Панорамалық сабақ


Slide 1

“Ақсай орта мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Информатика пәнінің мұғалімі Мырзахметова Бану

Панорамалық сабақ

Slide 2

Суреттің үзінділерін ерекшелеу. Суреттің үзінділерімен жұмыс.

Сабақтың тақырыбы:

Slide 3

Сабақтың мақсаты:

Білімділік - Суреттің үзінділерін ерекшелеу. Суреттің үзінділерімен жұмыс тақырыбы бойынша оқушыларға жалпы түсінік беру.

Дамытушылық -оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, өз беттерімен жұмыс істей алу дағдыларын, сөйлеу шеберліктерін дамыту.

Тәрбиелік - жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа, жан-жақты болуға тәрбиелеу.

Slide 4

Күтілетін нәтиже:

-Топпен жұмыс жасауға дағдыланады;

- Paint графикалық редакторында сурет үзінділерімен жұмыс жасай алады;

- Суреттің үзінділерін ерекшелей алады;

- Өзін- өзі, топ жұмысын бағалай алады.

Slide 5

Сабақтың түрі:

Аралас сабақ

Slide 6

Сабаққа кіріктірілген модульдер:

Оқу мен оқытудағы әдіс-тәсілдер, оқу мен оқытуда АКТ-ны пайдалану, оқыту үшін және оқуды бағалау, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, оқыту мен оқудағы көшбасшылық.

Slide 7

Сабақ барысында қолданылатын әдістер :

Сергіту сәті:

Миға шабуыл», «ДЖИКСО» әдісі, сергіту сәті, рефлексия «Екі жұлдыз, бір тілек».

Slide 8

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

а) «Миға шабуыл» әдісі

ә) Топқа бөлу

ІІІ. «Ой қозғау».

ІҮ. Жаңа сабақ. Жаңа сабаққа кіріспе.

Ү. Жаңа сабақты меңгергенін зерттеу кезеңі.

ҮІ. Жаңа сабақты бекіту. «Сен-маған, мен-саған» әдісі.

ҮІІ. Бағалау.

ҮІІІ. Үйге тапсырма.

ІХ. Кері байланыс.

Slide 9

І. Ұйымдастыру кезеңі.

«Алақан» жаттығуы:

Балалар, бір-біріңе қарап жымиыңдар, алақандарыңды біріктіріп, жүректеріңнің жылуын беріңдер

Slide 10

Топқа бөлу

«Үшбұрыш», «Төртбұрыш» жазылған парақшалар оқушыларға таратылады, осы арқылы оқушылар І топ «Үшбұрыш» және ІІ топ «Төртбұрыш» бөлінеді.

Slide 11

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

а) «Миға шабуыл» әдісі

Графикалық редактор деген не?

Графикалық редакторды іске қосу тәсілі

Paint не үшін арналған программа, оның қазақшаға аударғандағы мағынасы қандай?

Пиксель дегеніміз не?

Графикалық редактордың құралдарын ата

Дұрыс фигураны қалай саламыз?

Slide 12

ІІІ. «Ой қозғау» әдісі.

Қызығушылықты ояту

«Ой қозғау» стратегиясы

Мақсаты:зейінін арттыру.

1. Суретті ерекшелеуге арналған құралдар не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

Slide 13

ІҮ. Жаңа сабаққа кіріспе

/Дәптерге бүгінгі күн мен жаңа тақырыпты жазғызу/

Суретті өзгерту үшін, алдымен оны тұтастай немесе оның қажетті бөлігін-фрагментті ерекшелеп алады.

Ерекшелеу үшін : « Ерекшелеу» сайманы қолданылады.

Ерекшеленген фрагменттің жан-жағында пунктирлі сегіз ерекшелеу маркері бар қоршау пайда болады

Суретті тұтастай ерекшелеу үшін Ctrl+A пернелер тіркесімен пайдалануға немесе Ерекшелеу- Бәрін ерекшелеу бұйрығын орындауға болады. Ерекшеледен бас тарту үшін басқа сайманды таңдасаңдар жеткілікті.

Slide 14

«ДЖИКСО» әдісі.

Әр топқа мәтіндер беріледі, оқушылар өзара талдап, талқылайды, сосын постер арқылы өз ойларын, түсініктерін жеткізеді.

1 топ. Үзіндіні көшіру, Үзіндіні жылжыту.

2 топ. Үзіндіні көбейту, Үзіндіні бұру.

Slide 15

Ү. Жаңа сабақты меңгергенін зерттеу кезеңі.

Сергіту сәті

(Қозғалысқа түсу арқылы бойларын сергітеді)

Компьютерде тәжірибелік жұмыс

Мақсаты: сабақта алған білімдерін дамыту

1 . Көбелектің суретін салу

2. Кескінді бірнеше рет көшіру.

3. Суреттің мөлшерін барлық мүмкін тәсілдермен өзгерту.

4. Әр өзгертуді жазып, белгілеу.

Мысалы, «30 градусқа бұру»

5. Суретті сақтау.

Slide 16

ҮІ. Жаңа сабақты бекіту. «Сен - маған, мен - саған» әдісі

Оқушыларға өз бетінше сұрақ дайындап отыруға тапсырма беріледі. Әр қайсысы қарсылас топтағы оқушыға сұрағын қояды. Жауап бере алса ұпай топқа қосылады. Жауап бере алмаса сұрақ берушіге жауап беруге мүмкіндік беріліп ұпай өзінде қалады.

Slide 17

Оқушының аты

жөні

Өткен тақырыпты меңгеру

Жеке тапсырманы орындай алуы

Топтық тапсырмаларды орындай алуы

Сабақта белсенділігі

Тәртібі

Жалпы ұпай саны

«Сыншыл дос» бағалау парағы

ҮІІ. Бағалау критерийлері :

Slide 18

ҮІІІ. Үйге тапсырма.

§16. Сурет бөліктерімен жұмыс істеу

Slide 19

Кері байланыс.

Оқушыларға стикер тарату.

Бүгінгі сабақта саған не ұнады\ұнамады?

Сенің пікірің немесе ұсынысың.

Slide 20

Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Дәстүрлі емес сабақтардың өзектілігі
Жәндік Жануар Қосмекен тер ділер лар
Жалпы оқушының жан дүниесін дамыту
АФС жіктелуі
Кітапханалардың үздік дизайн үлгілері
«Таза бұлақ» әңгімесі тіл ұстарту сабағында
WRITE шығару операторы
Көсемшені табу Көсемшені қолдана
Тексеру сабағы
Орыс өзіндік халқының ойымен қазіргі заманғы көрнекті жазушысы қазақ ақыны Фариза өлең шығару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz