Толеранттылық шаршысы



Тақырып: Оқушылардың өзара толеранттық қарым-қатынасы .
Біз бәріміз әртүрліміз…

Бұл ғылыми жоба арналады:


Ғылыми жұмыстың
мақсаты :
бастауыш сынып оқушыларының өзара жеке тіл табыса білу қарым-қатынастарын анықтау ;
толеранттылық қарым-қатынас ұстауға үйрету;

Ғылыми жұмыстың міндеттері:
«Толеранттылық» деген сөздің мағынасын ашу, қарапайым тілмен толеранттылық туралы түсінікті таныстыру;
толерантты адамның қасиеттерін аша білуге үйрету;
қандайда бір кикілжіңді толеранттылық көзқараспен қарап шешу дағдыларын қалыптастыру;

Тақырыптың өзектілігі:
Қазіргі білім беру жүйесінде басты мақсаттардың бірі БҰҰ Декларациясында
көрсетілгендей адам құқығын сақтау
жөніндегі ережеге сәйкес және балалар
құқығы Конвенциясына сай жанұяда,
оқу орнында толеранттық көз-қарасты
қалыптастыратын әлеуметтік және
педагогикалық жағдай туғызу, балалар
арасында толеранттылық сананы
қалыптастыру болып табылады.

Біздің мектеп үшін тақырыптың маңыздылығы: Этникалық топтардың арасындағы шиеленістің өсуі, қоғамдағы шыдамсыздықтың, дөрекіліктің көбеюі баланы толеранттылыққа тәрбиелеуді жас кезінен бастау қажеттілігін туындатады. №26 ОЖББМ аралас мектеп болғандықтан мектебімізде бірнеше ұлттың өкілдерінің балалары білім алады.

Зерттеу болжамы: Толерантты болу оқушылардың мінез-құлық, тәрбиелік, білімділік дәрежелеріне байланысты болады. Объект: Бастауыш сынып оқушылары

ІІ бөлім-Негізгі бөлім
Толеранттық түсінігі латынша (tolero)
шыдау, төзу, көндігу деген мағынаны береді
Толеранттылық - бейбітшілікке
бастайтын жол

Шарль Морис Талейран
TOLERANTIA - шыдамдылық
Толеранттылық теңқұқылық, тең санау ұғымынсыз мәні болмайды теңқұқылық, тең санау болса толеранттылық автоматты түрде пайда болады

Бұл өзгелердің этникалық, діни ерекшеліктеріне, күшті не әлсіздігіне қарамастан оның құқығы мен еркін саналы түрде мойындау болып табылады.

Толеранттылық дегеніміз-
идеяларға, мінез-құлыққа,
салт-дәстүрге, әдеттерге,
сезімге, наным-сенім,
әлеуметтік жағдайға
шыдамды қатынас

«Толерант» сөзінің жер шарындағы халықтардың тіліндегі мағынасы:
испан тілінде - өз ойы өзгенің ойынан ерекшеленетіндігін мойындай білу қабілеті;
ағылшын тілінде -шыдамды болуға бейімділік;
қытай тілінде - қабылдау, басқамен қарым-қатынаста мейірімді болу;
араб тілінде - кешірім, келісім, қайырымдылық, жұмсақтық;
орыс тілінде - өзгенің ісіне төзімділікпен қарай білу қабілет (шыдамды болу, өзгемен келісімге келе білу)

Толеранттылық :
Теңқұқылық ( ұлтына, жынысына, дініне, әлеуметтік және саяси көзқарасына қарамастан білім және экономикалық жағдай барлық адамға тиісті) ;
Әр ұлт өзінің салтын ұстауға, мәдениетін сақтауға құқылы;
Қоғам мүшелерінің құқығы мен қабілетіне нұсқан келтірмейтіндей әр адамның қалаған дінін ұстауға мүмкіндігі бар; қоғам мүшелерінің саясатқа араласуда тең құқықтылығы;
Ортақ мәселені шешуде келісімділік пен бірлестік;
Қоғамдар мен топтардың мүшелерінің арасындағы өзара түсіністік, әртүрлі топтарға ( мүгедектер, қашқындар, т. б) мейірімділік және шыдамдылық көрсету;

Толеранттылыққа қарсы әрекеттер
кемсіту, келекелеу, күлкіге айналдыру;
көңіл аудармау;
жағымсыз стереотип (өзге ұлтқа, салтына, мәдениетіне, жынысына жағымсыз көзқараспен қарау) ;
этноцентризм (өз тобының құндылығын және салтын басқалардан артық санау)
5. Жау іздеу; (бақытсыздықты, әлеуметтік мәселелерді өзгеге аударып кіналау)
6. қорқыту, үркіту, зорлық-зомбылық көрсету;
7. расизм, национализм, фашизм
8. эксплуатация (өзгенің еңбегін қанау, уақытын пайдалану, өзге елдің табиғат ресурстарын, байлығын пайдалану) ;
9. мәдени және діни белгілерді бүлдіру;
10. құлдықта ұстау, адам саудасын жасау


ІІ бөлім Зерттеу бөлімі

Мақалдар
Төзімді тілегіне жетеді. қазақ мақалы
Гроза, грозись, а мы друг за друга держись.
орыс мақалы
Эбтей уладууд эрьеын арһанда баг тъха
(Тату адамдар қой терісінің астына да сияды)
бурят мақалы

ІІҢҢ
Біздің мектептегі оқушылардың
ұлттық құрамы туралы мәлімет
Қазақтар-405
Орыстар-405
Украиндар-20
Татар-23
Азербайжан-8
Қарақалпақ-3
Өзбек-3
Шешен-1
Неміс-2
Грек- 1
Белорус-2
Кәріс-1
Сыған-3
Мордва-1
Латыш-1
Зерттеу бөлімі

Оқушылармен жұмыс Елестетуге жұмыс «Кәне қиялдайық…»
Жер бетіндегі адамдардың бәрі бірдей болып кеткен деп елестетіңдер (бойы, шашы мен көзінің түсі, киімі, білім деңгейі т. б. )
- Бұл әлем қандай болады? Адамдар ол жағдайда қалай өмір сүреді?
- Біздің әртүрлі болғанымыз жақсы ма, жаман ба?
- Әртүрлі адамдар көп қоғамда өмір сүру оңай ма, қиын ба?
Қорытынды: Әртүрлілік қоғамды толықтырып, қызықты қыла түседі. Әлеме адамдар өмір сүру үшін мәселелерді бірлесе келісіп шеше білуі керек. Ол үшін мынандай үш ережені сақтау қажет «МҚТ»

М Қ Т
Мойындау Қабылдау Түсіну

Қиын жағдайдан жол табу әдісін іздестіру
І топ Жолдасың оқуға сұрап алған кітапты бояп тастады.
ІІ топ Досыңмен дүкен жанында кездесуге келістің. Сен жарты сағат күттің, ол келмеді.
ІІІ топ Сен берген уәдеңді орындай алмадың, досың саған ренжулі.

Бала бұрын жеп жүрген тамақты жемеймін деп бұлданып өкпелеп отыр. Ата-анасы не істейді деп ойлайсыңдар?
А) оған басқа тамақ береді
Ә) жемесе, үстел басынан тұрып кетуін, ашуы басылған соң келіп ішуін ескертеді
Б) жемей тұрмауын, белгілі тәртіпке бағынуын талап етеді
Сен аулада балалармен ренжісіп қалсаң не істейсің?
А) балалармен не себепті реніш болғанын анықтауға кірісесің
Ә) Балалармен тілтабысуға тырысасың
Б) Үйден шықпайсың
Сен сабақ оқудың орнына теледидар көріп отырсың. Ата-анаң не дейді?
А) ұрсып ақыл айта бастайды
ә) себебін сұрап, көмектерін көрсетеді
Б) еш нәрсе демей теледидарды сөндіреді

Толеранттылық шаршысы
ТЫҢДАЙ БІЛ!
КЕШІРЕ БІЛ!
ТҮСІНЕ БІЛ!
КҮЛІМСІРЕЙ БІЛ!
ҚАБЫЛДАЙ БІЛ!
КӨМЕКТЕСЕ БІЛ!

Шығармашылық жұмыс “Толеранттылық ағашы”
Ағаш суретін салу. Жапырақтарға оқушылар мектебіміз «Толерантты кеңістікке» айналу үшін не істеу қажет екенін жазып жапсырады, сынып ішіне іледі
Алақан жылуы
Түрлі түсті қағазды алып, алақаныңды басып қиып ал. Әр саусаққа өзін туралы бойыңдағы талант, не өмірлік ұстанымың, не бойыңдағы жақсы қасиет туралы, яғни өзіңді басқадан ерекшелейтін қасиеттеріңді жаз. (Мәлімет жағымды болуы тиіс)
Тапсырманы орындауға 3-5 минут бөлінеді. Жетекші жазбаны дауыстап оқиды. Қалған қатынасушылар кім екенін табуға тырысады. Алақандарды бір бетке барлығын жапсырамыз

Толерантты тұлғаға тән қасиет: (алақандағы, жапырақтағы жазулар)
шыдамдылық;
- өзін ұстай білу;
- сенім;
- немқұрайлылыққа шыдау; - қайырымдылық;
- өзгені тыңдай білу;
өзгені кіналамау;
-әлеуметтік әріптестік;

Біздің мектептегі шаралар


ІV бөлім ҚОРЫТЫНДЫ. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде баланың жанұясындағы жандардың білімі мен тәрбиелілігі сәйкес келіп өзара байланысып тұрса, соғұрлым бала бойында толеранттылық жоғары болады. Толерантты болуға бізге не кедергі келтіреді?

Зерттеу жұмысына сай оқушыларды
4 топқа біріктіруге болады.
І топ Оқушылардың көпшілігі эмоциональдық бағасы
( араласуға қызықты - қызықты емес; партнер ұнайды- партнер ұнамайды) шыдамды/шыдамсыз іс-әрекеттеріне қарап бағалаумен сәйкес келеді
ІІ топ толеранттылық бойларында бар оқушылар. Олар айналасындағылармен сыйласа қарым-қатынас жасай білетін ; өздерін бақылай білу деңгейлері жоғары, тұрмыстық қиын, әлеуметтік жағдайды да елемей бәрімен бірдей араласа алатын оқушылар.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz