Мемлекетті басқару түрлері
Презентация қосу
Мемлекетті
басқару түрлері
.
Мемлекет деген не?
• Белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың
еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан
туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың
жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік
ұйымы. Егемендікке заңдастырылған, монополияға ие
және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат)
арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті
ұйымдастырудың ерекше түрі, саяси жүйенің орталық
институты.
Дүниежүзінің қазіргі саяси картасының объектілері
қатарына мелекеттік мәртебесі жарияланған және
жарияланбаған 250-ден аса ел мен аумақ жатады. Оларды
басты екі топқа:
1) мемлекет мәртебесі жарияланған, халықаралық
деңгейде танылған тәуелсіз мемлекеттер;
2) дербес басқару мәртебесіне ие болмаған тәуелді
аумақтар деп екіге бөледі. Олар бір-бірінен жерінің
ауданы, халық саны, әлеуметтік-экономикалық даму
деңгейіне қарай айырмашылық жасайды.
Мемлекеттің белгілері
• Мемлекеттің орталық және жергілікті билік органдары жүйесі
болады, оған заңды, атқарушы және сот органдары, әскер, полиция
жатады;
•мемлекеттің тұрғындары әкімшілік-аумақтық бірлестіктерге (облыс,
аудан, ауыл) бөлінеді (ол бірліктер әр елде түрліше аталады);
•мемлекеттің шекарасы анық белгіленген аумағы болады;
•мемлекеттің әскерді, полицияны, сотты, басқа мемлекеттік
мекемелерде қызмет істейтін шенеуніктерді ұстау үшін салық
жинайды;
•мемлекет заңдар және басқа нормативтік-құқықтық актілер
шығарады, солардың көмегімен қоғамда тәртіп орнатады.
Монархия
Монархия-абсолюттік және конституциялық болып екіге
бөлінеді. Абсолюттік монархия деп мұраланған тақ иесінің
(монархтың) ешқандай заңдармен шектелусіз, өз қалауынша
дара билік жүргізуін айтамыз.
«Мемлекет-ол Мен»
Атадан балаға мұра
боп қалған билік иесінің
мемлекеттің сайланып
қойылатын басқару
органдарымен біте
қайнасып,
демократиялық
ұстанымдармен үйлесім
тауып басқаруын
конституциялық
монархия дейді
(Ұлыбритания,
Жапония).
Теократтық монархия
Ватикан, Сауд Арабиясы, Катар,
Оман, Бруней
Республикалық басқару
Республикалық басқару парламенттік және президенттік
болып екіге бөлінеді. Мемлекетті басқарудың парламенттік
жүйесін қабылдап алған елдерде парламенттегі
орындардың көпшілігін сайлауда жеңіп алған партия
немесе партиялар коалициясы басқарады. Парламенттік
басқару жүйесінде саяси партиялар үлкен рөл атқарады.
Парламентшілер бұл жерде партияның атынан емес,
қоғамның, бүкіл ұлттың атынан сөйлеп, әрекет етеді.
Дегенмен олар өз партиялары бойынша парламентте
фракциялар құрайды, соның нәтижесінде парламентте
оппозиция пайда болады.
Үкімет өзі жасап,
парламент бекіткен
бағдарлама бойынша
жұмыс істейді,
парламентке есеп
береді. Парламент
жетекші рөл атқарады,
қажет деп есептегенде,
басқарушы үкіметті
қызметтен кетіре
алады. (Италия,
Германия)
• Мемлекетті басқарудың
президенттік формасында
президентті және
парламентті халық
сайлайды,заңды билік пен
атқарушы билік
арақатынасы өзгереді, ел
Президенті мемлекеттің де,
үкіметтің де басшылығын
өз қолына алады.
Демократия біздің Қазақстан мемлекетінің мақсаты мен
болашағы. Оған дәлел Қазақстан Республикасының
Конституциясының ең бірінші бабы осы мақсаттан
басталады. “Қазақстан Республикасы өзін демократиялық …
мемлекет ретінде орнықтырады” – деп жазылған. Әрбір
қазақстандық, елдің демократияландыру жолдарын жақсы
танып білуі тиіс, бұл процеске өзінің үлесін қосуға да
міндетті.
Қорытынды
1-бап
Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы,
құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады,
оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi,
құқықтары мен бостандықтары.
• Республика қызметiнiң түбегейлi принциптерi: қоғамдық
татулық пен саяси тұрақтылық; бүкiл халықтың игiлiгiн
көздейтiн экономикалық даму; қазақстандық патриотизм;
мемлекет өмiрiнiң аса маңызды мәселелерiн
демократиялық әдiстермен, оның iшiнде республикалық
референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы
шешу.
2-бап
Қазақстан Республикасы - президенттiк басқару
нысанындағы бiртұтас мемлекет. Республиканың
егемендiгi оның бүкiл аумағын қамтиды.
Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол
сұғылмауын және бөлiнбеуiн қамтамасыз етедi.
Республиканың әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы,
астанасының орналасатын жерi мен мәртебесi
заңмен белгiленедi.
• Мемлекет бірқатар маңызды функциялар атқарады.
Бұдан екі ғасыр бұрын өмір сүрген ағылшын экономисі
Адам Смиттің тұжырымдауы бойынша, «табиғи еркіндік
жүйесіне сәйкес, мемлекет аса маңызды да нақты және
түсінікті үш функцияны атқаруы керек. Біріншіден,
қоғамды күш көрсетуден және өзге тәуелсіз қоғамдардың
басып кіруінен қорғау; екіншіден, мүмкіндігіне қарай,
қоғамның әр мүшесін әділетсіздіктен және сол қоғамның
өзге мүшелерінің тарапынан болатын езгіден сақтау;
үшіншіден, жекелеген адамдар мен шағын топтардың
мүдделеріне қызмет етпейтін, белгілі бір қоғамдық
мекемелер ұстау міндеттілігі». Аталған функцияларды
орындау үшін мемлекетке билік органы, күштеп
бағындыру органы және сот керек. Үкімет ерікті қоғамды
нығайту бағытында шаралар жүргізуі тиіс.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz