Оқудың маңызы: оқу стильдері мен тиімді оқу ережелері, 3 А сыныптың 1 тоқсан қорытындысы


Slide 1

Ата-аналар жиналысының тақырыбы:

«Оқудың маңызы»

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

№15 гимназия

Сынып жетекші: Ескермесова Айнур Сериковна

Өткізілген орны: 36 кабинет

Slide 2

Шаршы - өзін тұрақты ортада ыңғайлы сезінеді,

нақты тапсырманы қалайды.

Ол барлығы белгіленген тәртіппен болғанын жақсы көреді.

Егер де оған тапсырма берсе,

ол оны аяқтағанша, тіпті жалғыз қалса да, орнынан кетпейді.

Үшбұрыш- өзіне мақсат қояды.

Ол үнемі жоспармен жүреді және сол жоспарын

орындаған сайын одан ләззат алып алға қарай ұмтылады.

Ол ірі ұзақ мерзімді істерге көп көңіл бөледі де кішкентай

бөлшектерге мән бермейді. Егер оған тапсырма берсе, ол

алдымен өзіне мақсат қойып содан соң оны орындау жоспарын құрады.

Шеңбер - адаммен тез тіл табыса алады, көпшіл.

Ол басқалармен қарым-қатынас жасап, сөйлесе

жүріп өз жұмысын бітіреді. Адамдардың арасындағы

жайлылықты ең алдыңғы орынға қояды. Егер де оған тапсырма

берсе, ол басқа біреумен ақылдасады.

Ирек - шығармашыл, ерекшелігі көрініп тұрады. Оны күнделікті

жағдай тез шаршатады, сондықтан да ол жаңа, өзгеше бір нәрсемен

шұғылдану қажет. Егер де оның алдына қандай да бір міндет қойса,

оның алдында жаңа идеялар, жаңа жобалар дайын тұрады.

Slide 3

Кітап оқудың тиімді 4 ережесі

Slide 4

1-ереже: Не білгіңіз келетінін анықтау керек.

Ең алдымен өзіңізден "Не үшін оқып отырсыз? Сіз алдыңыздағы мәтінді нақты бір мақсатпен бе әлде жай ғана рақаттану үшін оқудасыз ба? Кітаптан қандай білім алғыңыз келеді?" - деп сұрауыңыз керек.

Осы сұрақтарға жауап бергеннен соң, кітап бетін парақтауға кірісе беруге болады. Мұны істеудің оңай жолы - кітаптың кіріспесі мен тараулардың тақырыптарын қарау. Кіріспеде кітаптың кімге бағытталғаны, автор оқырманға не жеткізгісі келгені жайлы мәлімет берілуі мүмкін.

Slide 5

2-ереже: Мәліметті қаншалықты терең білу керек екендігін анықтау керек.

Егер сізге тек аттамалы мәліметтер қажет болса, онда тарау тақырыптары мен кіріспесін оқып шықсаңыз жетерлік.

Ал егер сіз толық ақпаратты қажетсінсеңіз, онда мәтінді қарап шыққан абзал. Тарауларды, кіріспені басты сөздер мен тіркестерді түсіне отырып, оқып шығыңыз. Оқу барысында берілген (егер берілсе) суреттер мен графикаларға жіті назар аударыңыз. Тек осы жағдайда ғана іздегеніңіз жайлы толық мағлұмат алу мүмкіндігіңіз бар.

Slide 6

3-ереже: Белсенді түрде оқу

Қандайда бір мәтінді оқу барысында маңызды да өзекті жерлердің астын сызып, оған пікір қалдырып отыру керек. Бұл сізге материалды жақсы түсінуге, сонымен қатар, қажетті жерде ойыңыздың жинақы болуына септігін тигізеді.

Slide 7

4-ереже: Техникалық құжаттарды оқу кезінде сөздіктерді қолдану

Егер сіз қиын техникалық құжаттарды көптеп оқитын болсаңыз, сөздік қолданыңыз. Оқу кезінде жаныңызда сөздіктің болғаны дұрыс. Сонымен қатар, кейбір тіркестерді өз сөзіңізбен жазып қойыңыз. Бұл сізге сөзді немесе тіркесті оңай әрі тез еске сақтауға көмектеседі.

Slide 8 Slide 9

3 «А» сынып

1-тоқсан қорытындысы

2-сыныппен салыстыру

2014-2015 оқу жылдарымен салыстыру

2014-2015

2015-2016

Сынып бойынша сапа көрсеткіші %

86 %

92%

Үлгерім

көрсеткіші %

100 %

100%


Ұқсас жұмыстар
1 тоқсан қорытындысы және ата-аналарға ҰБТ-ға көмектесу бойынша кеңестер
Бастауыш сыныптағы әдебиеттік оқу әдістемесі: оқудың түрлері мен оқу сапалары
Тиімді оқыту мен оқу тәсілдері: белсенді оқу, диалогтік әдістер және бағалау стратегиялары
Сыныптың оқу-тәрбиелік жұмысының әлеуметтік-педагогикалық және социометриялық талдауы
Жоғары оқу орындарында оқыту үдерісін ұйымдастырудың тиімді формалары мен әдістері
№23 орта мектептің бастауыш сыныптар әдістемелік бірлестігінің 2011-2012 оқу жылындағы проблемалық тақырыбы мен жұмыс қорытындысы
8 в сыныптың педагогикалық-психологиялық консилиумы: оқу жетістіктері, денсаулық және әлеуметтік-психологиялық көрсеткіштер (2008-2009 оқу жылы)
Кенжебай Нұрбибі Кемалқызының педагогикалық тәжірибе портфолиосы - Ж. Жабаев атындағы №234 мектеп, 1 «А» сыныбы, 2021-2022 оқу жылы
Оқу барысындағы тиімді кері байланыс: әдістемелік тәсілдер мен қалыптастырушы бағалау
3-сыныпқа арналған Абайдың Шегіртке мен құмырсқа мысалы бойынша әдебиеттік оқу сабағының оқу-әдістемелік жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz