Спирттердің жалпы формуласы



Қаныққан бір атомды
спирттер құрамы, құрылысы, изомері, алынуы
Химия пәні мұғалімі Имашова Н. К.
Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Ермұхан Бекмаханов атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Сабақтың мақсаты: оттекті органикалық қосылыстар жайлы бере отырып бір атомды спирттер, құрамында ОН-тобы бар көмірсутектердің туындысы екенімен танысу. Спирттердің жіктелуін, изомерін жазып оны халықаралық атау жүйесімен атай білу; алу жолдарын; есеп шығаруда шеберліктерін шыңдау.
Сабақтың міндеті: Органикалық заттардың құрамында оттек бар жаңа тармағы туралы түсінік бере отырып, функционалдық топ ұғымына анықтама беру. Спирттердің жіктелуі, номенклатура, изомерия алу жолдарын білу.
Заттардың құрылысына тәуелді екендігіне көз жеткізу, құрылысындағы, изомерия ерекшеліктерін түсіну. Салауатты өмір салтын насихаттау, спирт өнімдерінің құрамындағы химиялық заттардың адам денсаулығы үшін маңызын көрсету.

Күтілетін нәтиже: оттекті органикалық қосылыстарды, спирттердің ашылу тарихын, жіктелуін, номенклатура, изомерия, алу жолдарын біледі. Химиялық теңдеулерін есептеулерде қолдана алады. Оттектті органикалық қосылыстарды көмірсутектерден ажырата алады, алған білімдерін өмірде қолданады.
Оқыту технологиясы: СТО, АҚТ
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: “Инсерт” н/е түртіп алу әдісі, ой толғау, деңгейлік тапсырмалар
Жабдықтар: интерактивті тақта, слайдтар, виртуалды зертхана, шар стерженді модельдер, постерлер, үлестірме қағаздар, маркер, бағалау парағы.

Ой қозғау
1. Көмірсутектердің жіктелуі
2. Алкандардың жалпы формуласы
3. Хлорофорның формуласы
4. Изомерия дегеніміз не?
5. Гидрлену реакциясы
6. Крекинг деген не?
7. Полимерлену реакциясы
8. Алкадиендердің жалпы формуласы
9. Алкендердің сапалық реакциясы
10. Мұнайдың құрамында қандай көмірсутектер болады?
11. Мұнай өнімдері және қолданылуы
12. Қазақстанның мұнайға бай аймақтары
13. Табиғи газдың құрамындағы метанның массалық үлесі
14. Қазақстандағы ірі газ, мұнай, тас көмір кен орындары

Кім жылдам?
1-топ. Этанның құрамындағы көміртегінің массалық үлесін есептеңдер
2-топ. Ауа бойынша тығыздығы 1, 93-ке тең, құрамындағы көміртектің массалық үлесі 85, 7% болатын көмірсутектің молекулалық формуласын табыңдар
3-топ. Қалыпты жағдай бойынша тығыздығы 1, 97 г\л тең, құрамында көміртектің массалық үлесі 82, 7 % болатын көмірсутектің молекулалық формуласын табыңдар.
4-топ. Пропанның құрамындағы сутегінің массалық үлесін анықтаңдар.

Қызығушылықты ояту
Ертеде бір патшаның есігінің алдына лашын құсы дән тастап кетіпті. Патша сол дәнді алып, уәзірлеріне беріп еккізеді. Дән өсімдік болып жайқалып шығады. Келесі жылы одан да әдемі болып өседі. Үш-төрт жылдан кейін өсімдік жеміс береді. Елдің бәрі таң қалады. Күзге таман әдемі мөлдір жемісті жеп көруге жүрексінеді. Содан соң патшаның әмірімен жемісті ыдысқа салып қояды. Біраз күннен кейін ыдыстағы жеміс көпіреді. Одан мөлдір сұйық пайда болады. Уәзірлер сұйықтықты алып патшаға көрсетеді. Патша сұйықтықты бір тұтқынға ішкізуді бұйырады. Тұтқын бір кесе ішеді, ешнәрсе болмайды, екіншісін береді. Үшіншісін тұтқын өзі сұрап ішеді. Біраздан кейін ән салады, бей-жай күйге түседі. Ең соңында тұтқын патшаның тағын сұрап әлек салады. Шаршап қалжырап ұйықтап кетеді. Сонда бұл не болғаны?

“Инсерт”н/е түртіп алу әдісі
«V» білемін
«+» жаңа мәлімет
«-» білмеймін
«?» сұрақ туды

Спирттердің жіктелуі мен гомологы
Спирттер дегеніміз - молекуласында көмірсутек радикалымен байланысқа бір немесе бірнеше функционалдық гидроксил тобы бар органикалық заттарды айтамыз. Спирттердің жалпы формуласы:
R-OH немесе Cn-H2n+1OH
СПИРТТЕР
Бір атомды
Көп атомды
CH3-OH
Метанол
CH3-CH2-OH
Этанол
СH2-CH2 CH2-CH-CH2
OH OH OH OH OH
Этиленгликоль Глицерин

Формуласы
Аттары
CH3OH
C2H5OH
C3H7OH
C4H9OH
C5H11OH
C6H13OH
C7H15OH
- Метанол, метил спирті
- Этанол, этил спирті
Пропанол, пропил спирті
Бутанол, бутил спирті
Пентанол, пентил спирті
Гексанол, гексил спирті
Гектанол, гектил спирті

2. Атаулары, изомері
ИЮПАК халықаралық атаулар жүйесі бойынша спирттерді көмірсутектердің атына - ол деген жұрнақ қосып атайды. Функционалдық ОН тобы байланысқан ең ұзын тізбек таңдап алынып, көміртек атомдарын гидроксил тобы жақын орналасқан жағынан бастап нөмірлейміз:
CH3
5 4 3 2 1 4 3 2 1
CH3-CH-CH-CH-CH3 CH3- C - CH - CH3
CH3 CH3 OH CH3 OH
3, 4 - диметилпентанол -2 3, 3 - диметилбутанол -2

Спирттердің изомері
Көміртек қаңқасының құрылысына
СH3 - CH2- CH2- CH2- OH бутанол -1
2. Көмірсутек тізбесіндегі гидроксил тобының орнына байланысты
CH3- CH2- CH2- CH - CH3 пентанол -2
ОН
3. Класаралық изомерлену
СН3- О - С2Н5 метил - этил эфирі

3. Алынуы
Көмірсутектердің галоген туындыларынан алу:
С2 Н5Br + HOH C2H5OH + HBr
2. Қанықпаған көмірсутектерді гидратациялау арқылы алу:
H2C= CH2 + H2O H+ CH3- CH2OH
3. Метанолды өнеркәсіпте алу:
СО + Н2 Р. t. кат СН3ОН
4. Этанолды көмірсуларды ашыту арқылы да алады:
С6Н12О6 ферменттер 2 С2Н5ОН + 2СО2
Глюкоза этанол

Заттардың құрылымдық формуласын жазыңдар
1-топ. 2-метил пропанол-2
2-топ. 2, 3-диметил бутанол-2
3-топ. 2, 3, 4-триметил пентанол-1
4-топ. 2, 3, 3-триметил гексанол-2

Мағынаны ашу “Джигсо”әдісі
1-топ. Спирттердің жіктелуі
2-топ. Номенклатура мен изомериясы
3-топ. Алу жолдары
4-топ. Алкогольдің адамға тигізер зияны

Деңгейлік тапсырмалар
А-деңгей (білу, түсіну)
Заттың құрылымдық формуласын жазу.
2, 3, 3-триметил пентанол-2
В-деңгей (қолдану, талдау)
Молекулаішілік дегидраттану кезінде, 90 грамынын 27 су бөлінсе, бір атомды спирттің молекулалық формуласын анықтаңдар
С-деңгей (жинақтау, бағалау)
Этил спиртінің 50мл (тығыздығы0, 8 г/мл) толық жанғанда жұмсалған ауаның көлемі (оттектің үлесі 0, 2)

Тест жұмысы
1. Гидратациялану реакциясы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz