Мұртазаның өмірі мен шығармашылығы




Презентация қосу
Сабақтың тақырыбы: Шерхан
Мұртазаның өмірі мен
шығармашылығы
Сабақтың мақсаты: Шерхан Мұртазаның
өмірін, шығармашылығын танып білу.
«Қызыл жебе» романы жайлы түсінік беру.
Сабақтың міндеттері: Есте сақтау
қабілетін дамыту. Балалардың өз бетімен
жұмыс істеуіне тәрбиелеу.
Сот сабағы оқушыны өз пікірін қорғай білуге, өз ойының дұрыстығын дәлелдеуге және сұхбаттасуға баулиды.

Жаңа сабақ
Бүгінгі біздің сабағымыз Шерхан
Мұртазаның өмірі мен
шығармашылығына арналады.
Мен қазір сіздерге шағын
мәліметтер беремін. Түсініп
оқыңдар, кейін бір-бірлеріңе
түсіндіресіңдер.
1-топ
Шерхан Мұртазаның өмірі жайында мәлімет
Шерхан Мұртазаның өмірбаяны
Шерхан Мұртаза 1932 жылы 28қыркүйекте, нда дүниеге келген.
Ол , , ҚР-ның сіңірген мәдениет қызметкері(1984ж),Қазақстанның
халық жазушысы(1992ж).1955ж М.В. Ломоносов
атындағы де журналистика факультетін бітірген. 1955 — 56 жылы
Қазақ мемлекет көркем әдебиет баспасында, 1956 — 60 жылы
“Лениншіл жас” (қазіргі “Жас алаш”), 1960 — 63 жылы
“Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газеттерінде
тілші, әдеби қызметкер, редактор, 1970 — 72 жылы “Жазушы”
баспасы жанындағы Балалар мен жастар әдебиеті бас
редакциясының және “Жалын” альманахының бас редакторы, 1972
— 75 жылы “Жұлдыз” журналының бас редакторы, 1975 — 80
жылы Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 2-хатшысы,
1980 — 89 жылы “Қазақ әдебиеті” газетінің бас редакторы, 1989 —
92 жылы “” газетінің бас редакторы, 1992 — 94 жылы “Қазақстан”
мемлекет компаниясының төрағасы қызметтерін атқарды. 12, 13-
шақырылған ҚР Жоғ. Кеңесінің, 2-шақырылған ҚР Парламенті
Мәжілісінің депутаты болды. Сондай-ақ ол жанындағы Ұлттық
2-топ
Шерхан Мұртазаның шығармашылығы жайында мәлімет
Шығармашылығы
Шерхан Мұртазаның тұңғыш кітабы — “Құрылысшы Дәку”
очерктер жинағы 1958 жылы жарық көрді. Қазіргі замандас
бейнесі, соғыс жылдарындағы тылдағы адамдардың қажырлы
еңбегін баяндаған “Табылған теңіз” (1963), “Бұлтсыз күнгі
найзағай” (1965), “Белгісіз солдаттың баласы” (1967),
“Мылтықсыз майдан” (1969), “41-жылғы келіншек” (1972),
“Ахметжанның анты” (1973), т.б. повестер мен “Интернат наны”
(1974) атты әңгімелер жинақтары жарияланды. Өндірістің дамуы
жөнінде, адам мен қоршаған ортаға қамқорлық туралы маңызды
мәселелер көтерген, ғылыми-техникалық төңкеріс жайын
сипаттаған “Қара маржан” (1976; ҚР , 1978) романы, мемлекет
қайраткері Т.Рысқұловтың өміріне арналған (“Қызыл жебе”, 1, 2-
кіт. 1980; “Жұлдыз көпір”, 3 кіт., 1984) -трилогиясы басылды.
Драматургия саласында жазушының “Қызыл жебе” (1987,
Қ.Ысқақовпен бірге), “Сталинге хат” (1988), сондай-ақ “Бесеудің
3-топ
«Қызыл жебе» романы жайлы мәлімет. (оқушылар кластер толтырып, сол
бойынша түсіндіреді)
Шерхан Мұртаза: "Қызыл жебе" романы жайында.
Автор Тұрар Рысқұловтың туған, жүрген жерін, әсем табиғатын аса бір
шеберлікпен, керемет көркем оймен шынайы суреттейді. Әкесімен бірге
түрмеде отырған кезінен бастап, Түркістан автономиясының президенті
болғанға дейінгі өмірі хронологиялық ретпен айтылады, Кеңес
республикаларының дамуына бірқатар еңбек еткен, ашаршылық жылдары
Сталинге шындықты жазып, елін аман алып қалу үшін жанын салған тұлғаның
өмірі баяндалады. Кітап тартымды, әсіресе бала кезінен бері танитын, өзі
кезінде қызмет еткен үйдегі орыс қызы Наташаның Тұрарды іздеп тауып, оған
тұрмысқа шығуы қызық оқиға. Кітап әрі тарихи дерек, әрі әдеби шығарма.
Жазушының кең құлашты, өзекті шығармасы - бес кітаптық «Қызыл жебе»
романы. Қазақ халқының бір туар ұлы Тұрар Рысқұлов туралы бұл көлемді
туынды Тұрар тағдыры арқылы қазақ халқының басынан кешкен қилы-қилы
кезеңдерін қамтиды. «Қызыл жебе» халықтың ыстық ықыласына бөленген
шығарма. Тағы бір айта кететін жай, «Қызыл жебе» романындағы Тұрар
Рысқұловтың туған, жүрген жерін, әсем табиғатын аса бір шеберлікпен,
керемет көркем оймен шынайы суреттеуі.
Шерхан Мұртазаға хат
жолдау (авторға хат жазады)
Сергіту сәті
Үстел үстіндегі кеспені таңдап, кеспедегі қызықты сұраққа қызықты жауап
айту.
1.Тарихтағы ең үлкен қалпақ кімдікі?(Басы үлкен адамдікі)
2.Қай жерде жексенбі сенбіден бұрын тұрады?(сөздікте)
3.Алма жегенде ішінен құрт көруден де жаман не болуы мүмкін?(құрттың
жартысын көру)
4.Қай жерден құрғақ тасты таба алмайсың?(судың ішінен)
5.Суды ыдысқа құймай-ақ қалай тасуға болады?(Мұз болған кезінде)
6.Кімнің шашына жауын жауғанда мүлдем су тимейді?(Шәпкесі бар
адамның)
7.Сіз доп лақтырдыңыз делік. Қай жағдайда доп ештеңеге соғылмай, тимей
өзіңізге қайтып келеді?(Аспанға лақтырған жағдайда)
8.Мына есепті калькуляторсыз, ештеңкеге жазбай, ойша шешуге тырысыңыз.
1000 оған 40-ты қосыңыз. Тағы бір мың қосыңыз. Оған 30-ды қосу керек.
Тағы 1000. Қосу 20. Қосу 1000. Және тағы 10-ды қосыңыз . Неше шықты?
(5000)
9.Қара мысық үйге қай кезде оңай кіреді? (Есік ашық қалғанда)
10.Саңырауқұлақтар неліктен зонтқа ұқсайды? (жаңбыр астында
өскендіктен)
Қорытынды:

Балалар, бүгін біз Ш.Мұртазаның өмірімен,
шығармаларымен таныстық.
Ойымызды жинақтап, қорытындылайық.
Үй тапсырмасы:

Ш.Мұртазаның «Тұтқын бала»
романын оқып келу.

Ұқсас жұмыстар
«Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» (екі кітап), «Жұлдыз көпір», «Қыл көпір», «Тамұқ» атты бес кітаптан тұратын хамса-романы»
Әдебиет сабақтарында көркем шығармамен жұмыс істеу кезеңдері
Ш. Мұртаза Бесеудің хаты драмасындағы өмір шындығы
Сыр сандық өлеңі
Бір адамға
Сәкен Сейфуллин "Сыр сандық" өлеңі
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы
Әбдіжәміл Нүрпейісов
Жамбыл деген жәй атым, Халық менің шын атым! ” Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Ильясова Н. Н
Ағылшын романтизмінің ерекшелігі
Пәндер