Қазақстан композиторларының вокалдық музыкасы: ән-романс жанры бойынша сабақ жоспары


Slide 1

Қарағанды облысы

Шахтинск қаласы

Ә. Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі

музыка пәнінің мұғалімі

Аккулова Манат Жумабековна

Slide 2

Сабақ тақырыбы:

Қазақстан композиторларының

вокалдық музыкасы.

Ән-романс жанры.

Slide 3

Сабақтың міндеті: Тақырыпты меңгерту. Оқушылардың қызығушылығын арттыру.

Мақсаты:

Білімділік

Дамытушылық

Қазақстандағы ән-романс жанрына алғаш жол салған композиторлар шығармашылығына тоқталу, жүйелі еркін сөйлей білу, оқушының белсенділігін арттыру.

Ән-романс жанрымен таныстыра отырып, оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамыту, ән иірімдерін дұрыс ести білу, мелодиялық ерекшеліктерін сезіну қабілеттерін дамыту, әнді дұрыс орындауға машықтандыру.

Тәрбиелік

Ән-романстарды тыңдату арқылы Отанын сүюге, рухани адамгершілікке, өз ісіне сенімі мол, еңбекқор, мейрімді, өнерлі, заманына сай тұлғаны тәрбиелеу.

Slide 4

Қайталау сұрақтары:

XX ғасырда қандай елдерде кәсіби музыка өнері қанат жайды?

Осы кездегі әлемдік музыка мәдениетіне үлес қосқан композиторлардан кімдерді атар едің?

Ұлттық композиторлар А. Хачатурян, У. Гаджибеков, М. Ашрафидің қандай шығармаларын білесің?

Slide 5

1. Жеке аспап пен оркестрге арналып жазылған көлемді шығарма.

2. Көп дауысты вокалды шығарма.

3. Қолма-қол суырыпсалу әдісімен музыка шығару.

4. Театр сахнасында қойылатын музыкалық-драмалық шығарма.

5. Түрлі орындаушылардан тұратын ұжым.

6. Операда жеке орындалатын шағын ән.

7. Ырғағы мен айтылуы қарасөзге жақын келетін вокалды шығарма.

8. Жеке дауыс, хор, оркестрге арналған көлемді шығарма.

9. Халық әуеніне еркін формада жазылған аспаптық шығарма.

10. Негізгі тақырыбы қайталанып отыратын аспаптық шығарма.

Сөз жұмбақты шешу.

к

о

м

п

о

з

и

т

о

р

Slide 6

Қазақстанда кәсіби вокалдық музыка

ән-романс жанрынан бастау алады.

Романс - испан ақсүйек қауымының поэтикалық-лирикалық әні.

Қазақстандағы ән-романс жанрына алғаш жол салған композиторларды атап шығайық.

Slide 7

Ахмет Жұбанов (1906-1968)

Академик, профессор, өнертану ғылымының докторы, қазақтың алғашқы кәсіби композиторы. Әр жанрда жазған көптеген музыкалық шығармалардың және музыкатану ғылымында баға жетпес “Ғасырлар пернесі”, “Замана бұлбұлдары” кітаптарының авторы.

А. Жұбанов Қазақтың Құрманғазы атындағы мемелекеттік академиялық халық аспаптары оркестрін құрып, оның алғашқы көркемдік жетекшісі және бас дирижёрі болды.

Slide 8

Евгений Григорьевич Брусиловский (1905-1981)

Халық музыкасы негізінде жазылған алғашқы қазақ операларының авторы. Көптеген жылдар бойы консерваторияда ұстаздық қызмет атқарды.

Е. Брусиловский - алғашқы Қазақстан Республикасының Әнұраны авторларының бірі.

“Қыз Жібек”, “Ер Тарғын” сияқты алғашқы қазақ операларының авторы.

Slide 9

Мұқан Төлебаев (1913-1960)

Қазақтың дарынды композиторы, ұлттық кәсіби музыканың негізін салушылардың бірі.

М. Төлебаев “Біржан-Сара” операсы осы жанрдағы биік деңгейде жазылған таңдаулы шығармалардың қатарына жатады. Операда өмірде болған екі өнер саңлағының аңызға айналған айтысы, оларды қоршаған орта, әлеуметтік жағдайлар музыка тілімен көркем бейнеленеді.

М. Төлебаев - алғашқы Қазақстан Республикасының Әнұраны авторларының бірі.

Slide 10

Әбілахат Еспаев (1925-1980)

Дарынды композитор.

Ә. Еспаев негізінен вокалдық музыка жанрында (ән, романс, хор, баллада) еңбек етті. Ең алғашқы туындысы - “Туған ел” әні. Оның халыққа кең тарап, үлкен сүйіспеншілікке бөленген “Ақ сәуле”, “Ұстазым”, “Сағыныш екен бала кез”, “Қайдасыңдар, достарым”, “Маржан қыз”, “Шофёр әні” және т. б. әндері бар.

Slide 11

Нұрғиса Тілендиев (1925-1998)

Дарынды композитор, дирижёр және домбырашы.

Ол фольклорлық-этнографиялық “Отырар сазы” оркестрін құрып, көркемдік жетекшісі және бас дирижёрі болды.

Н. Тілендиев - халыққа кеңінен танымал “Алатау”, “Құстар қайтып барады”, “Әже туралы ән”, “Өз елім”, “Әке туралы жыр”, “Саржайлау”, Абайдың сөзіне жазылған “Жасымда ғылым бар деп ескермедім” ән-романстарының авторы.

Slide 12

Шәмші Қалдаяқов (1930-1992)

Қазақстанның халық артисі, ән жанрында аты шыққа әйгілі композитор. Оның әндері республиканың барлық өңіріне кең тараған.

Ш. Қалдаяқовтың “Ақмаңдайлым”, “Ақ сұңқарым”, “Менің Қазақстаным”, “Қайықта”, “Ақ бантик”, “Арыс жағасында”, “Ана туралы жыр” және т. б. көптеген әндері әсем саздылығымен халық жанына етене жақын.

Slide 13

Музыкалық сауат:

Каденция - музыкалық шығарманы аяқтауға арналған әуендік немесе гармониялық құрылым. Вокалды және аспапты музыканың күрделі дамуына байланысты шығарма соңына қарай еркін орындалатын виртуоздық сипаттағы көрініс.

Фактура - музыкалық шығарманы жазу, мазмұндау әдісі. Мысалы, музыка сүйемелдеуші әуен ретінде немесе аккорд түрінде берілуі мүмкін.

Slide 14

Латиф Хамиди (1906-1983)

Қазақ кәсіби музыкасының негізін салушылардың бірі. Ол Б. Ғизатовпен бірлесіп тұңғыш “Домбыра үйрену мектебі” атты кітап жазды.

Л. Хамиди - атақты “Қазақ вальсі”, “Бұлбұл” әндерімен қатар, “Отан”, “Аққу”, “Алтын бидай”, “Романс”, “Алматы”, “Бейбітшілік туы берік қолда”, “Лаула, костёр”, “Жайлауым - бақша жайнаған”, сынды ән-романстар жазған композитор. Л. Хамиди - Қазақстандағы вальс жанрының негізін салушы.

Slide 15 Slide 16 Slide 17 Slide 18

Дыбыс ұзақтықтары:

Әуен - саздардағы дыбыстар бір-бірімен түрлі биіктіктерімен ғана емес, сондай-ақ түрлі айтылу, естілу ұзақтықтарымен де ерекшеленіп ажыратылады.

Нота белгілері музыкалық дыбыстардың биіктігі мен ұзындықтарын бірден қатар көрсетіп тұрады. Дыбыс ұзақтықтары мынадай белгілермен белгіленіп, есептеледі.

Slide 19 Slide 20

Тест

Қазақстан Республикасы Әнұранының әнін жазған кім?

а) Е. Брусиловский; б) А. Жұбанов; в) Ш. Қалдаяқов; г) Л. Хамиди.

Фермата дегеніміз не?

а) Дыбысты қысқа созу белгісі; б) Дыбысты еркін созу белгісі;


Ұқсас жұмыстар
Ән-әуез пәні бойынша сабақ жоспары: Тәуелсіз елім - тірегім
Орта Азия халықтарының музыкасы мен музыкалық аспаптары: сабақ жоспары және оқу-жаттығулар
Қазақстан жазушылары мен композиторларының театр және музыка өнерінің тарихы мен шығармашылығы
Қазақ тілі - Модуль 5: Сан есім және Қазақстан картасы бойынша сабақ жоспары
Білім көкпары: Қазақстан тарихы бойынша сабақ жоспары және әдістемелік тапсырмалар
Қорқыт ата мен қобыз: қазақ музыкасы сабағының жоспары
PowerPoint бағдарламасында презентация құрастыру бойынша сабақ жоспары
УІ-ХІ ғасырлардағы Қазақстан жеріндегі ерте ортағасырлық мемлекеттер бойынша қайталау сабақ жоспары
8-сынып: Қазақстан облыстары - халық, жер көлемі, климат және салалас құрмалас сөйлемдер бойынша сабақ жоспары
Біріккен сөз тақырыбы бойынша бастауыш сынып сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz