Елтаңбаның авторлары


Slide 1 Slide 2

Сабақтың мақсаты: Қазақстан Респубилкасының мемлекеттік

рәміздерін, олардың құрылу тарихын,

мән - мағынасы мен идеялық мазмұнын,

авторларын білгізу. Талдау, салыстыру

және ой қорыта білу қабілеттерін дамыту.

Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге

үйрету; Өсіп келе жатқан ұрпақтың бойына

патриоттық сезім, отаншылдық рухты дарыту.

Slide 3

ҚР Конституциясы

9-бап: “Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері-Туы, Елтаңбасы және Әнұраны бар”

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері - еліміздің дербестігін танытатын негізігі белгілері. Бүгін біз сабағымызда мемлекеттік рәміздеріміздің идеялық мазмұнымен және олардың авторларымен таныс боламыз.

Slide 4

Қазақстан туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі. Әнұранымен айбатты.

Slide 5 Slide 6

Қызығушылықты ояту сатысы Мағынаны тану Ой толғаныс

Slide 7 Slide 8 Slide 9 Slide 10

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк әнұраны!

Алтын күн аспаны, Алтын дән даласы, Ерлiктiң дастаны, Елiме қарашы! Ежелден ер деген, Даңқымыз шықты ғой. Намысын бермеген, Қазағым мықты ғой.

Қайырмасы: Менiң елiм, менiң елiм, Гүлiң болып егiлемiн, Жырың болып төгiлемiн, елiм! Туған жерiм менiң - Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан, Кең байтақ жерiм бар. Бiрлiгi жарасқан, Тәуелсiз елiм бар. Қарсы алған уақытты, Мәңгiлiк досындай. Бiздiң ел бақытты, Бiздiң ел осындай!

Қайырмасы: Менiң елiм, менiң елiм, Гүлiң болып егiлемiн, Жырың болып төгiлемiн, елiм! Туған жерiм менiң - Қазақстаным!

Slide 11

Мәтінмен жұмыс

Мәтінді тыңдау

Мәтінді топта талқылау

Мәтінді келесі топтарға барып түсіндіру, талқылау

Мәтінге байланысты диалог

Slide 12

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны

Мемлекеттік Әнұран-елдіктің белгісі, егемендік пен еркіндіктің ресми рәмізі. Ол, әдетте, халықтың рухын көтеріп, Отанға деген сүйіспеншілік сезіміне бөлейді. Қазақстан Республикасының жаңа әнұраны осындай қасиетті туынды. Ол 2006 жылдың 6 қаңтарында Парламент мәжілісі мен Сенатының бірлескен отырысында қабылданды. Музыкалық-поэтикалық рәміз 11 қаңтарда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты кезекті сайлаудан кейін, Қазақстан Республикасы Президенті қызметіне кірісу құрметіне арналған салтанатты рәсім үстінде тұңғыш рет орындалды. Әнұранның сазын, әуенін, яғни музыкасын жазған - «қазақ вальсінің королі» атанған атақты қазақ композиторы Шәмші Қалдаяқов. Ал сөзін жазған- көрнекті ақын Жұмекен Нәжімеденов және оны бүгінгі тәуелсіздік кезеңге лайықтап өңдеген Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Slide 13

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы- тікбұрышты көгілдір мата. Тудың ортасында, көгілдір түс аясында бейбітшілік рәмізі- шұғылалы күн бейнеленген. Күннің төменгі жағында бостандықтың рәмізі- қыран бейнеленген. Тудың біркелкі көгілдір түсі бейбітшіліктің, тыныштық пен жарқын болашақтың белгісі. Көгілдір түс ашық аспанды бейнелейді. Тудың сол жағында дәстүрлі ұлттық өрнек бар. Шұғылалы күн, қыран құс бейнесі, өрнек алтын түсті бояумен берілген. Тудың ені-1 метр, ұзындығы-2 метр. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының авторы- суретші Шәкен Ниязбеков.

Slide 14

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы

«Таңбасыз ел болмайды, найзасыз ер болмайды» дейді қазақ халқы. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының ортасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған. Оны киелі пырақтардың қанаты көмкеріп тұр. Елтаңбаның жоғарғы жағында жұлдыз орналасқан, ал төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар. Елтаңбаның реңдік бейнесі- алтын және көгілдір түсті. Елтаңбаның авторлары Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

Slide 15

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері қашан қабылданды?

А) 1991 жылы 4 шілдеде Ә) 1992 жылы 4 маусымда Б) 1990 жылы 10 қазанда

2) Елтаңбаның авторлары?

А) Шәмші Қалдаяқов, Жандарбек Мәлібеков Ә) Шәкен Ниязбеков, Шотаман Уәлиханов

Б) Жандарбек Мәлібеков, Шотаман Уәлиханов

3) Тудың авторы?

А) Шотаман Уәлиханов Ә) Шәкен Ниязбеков Б) Жандарбек Мәлібеков

4) Елтаңбаның негізіне алынған

А) Шаңырақ Ә) Тұлпар Б) Бес бұрышты жұлдыз

5) Мемлекеттік тудың түсі қандай?

А) Көк түсті Ә) Көгілдір түсті Б) Сары түсті

6) Тудың ортасында не бейнеленген?

А) Ою өрнек, арайлы күн Ә) Арайлы күн, қыран Б) Алтын түсті ою өрнек

7) Мемлекеттік әнұранның жаңа нұсқасы қай жылы қабылданды?

А) 2006 жыл Ә) 1992 Б) 2007

8) Әнұранның авторлары кімдер?

А) Шәмші Қалдаяқов, Нұрсұлтан Назарбаев, Жұмекен Нәжімеденов

Ә) Жандарбек Мәлібеков, Шотаман Уәлиханов, Шәмші Қалдаяқов

Б) Нұрсұлтан Назарбаев, Жандарбек Мәлібеков, Шотаман Уәлиханов

Slide 16

Тест жауаптары:

1. Ә

2. Б

3. Ә

4. А

5. Ә

6. Ә

7. А

8. А

Slide 17

Тест жұмысын бағалау

7-8 дұрыс жауап - «5»

6-5 дұрыс жауап - «4»

4-3 дұрыс жауап - «3»

2-1 дұрыс жауап - «2»

Slide 18

«Қытайша десерт» әдісі

1) Мемлекеттік рәміздерге не жатады?

Әнұран, елтаңба, ту

2) Қанатты пырақтар қай рәмізде бейнеленген?

Елтаңба

3) Жаңа мемлекеттік әнұран алғаш рет қашан орындалды?

11- қаңтарда 2009 жылы

Slide 19

1) Елтаңбаның төменгі жағында қандай жазу бар?

«Қазақстан»

2) Күн, арай, қыран және ою - өрнек қандай түсті?

Алтын түсті

3) Әнұранның әнін кім жазды?

Шәмші Қалдаяқов

Slide 20

1) Тудың өлшемі қандай?

Ені-1 метр, ұзындығы-2 метр


Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті кім
Мемлекеттік елтаңбасының авторы, Еуразия ұлттық университетініңпрофессоры
Елтаңбаның ені мен ұзындығының қатынасы
Ваш логотип или название
Күннің нұр шұғылалы алтын бейнесі - байлық пен берекенің, тыныштықтың нышаны
Республикасының рәміздері
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы - ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТӘУЕЛСІЗДІГІ
Практикалық тапсырма орындау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz