Бейінді оқытуда таңдау курстары арқылы оқушылардың таным белсенділіктерін арттыруды ұйымдастыру жолдары




Презентация қосу
Бейінді оқытуда таңдау курстары арқылы
оқушылардың таным белсенділіктерін
арттыруды ұйымдастыру жолдары.

«Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік
стандарттар деңгейінде сапалы білім
беру қызметін көрсетуге қол
жеткізуіміз керек. Әр оқушының білім
мен қабілет деңгейінің тиімділігін
бағалаудың біртұтас жүйесін жасау
қажет.” Н.Ә.Назарбаев


Бейінді оқыту дегеніміз не?
Бейінді оқыту дегеніміз- оқушылардың қызығушылық
бағытының, қабілетінің дамуына жағдай жасайтын және
олардың келешекте ие болуға тиісті кәсібіне бейімделуді
қамтамасыз ететін оқыту.

Бейінді оқытудың мақсаты: оқушылардың қызығушылық
бағытын, қабілетін, келешекте ие болуға тиісті мамандыққа
бейімделуін қанағаттандыру .
Міндеттері:
- бірнеше пәнді қандай-да деңгейде тереңдетіп оқыту
- оқушылардың жеке қабілеттерін оқыту барысында жан-жақты
ескеру
- орта және жоғарғы білім салаларының сабақтастығын жетілдіру.
Бейінді оқыту жұмыстарын
жүргізу жолдары:
жалпы білім берудегі жеке пәндердің бағдарламасын
тереңдетіп, оқыту.
қолданбалы курстар, таңдау курстарының сатылы
түрде меңгерту бағдарламасын қамтамасыз ету
жеке дара бейініне және қажеттілігіне қарай білім
берудің әр түрлі деңгейде жүйесін қалыптастыру
Кәсіптік бейінділіктерін анықтау, бейінділік
қабілеттерін қалыптастыру және дамыту
қажеттіліктерімен қамтамасыз ету
оқушылардың әлеуметтік мүмкіндіктері туралы
түсініктерін кеңейту және қажетті жағдайға келтіру
мүмкіндіктер жолдарын қарастыру.
Таңдау курстары дегеніміз –
оқушылардың талап-тілегін,
қызығушылығын қанағаттандыруға
арналған курстар.
Таңдау курстарын оқыту
мақсаттары
1. жоғары сынып оқушыларын кәсіби
бағдарлау
2. оқушылардың қалыптасқан білімдері мен
түсініктерін әлемнің біртұтас жүйесінде
интеграциялау
3. базалық курстар мен таңдау курстар
арасындағы сабақтастықты орнықтыру
болып табылады.
Міндеттері

мұғалім үшін ұсынылатын арнайы
курстың мазмұндық аяларын анықтау
және нақты сыныпқа қатысты оқытудан
күтілетін нәтижелерді анықтау;
оқушы үшін әр-түрлі ақпарат көздерінен
арнайы мәліметтерді ала білу және оны
жүйелей алу.
Таңдау курстары мынадай
: функцияларды орындай алады
қазіргі кездегі түйінді проблемаларды
зерделеу;
оқушылардың болашақ кәсіби іс-
әрекеттердің ерекшеліктеріне бағдарлау;
танымдық дағдыларды жетілдіруге,
ұйымдастырушылық іс-әрекетке бағдарлау;
базалық пәндік білімді толықтыру;
Бейіндік оқытуда таңдау курстары арқылы
оқушылардың таным белсенділіктерін арттыру
үшін мұғалім бағдарламаны жасауда мынадай
талаптарды ескерулеріі қажет:

-толымдылық,
-жалпылық
- ғылымилығы
-сараланған
-практикалық бағыттылығы
-жүйелілік
-уақыт қорына лайықтылық
1. Мазмұнының толымдылығы. Бағдарламаға оқушылардың бойында практикалық іс-
әректтің түрлі тәсілдерін қалыптастыратындай білімдермен қатар, бағалау бойынша
білімдерді де енгізу қажет. Мысалы, оқушыға есеп шығаруға және оның шешімінің
дұрыстығын тексеруге, жазылу сапасын бағалауға және т. б үйрету керек.
2. Оқушылар үшін жаңалық дәрежесі. Іс-әректтің тиімділігі және оқушыларды
ынталандыру мен таным белсенділіктерін арттыруға берілетін білімнің бұдан бұрын
игерген білімге қарағанда жаңалық дәрежесімен анықталады,
3. Мазмұнның жалпылық дәрежесі. Мәселен білімнің жалпылығының қажеттігі оқушыларда
жалпы іс-әрекет тәсілдерін қалыптастырудың қажеттігінен туындайды. Бағдарламаға
енгізілген білімнің жалпылық деңгейі ондағы қойылған оқыту мақсаттарына және
оқушылардың абстрактілі ойлауының даму деңгейіне сәйкес болуы керек. Бағдарламаға
енген материал оқушылардың әртүрлі категориясы үшін қолданылуы мүмкін, оған
бағдарламаға енгізілген білімдердің жалпылығы арқылы, оқушылардың барлығына ортақ
мәселелерді таңдап алу арқылы қол жеткізуге болады.
4. Мазмұнның ғылымилығы. Бағдарламаға алдыңғы қатарлы ғылыми білімдер мен адамның
практикалық іс-әрекетіндегі неғұрлым құнды тәжірибелер енгізілуі керек.
5. Білім мазмұнының сараланғандық сипаты. Бағдарламада білімнің әр-түрлі деңгейі мен
түрлері сараланып берілуі керек.
6. Курстың практикалық бағыттылығы. Бағдарламада білім беру стандарттарының
талаптарына сәйкес оқушыладың алған білімін практикада әртүрлі есептерді шешу үшін
қолдана алу қабілеттілігін қалыптастыратындай материалдарды қамтуы қажет.
7. Оқу материалдарының өзара байланыстылығы мен жүйелілігі.
8.Уақыт қорына лайықтылығы.
Бейінді оқытуда математика пәнінің
таңдау курстарының маңызы, атқаратын
рөлі:
Математика пәнінің таңдау курстарын тиімді
ұйымдастыру арқылы оқушылардың математикалық
білімдерін жетілдіру мақсатын оңтайлы шешу
мүмкіндігін жолға келтіре аламыз.

Бұған таңдау курстарының төменгі
артықшылықтары оң ықпал ететін болады:
Бейіндік оқытуда таңдау курстарының
артықшылықтары
1. Таңдау курсін ұйымдастыру ісі оқушыларды ары қарай дамыту, әр
түрлі жарыстарға дайындау, бұл тұрғыда ұстаздар мүмкіндігін ең тиімді
пайдалану деген сияқты басты қажеттіліктерден туындайтындықтан
берешегі мол. Бұл оқушының болашақ мамандық таңдауына өзіндік үлес
қосады.

2. Оқушылар өз қызығушылығымен талантына сай оқитындықтан
олардың белсенділігі артады.

3. Әр ұстаз өз бейімімен біліктілігіне сай қалауы бойынша таңдап алған
тақырыптармен өзіндік бағдарлама жасап жұмыс жасайтындықтан
белсенділігі артып, шығармашылық еңбек етіп, өзіне тән туынды
жасауға толық мүмкіндік туады.

4. Сыбақтан тысқары, бейіндік оқытулар бір жүйеге келіп, бағыт
бағдар, мазмұны тұрақтанып, ақырғы нәтижесі артумен қатар
уақытылы қадағалап, қортындылап отыру мүмкіндігі артады.
Бейіндік оқытуда таңдау курстары арқылы
оқушылардың таным белсенділігін арттыруды
ұйымдастыру жолдары:
1. Тұлғаға бағытталған «шәкірт санатты оқыту» технологиясы,

2. Оқулықта есептерге берілген әдістемелік нұсқауларды
пайдаланып оқушыларды ізденіс жасап шығармашылдықпен білім
игеруге баулуды мақсат ету,

3. Әр таңдау курсында оқушыларға олардың деңгейіне сай төменгі
үш деңгейде шығармашылық тапсырма беріп курс соңында қорғатып,
қортындылап отыру:

Ø Арнайы тақырыппен ғылыми жоба жазу

Ø Шығармашылық деңгейдегі есептер шығарып, талдау жасау

Ø Танымдық деңгейдегі есептер шығарып, талдау жасау
Мектеп жасындағы балалардың таным ынтасын
қалыптастыруда білім беру тәсілдерінің ерекше маңызы
бар.
Бейіндік оқытуда таңдау курстары арқылы
оқушылардың таным белсенділіктерін арттыру ол
оқушылардың шығармашылық іздену қабілетіне және
мұғалімнің теориялық сауаттылығы мен шеберлігіне
байланысты.

Ұқсас жұмыстар
БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ ЖОЛДАРЫ
Портфолио құрамы
Ауызша тіл дамыту
Көрнекі құрал - таным құралы
Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытуда жаңа технологияларды қолдану
Әдебиетті оқытудың инновациялық әдістемесі, технологиясы
Есту бұзылыстары бар балалардың оқыту ерекшеліктері
БИОЛОГИЯ ПӘНІ БОЙЫНША ОЛИМПИАДАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАРДЫ ДАЙЫНДАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН МӘНІ
Аксиология - құндылықтар туралы философиялық ілім
Оқыту әдістері мен құрал жабдықтары
Пәндер