандай түзулер перпендикуляр түзулер деп аталады ?

5. Нүктеден түзуге дейінгі қашықтық неге тең ?

6. Перпендикуляр түзулер жазықтықты қандай бұрыштарға бөледі ?

7. Түзуде жатпайтын нүкте арқылы берілген түзуге неше перпендикуляр түзу жүргізуге болады ?

8. Қандай түзулер параллель түзулер деп аталады?

9. Түзуде жатпайтын нүкте арқылы берілген түзуге неше параллель түзу жүргізуге болады ?

10. Бір түзуге перпендикуляр екі түзу қиылыса ма?

Slide 5

«Бәйге»

1 - деңгей есептері .

№1

Екі түзу қиылысқанда пайда болған бұрыштардың

біреуі екіншісінен 30 º-қа артық . Бұрыштарды табыңдар.

c

d

Slide 6

№2

Екі түзу қиылысқанда пайда болған бұрыштардың

біреуі екіншісінен 4 есе үлкен . Бұрыштарды табыңдар .

m

n

Slide 7

2 - деңгей есептері

№3

Екі түзудің қиылысуынан пайда болған екі бұрыштың қосындысы 140º . Қалған бұрыштардың градустық өлшемдерін табыңдар .

а

в

Slide 8

№4

Вертикаль бұрыштардың біреуі екіншісінің 50 %-не

тең . Бұрыштарды табыңдар .

в

с

Slide 9

3 - деңгей есебі

№5

Үш түзу бір нүктеде қиылысады . Тең емес бұрыштардың қатынасы 5:3:2 қатынасындай .

Осы бұрыштарды табыңдар .

а

в

с

О

Slide 10

ВЕНН диаграммасын құру

Қиылысатын Перпендикуляр

түзулер түзулер

Slide 11

Кестені толтыр.

-13, 6

Қ.

Қ.

Slide 12 Slide 13

Тіл өнер

1-жұмбақ.

Алды, артымыз шексіз де, жете алмайсың біздерге

Сәуле мен кесінді, шыққан тегін білсе егер.

2-жұмбақ.

Нәрселерді санағанда, керек бізге ауадай.

Айтыңдаршы бұл қандай сан, жан-жағыңа

қарамай.

3-жұмбақ. Бірдей санды бірнеше рет, көбейтуден тұрады

Егер оны ықшамдасаң, қандай атау болады?

Slide 14

СӨЗЖҰМБАҚ

1. 300 гр салмақ өлшемінің

қазақша атауы .

2. Тең бөліктер қалай аталады

3. Толық бұрыштың жартысы

қалай аталады ?

4. Барлық өлшемдері тең

тікбұрышты параллелепипед

қалай аталады ?

5. а саны қалдықсыз бөлінетін сан

6. Минуттың 1/60 бөлігі

7. (а; в) сан аралығының атауы

Т

з

ү

у

л

р

е

Slide 15

Сабақты қорытындылау .

Әр топтың басшылары өз топтарындағы оқушыларды бағалап, қорытындысын шығарады .

Топтағы оқушылардың қандай баға алғанын айтып береді .

Үйге тапсырма

С тобы №845, 846


Ұқсас жұмыстар
Сызықтық функциялар мен олардың графиктерінің өзара орналасуы (6 сынып)
Бастауыш сыныпта Е дыбысы мен әрпін оқыту: ойын түріндегі сабақ жоспары
Информатика пәнінен сайыс сабақ: ХХІ ғасыр көшбасшысы интеллектуалды телеойыны - сабақ жоспары
Мен - жеңімпазбын: спорттық тәрбие және сайыс сабақ жоспары
Стереометрия аксиомалары және олардың қарапайым салдары: оқу сабағы мен сайыс тапсырмалары
9-сыныпқа арналған химия: Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары - сайыс сабақ жоспары
Өмір құндылығын қалыптастыратын интерактивті сабақ жоспары: Өмір қымбатсың маған
9-сыныптарға арналған Физика әлеміне саяхат сайыс сабағының сабақ жоспары мен әдістемесі
8-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Витаминдер және олардың маңызы
Тамыры терең - Дарабоз тарихи-танымдық сайыс: сабақ жоспары мен сұрақтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz