Холерик темпераменті басым оқушының ерекшеліктері


Slide 1

Г. Ергешева

Бірінші мамыр жалпы орта білім беретін мектебінің педагог-психологы

Slide 2

Белгілі бір адамға тән және өмір әсерлеріне жауап реакциялардың динамикасы, тонусы мен бірқалыптығында көрініс беретін мінезқұлықтың табиғи ерекшеліктерін- темперамент деп ұғынуымыз керек

Slide 3 Slide 4 Slide 5

Бұл ұшып-қонып тұратын, күйгелек, тынымсыз, шамданғыш, көңіл күйі жиі өзгеретін, қарым-қатынаста аумалы-төкпелі, тұрақсыз, соқпа мінезді, белсенді пысық, бірақ бейкам, ашуланшақ бала. Оның бұл сияқты ерекшеліктері өткір көзінен, тез және оқтайлы қозғалыстарынан жақсы байқалады.

Бұл жөнінде И. П. Павлов былай дейді: «Байсалдылығы жоқ қажырлы адам, кез келген іске барлық күш жігерімен кіріседі, содан соң тез шаршап қалады, кейіннен зауқы аумай қояды…»

Холерик темпераменті басым оқушының ерекшеліктері.

Slide 6

Ашық, көпшіл, сөзшең, кісіге қайырымды, қысылып қымтырылмайды, оптимист, өмір сүргіш, көтеріңкі көңілді, басшылыққа, жетекшілікке құштар. Сондықтан да сангвиниктер өмірге икемді, тәрбиелеуге оңтайлы, ширақ темперамент болып саналады. Әр түрлі, көп қырлы жұмысты нәтижелі атқарады. Бір қалыптылықты және шапшаңдықты тілейтін жұмыстар оларға өте қолайлы.

Бұл темпераменттің өкілін И. П. Павлов қызу қанды, іскер адам деп санайды. Бірақ ол ылғи қызықты іспен айналысқанда ғана осындай күйде болады. Мұндай іс жоқ кезде ол жабыраңқы, сылбыр жүреді.

Slide 7

Меланхолик темпераменті басым оқушының ерекшеліктері.

Сәл нәрсеге ренжиді, өкпелегіш, пессимист, тұйық, сөзге сараң, аса баяу қозғалатын жай басар. Ол ұялшақ, тартыншақ, тұйық болғандықтан, көпшіліктен аулақ жүргенді жақсы көреді. Мектепте осындай баланы құрбы-құрдастары “қорқақ”, “сылбыр”, “үндемес”, т. б. сөздермен келеке ететін кездері де болады. Ол жасқаншақ, сіркесі су көтермейді, бірбет, қыңыр, қисық келеді. Кез келген күшті әсер меланхоликтің қимыл қозғалысын баяулатады, әлсіз тітіркендіргіштер де мазалайды, одан да зор әсер алады, сондықтан да ол ұсак-түйектің бәріне де қатты мұңаяды немесе қатты қуанады.

Slide 8

Флегматик темпераменті басым оқушының ерекшеліктері. Ол өте сақ, ұяң, байсалды, жұртқа жақсылық тілейтін, сенімді, тұрақты, бірқалыпты. Флегматик бала сабырлы, орынсыз асып-саспайды, сабақта тыныш отырады, жанындағы баланы мазаламайды. Ауыр мінезді, көрсе қызар емес, мәселені тез шешуге асықпайды, салқынқанды. Бір істі бастаса салпақтап соңынан қалмайтын бала. Флегматик темпераментіндегі балалардың көпшілігі мектепке келгенен кейін оқу дағдыларын меңгеруде өзінің икемділіктерін жақсы көрсетеді. Флегматик темпераментіндегі адам, И. П. Павловтың сипаттауынша, барлық уақытта да байсалды, ұстамды, бірқалыпты, табанды, төзімді және еңбекқор болады. Жүйке үдерістерінің тепе-теңдігі мен баяулығы флегматикке қандай жағдай да болмасын бір қалыпты тыныштықта болуға мүмкіндік береді.

Slide 9

Темпераменттің негізгі төрт типінің өкілдері бірқалыпты жағдайдың өзінде өздерін түрліше ұстайды екен. Осылайша темперамент адамның белсенділік сипатынан, мінез-құлықтың түрлі қалпынан, үнемі өзгерісте сыртқы ортаға бейімделе алу жағдайынан көрініп отырады.

Адамның мінез-құлқы оның туыстан пайда болған тип өзгешелігіне ғана тәуелді болмай, жүйке қызметінің тікелей өмір барысында қалыптасатын түрімен де байланысты екенін есте . ұстау қажет. Кейде тыныш бірқалыпты . флегматик холерикше эмоциясы . бұрқанып, күйіп-пісіп, әлек болады, ал . холериктің кейбір жағдайларда өз күшіне сенбейтін, енжар меланхоликтің қалпына түсіп кететін кездері де болады.

Slide 10

Бір адамның өзінде де әр жағдайда түрлі мінез-кұлық көрініп отырады, оны талдауда алғашқы кезде осы адамның типтік өзгешіліктері еске алынады, өйткені, мұндай жағдайларда жүйке жүйесінің түрлі типтерінде көңіл күйі түрліше байқалады. Мәселен, холерикке - көңілдің түсуі, бұрқануы, ал флегматикке - ұстамдылық, меланхоликке - өз күшіне сенімсіздік т. б. тән қасиет. Олай болса осы жағдайлар адамның типтік белгісі болып табылады. Егер адам сыртқы әсерге қалай болса солай қарайтын болса, осы әсердің өзі қандай екенін зерттеу қажет. Мұндайда кездейсоқ реакцияның типтік болып шығуы да ықтимал. Мәселен, флегматиктің ашуы мен эмоциялық күйіп-пісуі ұзақ уақыт ішінде сан рет қайталанған әсерден кейін туса, холерикте осындай жағдай бірден пайда болады.

Slide 11

Адамның жабырқауы мен солқылдақтығы да осы тектес болады. Холериктерде бұл ұзақ зорығып жұмыс істеген кездегі қажудан туындаса, меланхоликтерде бұл жайт қарым-қатынас пен өмір жағдайының түбегейлі өзгеріске түскен кезінде немесе қысқа мерзімді күйзеліс үстінде белең береді.

Slide 12

Ағылшын психологы Ю. Айзенк психологияның биологиялық бағытындағы лидердің бірі. Ол қозу және тежелу процесі негізінде экстраверсия - интроверсияны ұсынды.

Slide 13

Интроверсия -(лат. intro - ішінде, versave -қарау) ұялшақ, көп нәрсені ішінде сақтайды. Аяқ астынан ашуланбайды, жинақылықты жақсы көреді, суық, тұрақты, субьективті, қарапайым, экстраверсияға қарама -қарсы.

Интроверттерге флегматиктер мен меланхоликтер жатады

Slide 14

Экстраверсия - (лат. exter -сыртқы, versave -қарау) қоғамшыл, импульсивті, белсенді, өжет, көңілшек. Олар кештерді жақсы көреді, адамдар арасында болғанды ұнатады, қалжыңды жақсы көреді, эмоциялы.

Экстраверттерге сангвиниктер мен холериктер жатады

Slide 15

Мектепте 5-7 сыныптарға психологиялық зерттеу жұмыстарын жүргіздім. Зерттеуге 5-7 сынып аралығында 348 бала қатысты. Оқушылардан А. Беловтың «Темперамент формуласы » тесті және «Өзін-өзі бағалау» әдістемесі алынды. Темпераментті зерттеу барысында

анықталғаны:

Slide 16

Сыныптар

Бар

Қатыс

флегматик

сангвиник

холерик

меланхолик

5 сыныптар

117

117

62-53, 1%

42-35, 9%

10-8, 5%

3-2, 5%

6 сыныптар

119

119

57-47, 8%

54-45, 4%

4-3, 4%

4-3, 4%

7 сыныптар

112

112

54-48, 2%

40-35, 7%

16-14, 3%

2-1, 8%

348

348

173-49, 7%

136-39, 1%

30-8, 6%

9-2, 6%

Slide 17

Сыныптар

Барлығы

Қатыс

Өзін адекватты бағалау

Өзін жоғары бағалау

Өзін төмен бағалау

5 сыныптар

117+3ү. о

117

86-73, 5%

24-20, 5%

7-6%

6 сыныптар

119

119

84-70, 5%

31-26, 1%

4-3, 4%

7 сыныптар

112

112

93-83%

15-13, 4%

4-3, 6%

348

348

263-75, 5%

70-20, 1%

15-4, 4%

Slide 18
Ұқсас жұмыстар
Өзінің толыққанды азамат болуына, өзіне сенімді әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға дағдыландру
Қабілет және темперамент
Темперамент туралы жалпы ұғым
Сангвиник Ширақ тип Күшті Тепе - тең
Күшті тип Әлсіз тип
Балалардың жоғары жүйке қызметінің типологиялық ерекшеліктері
Оқушыға көмек
Жоғары жүйке әрекетінің типтерінің балаларда қалыптасуы
ЖОҒАРҒЫ ЖҮЙКЕ ӘРЕКЕТІ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
Темпераменттің түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz