1916 жылғы ұлт - азаттық көтеріліс


Slide 1

«1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс»

Slide 2

Мақсаты:

Қазақ елінің жүріп өткен жолдарын, ұлт азаттық көтерілісті айта отырып, оны мәңгі есте сақтау керектігін түсіндіру.

Оқушыларды Отанды сүюге, азаттық туын көтерген батырларды құрметтеуге тәрбиелеу.

Оқушының бойына ұлтжандылық сезімдерін қалыптастыру.

Slide 3

Қанатты сөздер

Батыр елі үшін туады, елі үшін өледі.

Ел үшін аянба-ерлігіңе сын,

Жұрт үшін аянба-жігіттігіңе сын.

Б. Момышұлы.

Туған ұлдан не пайда- қолыңа найза алмаса, ата жолын қумаса.

М. Өтемісұлы

Slide 4

Кезеңдері

“Амангелді” фильмінен үзінді

Көтеріліс басшыларының өмірбаяны

Оқушылардың шығармашылығынан

Қорытынды

Slide 5

Көтеріліске желеу болған негізгі себепші фактор: 1916 жылғы 25 маусымдағы патша үкіметінің “Түркістан мен Дала өлкесінен 19-43 жас аралығындағы 500 мың адамды қара жұмысқа алу туралы” жарлығының шығуы

Slide 6

Революцияшыл-демократияшыл топ өкілдері: Ә. Жангелдин, А. Иманов, Т. Бокин, С. Сейфуллин, Т. Рысқұлов, С. Меңдешов, Б. Алманов, Б. Әшекеев, Ж. Мәмбетов қара жұмысқа алудан бас тартып, халықты көтеріліске шақырды.

Slide 7

Либералдық-демократиялық зиялылар: Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, А. Байтұрсынов патша үкіметімен келісімпаздық бағыт ұстанды.

Slide 8

1913 жылдың өзінде А. Байтұрсынұлы: “Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды” деп жазды.

М. Дулатұлы: “Жұрт сеңдей соғылды, түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айырылды” деп жазды.

1916 жылғы қазандағы үндеу хатында: “Тыңдаңыздар, қан төкпеңіздер, қарсыласпаңыздар”, -деп жазған болатын.

Slide 9

1916 жылғы 23 тамызда генерал-губернатор А. Куропаткиннің құпия бұйрығымен қара жұмысқа шақырудан босатылғандар:

Болыстық, ауылдық басқармалардың лауазымды адамдары

Полициялық шенділер

Имамдар, молдалар

Несие мекемелеріндегі есепшілер

Жоғары лауазымды жергілікті бұратаналар

Дворяндар

Slide 10

Көтеріліске қатысушы революцияшыл-демократияшыл зиялылар өкілдері:

Жетісуда:Т. Рысқұлов, Т. Бокин, Б. Әшекеев, Ұ. Саурықов, Ж. Мәмбетов, А. Қосақов

Торғайда:Ә. Жангелдин, А. Иманов

Орал облысы мен Бөкей ордасында:С. Меңдешов пен Ә. Әйтиев

Маңғыстауда:Ж, Мыңбаев

Slide 11

1916 жылғы көтеріліс бүкіл Қазақстанды, Орта Азияны, Сібір мен Кавказдың бір бөлігін қамтыды

Slide 12

Шерубай-Нұра болысында:Н. Қияшев Қарашақ болысында:О. Шоңов Верный уезінде:Б. Әшекеев

Slide 13

Түркістан өлкесінде 347 адам атылды, 168 адам жер аударылды. Жетісуда көтеріліс жасаған ауылдардың 238 мыңнан астам халқы Қытайға ауып кетуге мәжбүр болды.

Slide 14

Көтеріліс қамтыған жерлер

Slide 15

Көтерілісшілердің бас штабы болған үй

Slide 16

Әліби Жангелдин-көтерілістің рухани көсемі

Әліби Тоқжанұлы Жанкелдин - Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату және нығайту жолындағы күрестің көрнекті басшысы, республиканың мемлекет қайраткері. 1884 жылы Торғай облысы қазіргіЖанкелдин ауданында дүниеге келген. 1903 жылы Қостанай орыс-қазақ училищесін бітірген. 1905 жылы революцияға қатысқаны үшін Қазан мұғалімдер семинариясынан және Мәскеу діни академиясынан «сенімсіздер» қатарына жатқызылып оқудан қуылды. 1909 - 1912 жылы шет елхалықтарының тұрмыс-салтымен танысуды (кейбір деректерде діни уағыздарды насихаттауды) мақсат еткен. Жангелдин Еуропа, Африка, Таяу Шығыс, Азия елдерін жаяу аралап, 1913 жылы Жапонияарқылы туған жерге оралады. Ел аралап, киноаппаратпен шет ел халықтарының өмірі мен тұрмысына байланысты фильмдер көрсетіп, жергілікті халықтың саяси сауатын көтеруге ықпал етті. 1915 жылы Ресей коммунистік партиясының қатарына өтіп, Қырымда астыртын революциялық қызмет атқарды. Жангелдин Ресей патшасының 1916 жылғы маусым жарлығына қарсы Торғайқазақтарының көтерілісін қолдап, Торғай қаласын қоршауға қатысты

1910 - 1912 жылы Николай Степнов деген атпен Еуропа, Таяу Шығыс, Африка, Азия елдеріне жаяу саяхат жасады. 1911 жылы Женевада В. И. Ленинмен кездесті. 1913 жылы Қазақстанға оралып, революциялық жұмыс жүргізді. Өкіметтің қуғындауынан Қырымға кетті, кейін Петроградқа ауысты. 1916 жылы Торғайға келіп, А. Имановпен бірге ұлт-азаттық көтерілісті басқарды. 1917 жылы Уақытша үкіметке қарсы күрес ұйымдастырды, бұқара халық арасында большевиктер идеясын насихаттады.

Slide 17

1918 жылы В. И. Лениннің тапсырмасымен Астархан арқылы Ақтөбе майданына қаржы, қару-жарақ жеткізген отрядты басқарды. Қызыл Әскердің бөлімдерін ұйымдастыруға, Кеңес өкіметін нығайтуға іскерлік пен басшылық етті. 1919 жылы шілде - 1920 жылы қазан - Қырғыз-Қазақ өлкесін басқару жөніндегі соғысреволюциялық комитет төрағасының орынбасары, 1920 жылы қазан айынан ҚАССР ОАК Төралқа төрағасының орынбасары болып қызмет атқарды.

1938 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының мүшесі, 1951 жылы оның төрағасының орынбасары болды. 1920 жылы РК(б) П Қырғыз (Қазақ) облыстық комитетінің және ҚАССРО мүшесі, 1938 жылы Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің депутаты. РК(б) П 13-съезінің делегаты (1924) . Ленин, Қызыл Ту ордендерімен марапатталған.

Мемлекет қайреткері 1953 жылы 69 жасында өмірден өтті.

Slide 18 Slide 19

Ұлт азаттық көтерілісінің Торғай жеріндегі жетекшісі

Slide 20

Амангелді туралы дерек

Аманкелді Үдербайұлы Иманов (03. 04. 1873 -18. 5. 1919) - қазақ халқының батыры. Қазақстанда 1916 жылы өріс алған Ұлт-азаттық көтерілістің басшысы. Торғай уезі Қайдауыл болысының 3-ауылында кедей шаруа отбасында туған. 1918 жылдан Компартия мүшесі.

7 жасында әкесі, одан 5 жыл кейін шешесі қайтыс болып, жастайынан жетім қалады. Ауқатты адамдарға жалға тұрып жүріп, еңбекші халықтың тартқан қайғы-қасіретін, ауыр тұрмысын көреді. Оның бойында самодержавиеге, қоғамда тереңдеп кеткен әлеуметтік теңсіздік пен езгіге деген өшпенділік осы кезден-ақ қалыптаса бастады. Байқоңыр көмір кенінде темір ұстасы болған жылдары орыс жұмысшыларымен араласып, таптық сана-сезімі оянады. 1905-1907 жылдары орыстың 1-революциясының азаттық идеясы ықпалымен шаруалардың байларға қарсы қарулы күресіне қатысады. Социал-демократтардың жергілікті жердегі большевиктер тобымен тығыз байланыс жасап, шаруалар бұқарасының ұлт-азаттық күресін басқарушы ретінде бүкіл Торғай даласына атағы жайылды. 1896-1908 жылдары патша өкіметі оны "сенімсіз" адам деп тауып, бірнеше рет түрмеге отырғызды.

Slide 21

1916 жылғы көтеріліс

Аманкелдінің есімі қазақ халқының тарихындағы аса бір даңқты кезең - 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліспен тығыз байланысты. Империализм қайшылықтарының шегіне жете шиеленісуінің нағыз айғағы болған бұл көтеріліс патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы бағытталып, халықтың бостандығын көздеді. Бұқара халықтың бұл қозғалысы қазақ жігіттерін майдандағы қара жұмысқа алу жөніндегі патша үкіметінің 1916 жылғы 25 маусымдағы жарлығынан кейін өрістей түсті. Аманкелді Қостанай, Ақтөбе, Ырғыз, Атбасар, Перовск т. б. қалаларға өз өкілдерін жіберіп, жұмысшы-шаруаларды патша өкіметіне қарсы күреске шақырaды. Төзгісіз қанауға ұшырап, жерінен айырылған қазақ кедейлері Аманкелдінің отрядына лек-легімен келіп қосылып жатты. 1916 жылдың қазан айында тек Торғай мен Ырғыз уездерінде ғана 20 шақты отряд құрылады. Аманкелді отрядтарға қатаң тәртіп енгізді. Көтерілісшілерді қару-жарақты қолдана білуге жөне соғыс өнерін меңгеруге үйретті. Аманкелдінің көтерілісшілер отряды патша өкіметінің жергілікті органдарына қарсы бірнеше ұрыс жүргізіп, 1916 жылы қазанда Торғай қаласын қоршауға алды. Осы операцияда Аманкелдінің ұйымдастырушылық жөне қолбасшылық таланты айқын көрінді. Оның қол астындағы 50 мың сарбазы ерліктің, табандылықтың тамаша үлгісін көрсетті. Патша үкіметі Аманкелдінің шабуылын тойтару үшін жазалаушы корпус жіберуге мәжбүр болды. Тек жаудың негізгі күштері келіп жеткеннен кейін ғана, 27 күннен соң Аманкелді өз сарбаздарын қаладан алып кетті. 1917 жылы қаңтарда ол қаланы басып алуға қайта әрекет жасады, бірақ күш тең болмағандықтан ел ішіне кетеді. Бұл кездерде Аманкелді большевиктермен, оның ішінде Ә. Жангелдинменмен байланысты күшейтіп, большевиктер партиясының идеясымен қарулана түсті. Уақытша үкімет кезіндегі алашордашыларға қарсы күрес жүргізді, бұқара халыққа пролетарлық революцияның маңызын түсіндірді.

Slide 22 Slide 23 Slide 24

Әбдіғапар Жанбосынұлы

Әбдіғаппар Жанбосынұлы(1870; бұрынғы Торғай облысы Торғай у. Қараторғай облысы - 21. 11. 1919, сонда) қазақ халқының - 1916 - 17 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалыстың Торғай даласындағы басшысы. Тілеулі батырдың ұрпағы. [1] Арғы атасы Нияз би - Абылай ханның сенімді серігі, әкесі Жанбосын (1847 - 95) көп жылдар болыс болған. Анасы - Алуа Ақтасқызы (1840 - 1934) (Ақтас - Ахмет Байтұрсынұлының әкесінің ағасы) . Әбдіғапар ауылында бастауыш мектеп ашқан. Ағаштан ою ойған шебер болған, суармалы егіншілікпен айналысқан, ақыл-парасатымен ел ағасы атанған. 1916 жылдың жазында Қараторғай болысының, кейін бүкіл Торғай Әбдіғапар маңына топтасты. Сол жылғы 21 қарашада Жалдама өз. бойында 13 болыс ел өкілдерінің құрылтайы Әбдіғапарды хан көтеріп, бірі Иман батырдың немересі Амангелдіні Сардарбек етіп сайлады. Әбдіғапар ел билігін соғыс жағдайына бейімделген дала демократиясы негізінде қайта құрды. Алдымен Әбдіғапар өзін хан деп атамай, әмір деп есептеді. Ол өзі басқарған Торғай елін бүкіл қазақтың тәуелсіз мемлекеті құрылғанға дейінметрополияның билігін мойындамайтын, жаугершілік заманда уақытша өмір сүруге құқылы автон. аймақ деп санады.

Slide 25
Ұқсас жұмыстар
Тарихи ірі көтерілістер
1917 жылға дейін көтеріліс болған өңір
Ұлт - азаттық көтерілістің өрбуі
Жетісудағы көтеріліс
1916 ЖЫЛҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҰЛТ - АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІС
Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалыс картасы
1916 жылғы көтеріліс бүкіл
Көтеріліс бұрынғы
Ұлттық мемлекет құру жолындағы қазақ халқының қозғалыстарының бастаулары
КӨТЕРІЛІСТІҢ ШЫҒУ СЕБЕБІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz